Сәкенов  Айдос Мерекеұлы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

мемлекеттік басқару Академиясы,

Басқару институтының магистранты

 

АВТОЖОЛ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қазақстан автожол саласын дамыған елдер қатарына жеткізу мәселесі елімізді дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық жоспарындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Бүгінде аталған стратегияға сәйкес қойылған міндеттерді жүзеге асыру жолында Қазақстанның автомобиль жолдарын қаржыландыру көздерін қарастырып, оларды дамыту мәселесі тұр [1].

Сонымен қатар, әлемдік деңгейде қарайтын болсақ, автожол саласын құруда оның қаржыландыру тетіктері ең шешуші рөлдерінің бірі екендігі белгілі. Өйткені оның алыс және жақын шетелдермен интеграциялық байланысты нығайтуда экономикалық және жүк тасымалдаушылық, яғни нарықтық қатынастық маңыздылығы бірінші жоспарда тұрады. Сол себептен де еліміздегі автомобиль жолдары торабының бүгінгі және болашақтағы жағдайы әлемдік дәрежедегі талаптарға сайып келуі көзделеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының автожол саласын қаржыландырудың кезеңдік ерекшеліктерін ашып қарастырудың маңыздылығы артық.

Автомобиль жолдарын жаңарту және жұмысқа қабілеттілігін қолдау біршама қорларды қажет етеді. Индустриалды дамыған елдерде автомобиль жолдарының бюджеті жылдық ішкі өнімнің (ЖІӨ) 4 %-ын құрайды.                  Мысалы, Жапонияда 1 шақырым автомобиль жолын күтіп-баптауға  жылына орта есеппен 150 мың АҚШ доллары жұмсалады екен, ал Германияда бұл көрсеткіш 40-45 мыңға, АҚШ-та 60 мыңға дейін, Ресейде 15 мың шамасында  болатындығы белгілі. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіштер2006-2008 жж. ЖІӨ 0,4 %-ын немесе 1 шақырым жолды күтіп-баптау үшін 1,6 мың АҚШ долларын құрады [2].

1992 жылға дейін автожол саласын қаржыландыру негізінен бюджеттен қаржы бөлу есебінен жүзеге асырылған болатын. Қаражаттың көп бөлігін мақсатты жинақтар құрады. Дегенмен, саланы қаржыландыруға 1990 жылы 1 млрд. астам АҚШ доллары, ал 1991 жылы – 816 млн. АҚШ доллары жұмсалды [3].

1992 жылы «Жол қоры туралы» Заңы бойынша қабылданып, республикалық және жергілікті деңгейде бөлек қалыптастырылатын жол қорынан автомобиль жолдарын қаржыландырудың тұрақты мақсатты көздерінің жүйесі құрылды. Бұл облыстық жол қорларының қаражатын аймақтарға бөлу есебінен дербес қалыптастыру және билік ету құқығымен жол шаруашылығының қаржыландыруын орталықсыздандыруға мүмкіндік берді. Жол жұмыстарын осы нысанда қаржыландыру  1992-1993 жылдары күрделі эуономикалық жағдайда жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының қазіргі торабын сақтап қана қоймай, олардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етумен қатар, жол торабы нашар дамыған аймақтарда жол торабын дамытуды жалғастыруға мүмкіндік берді.

Автожол саласын қаржыландырудың механизмі ТМД елдеріндегі жол шаруашылығын басқару саласында негізгінен үш топты құрайды, олар:

1.Автомобиль жолдарын салу мен күту жұмыстарын, жол қорын құру арқылы жүзеге асыру. Мұндай тәжірибе Қазақстан Республикасында 1992 жылдары орын алды және жақсы жетістіктері де болмай қалған жоқ. Ресейде бұл процесс ұлттық, федеральдық және аймақтық территорияларда орындалды. Оның жүзеге асу механизмі тұтынушылық салық есебінде жүзеге асырылды. Тұтынушылық салық жанар-жағармай, автомашиналарды сатып алу, артық бөлшектер алу есебіне енгізілді. Алайда Ресейде бұл механизм «Жол қоры туралы»  Заң күшіне енгенен кейін тоқтатылды.

2.Автомобиль иелерінен жиналатын көліктік салық жоғарыда аталған жол қорының «қолданыстық механизмінен» де жоғары болады. Бұл көрсеткіш Орталық Еуропа елдерінде 3 %-ға дейін жетеді. Мысалы мұндай төлемдер ақылы жол ғимараттарында (көпірлер, жолөтпелер, ақылы тұрақтар және т.т.) жүзеге асырылады. Кейінгі кездерде бұл жүйе Қазақстан автомобиль жолдарының жекеленген жол бөліктерінде орын ала бастады. Солардың қатарында «Астана-Шучинск» автодаңғылы да бар.

3.Автожол шаруашылықтарында материалдық-техникалық және өндірістік базаларда, құрылыстық материалдар мен өнімдерді тиімді пайдалану – олар қызмет ететін жолдардың өміршеңдігі мен өткізгіштік сапалығына елеулі орын алады. Бұл арада басты мәселе осы шаруашылықтардағы басшылықтың ұтымды және тиімді жүзеге асырылуы болып табылады. Көптеген ТМД елдерінде аталмыш мәселелер өзінің керағарлық әрекеттерімен автожол шаруашылығының кейін шегінуіне себеп болуда.

  Дамыған елдердегі автожол саласының басшылығын ұйымдастырушылық әрекеті ТМД елдерінен әлдеқайда ұтымды жолға қойылған. Бұл арада олардың мекемелерді (шаруашылықты) басқару мәдениеті, бағыт-бағдар беру жүйесі, қосалқы немесе жолай атқарылатын істерді қаржыландыра білуімен ерекшеленеді.  Сол себептен де басқару жүйесінің ТМД елдеріндегі ұқсастығы озық елдерден елеулі алшақтайды.

   Жол шаруашылығында атқарылатын істерді жоспарлауда келесі факторларға ерекше мән берілуі тиіс:

а) ауыл шаруашылығында және экономикалық тұрғыда қатар орналасқан елді мекендер арасында көліктасымалдау мәселесін жүйелендіруде  және әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында автомобиль жолдарының төменгі торабын құру;

ә) ұзақ қашықтарға автокөліктік тасымалдарды жетілдіру мақсатында халықаралық көліктік дәліздерді қайта салу ісін жеделдету.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған бағдарлардың Қазақстан автожол саласына енгізілуін жеделдету мақсатында бірнеше бағдарлық істер атқарылуда. Солардың бірі – жергілікті маңыздылықтағы жолдардың көліктік-пайдаланымдық сапасын дамыту мен оларды техникалық есепке алу және төлқұжаттандыру.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы жалпы пайдаланымдық автомобиль жолдарын қаржыландыру негізінен республикалық және жергілікті бюджеттен, сондай-ақ, сырттан кіретін инвестициялық қаржы арқылы жүзеге асырылады [4]:

 - республикалық бюджеттен қаражат республикалық маңыздылықтағы жолдар жүйесін пайдалану, салу және қайта жаңарту мақсатында бөлінеді;

- жергілікті бюджеттен қаражат жергілікті маңыздылықтағы жолдарды пайдалану, салу және қайта жаңарту, сондай-ақ, елді мекендердегі жолдар мен көшелерді пайдалану, салу бойынша жұмыстарды  атқаруға бөлінеді.

Бюджет қаражаты ағымдарын басқару процесі Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы

N 95-IV Кодексімен, Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексiмен реттеледі. Олар тиісті кірістерден және тағы басқалардан аударылған түсімдердің нақты мөлшерімен белгіленеді.

Автомобиль жолдарын күрделі жөндеу және қайта салумен байланысты жұмыстарды қаржыландыру жобаға сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303 Заңының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (бүгінгі АЖК, бұрынғы АЖжИҚК) тендер өткізеді. Осындай жобаларды жүзеге асыруға іріктеу байқауын жеңген мердігерлік мекеме тендерлік құжаттнаманың шарттарына сәйкес орындалған жұмыстар үшін төлемақы алады.

Қаржыны қайта тарату процесін 1-суреттегідей сызба түрлерінде ұсынуға болады.

 

 

 

 

 

 

 


1-сурет – Қаржы процесін қайта тарату үдерісі

Республикалық маңыздылықтағы автомобиль жолдарды ағымдық (күнделікті)  жөндеу, күтіп-баптау және көгалдандыру бойынша атқарылатын жұмыстарды қаржыландыру «Қазақавтожол» РМК облыстық филиалдары мен автомобиль жолдарының облыстық департаменттері арасында жасалған келісім-шарттар негізінде орындалады. Осыған сәйкес, қаржыландыру облыстық қазына басқармаларында ашылған автомобиль жолдарының облыстық департаменттерінің есеп-шоттары арқылы жүзеге асырылады. Осыдан кейін  қаражат филиалдар орындаған жұмыстардың ақысын төлеу үшін 

«Қазақавтожол» РМК орталықтандырылған ағымдағы шоттарына аударылады.

Қаржыландырудың осы сызбасы атқарылған жұмыстарды қабылдау мен төлеудің қазіргі механизміне негізделген. Жұмыстарды Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері қабылдайды, осыдан соң төлемді өтеу үшін атқарылған жұмысты актлейді, яғни екіжақтылық кепілдеме хаттамасы толтырылады. Орындалған жұмыстарды қаржыландыру бекітілген лимит шегінде ай сайын жүргізіледі. Төтенше оқиғалартуындаған жағдайда облыстар арасында лимиттерді қайта бөледі.

Қазақстан Республикасы Көліктік старатегиясының алға қойылған басты мақсаты – еліміздегі автомобиль жолдар торабын 2020 жылға дейін толық қалыптыстыру. Бұл процес бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылады және оған жоспарлаған қаржы 1,9 трлн. теңгені құрайды [2, 5].

Бұл көлемдегі қаржыны жұмсау үшін автожол саласы ең алдымен басымдылығы жоғары жолдар айқындау тиіс. Қаржы жоғарыда аталған стратегиялық бағдарлама бойынша негізінен республикалық маңыздылықтағы жолдарға жұмылдыру көзделіп, сонымен қатар, осы жолдардың (жалпы көлемі 22996 км) күтіліп-бапталуы мен жөндеу жұмыстарына басты назар аударылды.

Соның негізінде Қазақстан автожол саласының 2006-2012 жылдардағы даму Бағдарламасына сай 1283 млрд. теңге жоспарланды, және осының 830 млрд. теңгесі республикалық маңыздылықтағы жолдарға жұмсалатын болса,  271 млрд. теңгесі жергілікті (облыстық және аудандық маңыздылықтағы) жолдарға, ал 182 млрд. теңге мемлекеттік-жеке кәсіпшіліктік аясындағы іскерлікті дамытуға жоспарланды.

2005 жылы ұйымдастырылған Мемлекеттік тапсырыспен қызмет атқарған сараптамашылардың тұжырымдауы бойынша Қазақстандағы жалпы пайдаланымдық жолдарды (шамамен 85,5 км) халықаралық талаптарға сай қалыбына келтіру үшін 1,56 трлн. теңге қаражат екендігі анықталды [4].

Автожол саласының жыл сайынғы қаржыландыру саласын сараптау нәтижесінде жоғарыда аталған Бағдарлама бойынша 2-суретте келтірілген дииаграммаға сәйкес автожол торабын қалыбына келтіру көзделіп отыр. Әрине, нақты көрсеткішке қарағанда жоспарлы көрсеткіш шамамен 38-47 %-ға төмен.

 

 

2-сурет – Қазақстан автожол саласын қаржыландырудың

салыстырмалы жылдық көрсеткіштері (млрд. теңге) (Жұмыс барысындағы әзірленген кесте)

Мамандардың бағалауы бойынша облыстық және аудандық маңыздылықтағы жолдарды қалыбына келтіру үшін 800 млрд. теңге қаражат қажет екен. Алайда бұл көрсеткіш Бағдарлама бойынша 271 млрд. теңгеден аспай отыр [5].

Қорыта келе айтқанда, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын қаржыландыру кезендерінің бір – бірінен ерекшелене отырып, дамығынын, жоғарыда айтылған көрсеткіштер мен мәліметтерден көре аламыз.

 

Әдебиеттер тізімі

1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана 2012 жылғы 14 желтоқсан.

2. Асылова А.С. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу: оқу құралы. - Алматы: Экономика. 2009. – 248 б.

3. Бекмаганбетов М.М., Смирнова С. – Транспортная система Республики Казахстан. – Алматы: НИИ ТК, 2005. – 446 с.

4. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. /с английского: - М.: ИНФРА-М, 2009. – 916 с.

5. Қазақстан Республикасы автожол саласының 2006-2012 жылдардағы дамуы туралы Бағдарлама. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 ж. 9 желтоқсандағы  №1227 қаулысы.

Аннотация

В статье рассматриваются вопросы финансирования автодорожной отрасли Республики Казахстан, международный опыт финансирования автодорожной отрасли, а также экономическая потребность для развития автодорожной отрасли.

Abstract

The article deals with the financing road sector of the Republic of Kazakhstan, the international experience of financing road construction, as well as economic need for the development of the road sector.