Оқушы - қыздардың жеке басты
күтуін оқу үдерісіне ендіру туралы
Әлімбекова Сабира Шереханқызы
П.ғ.к., доцент м.а.
Омарқызы Гүлмерей
АКБ-111 тобының студенті
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті
Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы
Қыз
бала тәрбиесінің әлеуметтік проблемаға
айналғанына бір ғасырға жуықтап қалғанына
қарамастан ғылыми педагогика мен психологияда түбегейлі
қарастырылмай келеді. Төңкерістің алғашқы
жылдарынан бастап бұл әйел теңдігі ретінде көтеріліп,
кеңес одағының күйреуіне дейін осы тұрғыда
дәріптелді. Сол кездің өзінде-ақ әйел
теңдігін кейбір жағдайларда тек қана физиологиялық
тұрғыда үстірт түсініп ерлерше жүріс-тұрыс,
мінез-құлық пен қылықтарды меңгеруге, соны
бойына сіңіруге тырысушылық туындаған. Осы күнгі бикештердің
әсіресе, ерлерше киінуі, темекі тартып, масайту ішімдігіне
әуестену, ұл балалар секілді анайы да өктем сөйлеп,
төбелесуге бейімделуі секілді қазақ қызына жат
қылықтар байқалады. Керісінше, үйге қажетті
ұсақ-түйек бұйымдарды әжелеріміз секілді
өздігінен тігіп алу; күнделікті өмірді дәмді ас
әзірлеу арқылы мейрамға айналдыру; сабырлы да биязы мінез;
береке бірлікке бейім; мінез-құлқы байсалды;
зат-бұйымдарды күтіп ұстау; ұқыпты да
үнемшіл болу; ағайын-туыстарымен тату болу сол арқылы
өзі де сыйлы болу; әсіресе, ибалы, әдепті,
салауаттылыққа ұмтылу секілді мінез-құлық,
әдет-дағдыларды халқымыздың салт-дәстүрі
арқылы дамытып қалыптастыру бүгінгі қыз бала
тәрбиесінің өзегіне айналуы керек.
Қазіргі
күні біздің көзіміз үйреніп кеткендіктен мән
бермейтін қыз балалардың кейбір мінез-құлықтарына
байланысты, қазақта "көргенсіз",
"жетесіз", "тәрбие көрмеген",
"түйтіксіз" қолынан іс келмейтін икемсізді "олақ",
ұқыпсызды "салақ дейді де "олақтан,
салақ жаман" - деген секілді терең психологиялық,
танымдық астарлы сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар тегін
айтылмағаны хақ [1 Қазақ қызы: өткені,
бүгіні, ертеңі. Халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 21-22
қараша 2003, ІІ том. Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогика институты, 2003. - 454 бет.].
Қазіргі
бойжеткен қыздарымыздың көпшілігі "көк инені
түрте алмауы", үй шаруасын ұйымдастыруға
зауықсыздығы не оны жүргізе алмауы, икемсіздігі мен
әдеп пен ибаның жоқтығынан не отбасын құра
алмайды, не құрылған отбасын ұстай алмайтыны секілді,
сайып келгенде қоғамның тіпті ұлтымыздың
әлеуметтік ахуалына ықпал ететін жайттар терең зерделене
қойған жоқ. Қазір статистикалық есептерде ажырасулардың
көп екендігі де жасырын емес.
Сонымен
бірге, қыз балалардың киім-кешегінің әдеттен тыс
ашық-шашық болуы да, көптеген келеңсіздіктерге
соқтыратын секілді.
Сұлу және сымбатты,
инабатты көріну үшін төмендегідей қарапайым талаптарды
басшылыққа алу қажет:
1. Ең алдымен,
іштей қызыға қарайтын көрікті әйелдерге
көңіл бөл, үлгі ал.
2. Келесі талап - қарапайымдылық.
3.
Үшінші талап - тазалық және ұқыптылық.
Есіңізде болсын, ер адамның көзі сіздің
көйлегіңізге тамған майдың дағына, не түсіп
қалған түйменің орнына, шұлықтың
ыдыраған жеріне бірден түседі. Егер сіз тап-таза, ықшамды,
өзіңізге жарасатын, жақсылап үтіктелген көйлекпен
жүрсеңіз олар міндетті түрде байқап, өте сымбатты
екен деп баға береді.
4. Орынды киіне білу.
Киіну жыл мерзіміне, уақытына, баратын жеріне тікелей байланысты
(жұмысқа, театрға, қонақка, серуенге, т. б.).
Әр әйелдің киім шкафында маталары әр түрлі
көйлектер, костюм, плащ, пальто, кофталар, шамасы келгенше өкшелері
биік және аласа туфлилер болғаны дұрыс.
5.
Сән. Ақылды әйелдер еш уақытта жыл сайын өзгеріп
отыратын сәннің жетегінде кетпейді. Өкінішке қарай,
кейбір әйелдер жасын, тұлғасын ұмытып, жастар киетін киімді
иығына іліп алғанына мәз болып, жұртқа
күлкі болады. Әркімнің өзіне жарасатын, келбетіне
келетін үлгі әдісін қалағаны жөн.
6.
Киетін киімнің түсі де үлкен роль атқарады. Негізінде,
бет әлпетіне, тер түсіне сәйкес киінген абзал. Мәселен,
бет терісі аппақ болса, киген киімнің түрі қызыл,
көгілдір, ақшыл қызғылт, ашық жасыл, ашық
сары, арша түстес болу керек. Ал бет терісі ақшыл болса, онда
темекі түстес, көк, сары, көгілдір түстес, ал
қызыл бетке - сұрғылт, қара көк, қара
жасыл, ал сарғылт тартқан бетке -
қоңыр қалампыр түстес, қоңыр, жасыл,
көк, күрең, жирен, аздап күнге күйген бетке -
сарғылт көгілдір, қоңыр қызыл, күнге
әбден күйген бетке - қыша түстес сары,
сұрғылт жасыл, бозғылт түсті киімдер келіседі [2].
Киім киюге қатысты
Киім кисе, жеңі
жоқ,
Етегі бар да белі
жоқ,
Бармақ сияр жері
жоқ,
Қатпа болған
түйедей,
- деп Мұрат
Мөңкеұлы өз заманында қазақ жеріндегі
жаңашылдық өзгерістерге сай жастардың киім кию
үрдісіне қарсылығын жырлаған. Жоғарыдағы
өлең шумақтары нақ бүгінгі заманды суреттегендей.
Ел арасыңда
әйелдің көркіне, түр-тұлғасына баға
бергенде сондай әсем, не сымбатты, кербез екен деген сөздер жиі
қолданылады. Сондықтан, әйелдің жүрісіне,
өз денесін ұстауына байланысты сын айтылып бағаланады. Кейбір әйелдер
басын төмен салбыратып, екі аяқты шалқайта басып,
асығып, апыл-ғұпыл келе жатады. Біреулер қолын сермеп,
қатты адымдап алшақтай басады. Үстеріне киген киімі өте
қымбат, жүзі сұлу болғанмен осындай жүрістер
бойдағы жағымды қасиеттерді көлеңкелейді [3,4].
Жүрудің де
өзіндік мәдениеті бар.
Аяқтың басын
тура қояды (оны не сыртқа, не ішке бұрмайды). Алдымен
өкше жерге тиеді, осы кезде башпайларын сәл жоғары кетереді.
Әйел өзінің бойына лайық: тым алшақ та, тым жиі де
адымдамай қалыпты қадам басқаны мақұл.
Жүрген кезде бөксені қиқаңдатып, екі жаққа
көп қозғалтқан өте сәнсіз. Арқаны
түзу, иықты тік ұстап, қолды шынтақтан сәл
бүгіп жүрген абзал.
Әсіресе, бір
қолына ауыр жүк көтеріп қисайып келе жатқан
әйелдерді жиі көруге болады. Бұл кезде бір иығы
екіншіден жоғары, омыртқа жотасы қисайып келе жатады. Олай
етпес үшін екі жаққа жүкті тең етіп алып
көтеру керек. Аяққа киген туфли өкшесінің
өте биік болмағаны жөн. Өйткені, аса биік өкшелі
аяқ киімнен әйелдердің тізелері шодырайып шығып,
жүрісі бұзылып кетеді. Алыс серуенге шыққанда
өкшесіз аяқ, киім қолайлы. Әйелдердің
жүрген жүрісі өте жеңіл, жылдам, әсем
әсерлі болғаны абзал. Мүмкіндігінше көбірек жаяу
жүрген дұрыс [5].
Әр нәрсеге
мән бере қараған ойлы халқымыз қашанда
сулудың көркі шаш, шаштың көркі шаштеңге деп
қараған. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен
бой-басына қарап бағалаған.
Әдетте әйел
шашы қолаң шаш, сүмбіл шаш деп бөлініп, оның
әр талы "жібектей" деп, өрілген бұрымды
"білектей" деп түрлейді. Өріміне қарай,
"жалғыз бұрым", "қос бұрым" деп
атайды. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын, күміс шолпы
тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан
әpi арттыра түседі.
Ақындар
оларға "қолаң қара шашы бip жібек талды"
(Абай), "Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он
саусағың құлжа сүйек" (Ақан) деп
сұқтанған, таңданған.
Шаш күтімі, оны
тарау, өcipy, өрудің өзі үлкен бip тәрбие
мектебі десе де болады. "Ақ үйден бip қыз шықты
көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн
өрген" деген халық, өлеңіндегі ғажап сурет
осының бip дәлелі. Шашқа қосатын, жалғайтын,
кигізетін, тарайтын, жағатын, тағатын тағылымы зор зергерлік
әсем бұйымдар тағы бар. Оны тарау үшін тici әр
түрлі тарақ қолданылады. Сыртынан әдемі көріну
үшін шаштарақпен бастырады.
Қазақ
халқы шашты ертеден-ақ жоғары бағалаған және
оған байланысты атқарылатын әдет-ғұрыптары да
бар. "Шашыңды отқа тастама", "Шашыңды
жайма", "Шашыңды қима" деген тыйымдар,
"шашың кесілсін" деген қарғыстар бар.
"Шашыңды кескенің - бақытынды кескенің" деп
ырымдаған.
Халықтың қылмыс
заңында да шаш туралы бірнеше бап бар. Тентектер әйелдің
шашын кессе, ол дене мүшесін кескенімен бірдей жазаланады, үлкен
айып төлейді. Егер әйелдер өздері қылмыс жасаса,
олардың шашын кесіп жазалайды. Бұл әйелдер үшін
өлім жазасымен тең қаралған. Демек шаш бағасы мен
құнын халқымыз ежелден-ақ білген [6, 7].
Айтылған
мазмұндаулар орынды десек те, оны қазіргі мектепке оқыту
жүйелі жүзеге асырылды деп, айту қиындық тудырады.
Қыз баланың мінезінің көркем болуы,
тазалыққа және ұқыптылыққа жаны жақын
болуы, дұрыс киінуі мен шаш күтуі үшін мектептегі
«Технология» оқу пәнінің мазмұнын толықтыру
және факультатив курстарын бағдарлы оқыту керек.
Жоғары
оқу орындарында болашақ технология пәні (кәсіптік
оқыту) мұғалімдерін даярлау мазмұнында аталған
мәселені шешуге бағытталған таңдау компоненті бойынша
«Үй мәдениеті» элективті курсы сұранысқа орай
оқытылады.
5B012000 – Кәсіптік оқыту мамандығында қыздардың тәрбиесіне бағытталған төмендегідей тақырыптар «Үй
мәдениеті» элективті курсы мазмұнында қарастырылған:
1. Қыз бала тәрбиесі және оны жүзеге асыру.
2. Түс реңдерін
және әшекейлерді таңдау мен талғам туралы
3.
Қыз баласының жеке басты күтуі және киім үлгісі
Пайдаланылған
әдебиеттер
1 Қазақ қызы: өткені,
бүгіні, ертеңі. Халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 21-22
қараша 2003, ІІ том. Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогика институты, 2003. - 454 бет.
2
Қазақ қызы: өткені, бүгіні, ертеңі.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның
материалдары. -Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық институты, 2003. І том, 344 бет
3
Тұқаев Б. "Қыздың жолы жіңішке". -
Алматы. 1996.
4 Есім Ұ. Қазақтың қыз баланы
тәрбиелеу дәстүрі // "Тәрбие
құралы" 2004. №1.
6 Кенжеахметұлы
С. “Қолаң қара шашы бар жібек талды...”//Егемен Қазақстан.
2004 жыл. 2-маусым. №140
7 Тұрлыбек
Ш. Маман өз қиялымен де шаш үлгісін жасайды //Жас Алаш.
2004ж. наурыз.№28-29