Абдыбаева Г.М., Келтейбекова М.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

Ойлаудыдағы қабілеттілік – баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет – асыл мұра, бойға біткен зор қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады. Баланың орындайтын жұмыстары оның көңілінен шығатын болса, өсіп - өркендеуіне септігі тиеді, қабілеттілігі артады. Оның жан – тәнімен еңбек еткенінде ойлауды қабілеті жетіліп, қалыптасады, табиғи икемділігі күшейеді. Баланы қалаған, қаламаған қызметіне икемдеу қиын. Берілген тапсырманы орындаймын деп өзін - өзі қинайды. Бірақ нәтиже шығара алмайды. Ықылассыз болады, шаршай береді. Міне осындай күйге түскенде пайда болатын психологиялық енжарлық баланың моральдық – этикалық қағидадан ауытқып кетуіне де себепкер болады.

Логикалық ғылымда, логикалық ерекшелігі мен өңдеуіндегі жетістік пен тәуелсіздікке қарамастан өзіндік  ойлауды заңы қалыптасады. Көп уақыт бойы ойлауды процесінің мазмұны, динамикасы, нақты ерекшелігі зерттелмеген.   Ассоциативті психологияда нақты психологиялық зерттеуден  формальды логика әсерін алғашқы кезеңнен қарастырады. Ассоцация ойлауды  теориясына психологиялық өзіндік жаңалық енгізген жоқ, ол белгілі логикалық ойлауды заңдылықтарының әсерін өңдей келе ассоциациялық теория ұсынады.   Бұл көзқарас ойлаудыдың механикалық концепциясына да өзгеріс енгізбеді, тек интелектуалды процес жүйесін қарапайым операциялар арқылы  байланысуда. Сондықтан да ойлаудыдың психологиялық зерттенудің қалыптасуына ассоционизм сипата негіз болғаны да сол. Ол сын бірнеше бағытта қарастырылады. Ойлаудыдағы экспериментальды зерттеу вюрцбург мектебінде алғаш жүргізіледі, зерттеу заты ойланудың бір түрі – ауызша – логикалық ойлауды, ал оның әдісі ерекше әдіс интроспекция болды. 

Ойлауды актісінің мақсаты және белсенді сипатын, оның бүтіндігін ассациалы жеке әсерлерге жатпайтынын қабылдаудан арнайы ерекшелігі бар екені қарастырылды. Ойлаудыды экспериментальды зерттеу  кейінен гештальт психология жалғастырады, олар өз шығармашылық ойлаудыларына қарай жаңа әдістемелік тәсілдер қарастырады.

Г.В.Габайдың көрсетуінше, оқу әрекеті екі құрамдас жүйеден немесе іс-әрекеттен құралатын әрекет. Біріншісі – жүйеше немесе іс-әрекет түріндегі оның негізгі фунционалды компоненті, оқу. Оқу әрекетінің дайындаушылық функционалды компонеттері оқу іс-әрекетінің басқа жүйешесіне топталды. Ойлауды психологиясының дамуы мен қалыптасуына көп үлес қосқан вюрцбург мектебі болды. Негізін салумен О.Кюльпе ойлаудыға теориялық және экспериментальды зерттеу жүргізу арқылы кезеңдері мен принциптерін, арнайы талдады. Кейінен Вюрцбург мектебінің идеясын жалғастырушы О.Зельц болды. Оның «кешенді теориясы» ойлауды актісінің продуктивті, репродуктивті психологиялық бірлік механизімін түсіндірді. Ал гештальтпсихология өкілдері К.Дункер ойлаудыдың творчествалық міндеті мен дамуын Ж.Пиаже мектебінде зерттеді. Дункер творчестволық ойлауды мәселесін зерттеуге, нақты анализ жасап негізгі механизмдеріне тоқталады. Ж.Пиаже еңбегінде генетикалық деңгейде зерттеу таным процесін, оның орталығы интеллектің операциялық теориясы болды.

Ал А.Н.Леонтьев ойлаудыды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлауды процесі бойынша зерттеу принципін  қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлауды операцияларының негізгі бірлігін көрсетті. П.Я.Гальперин нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының қалыптасуына тоқталды. Дж.Брунер еңбегінде ойлаудыдың даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлауды) жағдайын танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады. Қазіргі психологиядағы ойлауды сапасы оның түрлері туралы кең көлемде зерттей – отырып психологиялық әдебиеттер, терминдік ерекшеліктерін ұсынғандар: Р.Арнхейм, А.Р.Лурия, Е.Блейлер, Г.Майер. Л.Леви-Брюля, К.Гольдштейн т.б. болды.

Адамның ойлану әpeкeтi  тікелей – сезімдік таным процесстерімен де тығыз байланысты.  Адамның ойы әрбiр нәрсенiң сипаты мен қасиеттерiн сезу арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтiп заттар мен құбылыстарды әртарапты танып бiлуге мумкiндiк туады.

Адамдардың арақатынасы жүйесінде бірін-бірі жақсы түсінісуіне, бір-біріне бейімделуіне зейін көмектеседі. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт – объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін. Сонымен, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, оның айқын бейнеленуіне көмектесетін психологиялық феномен болып табылады.

Дж.Гилфордтың пікірі бойынша, ойлауды өзінің төрт ерекшелігімен сипатталады:

- өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдығымен, айтылатын ойлардың ерекшелігімен, ойлауды жаңашылдығына деген айқын байқалатын ұмтылысымен;

- семантикалық иілімділігімен, яғни нысананы жаңа көзқарас тұрғысынан көру, оның жаңа қолданысын таба білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе жүзінде кеңейту қабілетімен;

-  бейнелік дағдылану иілімділігімен, яғни нысананы қабылдауды оның жаңа, көрінбейтін жақтарын көретіндей етіп, өзгерту қабілетімен;

- семантикалық спонтандық иілімділігімен, яғни түрлі ойларды белгісіз жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға арналған бағдары болмаған жағдайда өндіру қабілетімен.

Шығармашылық ойлауды өзінің даму жолы барысында бірқатар кедергілерге: конформизмге (басқаларға ұқсас болуға ұмтылыс) бейімділік; күлкілі, ақылсыз, әдеттегіден тыс болудан қорқу сезімімен, сондай-ақ басқалар тарапынан кек қайтару қорқынышымен туылған ішкі цензураға; ескі білім мен ойларға қатысты ебедейсіздікке, олардың маңыздылығын қайта бағалауға; жауабын бірден табуға деген ұмтылысқа тап болуы мүмкін.

Шығармашылық ойлаудыды зерттеу психологияда төрт бағытта жүргізіледі:

·         шығармашылық ойлауды процесін зерттеу;

·         шығармашылық өнімдерін зерттеу;

·         креативтілікті қабілет ретінде зерттеу;

·         шығармашылық тұлға лардың ерекшеліктерін зерттеу

Ойлауды қиял мен ойлаудыдың бірігуінде пайда болады.

Ойлауды процесі екі негізгі тәсілмен жүзеге асырылады:

1) ұғымдарды қалыптастыру және меңгеру;

2) мәселелерді шешу.

Ұғымдарды қалыптастыру – бұл жай «ұқсас» нәрсені «ұқсас емес» нәрседен айыра білу. Ұғымдарды меңгеру – нәтижесінде субъекттің ұғымдардың әрқайсысына тән белгілерін танып үйрену процесі.

Мәселелерді шешу айтарлықтай дәрежеде ұзақмерзімді есте сақталатын меңгерілген ұғымдарға сүйенеді.

Мәселені шешу барысында әдетте 4 негізгі сатыны бөліп көрсетеді:

І – «түсініксіз нәрсені ұғыну», яғни сұрақ, мәселе, міндеттерді көріп, қалыптастыру. Сұрақтардың қойылуы «бастапқы түсініктің ғана болу» жағдайы, – ой жұмысының индикаторы жоқ.

ІІ – шешім нұсқаларының тым көп болуы. Субъект тәжірибесі нұсқалардың ықтималдығын бағалауды белгілейді;

ІІІ – болжамдардың ұсынылуы мен тым көп болуы. Болжамдардың тексерілуі мен біреуінің таңдалуы (әуел бастан бірнеше болған жағдайда). Болжамдардың тексерілуі кейде жеке сатыға бөлініп шығарылады;

ІV – мәселенің шешілуі, яғни сұраққа жауап берілуі, берілген сұрақ бойынша тұжырым жасау.

Ойлауды процесінің аталған сатылары шығармашылық ойлауды процесінің сатыларымен өте ұқсас:

1) дайындалу;

2) пісіп жетілу;

3) шабыттану;

4) шынайылығын тексеру.

Ойлауды операциялары. Ойлауды процесі келесі операциялардың көмегімен жүзеге асырылады:

* салыстыру –ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;

* талдау – бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас элементтерге бөлу;

* синтез – элементтерді тұтас құрылымға біріктіру;

* абстракция және жалпылау – жалпы белгілерді бөліп көрсету;

* нақтылау мен дифференциялау – ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің мәнділігіне қайта оралу.

С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, аталған барлық операциялар ойлаудыдың негізгі операциясы – жанамалаудың, яғни неғұрлым елеулі байланыстар мен қатынастарды ашудың түрлі жақтары болып табылады.