А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Тіл және  әдебиет теориясы кафедрасының доценті ,ф.ғ.к. А.Қайыпбаева

Филология факультетінің магистранты Е. Досанова

 

Туыс емес тілдердегі заттық мәдени бірліктер

 ( ағылшын тілі ,орыс тілі, қазақ тілдері материалдары негізінде  салыстырылып алынды     )

 

Мәдениет – халық дамуындағы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ұлттық құндылықтар жиынтығы. Әр ұлттың ана тілінде оның бүкіл өмірі, тарихы, тыныс-тіршілігі, жан дүниесі, яғни, мәдениеті көрініс табады. Тіл мен мәдениет-қоғам дамуының әлеуметтік азығы. Тілдің әлеуметтік маңызы тіл мен мәдениетті, тіл мен қоғамды бірге алып қарағанда ғана ашылады. Адамның жан дүниесі мен болмысының, мәдениетінің қалыптасуына үлкен үлес қосатын халықтың баға жетпес байлығы – оның тілі. Тіл – мәдениеттің көзі, ұлт өмірінің айнасы. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, себебі ол мәдениеттің бір көрінісі. Ал, кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі.

Сонымен, тіл – халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, қадір тұтатын заттары мен құндылықтар дүниесінің, қоршаған ортаның т.б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін құрал. Мәдениет – адамның тілде көрініс табатын бүкіл рухани өмірі, тәжірибесі.

«Киім» тақырыптық тобын лингвомәдениеттану  жағынан қарастыру  ең өнiмдi болып табылады, өйткені  тұрмыстық бірліктердің семантикасына жататын  киімдердің атауы оның халықтың күнделікті өмірмен байланысының күшіне қарай   мәдени құрамдас бірліктері  анық айқындалған .

1. Уәждемелік образдылық  орыс, қазақ  және ағылшын  тілдерінде әр түрлі деңгейде көрсетіледі. Лингвокультуремалардың        атауларының негізіне алынған белгілердің  ұлттық – ерекшеліктері бар.  

2. Осы тілдердің  атауыштық моделдерінің әр түрлілігіне  қарамастан  жасалу жолдарында лингвокультеремалардың негізінде метафоралық және метонимиялық мағыналар жатыр.

Орыс тіліне қарағанда ағылшын тіліне  зерттелетін лингвокультуремаларға  кейіптеу тән, бұл ағылшындардың менталитетіне байланысты кез келген нәрсені нақтылау қасиеті байқалады.

Ағылшын тілі мен орыс тілінің  киім атауларын екі топқа бөліп қарауға болады: 1) алғашқы номинацияның атауы; 2) екiншi номинацияның атауы.

Алғашқы номинацияның атауын беру үрдісі сирек кездесетін құбылыс. Көп жағдайда жаңа атау қолданыстағы бар тілдің негізінде екі немесе оданда көп қоршаған болмыстағы объектілердің арасындағы ассоциациялық байланыс орнатуға негізделетін екiншi номинацияның атауын беру процесінде  беріледі.  Жаңадан жасалған сөздің ішкі пішіні  лексикалық мағынасымен байланысты болып келеді. Мысалы: ағылшын тіліндегі sleeper ( «to sleep» – ұйықтау) – баланың пижамасы  немесе орыс тілінде  фонарик (от «фонарь ») – қол шамға ұқсайтын женнің түрі . Жаңа атауды жасау ағылшын тілі мен орыс тілінде 2 тәсілмен жүзеге асады: грамматикалық (аффиксация) және семантикалық (мағына ауыспалылығы). Бұл тілдерде киім атаулары екiншi номинация  арқылы аталатыны  ұқсас белгілерінің бірі. Бұл тілдердегі лингвокультуремалардың жасалу жолдарын үшке бөлуге болады:

1.    Етістікпен уәжделетін лингвокультуремалар.

2.    Сын есімдермен уәжделетін лингвокультуремалар.

3.    Зат есіммен уәжделетін лингвокультуремалар.

 

Орыс тілінде етістікпен уәжделетін лингвокультуремалар  процесті белгілейді: (купатьсякупальник), (накидывать – накидка),

Зат есіммен уәжделетін лингвокультуремалар адамға , затқа байланысты болып келеді  : (рука рукавица, ветер – ветровка, ухо – ушанка).

Қазақ тілінде : қол- қолғап, бел-белбеу,бел -белдемше , Кеудеше - кеудеге киетін сырма, жұқа жеңіл киім. Тізеқап – суықта, аязды күндері киетін ауы, ышқыры жоқ екі балақ.
Ағылшын  тілінде етістікпен уәжделген  лингвомәдени бірлік  бір іс әрекетті орындауға арналған ((suspend (көтермелеу) – suspenders (тартпа)), (sweat (терлеу) sweater (свитер) (спорттық тоқыма жылы киім). Қазақ тілінде : орау –орамал;

Сын есіммен уәжделген  лингвомәдени бірлік  сипаттау мағынасын білдіреді (tight (қатты керілген;) – tights (колготки)). Шұлықдамбал.

Ағылшын тілінде күрделі лингвокультуремалар  жиі кездеседі: (great (үлкен)+coat (пальто) – greatcoat (шинель)), (windbreaker (ветровка) – wind (жел) + break ұзу), bodyshaper (грация) – body (дене) + shape (пішінге келтіру), chinwiper (слюнявчик) – chin (иек) + wipe үрту). Қазақ тілінде : аяқ киім,  бас киім, шұлықдамбал деген мысалдарды келтіруге болады.

 

Ағылшын тілінде еркін тіркесетін атаулар да кездеседі, мысалы: лингвокультурема  button-through dress (түймелі көйлек) –көйлек бойы үймелер деп аударылады. Орыс тлінде  бұндай тәсіл  кездеспейді.

1. «Пішін »  атау принципі

mushroom (от «mushroom» – гриб) – женская соломенная шляпа с опущенными полями;

косынка (от «косой») – женский треугольный головной или шейный платок.

 «Әлеуметтік ,үлттық, кәсіби  атау принципі

3.          cardinal (от «cardinal» – кардинал) – пальто, по форме напоминающее сутану кардинала;

фуражка (от «фуражир») – головной убор с околышем и козырьком (изначально, головной убор фуражира).

3. «Орын » атау принципі

opera hat (от «opera» – опера) – цилиндр;

сланцы (от названия города Сланцы, в котором располагался завод «Полимер», производящий данный вид обуви) – разговорное название резиновых шлёпанцев.

4. «қасиеті» атау принципі

soaker (от «soak» – впитывать) – детские непромокаемые трусики;

разлетайка (от «разлетаться») – одежда свободного покроя, разлетающаяся книзу.

5. Принцип номинации «мақсат атау принципі sleeper (от «to sleep» – спать) – детская пижама-комбинезон;

подтяжки (от «подтягивать») – две скрепленные, обычно прорезиненные широкие тесьмы.

6. «кию тәсілі » атау принципі

pullover (от «pull» – тащить + «over» – через) – пуловер;

передник (от «перед») – одежда, защищающая перед платья от грязи.

7.  «қолданылған материал» атау принципі

bearskin (от «bearskin» – медвежья шкура) – меховой кивер английских гвардейцев;

ватник (от «вата») – стеганая ватная куртка или безрукавка.

8. «адам дене мүшелері атаулары атау принципі

leggings (от «leg» – нога) – гамаши, обтягивающие колготы до щиколотки;

тельник/тельняшка (от «тело») – матросская нижняя трикотажная рубашка в сине-белую полоску.

Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей «жер шұқылап», мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болғандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше. Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді.  Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз , боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, егде  кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Осыған орай қазақ тіліндегі  киім  атаулары     «әлеуметтік статусты » білдіреді деп айтуға болады.

Қорыта келе әр тіл ұлттық менталитеттін өмір сүру салтының, ұлттық тарихының  бөлігі болып табылады . Ағылшын тілінде атау беру топтарының көпшілігі  киімдердің қасиеттері мен сапасына байланысты болса,  ал орыс  тілінде сол киімнің қандай іс-әрекет  барысында  қолдануға икемділігі  Бұл салыстырылып отырған тілдердің дүниенің тілдік бейнесін қалыптастыруда жалпы тенденцияны бейнелеп көрсетедi. Орыс тіліндегі дүниенің тілдік бейнесі «іс-әрекет» бейнесі ретінде көзге елестейді, ағылшын тіліндегі дүниенің тілдік бейнесі – «сипаттама» ретінде. Қазақ тілінде    киімнің қандай іс-әрекет  барысында  қолдануға икемділігіне және қасиеттеріне  байланысты атау беріледі  .

Пайдаланған әдебиеттер:

1.      Воробьев В.В. Лингвокультурология (Теория и методы). – М.: Рос.ун-т Дружбы народов, 1997. – С.49.

2.      2. Мечковская Н. Б. Социальная лингвистика. Пособие для ст. гум. вузов и уч-ся. М.: Аспект-пресс, 1996. С. 59.

3.      Опарина Е. О. и др. Язык и культура: Сб. обзоров. М.: ИНИОН, 1999. С. 30.

4.       Ощепкова В. В. Язык и культура Великобритании, США, Канады, Австралии, Новой Зеландии. М.; СПб.: ГЛОССА/КАРО, 2004. С. 82.

5.      Джусупов М. Тюркская фоностилистика (на материале узбекского языка) : монография / М. Джусупов, К. Сапарова. - Астана : Сарыарка, 2011. - 238 с.

6.      Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. А. Құралұлы, Алматы, Сөздік – словарь. 1997

7.      Ж. О. Артықбаев, Ә. Ә. Сабданбекова, Ә. Қ. Елемесов, Е. Н. Дауенов Дәстүрлі қазақ этнографиясы , Павлодар 2008