Абай атындағы ҚазҰПУ

Алматы, ҚР

ф.ғ.к.,доцент Абдрахманова Г.Х.

магистрант Сауранбаева Д.Б.

 

Араб тілінде есімді жай сөйлемдегі бастауыштың берілуі.

     Қай тілде болса да синтаксистің негізі сөйлем. Адамдар қарым-қатынаста, сөйлеу сәтінде,біреуге сөзбен хабар бергенде, яғни, ойды сөйлеммен құрастырғанда неғұрлым қысқа, әрі анық, дәл, ойды шашыратпай шағын көлемде құрастырады.

 Араб тілінде сөйлем кем дегенде екі тұрлаулы мүшеден тұрады. Олар: бастауыш және баяндауыш. Араб тілінде есімді сөйлемдерде бастауыш қызметінде тек есім сөздер жұмсалады, ал баяндауыш есім сөздерден де, етістіктерден де бола береді. [1.178].  Біздің бұл ғылыми жұмысымыздың қарастыратын мәселесі – араб тіліндегі есімді сөйлемдердің қай сөз табынан болатынын анықтау.

 «ألنحو الواضح »    еңбегінде есімді жай сөйлемге мынандай анықтама берілген: « كل جملة تتركب من مبتدا و خبر تسمى جملة الاسمية. الامثة السابقة كلها جمل مفيدة, و كل واحدة,منها مركبة من اسمين, اولها مبتدا, و الثئ خبر و لان كل جملة من هذه الجمل مبدوءة باسم. », яғни бастауыш пен баяндауыштан құралатын барлық сөйлемдер «есімді сөйлемдер» деп аталады. Есімді сөйлемдерде бірінші сөз есім сөзден болады да, ол бастауыш қызметін атқарады, ал екінші сөз баяндауыш қызметін атқарады. Бұл сөйлемдер есім сөзден басталғандықтан, «есімді сөйлем» деп аталады. [2.42-45] . Мысалы:

 «الكتب جديد»  (Алькитабу жадидун) Кітап жаңа.

 Мұндағы «алькитабу» -  есім сөз және ол сөйлемнің басында тұр, сондықтан бұл  сөйлем есімді сөйлем болады.

 Қазіргі қазақ тілінде сөйлемнің жалаң, жайылма, сұраулы, лепті, бұйрықты, хабарлы, жақты, жақсыз, белгілі жақты, жалпылама жақты, атаулы, т.б. түрлері бар. Соңғы кезде осы сөйлемдерге қоса, баяндауышының негізінде есімдерден жасалған сөйлемдерді «есімді сөйлем», етістіктен жасалған сөйлемдерді  «етістікті сөйлем» деп аталатын түрі де айтыла бастады. Алғаш сөйлемдердің осылайша топталуын  проф.М.Балақаев зерттеп, қазақ тілінде жаңа бір бағытты негізге алды. Оларды өз еңбегінде «есім баяндауыштар», «етістік баяндауыштар» деп тұңғыш көрсете білді. [3.24-26]. Мысалы:

 «Мамыр айы.» сөйлемінде баяндауыш есім сөзден болғандықтан, бұл есімді сөйлем болады.Ал:

«Жаңбыр жауды.» сөйлемінде баяндауыш етістіктен болғандықтан, бұл етістікті сөйлем болады.

 Араб тіліндегі есімді жай сөйлемдердің белгілерін Ковалев Шарбатов өз еңбегінде былай анықтайды: « Есімді сөйлемдерге төмендегідей белгілер тән:

-сөйлем мүшелерінің орын тәртібі тұрақты, бірінші бастауыш, одан кейін баяндауыш тұрады.

- бастауыш белгілі халде, ал баяндауыш белгісіз халде тұруы қажет.

- баяндауыш бастауышпен тек (род) және сан-мөлшер жағынан байланысады.» [4.86-89].   

Мысалы: «هي معلمة» сөйлемінде (ол мұғалім) هي - бастауыш, معلمة - баяндауыш.

Сөйлемде бірінші бастауыш, одан кейін баяндауыш тұр. Бастауыш есімдік болғандықтан, ол әрқашан белгілі халде тұрады, ал баяндауышы белгісіз халде тұр. Бастауыш, баяндауыш та әйел тегінде, жекеше түрде тұр.

 Қазақ тіліндегі есімді жай сөйлемдерде бастауыш сөйлемнің басында келеді, одан кейін баяндауыш келеді. Сонымен қатар, олар өзара тек және сан-мөлшер жағынан қиыса байланысады.

 Араб тілінің синтаксис саласында бірқатар ғалымдар еңбектерін қалдырған. Олардың айтуы бойынша, араб тіліндегі есімді жай сөйлемде есім сөздер, есімдік, сілтеу есімдігі, жіктеу есімдігі, т.б. сөз таптары бастауыш қызметін атқарады. [5.67-68]. Мысалы:

1.Адам есімдері

رشيد طالب  (Рашидун - толибун.)  Рашид – студент, бұл сөйлемде Рашид сөйлемнің басында, белгілі халде атау септігінде тұр. Сондықтан ол бастауыш қызметін атқарады.

2. Жіктеу есімдігі

  انت معلم (Анта му’аллимун.) Сен – мұғалімсің, бұл сөйлемде “сен” - жіктеу есімдігі, ол әрқашан белгілі халде, атау септігінде  тұрады, сонымен қатар сөйлемнің басында тұр, сондықтан ол – бастауыш.

3.Сілтеу есімдігі

 هذا كتاب (Хәзә китабун.) Бұл – кітап,  бұл сөйлемде “бұл” - сілтеу есімдігі, ол әрқашан белгілі халде, атау септігінде  тұрады, сонымен қатар сөйлемнің басында тұр, сондықтан ол – бастауыш.

4.Сұрау есімдігі

 ما هذا؟ (Мә хәзә?) Бұл не?, Что это?, бұл сөйлемде “не (что)” -  сұрау есімдігі, ол әрқашан белгілі халде, атау септігінде  тұрады, сонымен қатар сөйлемнің басында тұр, сондықтан ол – бастауыш.

5.Үстеу

 اين سليم؟ (Әйнә Салим?) Салим қайда?, Где Салим?, бұл сөйлемде “қайда (где)” – мекен үстеу, ол әрқашан белгілі халде, атау септігінде  тұрады, сонымен қатар сөйлемнің басында тұр, сондықтан ол – бастауыш.

متى ذهب؟ (Мәтә зәхәбә?) (Ол) қашан кетті?,  Когда (он) ушел?, бұл сөйлемде “қашан (когда)” -  мезгіл үстеу, ол әрқашан белгілі халде, атау септігінде  тұрады, сонымен қатар сөйлемнің басында тұр, сондықтан ол – бастауыш.

6.Шылау

هل هو عامل؟ (Хәл хуа ‘амилунь?) Ол жұмысшы ма?, бұл сөйлемде “ма” – демеулік шылау, ол әрқашан белгілі халде, атау септігінде  тұрады, сонымен қатар сөйлемнің басында тұр, сондықтан ол – бастауыш.

 Араб тілінде есімді жай сөйлемдердің ішінде бір сөзден ғана тұратын жалаң сөйлем түрі де кездеседі.[6.460]. Мысалы:

1.көңіл-күйді білдіретін сөйлемдер (таңғалу, қапалану)

2.қаратпа сөздер

3.ескерту

4.тілек білдіру

5.бұйрық беру

 Сонымен қатар, араб тілінде есімді жай сөйлемдердің мынандай түрлері де кездеседі:

1.Экзистенциалды сөйлемдер. Яғни, белгілі уақытта және белгілі жердегі оқиғаны сипаттау. Мысалы:

في ساب. الملكة بلقيس عل عرشهاء.  В Сабе. Царица Билькис на престоле.  

2.Атаулы сөйлемдер. Кітап атаулары,бөлім атаулары,т.б. Мысалы:

تاريخ الملوك «Патшалар тарихы».

3.Теріс мәнді сөйлемдер немесе экзистенциалды сөйлемдерге қарсы сөйлемдер. Мысалы:

لا باس  «Ничего плохого».

 Жоғарыда атап көрсетілгендей, есімді жай сөйлем атау септігіндегі екі сөзден жасалады. Сөйлемнің бастауыш мүшесі зат есімнен немесе есім сөздерге жататын кез-келген басқа сөз таптарынан болуы мүмкін. Ал баяндауышы мынандай сөз таптарынан жасалады: [8.180].

1.зат есім

 Ол – жұмысшы.  هو عامل

2.сын есім

 Бөлме – үлкен. العرفة كبيرة   

3.есімше

 Журнал – иллюстрациялы (суретті).   المجلة مصورة

4.үстеу

Автомобиль анда (ана жақта). السيارة هناك

5.заттың орнын, мекен – жайын білдіретін септеуліктермен қолданылған зат есімдер.

 Мұғалім – класта.  المعلم في الصف

 Есімді сөйлемдердің ішінде бастауышы зат есімнен, ал баяндауышы сын есімнен болатын жай сөйлемдер кең тараған. Мұндай сөйлемдер заттың, құбылыстың немесе адамның белгілі бір қасиеті туралы хабар береді. Мұндай сөйлемдердің бастауышы белгілі халде, ал баяндауышы белгісіз халде тұрады: [9.38-41]. Мысалы:

 Студент белсенді.       الطالب نشيط.   

 Араб және қазақ тілдерінде есімді жай сөйлемдердің ортақ қасиеттері:

-                     тұрлаулы мүшелердің орын тәртібі тұрақты, бірінші бастауыш, одан кейін баяндауыш тұрады.

-                     бастауыш пен баяндауыш сөйлемде тек (род) және сан-мөлшер жағынан қиыса және матаса байланысады.   

Араб тілінде, басқа семит тілдерінде сияқты есімді жай сөйлемдер әр уақытта өзінің сөйлемдік тұрғысынан аяқталған ойды білдіріп, айтылуда интонация арқылы ерекшеленеді. Сөйлемдер предикативтілік пен модальділік негізінде құрала отырып, олар өзара қарым-қатынас негізінде бүкіл қоғамға қызмет етуі оның негізгі белгісі болып табылады.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Б.С.Тасымов «Араб тілі», 1988ж.

2. النح الواضح

3. М.Балақаев «Қазіргі қазақ тілі», 1992ж.

4. Ковалев Шарбатов «Арабский язык»

5. Б.З.Халидов «Учебник арабского языка»

6. جامه الدرس الغرب

7. Б.М.Гранде «Курс арабской грамматики в сравнительно историческом освещении», Москва 1963г.

8. Б.Жұбатова «Араб тілін оқытудың әдістемесі»

9. Г.Ж.Бүркітбай мен Х.Еллен «Араб тілінің морфологиясы»