Сағындыков М.Н.
Казақ экономикалық университеті
доценті, т.ғ.к.
Тарих сабағында студенттердің сөйлеу
шеберлігін жетілдіру жолдары
Айтатын ойыңды дәл,
нақты жеткізе білуге дағдылану студенттер бойына бүгін
дарымаса, ертең мектеп мұғалімі болған кезде олар
үшін көптеген қиындықтармен кездесуі мүмкін.
Шебер сөйлеу, айтқан сөзін мәнерлі айта білу ұшін
ежелгі шешендік сөздерді жатқа білу ғана емес
риториканың заңдылықтарын меңгерудің мәні
зор. Сондықтан да
ертеңгі күні балаларға білім беру үшін
мұғалім болып баратын студенттерге бүгінгі күні шебер
сөйлеуді, айтпақ ойын нақты,байыпты, көркем
сөзбен жеткізе білуге үйрету Шешендік өнер
пәнінің негізгі мақсаты.Дана халқымыз шешендікті
терең меңгерген адамды киелі санап , жүйесін тауып
сөйлеген сөзге тоқтаған,шешендікті «шенешдік
өнер»деген сөз тіркесімен атауы тегіннен- тегін болмаса керек.
Шешендік сөз парасатты
ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.
Сондықтан да көпшілік
алдында шебер сөйлеу үшін студент терең білім алып қана
қоймай, жан-жақты мәдениеттімеңгеруі, логикасының
тегеурінді болуы шарт.Шешендік деген айтылған сөзге әрі
нақты, әрі қисынды, әрі жедел көркем сөзбен
жауап қайтару. Ал бұл бүгінгі күні
студенттеріміздің көпшілігінде табыл бермейтін қасиет. Бірақ солай бола тұра студенттерді дұрыс, шебер
сөйлеуге үйрету жолдары баршылық. Қазақ қоғамында
шешендік өнердің алатын орны зор. Ұрпақ
тәрбиесінде , ел басқару жүйесінде, елді сәулелендіру
жолында, әрине, халықтың сан ғасырлық
тәжірибесінде қорытылып, екшелген, жинақталып,
жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет-насихатқа
негізделген отты да, нақышты, шебер де, шешен айтылатын ауызша
сөздің тағылымдық – танымдық, әрі
тәрбиелік мәні айрықша
Жалпы сөз тапқырлығында шешндердің алатын орны ерекше.
балаларға жан-жақты білім берген, өрісін кеңуйткен. Шешендік сөздердiң жанрларын жете
меңгеру студенттер үшін шебер сөйлеуді меңгерудің
тағы бір жолы. Шешендік сөздердің жанрларын
анықтауға, оған жан-жақты талдау жасауға
алғашқы талпыныс жасаған ғалымдарымыздың бірі - Ахмет Байтұрсынов. Ол
өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде шешендік
сөздерді былайша бөледі: «Шешен сөздер бес түрлі
болады: а) Шешендер жиынды ауызынан қаратып, нандырып,
сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығару мақсатымен
сөйлегенде саясат шешен сөзі деп аталады. ә) Шешендер сотта
айыпкер адамдарды ақтау, иә қаралау мақсатпен
сөйлегенде сот билігінде әсер ету үшін айтқан
сөздері билік шешен сөзі деп аталады. б) Біреудің
халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып,
қошеметтеп сөйлеген шешеннің
сөзі қошемет шешен сөзі деп аталады. в) Білімділердің,
ғалымдардың пән мазмұнына байланысты сөйлегені
білімгер шешен сөзі деп аталады. г) Дін жайынан сөйлеген
ғұламалар сөзі, молдалар сөзі, уағыз деп
аталады» т.б.[1]
Шешендік толғаудың
енді бір үлгісі-мақал мен мәтел. Қазақ
халық мақал-мәтелдері ертек, аңыз, әңгіме,
батырлық, ғашықтық жырлар, қара
өлеңдер секілді халық туындыларымен қанаттас бірге
жасап келеді. Олай дейтініміз У-ХІ ғасырлардан сақталған
сирек жазбаларда мақал-мәтелді мол кездестіруге болады. Мысалы:
Орхон Енисей жазбасында «Жарық болса сыйлық берер, жақын
болса жақсы сыйлық берер»,
Күлтегінде: «Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген»,
Тоныкөкте: «Өлімнен ұят күшті», «Жұқаны
тарылту оңай, жіңішкені ұзу оңай», - деген
тәрізді мақал-мәтелдерге кездесеміз. .[2]
Ал, ХІ ғасырдағы
М.Қашқаридың «Дивани-лұғат-ат-түрік» деген
еңбегінде «Ұлық болсаң,кішік бол, халық
үшін бөлек бол», «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында»,
«Тай ат болса-ат тынар, ұл ер болса-ата тынар», Жүсіп
Баласағұнның «Құтты білігінде»: «Біліп
сөйлеген білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр»,
«Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер», -
деп келеді. .[3]
Мақал мен мәтел-егіз
жанр, алайда оларды бір жанр деп қараған дұрысырақ
болар. Әрине, мағанасы, құрылысы, атқаратын
қызметіне бойлап қарасақ, белгілі бір айырмашылықтар
жоқ емес. Мақал аяқталған ойды білдіреді, өз
алдына мағынаға ие болады. Мысалы: «Толмасқа
құйма, тоймасқа берме». Мәтел дербес тұрып
жинақталған ойды бере алмайды, тек бір ойды мегзеп,
айқындайды. Мысалы: «Көрегеннен көз ақы алған»,
«Аяз әліңді біл» т.б
Шешендік сөздердің
қыр-сырын меңгеру ұзақ уақытты талап ететінін
ескерсек студенттерге шешендікті меңгерту туралы университет
қабырғасында беретін білім бұл шешендікті
меңгерудің алғашқы қадамы. Ал алған
алғашқы білімді тереңдету, оны болашақ
мамандығында жетілдіру үнемі жүргізіліп отырытан процесс.[4]
Дұрыс, әрі мәнді, әрі
шебер сөйлеуге үйрену ешқашан кеш емес.
Әдебиеттер:
1. Цицерон три трактата об ораторском
искусстве. М., 1972. – 321 стр
2. Русский фольклор. М., 1986 ж.- 425 стр.
5. Жүсіп
Баласағұн. Құтты білік. Алматы, Жазушы,1986 ж.
3. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы,
Жазушы, 1991 ж. - 372 бет.
4
Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы, Мектеп, 1970 ж.
Резюме :
В статье рассматриваются вопросы изучения навыков
ораторского мастерства студентами.
The article is devoted to the question of studying of oratical skills of
students.