ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Пашабекова Ф.Ж.,М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ, 3-курс студенті

Ғылыми жетекшілер:Кенжебекова Р.И.-п.ғ.к.,доцент,

Қолдасова Г.Б.-магистр

 

Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында [1,21].

Жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді

Қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік кезең.Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д.Л,Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина зерттеді,ол жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық –еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский,жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В.тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді.

Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мәнділігін құрады. Жеткіншектер жайлы қазақстандық мына ғалымдар зерттеді:С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев т.б. [2,5]

Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, Елубаева С.Б. «қазіргі қазақ жеткіншектердің өзіндік бағалаулары мен этностық сәйкестік пен өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктері зерттелінген. Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы жеткіншектердің өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толқын жеткіншектердің өзіндік бағалауымен салыстырғанда этностық сәйкестіктің компоненттері мәнді түрде азаяатыны анықталды,өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында түсінуі «өзін білу» және «ұйымдасқандық» сияқты сапалар бірінші орынға шықты[4,10]..

Жеткіншектердің мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар анықталды:жеткіншектердегі қалыптасқан ерік күші мінез-құлықтағы ішкі субьективті позициямен байланысты болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара қатынас мінез-құлыққа әсер етсе де субьективті көз-қарасқа келгенде қақтығыс екінші орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көз-қарасы арқылы сындырмауы деген пікірде Күнсләмова Т.К.

Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу» жұмысында [5,21].

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.             Шужебаева А.И Психологияеские-педагогические исследования трудностей в общении детей в условиях семейного воспитания Автореф. канд. дис. Алматы, 2004

 

2.             Жақыпов С.М, Бизақова Ф.Ә Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар   Тараз.: Қорғау, 2007

3.             Жақыпов С.М, Бизақова Ф.Ә Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиогностикалық жаттығулар. Тараз.: Сенім, 2006

4.             Елубаева С.Б Психологические особенности этнической и идентичности и самооценки современных казахских подростков. Автореф. канд.дис. Алматы, 2004.

5.             Күнсләмова Т.К Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің белсендірілуі мен  агрессиялықтан өзара байланысын  психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу . Автореф. канд. дис. Алматы, 2002.