Есбол Ғалымқазы Шәріпұлы, индекс 110000 г.Костанай ул. 5 Апреля 104/10
А.Байтұрсынұлының діни көзқарастары
Ерлік-елдің
қасиеті,
Жүректілік-жігіттің қасиеті
(Б.Момышұлы)
Ахмет
Байтұрсынұлы – көсем сөз шебері, ұлы ұстаз,
ұлтжанды қайраткер қазақ жұртының рухани
болмысын сомдауға ат салысқан, сол кездегі
қиыншылықтарға мойымай қарсы тұра білген.
Тарихымызда ерекше орны бар ер алаштың ардақты азаматы, замандасы
Сәкен Сейфуллин Ахаңның адамгершілігін, ар тазалығын
қатты құрметтеп: «Өзге оқыған мырзалар шен
іздеп жүргенде, ... ұйқы басқан қалың
қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын
жақтаған, патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді...
Өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын
ғана іздеп, ар иманын сатып жүргенде, Ахмет халықтың
арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын
бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын
сүйетін ұлтшыл»[1]. -деп, Ахаңның сол кезде
замандастарының алдында аса зор беделге ие болған көшбасшы
екенін атап өтеді.
Ахмет
Байтұрсынұлы «Досыма хат»:
Қырағы
қия жазбас, сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға,
тұлпарым-ай!
Үйілген
өлексені өрге сүйреп,
Шығармас
қыр басына іңкәрім-ай!.
еңбегінде халық үшін қызмет ету керек деп,
жүрген үзеңгілес азаматтарға талмас қанат
бітіріп, елдің тәуелсіздігі үшін күресуге
шақырады. Олардың қайраткерлік іс-әрекеттеріне шын
жүрегімен мақтанышы мен ризашылығын білдіреді.
Алғашқы ағартушылардың көбі сауаттарын елдегі
алғыр, көзі ашық, ақылгөй ауыл молдаларынан
алған. Сол кездерде шығыс поэзиясы, әдебиеттері араб тілінде
жазылған болатын. Ағарған азаматтардың көбі
соның арқасында шығыс пен азия халқының
философиялық туындыларымен танысты.
Ахмет Байтұрсынұлы «Азаматқа» деген
еңбегінде:
-Келіңіз
сөйлесейік би ағалар
Қайткенде бұл халықтың
оңар жағын
Түгел
бір өзіңе иа Алла
Аша гөр бұл халықтың сен бір
бағын
Жігіттер, отырамыз қарап неғып
Халық
тұр, Құдайдан соң саған сеніп [2]. - деп, адамзат
тіршілігінің мәні қоғамды түрлендіру алға
жылжыту, арқасында болмақ. Соның жолында елдің ер
азаматтарының ой – санасына серпіліс беретін құдіретті
күшті жаратушы алға таратады. А.Байтұрсынұлы
«Азаматқа» шығармасында:
-Құдайым
халық үшін Сізді берген
Үміті
халықтың зор Сіздей ерден
Әйтеуір, не
қылсаң да өздерің біл
Халықтың жүрегі бар Сізге сенген [3]. -деген жолдардан
халық ішінде алаштың ер тұлғалары бар екенінде
«Құдай-тағалаға»
алғысын білдіреді. Ер азамттарды пендешіліктің соңына
түспей ертеңнің керегі үшін қаракет-қам
жасауға шақырады.
-Ер қазақ
халық едің қандай дана
Қайтала ...
уақытқа не дүр шара
Сүйесе
қиын емес көбелерің
Балаларың сен жағыңа болып пана
Салмассың Инша Алла дым күйіңді
Балаларың танып келеді ақты қара [4].
Мынау жоғарғы жолдардан Аханың
әлемдік өркениетте өзіндің тарихи ізін
қалдырған көкбөрі тектес түрік
ұрпағының уақытша қиын қыстау
кезеңдерге тап болды . Енді “Алла тағаладан ” ер алаштың
ардақтыларына қажымас қайрат беруін тілейді.
Одан әрі А.Байтұрсынұлы «Борыштымын»
туындысында:
-Көңілі бай жарық
Құдай кең пейілді
Бір күнде
өте шыққан тең ....
Оянса жарар еді
ұйқысынан
Ойласа ойы терең
кең зейіндім.[4]
Құдіретті
«Құдай-тағалағаның» халыққа
жарық сәулесін түсіріп, мақсатқа жетуіне
ерік-жігер беріп, қолдауын сұрайды.
-Құдайдың тегіс еді рақметі
Маған да бір бер дағы мырза
Құдай
Ойың бар
сенің Алла ауыл сайын
Кісінің
айырмайтын жарлы байын
Алыстан жарқырайды
мұнарасы.[6] (Пақырдың өлеңі (б.188))
Бұл жолдардан Ахаң жаратушының игі
мақсаттарға жетуге күш беруін, ағарған
қауымға жарық жол көрсетуін өтінеді.
А.Байтұрсынұлы қазақ жұртын
өнер – білімге ұмтылдырып , оларға отаншылдық рухын
сеуіп, имандылыққа насихаттайды. Болашақ жас
ұрпақ алаш арыстарың қиын-қыстау
кезеңдердегі ерен ерліктерін үлгі тұтып әрдайым есте
сақтаулары керек.
Қолданысқа ие
болған әдебиеттер:
1.
Байтұрсынұлы
А.Азаматқа,Борыштымын.Атамұра. 5-том.-Алматы, 2006.-185-187 бет