6 ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДАНУ ДЕҢГЕЙІ
Худоярова М.А., М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ,
3-курс студенті
Ғылыми жетекшілер:Кенжебекова Р.И.-п.ғ.к.,доцент,
Бектұрсынова
Д.-магистр
Бұл кезеңдегі
экспериментінің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының
мазасыздану көріністерін және себебін, анықтау. Қойылған
мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер ұсынылады:
1.Бастауыш сынып оқушыларының
мазасыздануының көрінісіне психодиагностикалық зерттеу жүргізу.
2.Жоғарылаған
мазасызданудың туындау себептеріне психодиагностикалық зерттеу жүргізу.
3. Мазасызданудың көрінісі
мен мазасызданудың пайда болу себептері арасындағы байланыстың
бар жоғын анықтау.
Эксперименттік жұмыс
процесінің өзін дұрыс құруда, бастауыш сынып оқушыларының
күйін анықтап, белгілеп, қана қоймай, оның дамуында
біршама болжам жасап, сонымен қатар балалармен жұмыс кезінде ұсыныстар
беріп, соның негізінде коррекциялық бағдарлама құруға
әбден мүмкін.
Балалардың мазасыздану көрінісін
қарастыру үшін «Тейлордың мазасыздану деңгейін өлшеу»
әдістемесі, «Филлипстің мектептегі мазасыздану тесті» әдістемесі қолданады.
№1 кесте.
Мазасыздану көрсеткіші
|
|
Өте жоғары мазасыздану көрсеткіші |
Жоғары мазасыздану көрсеткіші |
Орта (жоғарыға қарай)
мазасыздану көрсеткіші |
Орта (төменге қарай)
мазасыздану көрсеткіші |
Төменгі мазасыздану көрсеткіші |
|
Зерттелінушілер саны, % |
2% |
39% |
20% |
26% |
2% |
Содан кейін, бастауыш сынып оқушыларының
мектеппен байланысты мазасызданудың сипаты мен деңгейін анықтауға
мүмкіндік беретін «Филлипстің мектептегі мазасыздану тесті» жүргізілді.
Тест оқушыларға санауға болатын немесе жазбаша түрде ұсынылатын
48 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа «Ия»
немесе «Жоқ» деп жауап беру керек. Нәтижелерді өңдеу
кезінде жауаптары тест кілтімен сәйкес келмейтін жауаптардың сұрақтарын
бөледі. Кілтпен сәйкес келмейтін жауаптар - бұл мазасыздану көрінісі. Өңдеу кезінде саналады:
1. Барлық тест бойынша сәйкес
келмейтін жалпы санды, егер ол 50% көп болса, баланың жоғарылаған
мазасыздануын айтуы, ал егер 72% көп болса, жоғары мазасыздануды
айтады.
2. Мұғаліммен қатынас
жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары – мектептегі әрекеттермен
жағымсыз эмоциялық қарым – қатынасы бала үлгерімінің
төмендеуіне әсер етеді.
№2 кесте. Мазасыздану көрсеткіші
|
№
р/с |
Мазасыздану факторы |
Зерттелінушілердің саны, пайызбен |
|
1.
|
Мектептегі жалпы мазасыздану |
13% |
|
2.
|
Әлеуметтік стрессті уайымдау |
2% |
|
3.
|
Сәттілікке жетудегі фрустрациялық қажеттілік
|
6% |
|
4.
|
Өзін байқауға қорқыныш
|
17% |
|
5.
|
Білімді тексерудегі жағдайға қорқыныш |
17% |
|
6.
|
Айналадағылардың күткендеріне
сәйкес келмей қалу қорқынышы |
26% |
|
7.
|
Стресске психофизиологиялық қарсы тұруының
төмен болуы |
17% |
|
8.
|
Мұғаліммен қатынас жасауға
қорқатынымен байланысты проблемалар |
13% |
Бұл методиканы пайдалана
отырып, біз мазасызданудың жалпы көрсеткіштерін емес, әр
параметрді жеке алып қарастырдық, сондықтан біз үшін әр
параметр ақпаратты болуы, және де белгілі бір жағдайды
мазасызданудың пайда болу себептерін анықтауға мүмкіндік
берді.
Біздің байқағанымыз,
бастауыш сынып балаларының мазасыздануларының жоғары факторы,
көбіне, айналадағылардың жеткендеріне сәйкес келмей қалу
қорқынышты болып шықты.
Бұдан эксперименттік қорытынды шығаруға болады: бастауыш сынып оқушыларының топтағы мәртебелік орынға қанағаттанбауы мен мазасыздануларының көріністері арасында байланыс бар. Олай болса, бастауыш сыныптағы мазасыз балалар, олардың өзара іс - әрекеттерінің дамуына бағытталған құрылымдық тәсілдері, коррекциялық әрекетті қажет етеетінін белгілеуге болады. Мазасызданудың өзі адамға қолданылады – затты шектеулік, оларды ол, қиын өзіне жетіспеушілігі, оны ол өзінің қызметі мен басқа адамдармен өзара іс - әрекетте қолданады. Сондықтан оқушылардың қылығының, мазасыздануынан құтылу емес, коммуникативтік құралдарының қолдану аясының белсенді дамуына көзделеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Овчарова
Р.В. Практическая психология образования. М., «Академия». 2003.
2.
Овчарова
Р.В. Практическая психология образования. М., «Сфера». 2001.
3.
Нетреба С.
Влияние коррекции тревожности на формирование адекватной самооценки младшем
школьном возрасте с учетом этническо й
принадлежности детей. //Ұлт тағылымы. 2004. №3, 122-126б.
4. Психология. Учебник. – М.: “Проспект”, 1998. – 291-294 с.
5. Психологическая служба школы. Учебное пособие для студентов / Под ред. И.В. Дубровиной – М.: Международная педагогическая Академия, 1995 – 222 с.
6. Раттер М. “Помощь трудным детям” – М.: 1987
7. Реан А.А., Коломенский Я.Л. Социальная педагогическая психология – СПб.: Питер Ком., 1999 – 416 с.
8. Рейковский Я. Экспериментальная психология эмоций: - М.; 1979