К.ф.н. Солтанбекова А.А.
Институт Языкознания имени А.Байтурсынова, г.Алматы
ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ
«КЕҢІСТІК» КОНЦЕПТІСІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Бүгінгі
таңда когнитивті лингвистика –
тілді зерттеудегі басым бағыттардың бірі. Когнитолог ғалымдар
концептілерді зерттеудің түрлі аспектілерін алға тартады.
Концептілер ғұлама жазушы-ақындардың тілін зерттегенде,
дүниетанымның ғылыми бейнесін, екі тіл арасындағы мәдени қарым-қатынасты
көрсетін мәтіндерде қолданады. Әсіресе басты назар
дүниенің тілдік бейнесін грамматикалық және
лексикалық бірліктер негізде зерттеуге көңіл бөлінеді.
Сондай концептілердің бірі – кеңістік.
Кеңістік деп
белгілі бір орынды атаймыз. Қоршаған ортадағы
оқиғаның бәрі әйтеуір бір жерде және кандай
да бір мезгілде, баскаша айтқанда, кеңістік пен уақыт ішінде өтеді. Кеңістіктен орын алмай және
кеңістіктен тыс өмір сүретін бірде-бір объекті болмайды,
болуы да мүмкін емес, яғни кеңістік материямен тығыз
байланысты. Өтіп жаткан сан алуан окиғаларды қарастыра
отырып, біздің санамызда кең және тap, жуан және
жіңішке, ұзын және қысқа, алыс және
жақын деген сияқты кеңістіктің салыстырмалы
түрдегі сипатын көрсететін ұғымдар қалыптасады.
Кеңістіктің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: оның
шынайы бар болуы, материямен бір тұтастығы, шексіздігі, үш
өлшемділігі (барлық физикалық объектілердің
ұзындығы, ені және биіктігі болады [1]. Грамматикада кеңістік ұғымы
семанткалық деңгейде түрлі метафоралық және
метонимиялық ауыспалы мағыналардың қолданысы
арқылы көрініс табады. Белгілі бір объектінің бастапқы
және соңғы нүктесін кеңістік концептісі
құрайды. Мұсылмандар
үшін жұма қасиетті күн – Мұсылман халқы
үшін жұма күні қасиетті күн. Яғни
белгілі бір орны бар, уақыты бар әрі тек мұсылман дініндегі
халыққа тән қасиет жайында айтылған. Әр
аптаның бесінші күні әр мұсылман мешітке барып
жұма намазын оқуға міндетті. Осы әрекет жұма
сайын белгілі бір уақытта, белгілі бір орында өтеді.
Қазақ дүниетанымында кеңістіктік
метафора негізгі тілдік құралдар қатарында
қарастырылады. Мұндай метафоралар тілдік сананың
маңызды ұғымдық концептуалдық өрісін
білдіреді. Мысалы, «Әдебиеттану терминдер
сөздігінде» мынадай түсініктеме беріледі: «Метафора, ауыстыру (грек
сөзі – ауыстырып қою» екі нәрсені, құбылысты
салыстыру және жинастырып – жақындату негізінде астарлы тың
мағына беретін сөз немесе сөз тіркесі. Мысалы, Абай өлеңдерінде
кездесетін жастықтың аты, жүректің көзі,
дүние есігі, өмірдің әрі деген метафора үлгілерін
айтуға болады» [2].
Табиғаттың
әсем көрінісін білдіретін кеңістік метафораларды
төмендегідей семантикалық топтарға бөлеміз:
1.
Жер бетінің әдемі көрінісін білдіретін
метафоралар (адырлы жер, жасыл
бұлттай жасыл айдын, түпсіз тұңғиық
теңіз, асқар таудай пана, жайқын дала). Бұл жердегі
тұрақты тіркестер екі кеңістікті білдіріп
тұрғанымен біріге келе бір кеңістіктің мәнін
көрсетеді.
2.
Адамының мінез-құлқын, болмысын
табиғат құбылыстарымен салыстыра отырып ұқсата
қолданылатын кеңістік метафоралар асқар таудай яғни тау секілді биік, алып, зор денелі ер
адамға арналған тіркес, қазақтың
даласындай алып (кең пейілді, сыртқы болмысы қандай болса
ішкі жан-дүниесі сондай дархан адамды айтады), ойнақы тұнық бұлақша (ешкіммен
шатағы жоқ, жаны таза,
әрқашан күліп жүретін адамды айтуға
болады), бейне қуыс
қараңғы үңгір (ішінде бүгіп
жатқан, ешкімге сырын ашпайтын
ойлары бар, тұйық, қарым-қатынасы жоқ не
ойлап тұрғанын білу мүмкін емес, томаға
тұйық адамды айтады).
3.
Адам өмірінің ағын судай өтіп
жатқандығы, яғни адамның күнделікті тіршілігін
суға, теңізге, көлге, бұлаққа теңеу
арқылы адамзат өмірінің
кеңістіктік бейнесі қалыптасады. Мағжан
Жұмабаевтың мына бір өлең жолынан Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады, Толқынмен толқын жарысад. Күңіренісіп кеңеспен, Бітпейтін бір егеспен Жарысып жарға барысад. Адамның замана келбетін табиғат
көрінісі арқылы суреттейтін тәрізді. Мағжанның
осы өлең жолдарын оқығанда алдымен уақыт
өлшемін, өмір ағысын көрсеткен ұлы Абайдың:
Алдыңғы толқын
ағалар, Алдыңғы толқын інілер, Кейінгі толқын
інілер, Кезекпенен өлінер Баяғыдай көрінер – деген
сөздері ойға оралады. Мағжан да өтпелі екі
толқынның қимыл әрекетін сөз етеді.
Өлең сырына байыппен қарасақ, жарысқан
толқындар әдебиеттегі екіге жарылған топтар, яғни
алашшыл және төңкерісшіл болып бөлінген
ақын-жазушылар сияқты. Бастапқы уақытта ұлт
мүддесі үшін бірдей көзқарастағы
қазақ зиялылары заман өзгеруіне қарай іштей
бөлініп, сөйтіп, «толқыннан толқын туылады». Олар
туралы жазылған ғылыми еңбектер мен тарихи деректерге сүйенсек,
әдебиет мәселесінде олардың «бітпейтін бір егеспен»
өзара айтысып-тартысқаны тағы да белгілі. Айналып келгенде
жарысқан екі «толқынның» барар «жары» да, құяр
сағасы да бір. Теңіздей ұшы-қиыры жоқ
кеңістікті адамның өмір жолына теңесек, сол теңізде
кездесетін не бір кедергілерді (су атқылаулары, цунами, апатты
толқын, су деңгейінің күрт көтерілуі) өмір
кездесетін қайғыға, мұңға
қуанышқа, ауыртпалыққа теңеуге болады. Кеңістіктік
метафоралар белгілі бір ұлттың ділінде (ментальность)
адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән,
нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан
мінез-құлықтардың және
іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіре отырып ортақ
этномәдени тұтастықты қалыптастырады.
Кеңістік концептісі тілдің
түрлі дееңгейінде әргелкі көрініс табады. Кеңістіктің
морфологиялық репрезентациясы тілдегі үстеулер мен септік
жалғаулар арқылы ерекшеленеді, ал синтаксистік репрезентациясы
сөйлеу актісінді немесе сөйлеу жағдаятында көрінеді.
Әсіресе мекендік, мезгілдік мағынаны білдіретін синтаксистік
тұтастықтағы құрмалас сөйлемдер
кеңістік (мекендік) функционалды-семантикалық категориясын
құрайды.
Әдебиет:
1.
Уикипедия –
ашық энциклопедиялық сөздік. – 2013.
2.
Әдебиеттану терминдер
сөздігі. – Алматы, 1998.