ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫ
Әмірханова П., М.Сапарбаев
атындағы ОҚГИ, 3-курс студенті
Ғылыми
жетекшілер:Кенжебекова Р.И.-п.ғ.к.,доцент,
Бектұрсынова Д.-магистр
Балалар үйі, интернаттар жағдайындағы «жабық»
орта сенсорлық «аштық» тудыра отырып кез-келген жастағы адам
баласына зиянды болып есептелінеді. Әсіресе, жаңа дамып, өсіп
келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары өте көп.
Жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына
қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық
салаларына толық араласуға жағдай жасау.Бірінші жағынан, балалар үйі мен мектеп-интернаттың
балалары отбасында тәрбиеленетін балалардан ерекшеленбейді және
олардың мәселелерін тек материалдық жағдайда жақсарту
және оқу-тәрбие процесіне бірқалыпты жағдай туғызу
арқылы шешуге болады десе, екінші жағынан, қазіргі таңда
балалар үйінде және интернаттардағы балалардың дені сау
емес, барлығы ауыр тұқым
қуалаушылыққа негізделген соматикалық және
психикалық аурулармен ауырады деген көзқарас қалыптасқан.
Осы екі көзқарастың да шындыққа жақындайтын
жерлері бар сияқты. [ 1, 53 ]
А.М. Прихожан, Н.Н. Толстых зерттеулері бойынша мынадай мәліметтерді.
Балалар үйінде тәрбиеленушілердің жиі жағдайда өздерінің жеке құндылықтары
жайлы ұғымдарының әлеуметтік беку жағдайлары жиі
жағдайда жоқ болады, бұл терең эмоционалды дискомфортқа
әкеліп соғады, ал ол өз
кезегінде агрессия мен мазасызданудың пайда болуына себепші
болады.Мазасыздану дегеніміз, бұл
болатын қауіп-қатерді күтуге орай эмоционалды дискомфортты
бастан кешу жағдайы. [2, 23].
Қазіргі таңда көптеген интернат, балалар үйлері мекемелерінің
басшылары соңғы жылдары
балалар топтарын жүйелеп-топтастыруда басқаша әдіс-тәсілдерді
қолдануда. Топты құрауда
түрлі жастағы балаларды бір топқа біріктіру. Топтарда ересек
балалар, кіші балаларға көмектеседі,
әрі әрбір топта өз қолданыстарында бірнеше бөлмелердің
болады. Ол бөлмелер: жатын бөлме, ойын бөлмесі, демалыс және сабақ бөлмелері, санитарлы-гигиеналық блок, асхана – буфет. Жексенбі күндері бұл
асхана-буфетте балалар өздеріне ұнайтын асты, өздері даярлауға,
қажет кезде шәй ішуге, мереке және туған күндерге
қонақтар-достарын шақыруға мүмкін болады.
Түрлі жастағы балалар топтарында ересек және
кіші тәрбиеленушілер арасында өзара қарым-қатынастар жеңіл
әрі оңай қалыптасады, ересектер кішілерге қамқор
болу арқылы және жатақхананың түрлі жағдайларында
тәрбиеші көмек бере отырып, әрі өмір сүрудің
кейбір автономдығына орай, балалар үйлерінің барлық
топтары өмірдің жалпы ритмін ұстау, сақтау арқылы
бірігулері қажет. Ол жұмыс
түрлері: спорт, үйірмелік, шығармашылық жұмыс тағы
басқалар.
Қазіргі уақытта Ресейде
балалар үйлерінде 20,5 мың балалар тәрбиеленеді, оның үштен
бір бөлігі бір жастағы дамуында түрлі ауытқулары бар
балалар құрайды.
Ал енді шетелде, әсіресе
Ұлыбританиядағы арнай білім беру жүйесі үш нгізгі
балалар тобына бөлінеді. Олар:
1) дене кемістігі бар
балалар тобы;
2) оқытуда қиындық
туғызатын балалар тобы;
3) эмоционалды және
мінез-құлықтық аумақта проблемасы бар балалар
тобы.
Ең соңғысы әсіресе
саны жағынан өте көп.
Дамуында ауытқуы бар кейбір нұсқалар
балаларды оқыту мен әлеуметтендіруде түзету жұмыстарын ұйымдастырудың
жаңа бір тиімді формаларын іздеуді қажет етеді.
Ұлыбританияда
мұндай форма ретінде мынаны айтуға болады, яғни олар «терапевтикалық қоғамдастық»
деп аталады.
Ағылшын психотерапевті Мелвин Роуз
былай деп жазады: «Арнайы мектеп пен терапевтикалық қоғамдастық
арасындағы негізгі айырмашылық эмоционалды ауытқу мен тұрақсыз
мінез-құлық себептерін түсінуде болып табылады.
Терапевтикалық көзқарас ең бірінші жоспарға
балалар мен жасөспірімдердің санадан тыс ұмтылыстарын анықтау
міндетін қояды. Ал, арнайы мектеп тәрбиеленушілердің әлеуметтік
мінез-құлқын зорлықпен жақсарту жолымен өзгерті
жасауға тырысады». [3, 102 ]
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1.Мақашқұлова
Г. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің психикалық
ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі, 11-12/2005, 52-53 б.
2.Прихожан
А.М., Толстых Н.Н. Дети без семьи. М, 1990.
3.Кащенко
В.П. Педагогическая коррекция. М, 1995.
4.Выготский
Л.С. Проблема возрастной периодизации детского развития. //Выготский Л.С.
Вопросы детской психологии. – СПб, 1997. С 3-21.
5.Грибанова
Г.В. Психологическая диагностика
личностного развития детей и подростков при семейном алкоголизме.//
Дефектология. 1988. №1.
6.Психическое
развитие воспитанников детского дома. Под.ред. И.В. Дубровиной, А.Г. Рузской.
М, 1990.
7.Рубинштейн
С.Л. Проблемы общей психологии. М, 1996.
8.Фрухт Э.л.
Диагностика нервно-психического развития детей 1-го года жизни // Пантюхин,
Пеюра К.Л., Фрухт Э.Л. Диагностика нервно-психического развития детей нервных
трех лет жизни. 1979г.
9.Разенкова
Ю.А. Коррекционно-педагогическая работа с детьми первого года жизни группы
риска в условиях дома ребенка: Дисс. Канд. Пед.наук. М, 1998г.