Қайрат Ж.Қ.,
Мұғалимова А.Т.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті,Қазақстан
«SKO TESTER» АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ТЕСТІЛЕУ
ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ ЖОБАСЫ
Қазіргі
кезде республикамызда сапалы білім беру мәселесіне үлкен мән
беріліп отыр. Сондықтан да заман талаптарына сай оқушылардың
оқыту нәтижелерін яғни білімін, біліктілігін және
дағдысын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде
тестік форма қолданылады. Тест түрінде өткізу өте
тиімді, егер тест жүйесі автоматтандырылған болса.
Әсіресе
соңғы жылдары Қазақстанның білім саласында алуан
түрлі оқу орындарының оқушыларын оқытуда
аралық және соңғы нәтижелерді бақылауды
автоматтандыруға, мектептен бастап коммерциялық курстарға
дейін, қызығушылықтың екпінді күшейгені
байқалады. Есептеуіш жүйе мен қолданушының диалогы
негізінде, бақылаудың ең белгілі бір түрі тестілеу
болып келеді.
Осыдан
үш жүз жылдан астам бұрын көрнекi педагог Я.А.Коменский
оқушылар аз оқып, көп бiлетiн дидактика әдісiн табуды
армандаған болатын. Коменскийдің негiзгi ойы оқушылардың
өз бетiнше оқуына күш салу болатын, өйткенi ең
тәжiрибелi деген оқытушының өзi оны алмастыра алмайды.
Қазiргi кезде нақты айқын болып отырған жайт, бiз
жоғары оқу орындарында қаншама қажеттi және
пайдалы бiлiм бергенiмiзбен, адам оны үнемi толықтырып
отыруға тура келедi, сондықтанда қазiргi педагогикалық
және қоғамдық-саяси әдебиеттерде “үздiксiз
бiлiм алу”, “мамандықты жетiлдiру”, “өз бетінше бiлiм алу” ұғымдары
кездесетiнi тегiн емес.
Білім
саласында болып жатқан реформалар жаңа принципті педагогикалық
технологияларды қолдануды талап етеді. Іс-әрекеттің жетістігі
нарықтық жағдайда стандарттық емес шешімдерді
қолдануын шеберлікпен анықтау, қайсарлық, жігерлік,
іскерлік болып табылады.
Аталмыш
мәселені шешу жеке адам даралығының ізденуін ашуын
қажет етеді. Батыстың білім жүйесінің
тәжірибесінде, оқу-тәрбиелік процессте кең таралуын
тапқан тестілеу практикасына көп көңіл бөлінеді.
Дәстүрлі бағалаудан және оқушылардың
білімін бақылаудан тесттер оқытудың нәтижесін
объективті өлшеуімен оқшауланады, сондықтан
оқытушының субъективті емес пікіріне бағытталмай,
эмпирикалық критериялардың объективтілігіне бағытталады. Тест (test ағылшын сөзінен – тексеру,
тапсырма) – бұл тапсырмалар жүйесі, білім меңгеруінін
деңгейін өлшеуді, анықталған психологиялық
қасиеттер дәрежесінің, жеке адамның ерекшелік
қабілеттілігінің дамуын рұқсат етеді.
Менің көз қарасым
бойынша көптеген қарама – қайшы пікірлерге қарамастан
автоматтандырылған тестіні сапалы білімді бағалау мен
бақылауда қолданудың оқушылардың
жұмысын бағалаудағы маңызы
зор деп санаймын. Тестілік тапсырмаларды барлық курстар бойынша немесе
өтілген тақырыптарды қайталау ретінде қолдануға
болады. Тест тапсырмаларын құру барысында таңдау,
сәйкестендіру, толықтыру, дұрыс тізбек құру,
альтернативті сұрақтар және
т.б әдістер пайдалануы мүмкін.
Әдебиеттерді
талдау негізінде тест әзірлеу процедураларына қойылатын талаптарды
жүйеге келтірдік. Әзірленген модель тест жасау кезеңдерін
саралауға негізделген. Ол мынадай 9 кезеңнен тұрады.
1)
Тәсілдеу мақсаттарнын анықтау;
2)
Әзірлеушілердің
ресурстық мүмкіндіктерін анықтау;
3)
Оқу материалының
мазмұнын таңдау;
4)
Технологиялық матрица
құрастыру;
5)
Тест тапсырмасын
құрастыру;
6)
Тапсырмаларды және тесттерді
сынақтан өткізу үшін тандама құру
(сұраптау);
7)
Сынақтан өткізу
үшін тапсырмаларды тұтастыру;
8)
Тест тапсырмаларын сынақтан өткізу;
9)
Тест тапсырмаларының сапа көрсеткіштерін анықтау
және есептеу;
Компютер арқылы тест тапсырмаларын түрлі түрде
дайындауға болады.
«SKO tester» автоматтандырылған
тестілеу жүйесін жасау үшін серверді деректер қоры ретінде
MySQL, ал скрипт тілі ретінде РНР алынды. Деректер қорымен жұмысты
бастамас бұрын онымен желілі байланыс орнату қажет. Бұл жағдайда mysql_connect()
resource mysql_connect([string
$server[, string $username[, string $password]]]) функциясы қолданылады.
Бұл функция желілі байланысты $server (localhost) хостында
орналасқан деректер қорымен байланыстырады.
MySQL серверіне алғашқы сұранысымызды жібермес
бұрын, қай деректер қорымен жұмыс істейтінімізді
көрсету керек. Ол үшін mesqmesql_select_db: bool select_db string $database_name [,rescource $link-identifier]) функциясын
қолданамыз.
MySQL серверлі деректер қорын пайдаланған
өте ыңғайлы, әpi жеңіл. Ceбeбi мәліметтер енгізу қиынға соқпайды. Ең алдымен MySQL
системасына кiрiп, MySQL: mysql>
create database test_sko_school
жолдарына енгізу аркылы test_sko_school атты деректер қорын құрамыз. Бұл деректер қорында кестелер
орналасады (1-сурет).

1-сурет. test_sko_school атты деректер қорындағы кестелер тізімі.
Ондағы мәліметтерді
программаны жобалаушы администратор өзгертіп, жаңа ақпарат
енгізе алады, сонымен қатар ДҚБЖ-ны
қайта көру мүмкіндігіне ие болады.
Осы кестелердің біріндегі
мәліметтерді өзгерту үшін, алдымен РНР мен MySQL-дьщ арасында өзара қарым-қатынас орнатамыз. Ол мына
функциялар арқылы жүзеге асады:
1. MySQL-мен
байланыс орнату:
int mysql_connect(string hostname, string username,
string password);
2. Бізге қажет деректер қорын тандау:
int mysql_select_db(string
databasename, int linkidentifier);
3. Деректер базасына сұраныс орнату:
int mysql_query(string query,
int linkidentifier);
4. MySQL-мен байланысты жабу:
int mysql_close(int
linkidentifier).
Көрсетілген төрт функция арқылы деректер қорын өзгертіп, жаңартып отыруға мүмкіндік аламыз.
Тестілеу жүйесі үш автоматтандырылған жұмыс орнынан тұраты:
2-сурет. «SKO tester» автоматтандырылған тестілеу жүйесінің бастапқы терезесі
· Мектеп администраторы – оқушылардың аты жөнін, сыныбын енгізеді, және де нәтижелерін
көре алады.

3-сурет.
Оқушылардың аты жөнін, сыныбын енгізу терезесі
· тестіленуші - жүйеге еніп, өзіне қажетті пән
бойынша тестілік
тапсырмаларды орындап, нәтижелерін көре алады.

4-сурет. Тестілеуді бастау
терезесі
· администратор -
барлық деректер қорына қолжетімді
болады, мұгалімдер мен оқушыларды енгізіп, оларга логин, пароль береді, деректерді өзгертіп,
жаңа аппарат енгізе алады.

5-сурет. «Администратор» пайдаланушыларды енгізу терезесі.
Сонымен қатар облыстағы аудандардың
мектептерінің тізімі мен пәндер аты енгізіліп, түзетіледі.
Бұл қосмшасының тағы бір ерекшелігі
тестің сұрақтарын жеке Word мәтіндік редакторынде
дайындап деректер базасына
еңгізуге болады.
Ең сонында, пәндік
облыстың объектілері және сипаттамалары мен атрибуттар және қатынастар
арасындағы сәйкестік орнату қажет.
Қорытындылай келе қарапайым кеңінен
қолданыста жүрген "Tester" программасымен салыстырмалы түрде қараған кезде
«SKO tester» жүйесінің көптеген ерекшеліктері, артықшылықтары бар:
ü
«SKO tester» тестілеу жүйесі
жалпы базамен жұмыс жасайды;
ü
Тестілеу жүйесінде тест
сұрақтарының деңгейлеріне байланысты
әртүрлі бағалау шкаласы қабылданған,
ü
Тестілеу нәтижелерін
пайдаланушылар берілген тестідегі сұрақтың дұрыс
және дұрыс емес жауаптарын салыстыру арқылы қарау
мүмкіндігі;
ü
Тест қорытындысы баға, балл және процент түрінде
шығарылады.
Бұл жүйеде интерфейс қарапайым
әрі түсінікті және қазіргі заманға
техникалық талаптарға сай етіп жасалған.
Автоматтандырылған тестілеу жүйелері оқушылардың
білімдерін объективті түрде тексеруге жол ашады деуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Аванесов, В. С.
Основы научной организации педагогического контроля в высшей школе / В. С.
Аванесов // Пособие для
слушателей Учебного центра Гособразоилии и СССР - М.: МИСИС. - 1989. - 167 с.
2. Алипов, Н. Организация контроля
знаний / Н. Алипов, А. Соколов // Информатика и образование. - 1998.-№ 5.-Б. 49-51.
3. Люк Веллинг, Лаура Томсон. Разработка Web-приложений с помощью PHP и MySQL. -М.: Вильямс. -2007.