Байтелиева А.М.,  Серикбай Ж.

М.Х.Дулати  атындағы Тараз  Мемлекеттік Университеті

 

MELANOCROMMYUM  ТУЫС ТАРМАҒЫНЫҢ  

MINIPRASON  СЕКЦИЯ ӨКІЛДЕРІНІҢ  

ТІРШІЛІК  ФОРМАСЫ

 

Зерттеу 1990-2013 жылдары  өткізілді.

Зерттеу обьектісі- Miniprason  секциясынан  A.Karataviense Regel өкілдері.

Зерттеу әдістемесі: жуа туысы өкілдерінің өсіп-жетілу аудандарын идентификациялау, морфологиялық структурасы Фритч схемасы бойынша зерттелді, тамырлық жүйенің сипаттамасы И.О.Байтулиннің классификациясының принциптерінің негізінде жүргізілді, онтогенезді кезеңдендіру А. А. Уранов (1973) және оның мектебі бойынша зерттелді.

 Жуа  өкілдерінің  онтогенез  процесі бірнеше кезеңнен  тұрады: өскіндік (p), ювенильдік (j), имматурлық-виргинильдік (im-v), генератиптік  жас-орташа- кеш (g1,g2,g3), сенильдік (s).

Өкілдері келесі тіршілік  формасынан өтеді: тұқымжарнақ  және  ұрықтық  тамыр  тіршілік формасы (р); алғашқы  монохазиальды  бір  ғана  жас  өркен  және  қосалқы  контрактильді  тамырлар  тіршілік формасы (j); алғашқы монохазиальды  бір  ғана  өркен  және  қосалқы контрактильді  тамырлар   тіршілік формасы (im-v); монохазиальды  бір  ғана  өркен  және    қосымша  тамырлар тіршілік формасы (g1,g3) ; жалған дихазиальды өркен және  қосымша тамырлар   тіршілік формасы (g2); монохазиальды  бір  ғана  өркен  және  қосалқы  тамырлар  тіршілік формасы (s).

Melanocrommyum туыс тармағынан Miniprason секциясына  жататын - A.Karataviense Regel өкілдерінің  дезинтеграциясы толық.

A.Karataviense Regel p онтогенездің  бастапқы  кезеңінде   тұқымжарнақтан алғашқы   ұрықтық  тамыр  қалыптасады: тұқым 9-10 айға  жуық, ұзақ  мерзімді   тыныштық  күйге  өтеді. Тұқымның өнуі жерүстінде өтеді.

 

Морфогенез фазаларының дезинтеграциясы: толық

Монохазиальды

Жалған дихазий

Тұқымжарнақ

Алғашқы өркен  

Бір ғана өркен

 Тұқымжарнақ тамыры

Қосымша контрактильді тамырлар

Қосымша тамыр

p

j

im-v

g1

g2

Сурет.    A.Karataviense Regel  онтоморфогенезінің тіршілік формалары

Өскіндік кезең дамуының 2-3 –ші күнінде негізгі тамыр ұзындығы 0,2 см жетті. 9-12 –ші күндері  түтікшелі тұқымжарнақтың ұзындығы 15 см, негізгі тамыр ұзындығы 9,2 см. Тұқымжарнақ пен негізгі тамыр 2,5-3 ай функцияланады. Тұқымжарнақ пен негізгі тамыр жойылып кеткенннен кейін өсімдік жазғы жартылай тыныштық  күйге өтеді. Вегетациялық даму тек ғана екінші жылдың көктемінде басталды.

Алғашқы  монохазиальды  бір  ғана  жас  өркен  және  қосалқы  контрактильді  тамырлар  фазасы  ювенильдік (j) өкілдерінде қарастырылды.

A.Karataviense Regel  өкілдерінің  ювенильді кезеңінде (j) өркені екі қор заттарын жинайтын жапырақтардан, алғашқы жапырақтан, ассимилиреуші жапырақ, катафилдан тұрады (сурет, кесте). Қор заттарын жинайтын екі  жапырақтың  ұзындығы 0,7 см дейін, алғашқы жапырақ пен ассимилиреуші жапырақтың  ұзындығы   12 см дейін, катафилі 7  см дейін болады. Пиязшығының көлемі 0,5 см. Пиязшықтан шығатын қосымша тамырлар жүйесінің  бастапқы  ұзындығы  6 см.  Тамырлар жүйесі 9 см тереңдікке радиальды еніп, радиусы 5 см дейін.

Монохазиальды  бір  ғана  өркен  және  қосалқы контрактильді  тамыр  тіршілік формасы im-v өкілдерінде қарастырылды.

 A.Karataviense Regel өкілдерінің im-v кезеңінде дамуының 3-4 жылдарында сипатталды. A.Karataviense Regel  өкілдерінің im-v  және j өркенінің тек сандық көрсеткішпен ерекшеленеді. Тамыр жүйесі қосымша тамыр мен контрактильді тамырлар радиусы 6 см-ге дейін жетіп, топырақ тереңдігіне 5-9 см радиальды енеді. Қосымша тамырлар саны 9-21, ұзындығы 6,4 см дейін, жуандағы 0,1 см дейін жетеді. Күзгі вегетация кезінде қосымша тамырлардың қысқаруынан контрактильді тамырлар пайда болды. Контрактильді тамырлар саны 7-9, ұзындығы  4,1 см дейін, жуандығы 0,2 см дейін болады.

Монохазиальды  бір  ғана  өркен  және    қосалқы  тамырлар  тіршілік формасы g1,g2,g3 өкілдерінде қарастырылды.      Генератиптік кезеңінде (g) – алғашқы генератиптік өркендері қалыптасады. A.Karataviense Regel  жас генератиптік өкілдерінің  (g1) құрамы: қор заттарын жинайтын жапырақ; ассимилиреуші жапырақ, генератипті сағақ; гүлшоғыр; катафил; пиязшық; тамыр жүйесі (сурет). 1-6 ассимилиреуші жапырақдың ұзындығы 12-28 см, ені 3,5-15 см; генератипті сағақ ұзындығы 11,5-27 см. Гүлшоғыры ірі, диаметрі 18 см дейін жетеді. Пиязшықтың ені 1,3-5,4 см.  Қосымша контрактильді тамырлар 8-19 см топырақ тереңдігіне еніп, радиусы 17 см дейін жетеді. Қосымша тамырлар саны 34-125, ұзындығы 5,5-19,8 см, жуандығы 0,1 см дейін жетеді. Контрактильді тамырлар саны 12-27, ұзындығы 13,4 см дейін, жуандығы 0,2 см дейін жетеді.

 

Кесте             A. karataviense өкілдерінің  онтоморфогенез  өзгерісі

Даму

ке-зеңде-рі

өркені

М о н о к а р п и тты     ө р к е н

 

 

 

Тамырлар

Ж а п ы р а қ

Ө р к е н

 

Генера

типті

өркен

Пиязшық

Толық-саны

Ассимилиреуші

Терминальды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саны

 

Ұзын-

дығы

Ені

 

Са-

ны

Диаметр

Саны

Ұзын-

дығы

Ені

 

Ұзын-

дығы

Топыраққа

тереңдеуі

Саны

Ұзын-дығы

 

Топыраққа тереңдеуі

 

 

дана

дана

дана

см

см

дана

см

дана

см

см

см

см

дана

см

cм

P

1

1

1

11-15

0,1

1

0,1-0,2

-

-

0,2-0,3

0,2-0,3

3-6

1

6,5-9,2

5,9-12,0

J

1

4

1

9-12

1,7

1

0,3-0,5

-

-

0,3-0,9

0,3-0,6

4-6

4-18

5,3-15,2

4,5-9,2

im-V

1

4

1

11-13

3,8

1

0,3-1,2

-

-

0,7-1,6

0,5-1,5

5-7

24-43

5,3-19,8

5,2-17

G1

1

3

3

12-28

3,5-15,0

1

1,1-1,9

1

11,5-27,0

1,5-5,4

1,1-4,8

6-8

41-152

5,5-19,8

8,3-29

G2

1

2-7

3

17-30

7,0-15,0

1

1,3-1,9

1

22,4-29,0

4,9-8,1

4,5-8,1

8-14

120-161

13,4-19,8

8,5-31,0

 

Орта генератипті даму  кезеңінде (g2)  жалған дихазиальды өркен мен қосымша тамырларлар тіршілік формасы қарастырылды.  Екі симподиальды бүршіктің қайта жаңаруы «жалған дихазий» типі негізінде.  Дамуының 9-12 жылдары көктемгі вегетация кезеңі басталады. A.Karataviense Regel g2  өкілдерінің құрамы: екі қор заттар жинайтын жапырақ; 7-8 ассимилиреуші жапырақ ұзындығы 16 см дейін жетеді, ені 15см дейін; 19 см және 14 см, 21 см және 14 см, 31 см және 12 см, 29 см және 9см, 30 см және 9 см, 26 см және 7 см дейін. Генератипті сағақ ұзындығы 28,9 см дейін жетеді. Гүлшоғыры ірі, диаметрі 16 см дейін жетеді. Пиязшықтың ені 8 см дейін,  биіктігі 5,6 см дейін жетеді. Тамыр жүйесі тек қосымша тамырдан тұрады, 31 см топырақ тереңдігіне еніп, радиусы 17 см дейін жетеді. Өркеннің қайта жаңаруы «жалған дихазий» типі бойынша симподиальды болып қалыптасады.

         g3 және g1 өкілдерінің тіршілік формасы өте ұқсас, тек сандық көрсеткішпен ерекшеліктері көрінді (кесте).

A.Karataviense Regel s өкілдерінің тіршілік формасымонохазиальды бір ғана өркен  және  тамырлар тіршілік формасы: s және  im-v өкілдерінің тек сандық көрсеткішпен ерекшеленді (кесте).                                  

 

Түйіндеме

A.Karataviense Regel өкілдері келесі тіршілік формасынан өтеді: тұқымжарнақ  және  ұрықтық  тамыр  тіршілік формасы (р); алғашқы  монохазиальды  бір  ғана  жас  өркен  және  қосалқы  контрактильді   тамырлар  тіршілік формасы (j); алғашқы монохазиальды  бір  ғана  өркен  және  қосалқы контрактильді тамырлар  тіршілік формасы (im-v); монохазиальды  бір  ғана  өркен  және  қосалқы  тамырлар  тіршілік формасы (g1, g3); жалған дихазиальды өркен мен қосымша тамырлар  (g2); монохазиальды  бір  ғана  өркен  және   тамырлар   тіршілік формасы (s).

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     А.М.Байтелиева. «Онтоморфогенез дикорастущих луков Казахстана в условиях культуры». Алматы 1997 ж.                                                      

2.     А.М.Байтелиева. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы практикумы». Тараз 2013ж. 523б.