Жаксыбеков
Нурлан Кенжеевич
Қазақстан
Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық
статистика және арнайы есепке алу Комитеті Қарағанды облысының
құқықтық статистика және арнайы есепке алу
басқармасы Ұлытау ауданының прокуроры
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕ ПРОКУРАТУРАНЫҢ
РОЛІ
Қазақстан Республикасы
Конституциясында билікті заң шығарушы,
атқарушы және сот билігіне бөлу концепциясы белгіленген.
Бірақ, Конституцияның өзі Қазақстан
мемлекетінің құрылысы кең концесуалды негізде
құрылған, мемлекеттік биліктің үш
тармаққа бөліну теориясының шегінен шығып жатыр
деп түсіндіреді. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті, Конституциялық Кеңесі және Прокуратура
мәртебесінен көрініп тұр.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы қолданыстағы
Конституция мен оның негізінде
кабылданған ннормативтік актілергесәйкес (соның ішінде 6 қаңтар 2011
жылғы № 380-IV) мемлекеттік билік тармағының
ешқайсысына жатпайды, арнайы
құқыққорғау органдарының
қатарынан орын алған.
Аталған заңның 3-бабына енгізілген
18.01.2012 № 547-IV Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес Прокуратура органдары
құқыққорғау органдары қатарына
енгізілді.
Құқыққорғау
органдары дегеніміз адам және азаматтың құқықтары
мен бостандықтарын, жеке және заңды
тұлғалардың заңды мүдделерін сақтау мен
қорғауды, қылмыстылық пен басқа да
құқықбұзушылықтарға қарсы
тұру бойынша мемлекет саясатын өздерінің арнайы
өкілеттігі шегіне сйкес жүзеге асыратын, қоғамдық
тәртіпті қолдау мен
құқықбұзушылықтарды анықтау, алдын
алу, жолын кесу, тергеу бойынша, сондай ақ қылмыстық істер
бойынша сот шешімдерін орындауды қамтасыз ететін мемлекеттік орган болып
табылады.
Қазақстан Республикасының
прокуратурасы төменгі прокурорлардың жоғары тұрған
прокурорларға және Республиканың Бас Прокурорына бағынышты біртұтас
орталықтандырылған жүйесін
кұрайды. Ол өзінің өкілеттігін басқа мемлекеттік
органдардан тәуелсіз орындайды және тек Қазақстан
Республикасының Президентіне ғана есеп береді.
Бірақ бұл прокуратура шексіз тәуелсіздікке ие және өз бетімен
жұмыс істейді деген түсінік емес. Ол мемлекеттік механизмнің
ерекше бөлігін құрайды және мемлекет басшысына есеп
береді. Прокуратура өз өкілеттігінің шегінде мемлекет атынан
қызмет етеді.[1,8]
Прокуратура заң шығару
билігіне жатпайды. Бірақ прокуратураны Парламенттің заң жобалау жұмысынан шеттетіп
тастауға болмайды. 1978 жылғы
Қазақ КСР Конституциясы бойынша прокурор заң шығару
бастамасына қатысуға құқығы болған. Ал
Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы Бас
Прокурорға мұндай құқық бермеді. Заңдардың,
басқа да нормативтік - құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін
қадағалай отырып, сотта мемлекет атынан сөйлей отырып, прокуратура заңдылықтың тиімділігі мен сапасын айқындайтын,
оның кемшіліктері мен қайшылығын анықтайтын
материалдар жинайды. Ешбір басқа
мемлекеттік орган қолданыстағы заңның қажетті деңгейін прокуратура сияқты
бағалай алмайды, себебі мемлекеттің басқабақылау органдары заңдардың
үзік-үзік салаларымен ғана байланыста болады. Ал
прокуратураның ұлттық заңдылықтың
деңгейін, сапасын, тиімділігін және өмір шындығын
толық, біртұтас және
объективті түрде бағалау мүмкіндігі бар. Сондықтан, Бас
Прокурорға заң шығару бастамасы
құқығын беру заңдардыжетілдіруге
жәрдемдесіп қана қоймай, заңдарды жетілдіруге,
заңнамадағы қалып кеткен тұстар мен заңдар
арасындағы қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді деген ой туады.
Заң шығару жұмысына
прокуратураның қатысуын былай
жүзеге асыруға болады: а) заң жобаларын талдайтын
жұмысшы топқа оның өкілін енгізу; б) заң
жобасын ресми қорытындылауға беру; в) комитет мәжілісіне,
жоспарлы мәжіліске заң жобасы бойынша өз
көзқарасын айту үшін прокуратура өкілін шақыру
және т.б.
Қазақстан
Республикасының прокуратурасы атқарушы билік тармағына да жатпайды. Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес Үкімет бастаған атқарушы органдар, жергілікті
атқарушы органдарды қоса алғанда,
біртұтас жүйені және мемлекеттік биліктің ерекше бір
тармағын құрайды. Америкалық прокуратура үлгісі
сияқты прокуратураны атқарушы органға жатқызу
сияқты пікірлер кездеседі. Атқарушы органдар Қазақстан
Республикасының Конституциясынасәйкес тиісті аумақтың
мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы
мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Біріншіден,
атқарушы билік тармағы атқару - реттеу қызметін
аткарады. Прокуратура мұндай қызметті атқармайды. Екіншіден, атқарушы органдар
Конституцияға, заңдарға және Президент
жарлықтарына сәйкес нормативтік –
құқықтық актілер қабылдайды. Осының
күшімен атқарушы органдар өз аймағында заңдардың орындалуына бақылау
жүргізе алады. Прокуратура республика көлемінде заңдар мен
жарлықтардың тура және бірдей қолданылуына
жоғары қадағалау жүргізеді. Егер прокуратураны аткарушы
орган жүйесіне енгізсе, ол атқарушы орган қызметінің
заңдылығына ғана қадағалау жүргізеді.
Бірақ бұл сенімсіздеу. Үкіметке
бағынышты Бас Прокурор оған қадағалау жүргізбейді
және т.б. Үшіншіден, атқарушы орган өз
жұмысын жүзеге асыру барысында жергілікті мүдделер мен
талаптарды орындайды. Ал прокуратура мемлекет атынан қызмет етеді,
жергілікті жағдай мен айырмашылығына қарамай
азаматтардың құқығы мен бостандығын
қорғауы тиіс. [2,64].
Прокуратура орталықтандыру қағидасына
сүйеніп, үш билік тармағының орталық тенденциясын
нығайтады және қолдайды, ал атқарушы билік өз
табиғатында орталықтандыру қағидасына
сүйеніп, біртұтас мемлекеттің жағдайында
рұқсат етілетін орталықтан қашу тенденциясын
пайдаланады. Егер атқару билігі пен
прокуратураның көрсетілген белгілері мен табиғатын ескермей,
екеуін біріктіріп жіберсе, онда биліктің атқарушы
органының барлық саласына қатысты ұстау кұрылысы жоғалып кетеді. Бұл
жағдайда мемлекет өзін-өзі қорғау үшін
басқа тәуелсіз қадағалау
жүйесін құруға мәжбүр болады.
Мемлекет қоғамды сақтау және
дамыту үшін қызмет етеді және өзінің жетілуіне
мүдделі. Сондықтан қадағалау, бақылау - мемлекет
табиғатына қажетті қызмет. Қадағалаудың,
бақылаудың жоқтығы, біріншіден, билікөкілеттігі
бар кейбір лауазымды тұлғаларға пайдалы, себебі олар
мемлекет, қоғам және халық мүддесін басып,
бақылаусыз билегісі келеді. Олар үшін прокуратураның
қадағалау қызметі - жүректеріне қадалған
пышақ. Елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүріп жатыр. Оның кең
тарап кеткеніне себепкер прокуратура органының
қадағалау қызметінің әлсіреуі және
прокуратура органынан осы қызметті алып тастау туралы әңгіме.
Екіншіден, прокуратураны жоғары қадағалаудан айыру
«көлеңкелі» экономика өкілдеріне пайдалы. Олар өздерінше
бұл идеяны жақсы ниетпен айтқан болады: жеке өмірге, мемлекеттік емес экономика саласына араласпау
және т.б. Іс жүзінде
мұндай араласпаушылық экономиканың
«көлеңкеленуіне», мемлекетті
бақылаудан, мемлекеттік және мемлекеттік емес шаруашылық
субъектілердің қызметі заңдылығына
қадағалау жүргізуден шеттетуге әкеп соғады. Онда
заң бұзушылықтың кең кеңістігі ашылады.
Бірінші орынға сыбайлас жемқорлық шығады. Ал бұл
қоғамның талануына, адамдардың көпшілігінің
қайыршылануына, чиновниктердің еркіндігіне, әлеуметтік
қысымшылыққа соқтырады. Шексіздіктің ар
жағында құқықтық, әлеуметтік және
демократиялық мемлекет құру арманы қалады.
Прокуратура сот билігі тармағына да
жатпайды. Сотта ол мемлекет мүддесін қорғайды. Прокуратура
өкілінің пікірі сот шешіміне сәйкес келмеуі мүмкін.
1997 жылдың 6 наурыздағы Конституциялық Кеңестің
№3 Қаулысында былай делінген: Конституцияның 83-бабының 1-бөлігінде «прокуратура
сотта мемлекет мүддесін білдіреді» деген
түсінікті прокурор (прокуратура) қызметінің
конституциялық бағыты деп түсінген жөн. Сотта мемлекет
мүддесін жүзеге асырудағы прокурордың тікелей құзыры
Қазақстан Республикасы
Президентінің заң күші бар «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Жарлығында
белгіленген. Бұл бірінші, алекіншіден, Конституция бойынша прокуратура Конституцияға және Республика заңдарына қайшы құқықтық актілерге наразылық жасайды [3,17].
Прокуратура Қазақстан Республикасы
мемлекеттік билік тармағының ешқайсысына жатпаған
соң, ол не заң шығару, не әкімшілік-атқарушы, не
сот қызметін орындамайды. Ешбір билік тармағына кірмей тұрып,
прокуратура белгілі билік өкілеттігіне ие болады. Бұған таласуға да болмайды. Осы
жағдайлар прокуратураны ерекше мемлекеттік билік тармағына
–қадағалау билігіне қосуға жетелейді. Ресейдің
құқықтанушысы В.Е.Чиркин кез-келген мемлекетте жалпы
бақылау қызметі бар, ол мемлекеттік билік мазмұнынан тарайды
деп түсіндіреді. [4,18]. Осы
қызметке бақылаушы билік жатады
екен. Бұл тармаққа ол конституциялық кеңесті, прокуратураны,
мемлекеттік құқық қорғаушылар институтын
жатқызады және бақылаушы билікті мекемелік және
әкімшілік бақылаудан ажыратып, оған тән екі белгіні
бөледі: 1) аталған органдар
(Конституциялық кеңес, прокуратура) басқа билік тармағынан
жекеленген, өз қызметін орындауда тәуелсіз және
басқа органдарға бағынышты емес; 2) олар тек тергеу, тексеру,
іс жағдайын зерттеу жұмыстарымен
айналысады және органдар мен мекемелердің жедел
қызметіне араласпауы тиіс. Басқа ресейлік
құқықтанушы М.С.Шалумов билік бөлу
жүйесіндегі жеке тармақ - бақылаушы тармақтың
болуы талас тудыратынын атап өтеді, бірақ өз пікірін
дәлелдемейді.
Кейбір авторлар
осы айтылған оймен келіседі. Біріншіден, биліктің
бір тармағы екі не үш жеке мемлекеттік орган жүйесінен
құралуы мүмкін емес. Екіншіден,
прокуратура мен конституциялық кеңесті құрайтын
қоғамдық қатынастың ерекше саласы жоқ. Олардың
жұмысықоғамдық
қатынастар емес, субъектілер
жұмысының заңдылығына қадағалау
жүргізу. Прокуратура құқық саласында да,
қоғамдық өмір саласында да жаңа ешнәрсе
жасамайды. Үшіншіден, прокуратура билік өкілеттігіне ие бола
тұра, өз билігімен бір де бір маңызды мәселені
аяғына дейін шешпейді. Бұл арада мәселе нормативтік
қаулылар қабылдайтын
Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
жайлы емес.
Қазақстан
Республикасының прокуратурасын заңдылықты қамтамасыз етуде,
Конституциясының мызғымастық кепіліне, адам және азамат құқығы мен
бостандығын қамтамасыз етуде Республика Президентіне
жәрдемдесетін маңызды құрал деп тануға болады.
Сондықтан Қазақстан Республикасы прокуратурасы Президентке есеп
береді, бірақ Конституция негізінде
жұмыс істейді.
Прокуратура Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес
атқаратын қызметі, ең аз дегенде үшеу:
Бірінші, прокуратура еліміздің аумағында заңдардың,
ҚР Президенті жарлықтарының
және басқа да нормативтік-құқықтық
актілердің тура және бірдей қолданылуына
қадағалау жүргізеді.Конституцияның
4-бабы 2-бөлігіне сәйкес, оның жоғары заң күші бар және Республиканың
барлық аймағында тікелей қолданылады. Бұл
барлық құқық қолдану органдары тікелей кұқықтық
қатынастарға Конституция нормасы мен ережелерін қолдана береді деген сөз. Ал
қандай орган Конституция нормаларының тікелей және бірдей қолданылатына
қадағалау жүргізеді, ол орган — прокуратура.
Прокуратураның екінші қызметі —
Конституцияға қайшы келген заңдар мен басқа
құқықтық актілерге наразылық жүргізу.
Әрине, прокуратура мұндай жағдайда кез-келген нормативтік
-құқықтық
актілердің конституцияға сәйке екеніне назар аудару мүмкіндігіне
ие болады: конституциялық заң, жай заң, Президент
жарлығы, Үкіметтің, Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулылары. Ал орталық
атқарушы органдардың актілеріне келсек, онда прокуратура
Үкіметке наразылық жасай алады, себебі, Конституция Үкіметке
Республика министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті
атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жою немесе
тоқтата тұру құқығын
берген (66-бап, 7-бөлік).
Прокуратураның үшінші қызметі – мемлекет мүддесін
сотта қорғау.
Айтылғандарды қорытындылай келіп, прокуратураның
біртұтас Казақстан мемлекетіндегі қадағалауды
жүзеге асыратын конституциялық
орган екендігін мынадан көреміз:
1. Прокуратура мемлекеттік биліктің ешбір тармағына жатпайды.
Прокуратура Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен жұмыс істейді. Егер
Президент барлық билік тармақтарының күшін
біріктіріп, мемлекеттік құрылыстың жүйелі
орталығын жасайтын болса, онда прокуратура конституциялықжәне
жай заңдарға қадағалау жүргізе отырып, мықты элементі болар еді.
2. Прокуратураның мемлекеттік кұрылыстың
бір бөлігіне ғана
емес, бүкіл мемлекетке қызмет жасайтыны өз қызметін
жүзеге
асыру барысында мемлекет мүддесін қорғау
құқығы берілгенін
дәлелдейді. Бұл
Казақстанның аумақтық заңдылыққа
негіз жоқ
біртұтас мемлекеттік нысанымен
түсіндіріледі.
3. Прокуратура мемлекет мүддесін қорғайтын
болғандықтан,
оған Конституцияға сәйкес
барлық мемлекеттік билік тармақтарында
наразылық жасау құқығы берілген.
4. Прокуратура конституциялық және жай заңдардың
нығаюына ықпал жасайды.
Сондықтан оған Конституциялық
Кеңеске белгілі жоғары мемлекеттік органдардың нормативтік-
құқықтық актілеріне наразылық жасау
құқығы берілсін.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1 Баймухаметов Е. Роль и
место прокуратуры в системе государственной власти Казахстана// Закон и время.
– 2004. -№5. –Б.8.
2
Дуккардт А. Органы прокуратуры в системе государственной власти Республики
Казахстан // Юрист. – 2005. -№8. – Б.64.
3
Сапаргалиев Г.С. Место и роль прокуратуры в механизме государства // Закон и
время. – 2004. - №12. –Б.17.
4 Чиркин В.Е. Разделение
властей: социальные и юридические аспекты // Советское государство и право.
1990. №8. –Б.18.