Нуркетаева М.О.

Центрально-Казахстанская Академия

Өнеркәсіптегі терминологияның лексика-семантикалық ерекшеліктерінің басты мәселелері

Терминологиялық жүйе нарықты дамутыда жоғары тиімділік әкелетінін дәлелдейік. Қазіргі кездегі Қазақстан экономикасында сатып алу, өндіру және өнімді өткізу саласында құрылымдық өзгерістер болып жатыр. Бірақ осы үдеріске терминологияның бағытталған жүйелік сипатын беру керек. Нарықтық экономика жағдайында материалды ресурстар және олармен байланысты өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындардағы барлық ресурстар ағымын терминологиялық әдістер арқылы басқару- әлемдік нарықта бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ететін объективті қажеттілік.

Металлургия саласында лексика-семантикалық белгілердің жүзеге асуы синергетикалық тиімділіктің орындалуына әкеледі. Осы кездегі синергетика тәуелсіз қосалқы жүйелердің немесе элементтердің бірігіп әрекет еткендегі олардың жеке тәуелсіз жұмыс істегендегі тиімділіктерінің сомасынан жоғары болатын жалпы тиімділіктің жоғарылауын қамтамасыз ететін логистикалық жүйелердегі байланыстарды анықтайды.

Металлургия терминологиясының ішкі және сыртқы орталарының өзгермелі жағдайларына терминологиялық жүйені бейімдеу, ол бейімделуші терминология болады. Олардың барлық элементтерін ұтымды ұйымдастыру, олардың өзара қызмет етуін қамтамасыз ету, ол ұйымдастырушылық терминология жүйесі болады. Өнеркәсіп салаларының бірігуі арқылы өздері жеке шеше алмайтын біріккен мәселелерді тиімді шешуге қызығушылық тудырады. Біріккен кәсіпорындардың өзара қарым-қатынасы екі жақты шаруашылық келісім ретінде, құжатсыз келісім ретінде немесе толық іс-әрекеттерін біріктіру үшін толық қосылу ретінде болады. Көбінесе осы тура және көлденең интеграцияны жүзеге асыру үшін осы іс-әрекетті бақылайтын, координациялайтын және басқаратын біртұтас орган болуы керек.

Терминология белгілі жағдайда дамыған және ұзақ уақыт бойы шоғырланған өсу стратегиясымен жүру керек, ұлттық диверсификацияда және жаңа нарықтық іздеуге негізделеді. Олар біздің транспорттық және коммуникациялық қызметімізді пайдаланады. Қазақстандағы терминологияның басқа да болашағы бар даму бағыттарын алдағы жылдары оны ұйымдастыруда және ішкі өндірістік жүйелердің өнеркәсіптік кәсіпорындарды жетілдіруде, тұрмыстық және материал жүргізуші байланыстарда технологиялық кешендерде және экономикалық аудандарда жақсарту үшін пайдаланылады.

Соңғы жылдары өнеркәсіптегі терминологияның лексика-семантикалық ерекшеліктерінің түйілісуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі шетел тілін зерделеумен бірге зерделенетін тіл елінің мәдениетін бірге үйлестіре отырып оқытуды болжайды. Кейінгі кездері тілді тану мен лингводидактика саласында лингвоелтану сияқты сала кең дамыды.

Терминологияны талдау арқылы біз ана тілінің заңдылықтарын, сөздердің функционалды ерекшеліктерін тереңдеп ұға аламыз. Сонымен қатар, басқа тілдің құрылымын түсініп, тілдің идиоэтникалық ерекшеліктерін де ажыратамыз. Лексика - семантикалық тәсіл арқылы сөз жаңа мағынаға ие болып, омоним сөздер қатарын толықтырып, сөз басқа сөз тобына да өтеді.

Тәуелсіз Қазақстанның байлығы мұнай мен газ өндірісінен көрініс тауып, шет елдердің назарын жер асты қазбаларына аудартқаны баршамызға аян. Сондықтан металлургия өнеркәсібі терминдердің қазақшалануы ел мен жердің байлығының ұлттық сипатын айқындайды. Қайсыбір металлургия өнеркәсібіндегі ұғымдарды білдіретін атаулар терминдік жүйеге түсу үшін белгілі бір жағдай керек, яғни ең алдымен ғылым саласы, сол ғылым саласын айқындайтын ұғымдар қалыптасу керек. Сонан кейін әрбір ұғымды беретін сөздер пайда болады да, олар ғылым саласымен айналысатын ортада қолдау тауып, терминдік жүйе ретінде сараланады. Металлургия саласымен байланысты терминдердің жасалуы, қазақ тіліндегі осы салада қолданылатын терминдерінің терминдік жүйе ретінде қалыптасуы еліміздегі металлургия өнеркәсібінің дамуымен тікелей байланысты болып келеді.

Жалпы қолданыстағы сөздерден құралған металлургия саласында қолданылатын терминдер:

·арнайы кәсіп сферасында қолданылуымен;

·металлургия саласына қатысты ұғымдарды білдірумен;

·өзіндік грамматикалық жасалу жүйесімен ерекшеленеді.

Себебі қазақ әдеби тілінің кез келген даму және қалыптасу сатысында кальканың тілдің кез келген даму және қалыптасу сатысында кальканың жағымды ықпалы жоғары болғанына ешкім дау айтпайды. Бұл, әсіресе, қазақ тілінде терминдік жүйенің жасалу жолдарына, семантикалық және синтаксистік құрылым құрылысына тигізген әсерінен байқалады. Бұл ретте салалық терминдерді қалыптастыру жағдайында, ғылыми оқулықтар жазуда кальканың орны айрықша. Кейде ғылым тілі калькалауды талап етеді. Демек калька тәсілі – ғылыми әдебиетті аударуға қажетті амал. Оның қажеттілігі ғылым тілінің стильдік сипаттарына байланысты.

Металлургия саласында қолданылатын терминдерінің жасалу жолдары:

1. семантикалық;

2. морфологиялық;

3. синтаксистік;

4. калькалау;

5. сөздерді қысқартып алу сияқты тәсілдермен талданды.

Семантикалық тәсіл арқылы терминдік сапаға көшкен байырғы сөздер

өзінің бастапқы мағынасының негізінде терминдік өріс алады. Қазақ тілінің сөздік құрамындағы: түп, жабу, үзілу т.б. сияқты сөздердің металлургия өнеркәсібінде терминдік сапаға көшуі семантикалық тәсілге жатқызылады.

Металлургия  терминдері өзінің бастауын жалпыхалықтық лексикадан алып, соның негізінде мағыналық жағынан абстракцияланады екен. Мәселен, ғылым мен техникада жаңа ұғымдарды білдіру үшін атаулар керек болғанда, оларды ең алдымен төл лексикамыздың мүмкіншілігінен іздейміз. Мағынасы сол ұғымға сәйкес немесе жақын сөздерге жаңа ұғымдарды телиміз. Басқа да салалық терминдер сияқты металлургия саласында қолданылатын терминдерінің ана тіліміздің сөздік қорынан бастау алады. Сондықтан оларды төл тіліміздің лексикасынан бөліп зерттеу мүмкін емес. Жалпыхалықтық сөздер ғылыми-функционалдық стильде, әрі жалпыхалықтық лексикада қолданылып, оны байытудың көзі болады.

Терминжасамдағы өнімді тәсілдердің бірі – синтетикалық немесе морфологиялық әдіс. Кейбір сөз тудырушы жұрнақтар байырғы сөздеріне ғана жалғанып қана қоймай, орыс немесе халықаралық терминдерге де жалғана беретінін байқауға болады.

Металлургия терминдерінің ішіндегі біріккен терминдердің көпшілігі орыс тіліндегі ұғымдарға балама іздеу барысында, төл сөздерді біріктіру негізінде, көпшілігі калькалау әдісі арқылы жасалған.

Қазақ металлургия өнеркәсібі терминологиясының қорына негізінен екі бағытта кірме терминдер енеді;

-металлургия терминдері арасында төл сөздер мен кірме атаулардың және төл сөздердің өз ішінде мағыналас түрлерінен байланысын үзбейтіндігінен жарыспалы, синонимді қолданыстар жиі ұшырасады; калька тәсілі сөзжасамның бір жолы және тілдің сөздік құрамын байытудың бір көзі деп есептелінеді. Бұл, әсіресе, қазақ тілінде терминдік жүйенің жасалу жолдарына, семантикалық және синтаксистік құрылым құрылысына тигізген әсерінен байқалады;

-сөзжасамның күрделі және көне тәсілдерінің бірінен саналатын семантикалық сөзжасам металлургия саласында қолданылатын терминдерін жасауда белсене араласады.

Терминдерді оқытудың басты мақсаты: болашақ маман-өз ана тілімен қатар, мамандыққа байланысты сөздерді қазақ тілінде үйреніп, сөздік қорын байыту болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Әлісжанов С. Ғылыми прозаның синтаксисі. Алматы, 2007. – 304б.

2.     Мұсаева Ж. Қазақ лексикографиясында қолданылатын атаулардың метатілдік табиғаты. Алматы, 2006. – 24б.

3.     Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1 том. Алматы, 1959ж.

4.       Суперанская А.В. Литературный язык и терминологическая лексика // Проблемы разработки и упорядочения терминологии в академиях наук союзных республик. Москва, 1983.