Абай атындағы ҚазҰПУ,
Мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі,
ф.ғ.д., профессор Касым Б.Қ.
ф.ғ.к. Г.Әбдірахманова
Концепт
дүниенің тілдік көрінісі
Когнитивтік лингвистика тіл бірліктерінің,
таңбаланушылардың, менталды ерекшеліктердің арасында байланыс
орната отырып, қазіргі кезеңдегі функционалды
парадигманың алдыңғы
қатардағы бағыты болып табылады. Тілде объективтенген
білімдерді оқу арқылы когнитивті лингвистика әртүрлі
лингвистикалық мектептер мен бағыттардың жетістігін
қарастырады. Когнитивті әрекетте
констатациядан тіл арқылы түсінілетін фактілерді
түсіндіруге өтеді.Когнитивистика – адамның тілдік
ақпаратты алу, сақтау, қайта өңдеу, пайдалануы
туралы ғылым. Когнитивтік тіл білімі дүние бейнесін, тілдік
сананың құрылымын
моделдеуге арналған. Когнитивизмнің басты зерттеу нысаны –
адамзаттық когниция[1, 7].
Адамның дүниемен
қарым-қатынасының нәтижесінде оның дүние
туралы ойлары қалыптасады, философиялық-лингвистикалық
әдебиеттерде дүниенің көрінісі (бейнесі) деп аталатын
дүниенің кейбір моделі қалыптасады.Дүниенің
көрінісі – адамзаттық тұрмысты сипаттайтын іргелі
ұғымдардың бірі.вид мира один из основных понятии описывающих
быт человечества. Соңғы онжылдықтарда
когнитивтік лингвистиканың маңызды мәселелерінің бірі –
адам санасындағы тіл арқылы бейнеленген дүниенің
тұтас көрінісі. Дүниенің көрінісі “өзіне
ешқашан дүниенің мөлдір бейнесі болып табылмайтын
дүниенің белгілі бір бейнесін таңбалайды; ол –дүниенің
дүниетаным логикасына сәйкес белгілі бір құрылымымен
көрінуі”. Адам баласы тәжірбие жинақтай отырып, оны
өзара логикалық байланысқатүсіре отырып,
концептуалдық жүйені құрайтын белгілі бір концептілерге
ауыстырады; оны адам үздіксіз құрастырады, өзгертеді,
нақтылайды. Бұл
концептінің санадағы түрді өзгеруге бейімділігі ерекшелігі ретінде түсіндіріледі.
Концептілер жүйенің бөлігі ретінде басқа да
концептілердің әсеріне ұшырайды және өзі де
өзгеріске түседі. Уақыт өте келе концептілердің
саны да, оның мазмұнының көлемі де өзгеріп
отырады. Концептуалдық жүйенің санада жасалу тәртібі
логика принциптеріне жауап береді, онымен жүйенің логикалылық
ерекшелігі байланысты. Бұл ерекшелік бір концептіден екіншісіне
логикалық көшуге, басқалары арқылы бір концепіні
анықтауға, бұрыннан бар концепінің қоры
арқылы жаңа концептілер жасауға мүмкіндікті
анықтайды. Жүйенің логикалылығы соның ішінде
өзекті тәжірибеден меңгерілмеген, ал санаға тіл
арқылы көшкен жаңа
концептілерді жасауға мүмкіндік береді. Бұнымен
адамның концептуалдық жүйесіне абстрактілі
ұғымдарды енгізу мүмкіндігі
түсіндіріледі. Бұндай ақпаратты жүйеге тілсіз
енгізу мүмкін емес. Концептуалдық жүйе туралы айта отырып,
біз олардың адам санасында қалыптасуының келесі
кезеңдерін бөліп көрсете аламыз: бейвербалды (тілге дейінгі), вербалды
(тілдік); және оның мынадай ерекшеліктері –өзгермелілік
(бұл ерекшелігі тәжірибенің жинақталуымен және
жаңа білім алумен байланысты), логикалылық (бұл ерекшелігі
концептуалдық жүйенің санада құрылу
процесінің ерешелігімен байланысты
Концепт адам санасындағы мәдениеттің
шоғыры.Концептер ойлау әрекетінің нәтижесінде
ұлттық ерекше белгілерді бейнелеу үшін сөздермен
беріледі. Концептің мәдени және құндылық
белгілері ажыратылады. Концепт
мәдени бірлік болғандықтан, онда құндылық
құраушылары басым болуы шарт. Концептке бір жағынан
ұғымды құрайтын белгілер тән болса, екінші
жағынан концептінің мазмұнына бағалау мен
қабылдау да кіреді.
Концептің семантикалық құрамына оның
экспрессивті және иллокутивті қызметтермен байланысты тілдік
таңбаның барлық прагматикалық, функционалдық
ақпараты кіреді. Концептің көрінуі көп жағдайда
сөз арқылы жүзеге асады, сөз концепт атауының
мәртебесіне ие болады.
Концепт (ұғым,
түсінік) – шынайы болмысты бейнелеудің ерекше формасы. Концепт ол
дүниетанымдық тіл білімінің басты
ұғымдарының бірі және тілдік құрылымдарды
зерттеудің, түсінудің, түсіндірудің ерекше
тәсілі.
Концепт ірі-ірі (мәселен,
фонетика, лексика, морфология, синтаксис деген сияқты
ұғымдарды бейнелейді. Ал фрейм сол ұғымдардың
құрамына кіретін кішірек ұғымдарды қамтиды.
Кішірек ұғымдардың әрқайсысы өз кезегінде
одан да кішірек фреймдерге бөліне алады. Сондықтан
концептілердің мағыналары олардың фреймдері жасалғаннан
кейін ғана түсінікті бола алады .
Ұлттың ғасырлардан
келе жатқан тіліне, оның дәстүрлі тілдік жүйедегі
нормаларға сүйене отырып, мәдениет, ғылым,
ұлттық әдеби тілінің жетіліп, дамып, саралана
түсуіне, оның бейнелілігі мен орамдылығының арта
беруіне зор үлес қосты.
Құндылық деңгейінде талданған мәдени концептер
дүниенің құндылық бейнесін құрайды.
Оның құрамында мәдени доминанттар және лакундар
болады. Прецедентті мәтіндерді, сөз мағыналарын,
тұрақты тіркестерді талдау, ассоциативті эксперимент материалдарды
дүниенің құндылық бейнесін анықтауға
мүмкіндік береді.
Концепт ұлтмәдениетіментікелейбайланысты. Концепт
Сондықтан ол өмірлік
тәжірибе арқылы қалыптасады. Ақиқат
туралы білімді санада сақтау, оны игеру – күрделі процесс.
Бұрын алынған білім индивид санасында тәртіпке келтіріліп,
жаңа алынған білім бұрынғымен байланыстырылады. Аса
маңызды, мәнді деген фактілер, деректер жинақталып,
концептілік жүйеге түседі. собравшись Концептіні білдіретін кез келген сөз,
зат пен құбылыстың адам үшін белгілі маңызы,
құндылығы бар.
Концептініңмазмұнытілдекөріністабады. содержание концепта отражается в
языке.Концептінің жасалуына ұғым емес,
заттық образдар (заттың бейнесі) негіз болады. Біз оны тілдік
материалды талдау арқылы суреттей аламыз. Құндылық
ылғи да әлеуметтік, сондықтан концептіні білдіретін тілдік
бірліктер де әлеуметтік компонент болуышарт. Мысалы, иманжүзді, имандыадам, иманыжолдас, иманытүршікті,
иманкелтірдіт.б. Ұжымдық санадағы мәдени-ұлттық
семантиканың тілдік таңба арқылы жарыққа
шығуы иманныңұлттық мәдени концептіге
айналғанын көрсетедіМұндай концептілер
этномәдениеттің тірек бірлігіретінде концепт-кеңістікке
енеді.
Мәдени
концептің құрамына құндылықтан басқа
ұғымдық және образдық бірліктер де кіреді. “Дүниенің
көрінісі” (әлемнің бейнесі) термині физика ғылымының шеңберінде ХІХ–ХХ
ғасырлардың тоғысында пайда болды Өткен
ғасырдың 60-жылдары дүние көрінісі мәселесі
семиотика аясында алғашқы модельдеу жүйесі (тілді) және
екінші жүйесі (миф, дін, фольклор, поэзия, бейнелеу, сәулет
т.б.) қарастырыла бастады.
Дүниенің көрінісі – адам санасының шындығы, адам
оны өз өмірінің мән-мақсаты етіп жасайды. “Адам
белгілі деңгейде бұл
дүниені осылайша жасалған көрініс ретінде алмастыруға
тырысу үшін өзіне қандай да бір дұрыс амал арқылы
дүниенің қарапайым және анық көрінісін
құрып алуға тырысады. Бұнымен суретші, ақын,
философ және жаратылыс зерттеушісі өз бетінше айналысады. Бұл
көрініске және оны әдемілеуге адам өзінің рухани
өміріндегі қиындықтың бастысын кешіреді” (Энштейн).
Осылайша, әрбір халықтың дүниетанымы
дүниенің көрінісінен жасалады: “Әрбір өркениет,
әлеуметтік жүйе дүниені қабылдаудың өзіндік
ерекшелігімен сипатталады” (А.Я.Гуревич). Осыдан кез келген лингвомәдени
қауымдастықтың менталитеті (ділі) біршама деңгейде
оның мүшелерінің дүниеге көзқарасы мен
танымы таныстырылатын дүние көрінісімен байланысты деген пікір
келіп шығады.
Дүние көрінісі түсінігі (оның ішінде
тілдік көрінісі де) адамның дүние туралы түсінігін
зерттеуден құраладыЕгер дүние – бұл адам және
оның өзара әрекетінің ортасы болса, онда дүние
көрінісі – “адам мен ортасы туралы ақпаратты өңдеу
(қайта жасау) нәтижесі. Адам өзінің дүние туралы
түсінігінен тыс жатқан заттар мен құбылыстарды
байқауға бейім емес.
Сыртқы дүниедегі заттар мен
құбылыстар адам санасында ішкі бейне формасында көрінеді. А.Н.Леонтьевтің
пікірінше адамға өзін
қоршаған шындық болмыс көрінетін “бесінші
квазиөзгеріс” болады: “бұл
мағыналық өріс, мағыналар жүйесі”. Сонда
дүние көрінісі – бұл бейнелер (образдар) жүйесі.
М.Хайдеггер “көрініс” сөзін айтқанда адам
баласы алдымен бір нәрсенің бейнесін ойлайды, “дүниенің
көрінісі мәндік ұғым, дүние бейнеленген
көріністі емес, ал көрініс ретінде ұғынылатын
дүниені білдіреді”.
Дүние туралы білім деп айтуға болатын
дүниенің көрінісі жеке және қоғамдық
сананың негізінде жатады. Тіл танымдық үдерістің
талаптарын орындайды. Дүниенің концептуалдық көрінісі
әртүрлі адамдарда түрліше болуы мүмкін, мысалы,
әртүрлі кезең, әлеуметтік, жас ерекшеліктік топтардың өкілдерінде,
ғылыми білімнің әртүрлі саласында және т.б. –да.
әртүрлі тілде сөйлейтін адамдарда қандай да бір
жағдайда дүниенің жақын, ұқсас
концептуалдық көрінісі болуы мүмкін, ал бір тілде
сөйлейтін адамдарда – әртүрлі.Сондықтан,
дүниенің концептуалдық көрінісінде
жалпыадамзаттық, ұлттық және жеке
тұлғалық белгілер біріге әрекет етеді.
Дүниенің көрінісі заттар фотосуретінің,
әрекеттердің жай жиынтығы емес, сондықтан өзіне
бейнеленген нысандарды ғана емес, бейнелейтін субъектінің позициясын,
оның осы затқа қатынасын жинақтайды, субъектінің
позициясы нысандардың өзі сияқты шындық. Оған
қоса, адамдағы дүниенің бейнесі пассив емес,
әрекетті (қозғалмалы), объектілерге қатынасы бұл
объектілер арқылы туындап қоймайды, оларды өзгертуге де
қабілетті. Осы жерде қарапайым әлеуметтік
позициялардың, қатынастардың, бағалаудың
жүйесі ұлттық тілдің жүйесінде
таңбалық көрініс табатынының және
дүниенің тілдік көрінісін құрастыруға
қатысатынының шынайылығы келіп шығады.
Сондықтан, дүниенің көрінісі –
адамның барлық рухани белсенділігінің нәтижесі болып
табылатын дүниенің тұтас, жаһандық бейнесі, ол
адамда оның дүниемен барлық байланысы барысында пайда болады. Дүниені
тани отырып адам дүние туралы өз түсінігін
қалыптастырады, яғни оның санасында белгілі бір «дүние
көрінісі», «дүниенің тілдік моделі» пайда боладыОл
өзіне бейнеленген объектілерді ғана емес, бейнелейтін
субъектінің позициясын, оның осы затқа қатынасын
жинақтайды. Дүние көрінісінің пайда болуы тілмен
тығыз байланысты болғандықтан, оны «дүниенің
тілдік бейнесі» дейді.
Вейсгербер wort-тан
жаңа етістік worten жасап, ана тілі ein wortender welt «дүниенің
мәнін көрсету» деп айтты. (Ю.Н.Караулов). Дүниенің
концептуалдық көрінісі дүниенің тілдік
көрінісінен әлдеқайда бай: «дүниенің
көрінісі – адамның өз қиялында дүниені қалай
суреттейтіні» – дүниенің тілдік көрінісіне
қарағанда күрделірек феномен, яғни адамның
концептуалдық дүниесінің тілге телулі және тілдік
формалар арқылы өрілетін бөлігі.
Дүниенің көрінісі кеңістіктік (жоғары-төмен, оң-сол,
батыс-шығыс, алыс-жақын), уақыттық (күн-түн, қыс-жаз), сандық,
этикалық
және т.б параметрлердің көмегімен көрсетіледі. Оның
жасалуына тіл, дәстүр, салт, табиғат, өнер,
мәдениет, тәрбие, оқу, білім және т.б әлеуметтік
факторлар әсер етеді. Дүниенің көрінісі
тұтастай алғанда мифологиялық, діни,
дүниетанымдық дүние көрінісі болады, бірақ ол
дүниенің қандай да бір фрагментін көрсете алады,
яғни шеңберден аспайтын бола алады.
Әртүрлі адамдарда дүниенің
концептулдық бейнесі бірдей, себебі адамзаттық ойлау бірдей. Ұлттық тілдік дүние
көрінісі – бұл жай олардың басқаша “өрнектелуі”. Тілдегі
дүние көрінісі ұлттық дүние көрінісін
бейнелейді және түрлі деңгейдегі тілдік бірліктерде
көріне алады. Тіл адамда дүние туралы білімнің
қалыптасуы мен өмір сүруінің маңызды тәсілі
болғандықтан, сол тіл
когнитивистердің маңызды зерттеу нысаны болып табылады. Тілдік формада таңбаланған бұл
білімдердің жиынтығы түрлі тұжырымдарда бірде “тілдік
аралық дүние”, бірде “дүниені тілдік таныстыру”, не
“дүниенің тілдік моделі”, не “дүниенің тілдік
көрінісі” деп аталып жүр.
Шынайы өмірдің бейнесі ретіндегі дүние
көрінісі мен оның бейнесі ретіндегі дүниенің тілдік
көрінісі арасында күрделі қатынастар болады: олардың арасындағы
шекара “тұйық, белгісіз” сияқты болады. Адамның
дүниені тануы қателіктер мен адасуларсыз болмайтындықтан,
оның концепталдық дүние көрінісі үнемі
өзгеріп отырады, сонда дүниенің тілдік көрінісі
ұзақ уақытқа дейін сол қателіктер мен
адасулардың іздерін сақтап қалады. В.Б.Касаевичтің
пікірінше тілдегі семантикалық
құралдар арқылы таңбаланған дүние
көрінісі уақыт өте келе қандай да бір деңгейде
ұзақ өмір сүрген, көнерген болып шығуы
мүмкін: күн батады(солнце садится), жауын жауады (дождь идет).
Немесе тағы бір мысал, эмоционалдық күйдің
қарқынын беру, жеткізу үшін сөйлеуші жан терге
түсу (воспарить душой) тұрақты тіркесін
қолданады. Бұл кезде ол осы тілдік бірліктің адамда
дүниенің мифологиялық көрінісінде бу түрінде болып, денені тастап, аспанға ұшып кететін жан деген
субстанциясының бар екені туралы ескірген түсінікпен байланысты
екенін ұғына бермейді.
Осылайша, тілдің қызметі тек хабарды,
ақпаратты жеткізуден ғана тұрмайды, керісінше бірінші
кезекте, хабарға не жататын іштей ұйымдастырудан тұрады. Дүние
туралы білім тілінде бекіген, үнемі ұлттық-мәдени
тәжірибе қоса берілетін “мағыналар кеңістігі” деген
шығады (А.Н.Леонтьев термині). Сол тілде сөйлейтін тіл
иесінің тілдік әлемі, дүниесі, басқаша айтқанда лексика, грамматика,
фразеологизмдерде таңбаланған, дүние туралы білімнің
жиынтығы ретіндегі дүниенің тілдік көрінісі
қалыптасады.
Дүниенің тілдік және концептуалдық
көрінісінің қатынасы мәселесін шеше отырып, лингвисттер
қандай да бір концептінің қалыптасуы қалай
болатынын анықтауға
тырысады. Олар әнбебап (универсал) болып табылатын, өйткені
барлық когнитивтік процеске бірдей көсетеді, тұғырлы
когнитивтік категориялардың (концептілердің) толық
қатарын бөледі. Бұндай универсал концептілерге кеңістік, уақыт, сан,
достық, т.б жатады.
Қазіргі заманғы адамның өмір
сүру процесінде дүниенің тілдік көрінісі концептуалдық процестің алдында
болады және оны қалыптастырады, себебі адам дүниені
және өзін-өзі тіл арқылы тануға қабілетті.
Сол тілде жалпыадамзаттық және ұлттық ретіндегі
қоғамдық-тарихи тәжірибесі таңбаланады. Бір жағынан, адамдар
өмірінің жағдайы, оны қоршаған материалдық
дүние оның санасы мен мінез-құлқын
анықтайды, бұлар тілде, ең алдымен семаника мен
грамматикалық формаларда көрініс табады. Басқа жағынан,
адам дүниені ойлау мен мінез- құлықтың
адамзаттық құрылымын анықтайтын ана тілінің басымдылығы
арқылы қабылдайды.
“Дүниенің тілдік көрінісі” термині – метафора
сияқты, өйткені шындығында
адамдардың белгілі бір ұлттық
ортақтығының бірегей қоғамдық-тарихи
тәжірибесі көрсетілетін ұлттық тілдің
өзіндік ерекшеліктері осы тілде сөйлейтін адамдарға
объективті бардан өзгеше дүниенің қайталанбас бір
көрінісін жасамайды. Керісінше,
тек сол халықтың ұлттық мәдениеті, өмір
сүру жағдайы мен іс әрекетінің ерекшелігінен туатын
құбылыстар, процестер және заттардың ұлттық
мәнімен байланысты сол дүниенің өзіндік “бояуын”
жасайды[2].
Дүниенің көрінісі адам
дүниетанымының тұғырлы бөлігі болып табылады.
Дүниенің тілдік көрінісіне деген
қызығушылық “түрлі тілдер ұлт үшін
олардың ерекше ойлау мен қабылдау органы болып табылады ” деп
жазған В.Гумбольдт.
Дүниенің тілдік көрінісі туралы
қазіргі заманға ілімнің негізін салушылардың бірі –
неміс ғалымы И.Гердер. Ресейде бұл мәселені қарастыру
лексиканы тезаурустық зерттеуден басталады (Ю.Н. Карауловтан). ХХ
ғасырдың аяғында бұл мәселеге арналған бірнеше еңбектер пайда болды–
С.А.Васильевтің, Г.В.Колшанскийдің, Н.И.Сукаленконың,
Е.С.Яковлеваның, Д.Хаймстың “Тілдегі адам факторы. Тіл және
дүние көрінісі” (1988 ж) ұжымдық монографиясы т.б.
жатқызуға болады. Қазір бұл мәселе
Н.Д.Арутюнованың, Ю.Д.Апресянның, А.Вежбицкаяның,
Ю.С.Степановтың, В.Н.Телияның, В.Г.Гактың іргелі жұмыстарында
қарастырылуда.
Тіл – мәдениеттің құрамдас
бөлігі және көрінісі, құралы.
Халықтың тілі тілде көрініс табады, тіл мәдениетті
сөзбен таңбалық жүзеге асырып оның негізгі
концептілерін жеткізеді. Тіл арқылы жасалған дүние моделі
объективтік дүниенің субъективті бейнесі, оның дүниені
түсінудің адамзаттық тәсілін, яғни тілге барынша
қатысты антропоцентризмдік
сипаты болады.
Сонда концептілер – ұлттық-мәдени
мағыналардың қоюлануы, “мәдениет
бастаушысы”(Ю.С.Степановтың сөзі бойынша). Оларды зерттеу
халықтың дүниені қабылдау ерекшелігін
анықтауға, дүниенің концептуалдық және
ұлттық көрінісін түсінуге көмектеседі.
Ю.Д.Апресян айтқандай дүниенің аңғал тілдік
көрінісін түсіну “дүниені түсіну мен концептуалдауды
тәсілінің тілдегі бейнесін түсіндіреді. Тілдің негізгі
концептілері сол тілде сөйлейтіндердің барлығына міндетті
ретінде саналатын ұжымдық дүниетаным
көзқарастарының
бірдей жүйесінен құралады”.
Қазір дүниенің тілдегі көрінісін
зерттеуге бағытталған бірнеше бағыттар бар.
Е.С.Яковлеваның пікірінше бұл 1) типологиялық зерттеулер:
дүниенің славяндық тілдік көрнісі, дүниенің
балқандық моделі және т.б; 2) дүниенің тілдік
көрінісін халықтың рухани мәдениетін қалпына
келтіретін аспектіде қарастыру; 3) тілді жекелеген жағынан
қарастыру: дүниенің тілдік көрінісінің орыс тілі
лексикасындағы, сөзжасамындағы, метафоралар айнасындағы бейнесі және т.б. басқа
сөзбен айтқанда тілге тән болатын дүниені концептуалдау
тәсілі кейде универсалды, кейде жеке ұлттық. Сондықтан,
дүниенің тілдік көрінісін былайша қарастыру
мүмкіндігі бар: 1) сол тілге тән концептілер зерттеледі (жан, қайғы, тағдыр, ерік,
ар, тәуекел – орыстарға тән); 2) универсалдық
концептілер үшін арнайы ерекше коннотациялар зерттеледі; 3) дүниеге
тұтас “аңғал” көзқарас зерттеледі, өйткені
әрбір тіл дүниені қабылдаудың, оны
концептуалдаудың белгілі бір тәсілін көрсетеді. Онда
айтылған мағыналар кеңістік пен уақыттың
аңғал физикасын, аңғал физиология мен этиканы
бөлуге болатын тұтас бірдей дүниетаным жүйесіне
қабатталады.
Мысалы, тілде екі сөз болады, олардың
соңғысының мағынасы жағымсыз бағалаумен
ерекшеленеді: тыңдау – тың тыңдау (слушать- подслушивать),
күлу – келеке ету (смеяться- глумится), мақтау- жағымпаздану
(хвалить- льстить), айту- мақтану (рассказывать, хвастаться)
және т.б. осы жерде қарапайым этиканың келесі
жағдайларын бөліп алуға болады: 1) біреудің
өміріне араласуға болмайды (подслушивать);
2) басқа біреудің намысына төмендетуге болмайды (келеке ету дегенде); өзінің
артықшылығын тым асыру жақсы емес (мақтану). Әлеуметтік бағыттағы
қарапайым этикаға бір нәрсеге рұқсат пен тыйымды,
оның адамаға лайықты не лайықсыз екендігін
анықтау тән. В.Н.Телиянің пікірінше, “дүниенің
қарапайым тілдік көрінісі – бұл “қарапайым”
адамның өмір сүретін
және әрекет ететін дүниесі туралы білімінің
бөлшектенуінің тілге айналуы”. Ол сол тілде сөйлейтін барлығына
қатысты дүниенің аңғал моделіне
қарағанда дүниеге антропоцентристік көзқарас,
дүниенің мәдениеттенген бейнесі антропометрлік:
мәдениеттің прескрипциялары тұлғаның өзіне
құндылық бағдарын таңдауда преференцияны да естен
шығармайды. Табиғи тілдің бірліктері тілде қосымша мәдениетті,
мәдениет семантикасын иеленеді. Славян мәдениеті
өкілдерінің тілдік санасында бас (голова) сөзі “дененің
жоғарғы бөлігі” семантикасын білдіруші ғана емес,
сондай- ақ парасат, интелект, жоғарғы
құндылықтың маңызды ортасының тілдік
символы болып табылады. Бұл мәдени семантика дене мүшелерінің
сөзбен берілетін “жоғару орналасу, аспан аумағында,
төменге қарсы, іс әрекетке басшылық ету”, “керекті
ақпаратты сақтау, жеткізу” сияқты белгілерінің магиялық және мифологиялық
мағына алуы арқылы құрылады. “Жоғары орналасу”
белгісі жағдайды сипаттау кезінде
бас айтады (голова говорит), бас шыр айналды (голова идет кругом), (ходить
на голове) идиомалары арқылы ауыспалы мағына алады. Бұл
идиомаларда дененің басқы мүшелері аспанмен және
оның басты объектілері – күнмен, аймен, жұлдыздармен
байланысады деген символикамен байланысты.
“Іс әрекетке басшылық” релеванттық белгісі бас
соматизмін посыпать голову теплом, с повинной головой және т.б.
идиомаларда сақталған дәстүрлі салт, сенім,
рәсімдер контексінің тұтас қатарымен байланыстырады.
Тілдік қоғамда өмір сүре отырып, адам
өзінің концептуалдық жүйесін тек жеке тәжірбиесі
арқасында емес, сонымен қатар жалпыадамзаттық,
ұлттық реіндегі қоғамдық-тарихи тәжірибе
бекітілген тіл арқылы да байытып отырады. Соңғысы
тілдің әртүрлі деңгейлеріндегі өзіндік
ерекшеліктерін анықтайды. Бұл өз кезегінде
әртүрлі халық өкілдерінде дүниенің
өзіндік тілдік көрінісінің пайда болуына әкелетін
тілдердің өзіндік ерекшелігінің пайда болуына әкеледі.
Дүние көрінісі этнос тілінің
мазмұндық жағында көрінеді. Оның анализі
ұлттық мәдениет несімен ерекшеленеді, олар бір – бірін
әлемдік мәдениет деңгейінде қалай толықтырады
дегенді түсінуге көмектеседі.
Э.Сепфир мен Б.Уорфтың адамдар дүниені
өзінің ана тілі арқылы танып көреді деген болжамы
алға шықты. Олар сондай- ақ, тілдер “дүниенің
тілдік көрінісі” арқылы ерекшеленеді дегенді де жобалады.
Олардың байымдауларынан әртүрлі тілде сөйлейтін
адамдардың әртүрлі ойлау типі болады, және
бұлардың барлығы тілмен жай ғана байланысты емес,
олармен тығыз байланысты деген шығады.
Б.А.Серебренников Э.Сепир, Б.Уорфтың бұл
болжамдарын сынай отырып, дүниенің тілдік көрінісін жасауда
тіл өз-өзін басқара алатын күшке ие емес деп
дәлелдейді. Әртүрлі тіл сол тілде сөйлейтін
адамдардың санасында дүниенің әртүрлі
көрінісін құрайды деп айтуға болмайды, олар тек
халықтың ұлттық мәдениеті, өмір сүру
қалпы мен әрекетінің ерекшелігі анықталатын заттар,
құбылыстар, процестер мәніне байланысты өзіндік
“бояуын” береді.
Осылайша, дүниенің тілдік көрінісі
концептуалдық жүйемен, тілмен тығыз байланысты екенін
көрінеді. Адамның санасында қалыптасып көрінетін
дүние көрінісі айрықша материалдық формада-тілде бекіп,
жүзеге асырылатын дүниенің
қайталап болуы. Бір тіл және бірдей
қоғамдық-тарихи тәжірибе белгілі бір қоғамның
мүшелерінде қандай да бір жалпылама ұлттық
дүниенің тілдік көрінісі туралы айтуға болатын
ұқсас тілдік дүние көрінісін қалыптастырады.
Әртүрлі тілдер дүние көрінісіне халықтар
мәдениеті мен дәстүрінің айырмашылықтарымен
түсіндірілетін тек кейбір ерекшелік, кейбір ұлттық
бейнелік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. –Минск, 2004. –34-35 с.
2. Қасым Б. Қазіргі
қазақ тілінің теориялық және қолданбалы
аспектісі (ғылыми мақалалар). – Алматы: ЖКВолкова А.В., 2010. –371
б.