Экономические науки /13.Региональная экономика
Бұхарбаева Ақмарал Жетібайқызы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Рысбаева Таңшолпан
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлкеттік университетінің 1 курс студенті
Өндірістік шығындарды төмендету арқылы
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз ету шаралары
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау
жұмысының басты міндеті - жаңа енгізілімдерді бағалау
белгілерін, яғни компания үшін осы жаңа енгізілімдердің
тартымдылығы туралы шешім қабылдауға және қажет
болған жағдайда жаңа енгізілімдердің баламалық
нұсқаларымен салыстыруға мүмкіндік беретін
экономикалық көрсеткіштерді (көрсеткіш топтарын) есептеу.
Әдетте, осындай көрсеткіштер ретінде осы және басқа да
инновацияны бағалау үшін қолданылу деңгейі көп
қырлы, теориялық дәлелденген және тәжірибе
жүзінде бекітілген инновациялық талдаулардың
тиімділігінің көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның қаржылық дағдарыс
жағдайынан шығуының нақты жолдары оның
тұрақсыздық себептеріне байланысты. Сондықтан
көптеген кәсіпорындар тиімсіз мемлекеттік саясаттың
әсерінен күйрейді. Кәсіпорынның қаржылық
сауықтыру жолдарының бірі қаржы жағдайы нашар
шаруашылық субъектілердің мемлекеттік қолдау қажеттігі
болып табылады. Бірақ мемлекеттік бюджеттің тапшылығы
себебінен мұндай көмекті барлық кәсіпорындар ала алмайды. Акционерлік
кәсіпорынның меншіктік айналым капиталы тапшылығын
қысқарту мақсатында оны жаңа акциялар мен облигациялар
шығару және орналастыру есебінен толықтыруына болады.
Бірақ жаңа акцияларды шығару оның бағамының
құлдырауына соқтыруы мүмкін және бұл
банкроттықтың тағы бір себебі болуы мүмкін.
Сондықтан батыс елдерінде көп жағдайда белгіленген
проценттік кірістерімен конвертацияланатын облигациялар шығаруға
тырысады және оны кәсіпорынның акцияларына ауыстыру
мүмкіндігімен.
Акционерлік кәсіпорындардың банкроттығын
болдырмаудың жолдарының бірі акциялар бойынша дивиденттерді
төлеуді қысқарту немесе толық бас тарту, акционерлерді
қаржылық сауықтыру нақты бағдарламасымен
және болашақта жоғары дивиденттер төлеуге сендіру
шартымен.
Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың
маңызды көзі факторинг болып табылады, яғни дебиторлық
қарыздарды талап ету құқықтарын банкке немесе
факторингтік компанияға беру, немесе келісім-шарт - цессия. Бұл бойынша кәсіпорын
өзінің талаптарын несиені қайтаруды қамтамасыз ету
ретінде дебиторларын банкке беру.
Кәсіпорынның материалды-техникалық базасын
жаңартудың тиімді әдістерінің бірі лизинг болып табылады.
Бұл бойынша жалға алынған мүліктің төлемін
толық бір мезгілде талап етпейді және инвестициялаудың бір
түрі ретінде қызмет етеді. Лизингтік операциялар бойынша
жеделдетілген амортизацияны қолдану жабдықтарды оперативті
жаңартуға мүмкіндік береді және өндірісті
техникалық қайта жарақтауды жүргізеді.
Несиелерді кәсіпорынға жоғары табыстар алып келетін
пайдалы жобаларға тарту тағы да бір кәсіпорынды қаржылық сауықтыру
резервтеріне жатады. Осыған өндірісті диверсификациялау
шаруашылық қызметтің негізгі бағыттары бойынша
мәжбүрлік жоғалтулар бір бағыттағы басқа
бағыттың пайдасымен жабылады.
Негізгі өндіріс шығындарын
қысқарту және тиімділігін жоғарылату мақсатында
кейбір жағдайларда негізгі өндіріске қызмет көрсететін
қызмет түрлерінің бірқатарынан бас тарту дұрыс
және маманданған ұйымдардың қызметін
пайдаланған орынды.
Егер кәсіпорын пайда алып, бірақ төлем қабілетсіз
болса пайданы пайдалануды талдау қажет.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту
резервтерін анықтау кезінде өтім нарықтарын, сұраныс
пен ұсынысты зерттеу бойынша маркетингтік талдау жасау және
осының негізінде өнім өндірісінің тиімді ассортименті
мен өндіріс құрылымын жасау үлкен көмек
көрсетуі мүмкін.
Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі
және неғұрлым тиімді бағыттарының бірі
өндірістің пайдалылығын ұлғайту бойынша
және шығынсыз жұмысқа жету үшін ішкі резервтерді
іздеу болып табылады. Ол үшін кәсіпорынның өндірістік
қуатын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен
бәсекелестік қабілетін жоғарылату, оның өзіндік
құнын төмендету, материалдық, еңбек, және
қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік емес
шығындарды қысқарту қажет.
Әр кәсіпорында жоғалтулардың барлық
түрін жүйелі түрде анықтау үшін шығындарды
немесе жоғалтуларды белгілі бір топтарға біріктіріп арнайы реестр
жасау қажет:
- брақтан (жарамсыз өнім);
- өнім бермейтін өндіріс бойынша;
- өнім сапасының төмендеуінен;
- сұраныс болмайтын өнімнен;
- пайдалы тапсырыс берушілер, пайдалы өтім нарықтарынан
айырылып қалудан;
- кәсіпорынның өндірістік қуатын толық
пайдалана алмағандықтан;
- өнімдердің бір бірлігіне белгіленген нормалардан артық
ресурстардың шығындалуы;
- материалдар мен дайын өнімнің бұзылуы мен
жетіспеушілігі;
- толық тозбаған негізгі құралдарды істен
шығарудан;
- келісім-шарт тәртібін бұзғаны үшін айып
санкцияларын төлеуден;
- мерзімі өткен дебиторлық қарыздардан;
- тиімсіз қаржыландыру көздерін тартудан;
- табиғат апаттарынан және басқалар.
Кәсіпорын
активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және
оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді
арттыру үшін және қосымша пайда алуы үшін
бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген
жөн.
Сонымен қатар
кәсіпорын:
-өнімнің
өзіндік құнының құрылымын қайта
қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап,
оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға
саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына
қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнімнің
өзіндік құны - кәсіпорын қызметінің
маңызды көрсеткіші болып табылады.
Соңғы
жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі
байқалады. Өзіндік құнның өсуіне
шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне
тарифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен
байланысты Негізгі құралдардың амортизациялық
аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың
артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып
табылады [1. 201 бет].
Кәсіпорын
қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды
жолы - өзіндік құнды азайту болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің
бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру
болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне
келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.
Өнім
өндірудің қандай көлемінде, өткізуден
түскен табыс өнімнің толық өзіндік
құнына тең болатын және табыс та, шығын да
болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай
қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден
алынған нақты табыс, оның толық өзіндік
құнынан жоғары болса, онда кәсіпорын ұшрайды.
Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру
мақсатында көптеген кәсіпорындарда «рентабельділік шегі»
деген атпен белгілі әдіс қолданылады.
Оның негізгі
мақсаттары:
-
Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
- Өнім
өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін
анықтау;
-
Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін
есептеу;
-
Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.