Байтелиева А.М., Турмаханова
Г., Айтбаева Н.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
MELANOCROMMYUM
ТУЫС ТАРМАҒЫНЫҢ
KALOPRASON СЕКЦИЯ
ӨКІЛДЕРІНІҢ ТІРШІЛІК ФОРМАСЫ
Зерттеу 1997-2013 жылдары
өткізілді.
Зерттеу обьектілері- Kaloprason секциясынан A. Schubertii Zucс. өкілдері.
Зерттеу әдістемесі: жуа туысы өкілдерінің
өсіп-жетілу аудандарын идентификациялау, тамырлық
жүйенің сипаттамасы И.О.Байтулиннің классификациясының
принциптерінің негізінде жүргізілді, онтогенез кезеңдері А.
А. Уранов (1973) және оның мектебі бойынша зерттелді.
Жуа өкілдерінің онтогенез
процесі бірнеше кезеңнен
тұрады: өскіндік (p),
ювенильдік (j),
имматурлық-виргинильдік (im-v),
генератиптік жас-орташа- кеш (g1,g2,g3), сенильдік (s). Өкілдері онтоморфогенез
процесінде келесі тіршілік формасынан
өтеді: тұқымжарнақ және
ұрықтық
тамыр тіршілік формасы (р); алғашқы монохазиальды бір ғана жас
өркен және қосалқы контрактильді, тамырлар тіршілік формасы
(j); монохазиальды алғашқы өркен
және қосалқы контрактильді тамырлар
тіршілік формасы (im-v);
монохазиальды бір ғана
өркен және қосалқы тамыр
жүйесінің тіршілік формасы (g1,g2,g3); монохазиальды
бір ғана өркен
және қосалқы тамыр
тіршілік формасы (s). Melanocrommyum туыс тармағынан Kaloprason секциясына жататын - Allium Schubertii
өкілдерінің морфогенезіне қарап тіршілік формасымен
байланысты қалыптасатын
онтогенезінің бірнеше
кезеңнен және біртектес жас
өркендерден өсіп
шығатыны анықталды.
p - өскіндер тұқыммен байланысын
сақтай отырып, ұрықтық құрылымын (тұқымжарнақ пен
ұрықтық тамырды) қалыптастырады.

|
p |
j |
Im-v |
g1 |
g2 |
Cурет. Allium Schubertii Zucc.
онтоморфогенезінің тіршілік формалары
p – онтогенездің бастапқы кезеңінде
тұқымжарнақтан алғашқы ұрықтық
тамыр қалыптасты:
тұқым 9-10 айға
жуық, ұзақ
мерзімді тыныштық күйге
өтеді; тұқымның өнуі жерүстінде
өтеді; өскіндік кезең дамуының 2-3 –ші күнінде
негізгі тамыр ұзындығы 0,2 см дейін жетті; 9-12 –ші
күндері түтікшелі тұқымжарнақтың
ұзындығы 15 см –ге дейін, негізгі тамыр ұзындығы 9,2
см-ге дейін. Дәл осы уақытта
түтікшелі тұқымжарнақтың негізінде
бүршік дифференциалана бастайды.
Тұқымжарнақ пен негізгі тамыр 2,5-3 ай функцияланады.
Тұқымжарнақ пен негізгі тамыр жойылып кеткенннен кейін өсімдік
жазғы жартылай тыныштық
күйге өтеді. Вегетациялық даму тек ғана екінші
жылдың көктемінде басталды.
Алғашқы
монохазиальды бір ғана
жас өркен және
қосалқы
шашақталған контрактильді
тамырлар тіршілік формасы ювенильдік (j) өкілдерінде қарастырылды. j - тұқыммен
байланысын үзіп, негізгі өркен мен тамыр одан әрі дами
түседі. Жапырақ пішіні ересек өсімдік жапырағына
қарағанда анағұрлым ұсақ және
әлсіз тілімделуімен ерекшеленеді.
Allium
Schubertii өкілдерінің
ювенильді кезеңінде (j) өркенінің
құрамы: екі қор заттарын жинайтын жапырақ,
алғашқы жапырақ, ассимилиреуші жапырақ, катафил (сурет, кесте).
Кесте A. schubertii
өкілдерінің
онтоморфогенез өзгерісі
|
Даму кезеңдері |
Өрке ндер інің
то- лық саны |
М
о н о к а р п т ы ө р к е н |
Тамырлар |
||||||||||||
|
Ж
а п ы р а қ |
Ө
р к е н |
Генератипті өркен |
Пиязшық |
||||||||||||
|
Толық
саны |
Ассимилиреуші |
Терминальды |
|
|
|
||||||||||
|
|
|
|
Саны |
Ұзындығы |
Ені |
Са ны |
Диаметр |
Саны |
Ұзын- дығы |
Ені |
Ұзын дығы |
Топыраққа
тереңдеуі |
Саны |
Ұзын-дығы |
Топыраққа
тереңдеуі см |
|
дана
|
дана |
дана |
см |
см |
дана |
см |
дана |
см |
см |
см |
см |
дана |
см |
||
|
P |
1 |
1 |
1 |
11,1-15,0 |
0,1 |
1 |
0,1-0,2 |
- |
- |
0,2-0,3 |
0,2-0,3 |
3-5 |
1 |
6,5-9,2 |
5,7-12,4 |
|
J |
1 |
4 |
1 |
8,5-12,0 |
1,7 |
1 |
0,3-0,5 |
- |
- |
0,3-0,5 |
0,4-0,5 |
3-6 |
4-9 |
4,1-6,0 |
4,5-9,1 |
|
im-V |
1 |
4 |
1 |
8,5-13,0 |
3,8 |
1 |
0,3-0,6 |
- |
- |
0,5-0,9 |
0,4-0,9 |
4-6 |
8-12 |
4,1-6,4 |
5,0-9,4 |
|
G1 |
1 |
4-9 |
1-6 |
11,5-19,0 |
3,5-15,0 |
1 |
0,9-1,2 |
1 |
13-29 |
1,1-3,4 |
0,8-2,9 |
5-8 |
20-110 |
6,2-16,1 |
5,9-17 |
|
G2 |
1 |
10-11 |
7-8 |
13,0-19,5 |
7,0-15,0 |
1 |
1,7-2,1 |
1 |
21 -33 |
2,8-3,5 |
2,6-3,1 |
7-10 |
100-121 |
9,1-16,1 |
6,6-17 |
Қор заттарын жинайтын екі
жапырақ
ұзындығы 0,7 см дейін, алғашқы жапырақ пен
ассимилиреушы жапырақтың ұзындығы 12
см дейін, катафиллы 7 см дейін болады.
Пиязшығының көлемі 0,5 см. Пиязшықтан шығатын
қосымша бұтақтанбаған
тамырлар жүйесінің
бастапқы
ұзындығы 6 см. Бұтақтанбаған тамырлар
жүйесі 9 см тереңдікке радиальды еніп, радиусы 5 см дейін.
Монохазиальды алғашқы өркен және
қосалқы контрактильді тамырлар тіршілік формасы im-v
өкілдерінде қарастырылды. Allium Schubertii im-v
және j өкілдері тек
сандық көрсеткішпен ерекшеленеді(сурет, кесте).
Тамыр жүйесі қосымша тамыр мен контрактильді тамырлар радиусы 6
см-ге дейін жетіп, топырақ тереңдігіне 5-9 см радиальды енеді.
Қосымша тамырлар саны 9-21, ұзындығы 6,4 см дейін,
жуандағы 0,1 см дейін жетеді. Күзгі вегетация кезінде қосымша
тамырлардың қысқаруынан контрактильді тамырлар пайда болды.
Контрактильді тамырлар саны 7-9, ұзындығы 4,1 см дейін, жуандығы 0,2 см дейін болады. Монохазия типі
бойынша бүршіктің қайта жаңаруы моноподиальды.
Монохазиальды бір ғана өркен және шашақталған
қосалқы тамырлар жүйесінің тіршілік формасы g1,g2,g3
өкілдерінде қарастырылды.
Генератиптік кезеңінде (g) – алғашқы генератиптік
өркен қалыптасады. Түзілген жас өркендер мен тамыр
жүйесі одан әрі дамуын тежей бастайды.
Гүлдеу мерзімінде жас
генератипті өкілдер (g1) құрамы: екі қор
заттарын жинайтын жапырақ, қабыршықты алғашқы
жапырақ, ассимилиреуші жапырақ, генератипті гүлшоғыр
сағағы мен гүлшоғыр, пиязшық, тамыр жүйесі
тұрады (сурет, кесте).
Қор затарын жинайтын жапырақ ұзындығы 3 см дейін,
қабыршықты алғашқы жапырақ ұзындығы 9
см дейін, 1-6 ассимилиялаушы жапырақ ұзындығы 19 см дейін
және ені 2,5 см дейін, генератипті гүлшоғыр
сағағының ұзындығы 29 см дейін.
Гүлшоғыры шатырлы, көлемі ірі диаметрі 20 см дейін жетеді.
Пиязшықтың ені 3,5 см дейін, түп жағының диаметрі
1,7 см дейін жетеді. Тамыр жүйесі: радиальды орналасқан
қосымша тамырлар мен
контрактильді тамырлар 5-17 см топырақ тереңдігіне
еніп, радиусы 12 см дейін жетеді;
қосымша тамырлар саны 15-97, ұзындығы 16 см дейін, жуандығы
0,1 см дейін жетеді; контрактильді
тамырлар саны 7-21, ұзындығы 9 см дейін, жуандығы 0,2 см
дейін жетеді.
Орташа генератипті g2 өкілдері – жаңа
түзілістер мен олардың тіршілігін жою процесі тең
дәрежеде болады. Биомасса және тұқымның
өнімділігі максимальды жоғарлайды.
Allium Schubertii - дің орташа генератипті өркеннің құрамы: дамуының 8-12-ші
жылдары контрактильді тамырдың болмауымен сипатталды; тамыр жүйесі 100-121 қосымша тамырлардан; қосымша тамырлар 6-17 см
топырақ тереңдігіне радиальды орналасқан, радиусы 7 см дейін
жетеді. Өркеннің қайта жаңару өкілдерінің
жас генератипті айырмашылығы тек
сандық көрсеткішпен ерекшеленеді.
Кеш генератиптік кезеңде g3 өкілдердің генератипті
функциясы әлсіреп (гүлтүзуші өркендер аз), тамыр
және өркен түзілу процесі төмендеп, тіршілігін
тоқтата бастайды.
g3 және g1 тіршілік формасы өте ұқсас, тек сандық
көрсеткішпен ерекшеліктері көрінді.
Монохазиальды бір ғана
өркен және қосалқы тамыр тіршілік формасы s
өкілдерінде қарастырылды. S өкілдерінің тіршілікке
қабілетті бөліктері азайып, өркендер мен жапырақ
пішіні, мөлшері
имматурлы-виргинильдік өкілдерге тән сипатқа ие болды.
Allium Schubertii s кезең im-v кезеңнен тек сандық
көрсеткішпен ерекшеленді (сурет,
кесте).
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
А.М.Байтелиева. « Онтоморфогенез дикорастущих луков
Казахстана в условиях культуры». Алматы 1997 ж.
2.
А.М.Байтелиева. «Жоғары сатыдағы
өсімдіктер систематикасы практикумы».
Тараз 2013ж. 523б.