Дауылбаев Д.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ САРАЛАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,- деп жарияланған[1]. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық  құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан.

Қылмыстық құқықтан негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінін бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осыңдай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстын әр уақытта да адамның, нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді [2].

Қазақстан Республикасынын Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінін тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс кұрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқықа қайшылық деп атау қалыптасқан.

Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудін соңғы кезеңі — биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінін өміршектік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті — биологиялық өлім.

Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және сонын зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстын болуын айқындау қажет [3].

Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.

Адам өлтірудің субъективті жағы — Қылмыстық кодекстін, 96-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттін нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнін, болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кен, таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты - жанама ниетте әрекет етеді [4].

Тікелей және жанама қасқаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ онын еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Кінәлінің ниетінін, түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын, кінәліның қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын, онын, жәбірленушімен арақтынасын ескеруі тиіс.

Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысыңда, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам өлтіру мақсатында істеледі.

Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінін, өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс. Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінін бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәліның шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді [5].

Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек [6].

Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кінәлі зардаптың қалай да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады. Ниеттің осы түрлерінін, арасындағы неғұрлым елеулі айырмашылық, занда керсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша анықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің  болуына немқұрайды қарайды.

Сонымен жеке адамға қарсы қылмыстар заң шығарушы жеке адамға қарсы қылмыстары үшін жауаптылық көзделген жаңа құрамдар енгізілген, оларда қоғамаға қауіпті мұндай іс әрекеттердің қылмыстық - құқықтық нышандарға нақтыланған, сот практикасына сүйене отырып нақты қылмыстық сот әрекет үшін қылмыстық жаза түрі қарастырылған.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.    ҚР Конституциясы. «Юрист» баспасы. 2011ж.

2.    ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік.- Алматы: ЖШС «Издательство- Норма-К», 2004ж.

3.    Алауханов Е. ҚР Қылмыстық құқығы –ерекше бөлім. «Жеті - Жарғы».2002ж.

4.    Ағыбаев А.Н.  «Қылмыстық құқық -Ерекше бөлім: Алматы 2008ж.

5.    Комментарий к Уголовному кодексу РК. В двух книгах. Книга 2 (статьи 175-393) Под редакцией Заслужного деятеля науки РК д.ю.н., проф. Рогова И.И.,  к.ю.н. проф. С.М. Рахметов. Алматы: Издательство «Норма К», 2003

6.    Алауханов Е.О. Криминология (Қылмыстану). Оқулық. –Алматы,2005