Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» триллогиясындағы
метонимиялық теңеу
Балапанова Қ.Ж.
Е.А.Бөкетов
атындағы ҚарМУ
Теңеу-тіл мен ойлау проблемасының ауқымындағы
өте күрделі құбылыс. Бұны логика пәні таным
құралы ретінде зерттесе, философияда оны эстетикалық
категория ретінде қарастырады, ал әдебиеттану ғылымы
теңеуді көркемдеу, бейнелеу тәсілдерінің
қатарында тексереді де, тіл білімі оны лингвистикалық категориялардың
санатына қосады. Сондай-ақ теңеу мәселесіне
немқұрайды қарай алмайтын стилистика ілімі және бар.
Байқасаңыз,сыртқарағанда «болымсыз»нәрсе болып
көрінетін теңеу категориясының тілмен ойлау
проблемаларының қатарынан алатын орны ерекше. Солсебепті де
теңеуді әрқилы ғылыми пәндер зерттеп, оның
сыртқы формасы мен ішкі мәніне, оның логикалық,
эстетикалық және лингвистикалық категориялармен
қарым-қатынастарына үніледі.
«Теңеу дегеніміз не?»деген сұраққа жауап беру
үстінде біздің сүйектеріміз-әдебиетшілер мен
тілшілердің пікірі. Теңеу жөнінде, оның
образдылық негізі туралы, көркемдік сипаты жайлы ең
көп, ең жан-жақты пікір айтушылар әрине,
әдебиетшілер. Мәселен, Л. Борабой теңеудің
шығуын, соған орай оның да көркем ойлауындағы маңызын
«как» сөзімен байланыстыра отырып, мынадай бейнелі пікір айтады:
«Барлығы да қалай деген ұлы сөзден басталады. Адам
баласы қалай сөзін тапқаннан соң, өз
дамуының жаңа, жоғарғы сатысына көтерілді,
бұл қалай сөзі адамзат санасынының даму тарихындағы
ұлы оқиға болды».Әрине, бұл-нақтылы
ғылыми тұжырым емес. Бұл-теңеулік конструкция жасайтын
элементтің « как » этимологиясы мен семантикасына көз жүгірте
отырып, соның тіл мен ойлау процесіндегі мәні туралы толғану.
Шынында да, теңеулік мағына тудыртатын тілдік элементтердің
пайда болуының теңеу категориясының дүниеге
келуінің алғы шарты болғаны рас. Алғашында
қарапайым түрде ғана пайда болған мұндай
элементтер келе-келе жетіліп, образды ойлау әдісінің универсалды
тәсіліне айналып кеткен. Оның қазіргі кездегі образды
мәні былайша анықталады: «Теңеу дегеніміз – ортақ
белгілері бар екі затты, ұғымды және күйді бір-бірімен
салыстыратын және сол ортақ белгінің негізінде
алғашқы заттың көркемдік мәнін күшейте
түсетін бейнелі сөз тіркесі».Л.И.Тимофеевтің әдебиет
теориясының негіздері жөніндегі оқулығында теңеу
былайша сипатталады: «Екі құбылысты бір-біріне жанастыра отырып,
біеуінің қосалқы белгілері арқылы екіншісін сипаттайтын
троптың ең қарапайым, ең алғашқы түрі
теңеу болып табылады». Ал И.В.Гутаров теңеуге мынадай анықтама
береді: «Теңеу дегеніміз- суреттеуді неғұрлым көрнекті
ету мақсатымен бір затты, ұғымды, күйді басқа бір
заттармен, ұғымдармен нәрселердің теңеу,
структурасында алатын орнын,
олардың теңеу семантикасындағы ролін ашып көрсетпейді
».[4, 93.]
Ал орыс әдебиеттану ғылымында бұл мәселе
әжептәуір зерттелген. Мәселен, Л.И.Тимофеев
теңеудің екі мүшесі болып келетінің атап
көрсетсе, Б.В.Томашевский оның үш мүшесі болатынын
дәлелдейді.[1,44.] Сонымен, теңеу дегеніміз не? Бұл сұраққа бір
ғана сөзбен жауап беру қиын. Себебі теңеу- тіл мен
ойлау проблемасының ауқымындағы өте күрделі
құбылыс. Бұны логика пәні таным құралы
ретінде зерттесе, философияда оны эстетикалық категория ретінде
қарастырады, ал әдебиеттану ғылымы теңеуді
көркемдеу, бейнелеу тәсілдерінің қатарында тексереді
де, тіл білімі оны лингвистикалық категориялардың санатына
қосады. Сондай-ақ теңеу мәселесіне
немқұрайды қарай алмайтын стилистика ілімі және бар. Байқасаңыз, сырт қарағанда
«болымсыз» нәрсе болып көрінетін теңеу категориясының
тіл мен ойлау проблемаларының қатарының алатын орны ерекше.
Сол себепті де әрқилы ғылыми пәндер зерттеп, оның
сыртқы формасы мен ішкі мәніне, оның логикалық,
эстетикалық және лингвистикалық категориялар менен
қарым-қатынасына үңіледі. Теңеудің стильдік мәні жөніндегі пікірлер
қазақ әдебиетшілерінің де еңбектерінде бар.
Осылардың ішінде көңіл аударарлығы З.Ахметовтың
тұжырымы. Ол өзінен бұрынғылардың теңеуге
берген анықтамаларын талдай келіп, дейді, «Теңеу- белгісіз
нәрсені белгілі нәрсе арқылы, күрделі нәрсені
қарапайым нәрсе арқылы, алысты жақын нәрсе
арқылы айқындап көрсету деген пікірді жиі кездестіруге
болады, әрі осылай түсіндірудің бір қарағанда
ұғымды көрінуі де мүмкін. Бірақ мұның
өзі, әсіресе, әдебиетті, поэзияны сөз еткенде, шындыққа
жанасымды болып шықпайды. Өйткені көпшілікке белгісіз,
түсініксіз нәрсені түсінікті, белгілі нәрсемен
салыстырып айту бір басқа да, ал бейнелілік сипаты бар көркем
теңеу жасау- бір басқа».[2,78.]
Қазақ теңеулер жүйесінде метонимиялық
теңеулер де молынан ұшырасады. Теңеудің әйтеуір
бір мүшесінің метонимиялық мағынада қолданылуы
жалпы теңеулік конструкцияның бейнелілік сапасы ерекше
көтеріп, оған өзгеше өң бітіреді. Жалпы
теңеу «жасырын» сырға ие болғандай болады.
Теңеудің өзі көркемдегіш тәсіл болса, оған
метонимия сияқты екінші көркемдегіш тәсіл қосылып,
суреттелмек заттар мен құбылыстардың ажары жарқырай
түседі. Мұндай конструкцияларда теңеу мен метонимия
механикалық түрде біріктіріле салмайды. Міне , осы
органикалық тұтастықтан әрі метонимиялық,
әрі теңеулік мағына бой көрсетіп, біртұтас
бейнелі сурет жасалады. Мысалы, Талай жазған хатына жауап қайтармаған
қызыл кірпіш үй, міне, моладай құлап жатыр.[3, 107.]
(Х.Есенжанов ... Осы мысалдағы
теңеулердің предметтері- үй). Ол «үйлер» ауыс мағынада қолданылған.
Оның ауыс мағынасы- метонимиялық мағына. Сол себепті де
әңгіме, шын мәнәнде үй туралы емес, үйдің
ішіндегі адамдар туралы болып отыр. Аталмыш теңеулердің басқа
мүшелері предметтің (адамдардың әртүрлі
күй- жағдайын айқындап, бейнелеп, көркемдеп суреттеу
үшін жұмсалған).
Біздің байқауымша, қазақ тіліндегі
метонимиялық теңеулердің бәрі дерлік адаммен байланысты
ғана қолданылатын сияқты. Басқаша айтқанда,
адаммен байланысты ұғымдар ғана метонимияланып, теңеуге
предметтік қызмет атқарады. Мысалы, Байлық екпіні кедей
ауылдарды құйындай ысырып келеді. Кең, тыныш,
тұнық даланы, қойдай момын, надан ауылын көксеген бас
мынау еңбек дүрсілінен, еңбек жарқылдарынан зырқ-
зырқ етеді. Үйдің жанына бақан құрып, жанат
шиден жасаған үйшікте қозылар қазаға ұшыраған
қазақ ауылындай шулайды. Бұл мысалда метонимияланып
тұрған нәрсе- ауыл. Ол- ауыл, кедей ауыл, қойдай момын
ауыл, қазаға ұшыраған қазақ
ауылы.Алғашқы үш мысалда «ауыл» теңеуге предмет болып
қолданылған да, соңғы мысалда образ ретінде
алынған. Осы метонимиялық мағына аталмыш
теңеулердің көремдік сапасын, бейнелілік қасиетін
әжептәуір арттыра түскен. Бейнелі ой перделі әдіспен
беріліп, көркем сурет жасалған. Метонимия мен теңеу біріге
келіп, біртұтас образ тудырған.
Тек мекен- жай атаулары ғана емес, тұрмыс қажетіне
керекті басқа заттар да метонимияланып, метонимиялық
теңеулердің тууына себеп болады. Бұл метонимиялық
теңеулердің барлығы дерлік адамдардың
әртүрлі іс- әрекеттерінің, алуан-алуан
күй-жағдайларының көркем де бейнелі суреттемесі болып
табылады. Аталмыш теңеулерді барынша жандандырып тұрған
нәрсе- олардың метонимиялық мағынасы.
Метонимиялық мағына өз алдына ерекше мағына ретінде
көркемдеу тәсілдерінің ең пәрменді
түрлерінің бірі екені белгілі.
Белгілі бір халықтың көркем әдебиеті басқа
халықтардың әдебиетінен, ең алдымен, өзінің
образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тәсілдерімен ерекшеленеді.
Әдебиеттегі образдар жүйесі және сөз бейнелеу
тәсілдері- ұлттық
характердің ең басты көрсеткіштері. Бұларсыз
ешбір ұлт әдебиеті өмір сүре алмайды. Көркем
әдебиет үшін, әсіресе, ұлттық тілдің
маңызы орасан зор. Құрылыс материалы жоқ жерде
құрылыс объектілері болмайтыны сияқты, тіл жоқ жерде
әдебиет те жоқ. Демек, тіл- әдебиеттің
құрылыс материалы, ол- әдебиет өніп-өніп
топырақ, ол- әдебиет тыныстайтын ауа.
Сол себепті де көркем
әдебиет деген ұғым, ең алдымен, образды сөз,
көркем сөз деген ұғымға келіп тіреледі. Сол себепті де ол- « сөздің
патшасы, сөз сарасы». Түр мен мазмұн бірлесе келіп,
көркем әдебиетті
туғызады. Түр мен мазмұнның бірлігінен көркем
әдебиеттің шынайы табиғаты, бүкіл болмысы жасалады.
Cонымен, түрдің өзінің көріну
тәсілдері, жүзеге асу жолдары, өмір сүру заңдылықтары
болады. Сол түрдің көріну тәсілдерінің бірі-
теңеу категориясы.Теңеу категориясы- бүкіл бейнелеу,
көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең пәрмендісі.
Бейнелеу тәсілдерінің барлығы да өз бастауын осы теңеуден алады.Сондықтан
болса керек, белгілі бір ұлттық әдебиеттің бейнелеу,
көркемдеу жүйесі, оның көркем ойлауының
ұлттық ерекшелігі бүкіл бедерімен, күллі бояуымен
теңеу категориясынан анық айқын көрініп тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Ахметов З Өлең
сөздің теориясы. Алматы, 1973ж.
2.
Ысқақов А Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1974ж.
3.Есенжанов Х
Ақ Жайық .1-2 том.Алматы.Жазушы. 1976ж.
4. Балақаев
М., Жанпейсов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы.
Алматы, 1976ж.