5.Растениеводство, селекция и семеноводство.
К.с.-.х.н. Шаяхметова
А.С., магистрант Ахметов М.Б.
Северо-Казахстанский государственный университет
им.М.Козыбаева, Казахстан
Солтүстік Қазақстан облысы
жағдайында биологиялық белсенді заттардың судан шөбінің
өнімділігіне әсері
Қазақстан
ертеден аграрлы ел ретінде дүние жүзіне танымал. Ауыл
шаруашылығы өндірісінің негізгі міндеті – республика
халқын медициналық мөлшерге сәйкестендірілген
тамақ түрлерімен толықтай қамтамасыз ету. Бірақта
қазіргі кезде негізгі тамақ түрлері, оның ішінде мал
шаруашылығының өнімдері, жеткілікті мөлшерде өз
елімізде өндірілмей отыр. Ет, сүт өнімдері, өсімдік
майлары, қант 30-40 % дейін шет елдерден әкелінуде. Осындай
олқылықтарды жою үшін ауыл шаруашылығының негізгі
саласы мал шаруашылығын қарқынды дамыту бүгінгі
күннің жауапты міндеті.
Жоғарыда
айтылған мәселені шешуде мал шаруашылығының тиімділігін
және мал басының санын арттыратын болсақ, онда бізге
мықты мал азықтық базасы қажет. Жалпы айтқанда
ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігі 55-60 % мал
азығын өндірумен байланысты. Бір сөзбен айтқанда мал
азығын өндіру жұмыстары жақсы
ұйымдастырылған шаруашылықта ғана тиімді мал
шаруашылығымен айналысуға болады.
Осы
тұрғыда мал шаруашылығы дақылдарын өндіруге бірқатар
талаптар қойылады. Дақылдар аймақтың
табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген және олардан
жоғары сапалы (негізгі қоректік элементтердің
энергиясының мол қорымен) азық дайындау үшін шикізат
көзі болуы керек. Айтылған талаптарға сәйкес келетін
дақылдардың бірі судан шөбі.
Судан
шөбі – Солтүстік Қазақстанның экономикалық
және топырақ -климаттық жағдайлары үшін
әмбебап, таптырмас дақыл. Өзінің агробиологиялық
ерекшеліктеріне байланысты дақыл жергілікті мал азығын
өндірудің дәстүрлі жүйесіне оңай еніп оны
толықтырады. Осының арқасында біз мал азығын
өндіру көлемін жүйеге қоюмен қатар оның қоректік қасиеттерін де
арттырамыз.
Соңғы
кезде ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол және
тұрақты өнім алдың кепілі биологиялық белсенді
заттарды қолдану болып табылады. Биологиялық белсенді заттар
өте аз мөлшерде қолданылады және өсімдікке
тигізетін әсері мол. Оларды қолданудан келетін пайданы фитогормондардың қызметімен
салыстыруға болады. Осыған орай біздің зерттеу
жұмысымыздың мақсаты әр түрлі биологиялық
белсенді заттарды судан шөбінде қолданып, олардың
әсерін зерттеп, ең тиімді препаратты анықтау болды.
Зерттеу
жұмыстары 2011-2013 жж. аралығында М.Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің
агробиостанциясының тәжірибелік танаптарында жүргізілді.
Зерттеу жұмыстары өткізілген орынның қысқаша сипаттамасы
төмендегідей. Өңірдің климаты күрт континенталды,
ауаның орташа жылдық температурасы +10С-дан +30С-ға
дейін, ең суық қаңтар айында орташа температура -20,
-180С, ал ең жылы шілде айында +19, +240С. Аязсыз
(үсіксіз, бозқыраусыз) кезеңнің
ұзақтығы 3,5 ай шамасында, осы кезеңде белсенді
температура (100С-дан жоғары) жиынтығы 1700-18000С-дан
аспайды: жалпы Солтүстік Қазақстан аумағында мәдени
өсімдіктер жылумен жақсы қамтамасыз етілген. Белсенді
температура жиынтығы 2000-нан 25500С-ға дейін
өзгереді. Орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын
мөлшері 200-350 мм аралығында. Тәжірибе учаскесінің
топырағы орташа гумусты, орташа күшті және орташа сазды
кәдімгі қара топырақ. Тәжірибеде «Лигногумат»
және «Райкат-Старт» препараттарының судан шөбінің
тұқымының өнуіне, өнімділігіне және
қоректік құндылығына әсері зерттелді. Өсу
стимуляторларын қолдану жүйесі төмендегі кестеде
көрсетілген. Бақылау танабы ретінде сумен өңделген
тұқым нұсқасы алынды. Тәжірибеде судан
шөбінің Кинельский 100 сорты қолданылды.
Тәжірибе жүйесі
|
Тәжірибе № |
Тәжірибе нұсқасы |
|
1 |
Бақылау (сумен өңделген тұқымдар) |
|
2 |
0,5% лигногуматпен тұқымдарды
өңдеу + 0,5% лигногуматпен вегетация барысында өңдеу |
|
3 |
0,5% райкат-стартпен
тұқымдарды өңдеу + 0,5% райкат-стартпен
вегетация барысында өңдеу |
|
4 |
Құрғақ тұқымдар +
0,5% лигногуматпен вегетация барысында өңдеу |
|
5 |
Құрғақ тұқымдар +
0,5% райкат-стартпен вегетация барысында өңдеу |
3
жылдық зерттеулер барысында биологиялық белсенді заттар судан
шөбінің өсуіне, дамуына және өнімділік
қалыптастыруына қолайлы әсері анықталды.
Өзінің
биологиялық мүмкіншіліктеріне байланысты судан шөбін
Солтүстік Қазақстанның
құрғақшылық жағдайында жүгері егістерінің
орнына, сүрлем дайындау мақсатында, қолдануға болады.
Одан жақсы сапалы сүрлем, пішендеме және пішен
дайындауға болады. Сонымен қатар себу мөлшерінің
аздығына байланысты себілетін тұқымға кететін
шығын да азая түседі. Судан шөбінің
құрғақшылыққа төзімділік
қасиеттерін барлығы да жақсы біледі. Осы
қасиетінің арқасында судан шөбі егістік
алқаптарында жүгеріні ғана емес сонымен қатар
көптеген бір жылдық мал азықтық дақылдарды
алмастыра алады.
Дақылдың
көктеуі мен егін ору алдындағы өсімдіктің сақталу
пайызы жасыл массасының өнімділігіне тікелей әсер етеді. Тәжірибеде орташа 3 жыл ішінде судан
шөбінің жасыл массасының өнімділігі бақылау
танабында 200,4 ц/га, ал лигногумат стимуляторымен тұқымды
өңдеп және вегетация кезінде қолданылған
танаптарда 221 ц/га болды (1 кесте).
1 кесте – Судан шөбінің
бітіктігінің жасыл массасының өнімділігіне әсері
|
Нұсқа |
Көктеген
өсімдік саны, дана/м2. |
Егін жинау
алдындағы өсімдік саны, дана/м2. |
Жасыл
массасының өнімділігі, ц/га. |
|
1 |
130 |
100 |
200,4 |
|
2 |
144 |
139 |
237,1 |
|
3 |
138 |
130 |
221,6 |
|
4 |
129 |
121 |
207,4 |
|
5 |
127 |
117 |
205,2 |
Ақуыз
бойынша ең жоғары көрсеткіш 2 нұсқада алынды 14,8
%, бұл бақылау танабымен салыстырғанда 0,8 % жоғары.
Май, жасунық, АЭЗ және күл бойынша сәйкесінше 3,5, 27,8, 51,7, және 11,5 %
құрады, ал бұл сәйкесінше бақылау танабынан 0,5,
3,3. 6,7 және 2 % жоғары.
3 кесте –
Судан шөбіне өсу стимуляторларын қолданғанда
жапырақ сабақ массасының химиялық құрамы
(орташа 2011-2013 жж)
|
Нұсқа |
Химиялық құрамы, % абсолютті
құрғақ зат |
||||
|
ақуыз |
май |
жасунық |
АЭЗ |
күл |
|
|
1 |
14,0 |
3,0 |
24,5 |
45,0 |
9,5 |
|
2 |
14,8 |
3,5 |
27,8 |
51,7 |
11,5 |
|
3 |
14,6 |
3,3 |
27,7 |
50,5 |
11,4 |
|
4 |
14,5 |
3,2 |
27,2 |
50,4 |
11,3 |
|
5 |
14,1 |
3,1 |
24,7 |
45,3 |
9,7 |