Қарағанды қаласы, Ә.Бөкейхан
атындағы №76
білім беретін орта
мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі
Жұманбаева
Алмаш Абдикадировна
Бастауыш сыныпта түстердің балаларға психологиялық әсері
Адам
түстерді дененің барлық жасушаларына әсер ететін
белгілі бір сипаты бар толқындар ретінде қабылдайды. Түстер
шоғыры әсерінің күштілігі сондай, ол тіпті адамды
өлтіре алады. Өте сезімтал адамдар бөлмеде ілулі
тұрған түстер шоғыры дұрыс таңдап
алынбаған суреттерден қайтыс болған жағдайлар
кездескен. Ертеде балаларды қызыл матаға орап қызылшадан
емдеген. Көптеген өкпе аурулары көк түспен емделеді.
Өкпе санаторийлерінде қабырғалардың көкшіл түске
боялуы бекер емес, бұл имунитетті күшейтеді. Қан тамыры
аурулары кезінде көгілдір және жасыл түстер
қолданылады. Бір түстің кері әсерін басқа
түстің әсерімен басуға болады. Мысалы,
қызғылт сары түстің әсерін көгілдір
және ақшыл түспен, сарыны күлгінмен, қызыл
түстің әсерін жасыл түспен басады.
Бөлмеңізге тиісті түстегі сурет іліңіз немесе
қандай да бір әшекей қосыңыз.
Балалар ересектерге қарағанда
анағұрлым сезімтал болғандықтан, түстердің
әсерін күштірек қабылдайды. Кішкене балдырғандар ішкі
түйсігімен керекті түсті гамманы таңдау арқылы,
хромотерапия көмегімен өзін-өзі емдей алады. Ол үшін
баланың әуестігіне мән беріп, қай түсті
ұнайтынын аңғару керек. Балаға жақтырмайтын
түстерін тықпаламаныз, одан оның денсаулығына зиян
келтіріп алуыңыз мүмкін, бөбектің қай түске
ұмтылатындығына қарап, оның қандай ауру бар
екеніне диагноз жасауға немесе үнемі ұнататын түстері
арқылы оның туабітті табиғи ерекшелігін, темпераментін
анықтауға болады. Түс арқылы емдеуді бала
тәрбиесінде күнделікті қолдану керек.
Қызыл – өмір күшінің
түсі. Ол баланың
жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің белсенділігін
арттыратындықтан, баланың құштарлығы мен
ұмтылысының белгісі болып табылады. Бұл түс жүрек
соғысы мен тынысты жиілетіп, бұлшық еттердің жиырылуын
күшейтеді. Бұл түстің ең негізгі
артықшылығы балаға сенімділік пен белсенділік беретіндігі.
Кеңес: Егер сіздің балаңыз
баяу самарқау болса, онда оған қызыл түсті киімдер
кигізгеніңіз жөн. Ал балдырған өте белсенді,
гиперактивті болса, онда бұл түске жолай көрмеңіз.
Өйткені ол жүйке жүйесініншамадан тыс қоздырып,
шаршауына алып келеді.
Қызыл сары - бұл түс оптимизм
мен сергектіктің қуаныш пен жетістіктің және
қызық думанның түсі боп есептеледі. Баланы күн
шуақты – қызыл сары, сары алтын түстермен киіндірген
өте жақсы. Бұл түстердің қызметі
күшейтілу, жетілдіру, шынықтыру. Бұл осы түстің
мейірімділік, жылылық зарядтарына бай екендігімен түсіндіріледі..
Кеңес: Егер балалардың
бөлмесі теріскей бетте орналасса, күн сәулесінің
жеткіліксіздігін
қабырғаға қызыл сары түсқағаз
жапсыру арқылы толықтыруға болады. Ал егер балалар
бөлмесі күнгей бетте болса, онда бұл түсті пайдаланбай-ақ
қойыныз.
Сары ашық - сары түс көңіл күйді көтереді,
бірақ ең көңілдісі – алтынның түсі,
өзіңізді жеңіл сезінуге көмектеседі. Бұл
түстерді балаңыз әлденеден жабырқау,
тұйықталуы болған кездерде пайдаланыңыз. Бұл
түске тән қасиеттердің бірегейі мидың
қызметін жақсарту және көру қабілетін арыттыру.
Жасыл - өсімдік әлемінің
түсі, жер бетіне кең тараған. Жасыл – денсаулық пен
тұрақтылық түсі, ол тыныштандырады, ауруды басады,
қан және көз қысымын баяулатады, өмірлік тонусты
көтереді, жүйке жүйесін жаттықтырып, шаршағанды
басады. Жасыл – ерекше сауықтыру түсі боп саналады.
Кеңес:
Жасыл суреттері бар кітапшалар балаңызға оқып,
әңгімелеп берсеңіз бала тез қабылдайды, әрі
көп ақпарат қабылдауға зейіндірек болады. Бұл
түс есте сақтау қабілеті мен шығармашылықты
дамытады.
Көгілдір - бұл түс
тыныштықтың түсі боп есептеледі. Ол бұлшық
еттердің ширығуы мен қысымын төмендетіп тыныс алу мен
пульсті қалыпқа келтіреді. Балалардың төсек
жабдықтарын осы түстен алып, олардың жататын бөлмесіне
осындай түсқағаз жапсыруға кеңес беріледі.
Кеңес:
Көгілдір қабырғалар балдырғандарды
тыныштандырады. Үркек әрі тез қозатын балалар үшін
көгілдір түс жасыл түстен гөрі пайдалырақ.
Көк - түс кішкене сәбилер
үшін тым суық әрі мазасыздандыратын түс. Көк
түстен балалар қорқады және көк түсті
бөлмеде бөбектер өздерін жайсыз сезінеді.
Өзіңізге де, балаңызға да бұл түстен
киімдер сатып алмай – ақ қойғаныңыз жөн.
Қоңыр – мамыражай
отбасындағы берекенің және қауіпсіздіктің
түсі. Ол шыққан тегің мен тамырыңды сезінуді
арттырады, яғни үйің, отбасың,
жақыңдарың мен туысқандарыңды іш тартуға
итереді.
Күлгін - бұл түс
–жүрек пен өкпе жұмыстарын жақсартып, ағза
мүшелерінің төзімділігін арттырады.
Қара мен сұр - балаларға
лайық түс емес, балдырғандар әлемді
ашық-жарқын бояулар арқылы қабылдайды.
Көбіміздің түрлі
түсті әлемде ғұмыр кеше отырып, айналамыздағы
әрбір түстің өмірімізге әсерін біле отырып,
түстердің бастауыш сыныпта оқитын балалардың қабылдауымен
байланыстыра орынды қолдана білсек, пайдасының зор екенін
ескермейтініміз өкінішті-ақ.
Түстерді күнделікті таңдай
білу арқылы, бастауыш сынып оқушыларының, ішкі дүниесін
сыртқы тіршілік ағынымен үйлесімді етіп, денсаулығымен
көңіл-күйіне жақсы әсерін тигізетініне көз
жеткізуге болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Бастауыш мектеп
методикасы. Алматы.- 1987, 6-12 бет
2. Баймұханов Б. Оқытудың жаңа
технологияларының негізгі ерекшеліктері «Бастауыш мектеп» - 2000. -№8,9 –
3-6 бет.
3. Каменева Е.
Кемпір–қосақтың түсі қандай. – Алматы:.
Өнер, 1981.