Есбол Ғалымқазы Шәріпұлы, индекс 110000 г.Костанай ул. 5 Апреля 104/10

А.Байтұрсынұлының ағартушылық көзқарасының құндылығы

Жақсы сөз бен оңды іс жаманнан да қалады.

Шын жақсының істері-шын ниеттен болады.

(Ш.Жауғашаров)

XX ғасыр басындағы Қазақстан еліндегі рухани ахуалға көз жүгіртсек, 1909-1920 жылдар қазақ зиялыларының ағартушылық қызметінің жаңғыру кезеңі болды. Бір жағынан, замана талабының, екінші жағынан, патшалық ресейдің жаппай орыстандыру саясатының алдын алу қажеттілігінен туындаған іс-әрекет еді. Осы күресте халық тағдыры үшін жаннын шүберекке түйіп, зиялы қауымның басын қосып, оларға рухани дем берушінің бірі А.Байтұрсынұлы болды. Елдегі мәдени-ағарту жұмысын дамытуды қолға алды. Ахаң 1913 жылы«Қазақ» газетінің №3 санында жарияланған «Қазақ тарихы» мақаласында:» Қияметке дейін қазақ қазақ болып жасамақ, осы ғасырдың ғылыми жарығында қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай және өзіміздің әдет-ғұрыпқа сай «Қазақ мәдениетін/ казахская литература» тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы»[1]

Ежелден бері әдет-ғұрыпын берік сақтаған қазақ жұртын тығырықтан шығаратын жолды, А.Байтұрсынұлы төл әдебиетіміздің аясын кеңейтуден көрді.

Шығыстық ой-өрістің (менталиттің) өміршеңдігі мен кереметтігі «сөз өнері, оның тылсым күші-тәрбиеінің басы» деп білген, ұрпақтың ділін, тілін, дінін ұлттық болмысын сақтап қалудың амалы, бірден-бір керектігі жөнінде ой қозғағаны тарихтан бәрімізген аян. А.Байтұрсынұлы ұлы Абайдың сөз өнеріне, оның дүниетанымдық және тәрбиелік мағынасына ден қойған алаш арыстарының арасындағы көреген тұлға, «Қазақтың бас ақыны» атты 1913 жылы «Қазақ» газетінің №39 санындағы жариялымында ұлы Абайдың философиялық ойының тереңдігімен ғана таныстыру емес еді.Ахаң«,,,әдебиет тіліне негіз ететін ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек. Ел аузындағы тіл дегенімізде, нені үлгі-өрнек етіп аламыз? Әрине, осындай жоқтауларды, мақалдарды....»-деп,өзінің ойын анықтай түседі,[2]

Қазіргі ғаламдасу және ғылыми-технологияның өркендеу қарқынында ұлттық болмысымыздың  жұтылмай  әрі қарай дамып, өркениетті елдердің қатарына қосылудың жолы, Аханның тағлымында жатыр. Бүгінде оның өзектілігіне көзіміз жетіп отырған жоқ па.

Аханың ағартушылық қызметінің басты ерекшілігі халық ауыз әдебиетін насихаттау арқылы ел болам деген халықтың рухы қандай болу керектігін білдіру еді.

Ахаңның«Әбдіғаппарды жоқтау»шығармасында қазақ тарихы қозғалады.

-Сұлтанымды сұрасаң,

Ақылы толық кен еді.

Әкім болып халқына,

Айтқан сөзі ем еді.-

деп,қоғамдық тұлғаның ақылдылық, парасаттылық, адамгершілік, қасиеттерін дәріптейді. Замандастарының үлкен мақсаттарға жетуде бойларында қажымас қайратты ерік-жігер болуын қалайды.

А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметінің басты ерекшелігі халық ауыз әдебиетін насихаттау арқылы ел болам деген халықтың рухы әр уақытта биік болғанда ғана жетістіктерге жететінін көрсету еді. Ахаң «батырлардың рухынан,батырларды жыр қылған ақын сөздерінің рухынан сол жыр шыққан замандағы халық рухы қалай болғанын білеміз»[3] –деп, ақын-жыраулар,ағартушылар қауымының қоғамда елеулі атқарған рөлін атап кетеді.

Бүгінде XXI ғасырда жаhандық нарықтық дағдарыс жеке қожалықтар иесінен, мекеме басшыларынан, жергілікті әкімдерден қоғамның алдында тұрған экономикалық, қордаланған әлеуметтік мәселелерді шешуде білімділік пен қайсарлықты талап етеді. Ол замана талабы.

Ежелден дана-ғұламаларымыз бен ақылман-философтарымыз шешендік сөздер арқылы дұрыс  өмір сүру тәлімін ұрпақтарына ұсынып келген. Ақын-жыраулар халық алдында ақиқатқа жүгіне отырып,адамның жан дүниесін тербететін тағылымдар айтып,басқа түскен қиыншылықтарды жеңу жолын көрсеткен. А.Байтұрсынұлының:«Әркім жалғыз өзім демей,өзгелер жайында ойлап,пейілін кеңге салып іс етпесе жұрт жұмысы түзелмейді»деген ғибратынан «атақ құмар болсаң да,таққұмар болмау»әркімнің тек ел үшін ғана қызмет ету қағидасы сыр береді. Бұдан жүз жыл бұрын айтылған А.Байтұрсынұлының мұндай өсиетінің өміршеңдігіне таң қалмасқа шара жоқ.

ХХІ ғасырдағы аласапыран кезеңде Жаңарған Қазақстанды дамытуда Ахаңша «жұмыла көтерілген жүк жеңіл» демек оймен қоғамның әлеуметтік қай саласында болмасын барша жұрт бірігіп іске кіріссе, біз әр уақытта озық елдердің қатарында жүреміз.

ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы еркіндікке «...Дербес өмірге төл әдебиеті бар халық ғана таласа алады», - деген болатын.ХХ ғасырда өмір сүрген батыс Еуропа философы  М.Хайдеггердің «Тіл-болмыстың үйі» деген түсініктемесі А.Байтұрсынұлының тілі бар халықтың – ұлттық болмысы да бар деп,  ұлттық рухты биіктетуге, ата құндылықтарымызды жоғалтып алмауға бар күшін салды.  

Елбасы Н.Назарбаев: «Егеменді ел болуымыз – өткен тарихымызды танып, жаңаша бажайлауға кең жол ашты. Ұлттық тарихқа, өткен күндерге батыл бетбұрыс жасалды»[4]- деп, бүгінгі жастар егемендігіміздің іргетасын қалап кеткен, ұлтжандылықты бойында сақтаған асыл арысымыз А.Байтұрсынұлының алмағайып заманда елшілдік ұранды ту қылып, халықының еркіндігі үшін күрескерлігін,отаншылдық рухын әрқашан үлгі тұтуы керек.  

Қолданысқа ие болған әдебиеттер:

  1. Байтұрсынов А. «Қазақ тарихы» , «Қазақ» газеті, 1913  №3
  2. Әбдиманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы: Зерттеу-эссе.-Алматы: «Орда», 2007-186-187 бет
  3. Ә Ө.А Байтұрсынұлы: Зерттеу-эссе.-Алматы: «Орда», 2007.бет
  4. Назарбаев Н. Тәуелсіздіктің бес жылы.-Алматы: Қазақстан, 1996,25-бет