Есбол Ғалымқазы Шәріпұлы, индекс 110000 г.Костанай ул. 5 Апреля 104/10
Ахмет
Байтұрсынұлының саяси көзқарастарының
құндылығы
Ізгілер билік
құрмайды,
Бұл заман солай тұрмайды.
Жақсылар тізе қоспаса,
Әділет
деген болмайды.
(Ш.Жауғашаров)
XX ғасырдың бас кезінде саяси
оқиғаларға толы қазақ елінің жаңа
тарихи дәуірі басталды. Осы кезеңде көрші Ресей империясын
жаппай саяси-экономикалық дағдарыс
тығырыққа әкеліп тәреген болатын.
Осының XIX ғасырдың
60 жылдары патша өкіметі тұрғындардың 70-80%
шаруалардан тұратындықтан оларды «басбайлылық
құқығынан» босатуға мәжбүр
болған. Содан бастап шаруалардың біріншіден,ауыртпалықтан
және қиыншылдықтардан назарын басқа жаққа
аудару мақсатында, екіншіден
қоғамда қарама-қайшылықтар туындамау
үшін, оларды шалғай аудандарға және мемлекеттерінен
тысқары шеткі бүгінгі Қазақстанға жер аудара
бастады. Шаруалармен ьірге саяси айдауға ұйғарылған
ресейдегі азаттық қозғалыстардық өкілдері: Е.П.
Михаэлес, Н.Долгополов, С.С. Гросс, ақын С.Ф. Дуров, Омскідегі
«Географиялық қоғамның», Ақмоладағы
статистика комитетінде Г.Н.Потанин,Н.Я.Ядринцев және әртекті
«халықшылдар» қазақ ауылдардын аралады. Орыс пен
қазақ халқының
еңбекшілер бөлігінің езіліп-қаналған
жағдайына қоғамның көңілін аудартты. Олар
патшылық монархияны қатты сынап, ағартушылық
бостандық идеясын нассихаттады. Осы кезден бастап ресей мен
қазақ елінің либералды-демократиялық бағытта
ұстанған ағартушыларының арасында тығыз байланыс
орн ады.
XX ғасырдың басында Ресей патшалығының
отаршылдық саясатының қыспағына түскен
қазақ елінің тағдыры алғы көзі ашық
ұлтжанды азаматтар мен ағартушы, көреген саясаткер Ахмет
Байтұрсынұлында бейжай
қолдырмады. Ахаң 1912 жылы Орал қаласында «ызық» атты
өлеңдер топтамасыга енген «Ау қазақ» туындысында:
-Мінекей 20-ншы
ғасыр болды
Өнерден осы
күні дүние талды
-Әлі
күнге көрінбейді нәрсең оңды
Сен болсаң
ар-намысты қолдан берген
Қор
қалсын қарап тұрын бар өнерден
Сен қашан
қатарға кеп ел басың-[1] (Байтұрсынұлы А. Ау
қазақ. 5 том. Алматы 2006-183 бет) дегені, кезінде іргесі ыдырамай,
барға қанағаты қылыа күн кешіп жүрген ел
едік. Ал, қазір келімсектердің келуімен замана басқа заң
басқа жұрттың өнерін үйреніп, керегімізге
жаратайық. Сонда ғана езгіден босанып, еңсені
көтеріп басқалардың
қатарына қосыламыз деп баршанық намысын қойрайды. XXI
ғасыр нана технологиялар заманы. Бүгінгі мектептегі
оқушылардан бастап ұсақ-түйекке (компьютерлік ойындар,
жалған ақпараттарға т.с.с) әуре болмай адамның
білімін жетілдіруге қоғамды дамытуға көмегі тиетін
нәрселермен (ғылыммен) ғана айналасу керектігін Ахаң
сол кездің өзінде-ақ айтып кеткен болатын. Біздің,
үлкендердің парызы жастарды игілікке, адамды ізгілікке апаратын
өнер мен білімге деген іңкәрлігіне қанат бітіру.
Ахмет Байтұрсынұлы
мәдени-ағарту жұмысындағы баста маөсатын былай
білдіреді: « өз алдына дербес ұлтболып, Еділден, Ертіске, Орадан
Ауғанға шейіп тұтас тұрған халық едік. Арамызға әр түрлі жұрт кіріскенде,
солармен қатар, атымыз жоғалмай
қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы бізді төсекте
дөңбекшітіп, ұйқымызды бөлетін нәрсе» -[2]
(Әбдименұлы Ө. Байтұрсынұлы А.:
зерттеу-эссе.-Алматы «Орда», 2007.-154 бет) (Байтұрсынұлы А
«Қазақ»,1913,№4)-деп
ұлт мәселесін нақты айқындайды. XXI ғасыр
әлемде жаһандану үрдісі жедел қарқынымен
жүріп жатыр. Замана ағысы «Үш тілділік» тұжырымдаманы
ұсынып отыр. Ой-өмір талғамы бірақ бір
жаққтылыққа салынбай, Мен қазақпын
дегізетін-ана тілі аясында болашақ ұрпаққа
ұлттық салт-дәстүрлі діліне (жүрегіне)
ұялатын, ұлттық мәдениеттің
құндылықтарын жан-дүниесіне сіңірумен берген
тәрбие ғана ұлттық болмысымызды рухын
асқақтата алады.
Ахмет
Байтұрсынұлы: «Ұлт ісі деген-ұлы жұмыс. Ұлт
ісін ұлт болып өзі істемесе, өзі жөндемесе, істелмейді
де жөнделмейді, әр жұрт өз ісін өзі істеп,
өзі жөндеп алара алса жұрт болмақ. Жұрт ісінен
кімге де болса жұмыс табылады,»-деп ұлттық байрағымызда
жоғары көтерейік, Ұлт үшін бірігіп, ұлт
үшін ғұмыр кешейік, сонда ғана қазақ елі
деген шанырағымыз басқалардан биік тұрады ( болады) деген
тұшымды ойларды айтады.
XXI ғасыр
Қазақстан мемлекеті әлемдегі бәрінен алда
тұрған дамыға 50 елдің қатарында
қосылдық. Бүгінгі күні әлі де Ахаңша айтар
болсақ «ұлт ісі жылжымай тұрған жүк»-деп кезінде
айтқан көріпкелдігіне
таң қаласың. Енді қаттылау болса да «өзім
демегеннің-өзегі өрттенсін» деп айттудың орны келіп
тұр. Осылай баршанын ұлттық намысын қайрамасқа
лаж жоқ. Қазақ елінің тәуелсіздігінің іргетасын алғаш талап кеткен Ахмет
Байтұрсынұлындай заңғар саясаткердің арман –
мақсатын орындау басты азаматтық міндетіміз. Қазақстан
мемлекетіміз одан әрі нақты
жетістікке, жақсы тұрмысқа қол жеткізуге
берекелі өмір сүруге бәріміз ат салысайық.
Қолданысқа ие
болған әдебиеттер:
1.
Байтұрсынұлы А. Ау қазақ. 5 том.
Алматы 2006-183 бет
2.
Әбдименұлы Ө. Байтұрсынұлы
А.: зерттеу-эссе.-Алматы «Орда», 2007.-154 бет. Байтұрсынұлы А
«Қазақ»,1913,№4