К.ф.н. Умирбекова Р.К., к.ф.н. Султанова Б.М.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унииверситеті,Қазақстан

Ақпараттық-коммуникациялық технология мүмкіндіктерін                                                                                                                                      жан-жақты қолдану үрдісі

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға  бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық,ғаламдық  коммуникациялық желілерге шығу» -деп корсетілген.

«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазақстан Республикасында қабылданған білімді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру саласын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған.

Тіл үйренушілердің жаңа ақпараттық және білімдік ортада табысты іс-әрекет етуі олардың бойында ақпараттық-технологиялық құзіреттіліктің қалыптасу деңгейі мен ақпараттық мәдениеттілігінің үстем болуына байланысты болып келеді. Ақпараттық мәдениеттің деңгейі тұлғаның ақпараттық кеңістікте өз адамгершілігін анықтау және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытумен байланысты әлеуметтік маңызды өмір сүру тәсілін көрсетеді. Ақпараттың адам өміріне қаншалықты әсер етуіне қарай соншалықты оның жеке тұлғалық ерекшелігі, ақпараттық мәдениеті айқындалады.

Қоғамды ақпараттандыруды дамытудың негізгі факторларының бірі — білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. Білім беруді ақпараттандыру — оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда білім беру саласының теориясы мен практикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану үдерісі.

Бiлiм берудi ақпараттанды­рудың негiзгi мiндеттерi: 

–  ақпараттық және телеком­му­никациялық техникалық құ­ралдармен қамтамасыз ету; 

–  бiлiм берудi ақпараттан­дыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру; 

–  оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны ен­гi­зу­дi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүр­гiзу; 

– пәндер бойынша жасақта­латын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiс­темелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiл­дiру бiлiм берудi басқаруда ақ­параттық жүйенi құру; 

– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарла­ма­лық-техникалық құралдарды қам­тамасыз ету және мульти­ме­дия­лық бағдарламаларды, элек­трондық оқулықтарды жасақтау; 

– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қыз­меттерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру бола бастайды.

Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы мамандарының күш-жігерін жан-жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді. Білімді ақпараттандыру – қазақ тілін үйретудің басты талабы. Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты тіл үйретудің мазмұны жаңарып отырады. Қазақ тілін үйретуде қолданылатын ақпараттық білім ортасы тіл үйренушінің ақпараттық сана-сезімінің, қатысымдық құзыретінің қалыптасуына зор әсер етеді.

Оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу және басқару қызметінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғары тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде пайдалану — ғасыр талаптарына сәйкес тәрбие беруде тұлғаның танымдық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа ұмтылдырады. Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдерді қолданудың артуына алып келеді. Сондықтан тіл үйренушінің танымдық іс-әрекеттерін күшейтіп, өздік жұмыстарды сапалы және жылдам орындау мүмкіндіктерін арттыру мақсатында дыбыстық, графикалық, видео, мультимедиа элементтерімен оқытудың  жаңа моделін құруға жол ашып  отыр.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды  пайдалануда  өткізілетін сабақтарды  жоспарлаудың негізгі талаптары:
- жағымды психологиялық орта жасау;

-  студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;

-  ақпараттық –коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;

-ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен орындалатын  жұмыстардың проблемалық болуы;

- проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге  үйрету;

- кез-келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан  шешуге бейімдеу;

- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;

- пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;

- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен орындауға үйрету;

- студенттердің бірлескен таным процессіне белсенді араласуына мүмкіндік жасау;

- студенттердің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;

- студенттерге  өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін  орта құру;

Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:

- сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;

- негізгі мәселені бөле көрсетуі;

- материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы;

- студенттермен тең құқылы түрде қарым-қатынас жасай білу;

- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;

- әр пікірді, идеяны тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;

- ерекше идеяларға қолдау жасап отыру;

- жағымды (позитивті) және конструктивті көзқарас ұстану;

- сабақта ақпараттық-коммуникативтік технолгияларды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;

- студенттермен жеке жұмыстар жүргізу үйге берілетін  тапсырманың  уақтылы және  нақтылы берілуі;

- бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;

- осы нәтижеге жеткізетін –сабақтың жүйелігі.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастыруға болады. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – студент өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады.

Қорыта айтқанда, осындай жаңа технологиялар мен әдістемелерді өз әрекеттерінде  пайдалану арқылы оқытушылардың  жұмысы ілгері басып, студенттердің мемлекеттік тілді  жетік меңгеруіне  зор ықпал ететіні сөзсіз.

 

_____________________________

1.      Әлметова Ә.С. «Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» пед.ғыл.доктор.дисс.автореф. Алматы, 2007. -48б.

2.      Бітібаева Қ. Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы- Өскемен -2002

3.      Власкин А. А., Сенцова Т. М. Автоматизированная система обучения русскому языку. Материалы VI международной конференции “Информационные технологии в образовании” (“ИТО-97/98”)

4.      Гин А.А. Приёмы педагогической техники: Свобода выбора. Открытость. Деятельность. Обратная связь. Идеальность : Пособие для учителя. – 5-е изд. – М.: Вита – Пресс, 2003.

5.      Поташник. Инновационный процесс в школе. Москва, 1991.

6.      Фазылова Р.Л. Проект на уроках немецкого языка \Иностранный язык в школе.-1999.- №.3