Оспанова Гульпат Айбасовна - статистика магистрі, аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

АЙМАҚТЫ ДАМЫТУДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

         Нарықтық қатынастарды қалыптастыру үшін әлемдік экономикада интеграциялық үдерістерді белсендендіру, аймақаралық және халықаралық бәсекелестікті жандандыру барысында тұрақтылықты сақтауда аймақтың перспективалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты  мәселелерді шешуде оны басқарудың әдістемелік тәсілдерін  қайта ойластыру маңызды болып табылдады.

         Бүгінде аймқты басқару жүйесі күрделі жүйелердің біріне жатады, себебі мұнда байланыстың көп болуы, әрі басқарушылық қызметтің нәтижесі соңғы тұтынушыларға жақын орналасуында болып отыр.

         Қазіргі кезде өндіріс орындары мен шаруашылық құрылымдарының басым бөлігі қала ішінде орналасқан және қала тұрғындарының саны жыл санап артып келеді. Сонымен қатар қалаға жақын орналасқан елді-мекендер аумағының ұлғаюы да аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағытарын қайта қалыптастырудың қажетілігін айқындайды. Оның өзі басқарудың жаңа нысандары мен әдістерін, оны жүзеге асырудың принциптерін игеруді қажет етеді. Мұндай басқарудың негізгі құралдарының біріне аймақ экономикасының дамуын стратегиялық басқару жатады.

         Президент Н.Ә.Назарбаев «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын теңестірудің тиімді жаңа тетіктерін құру қажеттігін атап өтті[1]. Бұл аймақтардың индустриалды-инновациялық жобалар негізінде жұмыс жасауына және халықтың әл-ауқатын жақсартудағы негізгі қозғаушы күштердің бірі болып табылады.

         Стратегиялық жоспарлау- бұл мақсаттарды таңдау процесі мен оларға қол жеткізу жолдарын көрсететін басқару функцияларының бірі. Сондай-ақ алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған өзра баланысты ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметік, экологиялық, қаржылық және техникалық іс-шаралар кешенін белгілейді.

         Экономиканы басқарудың әдістер жиынтығы басқару үрдісін жан-жақты, әрі жүйелі түрде зерттеу негізінде  жетілдірілуі мүмкін. Аталған бағытты зерттеу, оның мәні, үдерістік кезеңдердің реттілігі отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектерінде айқын көрініс тапқан.

         Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы мына жағдайларға мүмкіндік береді:

-         аймақтың дамуына әсер ететін қоғамдық, саяси ұйымдардың және мемлекеттік басқару ұйымдар қызметін бірлесіп жүзеге асыру;

-         аймаққа инвестицияны тартуға қолайлы іскерлік климатты қалыптастыру;

-         тартылған инвестицияны әлде қайда нәтиже беретін бағыттарға шоғырландыру немесе аймақтың гүлденуіне септігін тигізетін салаларға инвестицияны бөлу мәселесі;

-         экономиканың өзара баланысты секторларының дамуын ынталандыру, бюджеттің шектеулі ресурстарын тиімді пайдалану;

-         аймақтық жоспарлау сызбасын жасауды негіздеуде ақпарат базасын құру;

-         басқарудың жаңаша әдістерін падалануға ұмтылу.

         Аймақты дамытудың стратегиялық жоспарын мына топтарға топтастыруға болады:дайындау, өңдеу, жүзеге асыру және мониторинг.

         Олай болса түгелдей экономикада басқарушылық қызметті жетілдіру қажет және ол шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістерін қолдану мен аймақтың даму бағытын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

         Нақты шаруашылықтық жүйеге кіретін үйлесімді кең мағынаны қамти отырып басқарудың жалпы жүйелік технологиясына  сүйенеді де оның қаржылық, ғылыми-техникалық, өндірістік және нарықтық сатыларының  тиімді қозғалуын қамтамасыз ететінін атап өткен жөн. Барлығы айқын көрініс тапқандай «ғылым-өндіріс-нарық» сияқты технологиялық циклды басқару жекелеген сфераны басқаруға қарғанда  маңызды фактор болып табылады. Экономиканың тұрақтылығы бір жағынан, әртүрлі қаржылық жағдайлар мен көптеген өндірістік-нарықтық шараларға, екінші жағынан- нақты үдерістердің мақсатты бағытталуын қамтамасыз етуге негіз болатын басқару әдістеріне байлнысты.  Сондықтан экономикада басқаруды модернизациялау процесі әртүрлі деңгей мен бағыттарда қарастырылуы мүмкін.

         Аймақ экономикасының ұзақ мерзімді даму үдерісіне объекивті және субъективті факорлар ықпал жасайды және ол көпфункционалды кеңістікте күрделі құрылым, яғни экономикалық, демографиялық, экологиялық, инфрақұрылымдық және нарықтық мәселелер ретінде көрініс табады.

         Экономиканың нақты секторы тауарларды өндіру, сату сферасымен ғана анықталмайды, сонымен бірге қаржы нарықтарына қатысу дәрежесімен, жұмыспен қамтылу қарқынымен, салық және несие ставкасымен анықталады. Ұзақ мерзімді болжау аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеуде  қажетті құралдардың бірі болып табылады. Демек, ғылыми негізделген болжам экономиканы сауықтырудың бағыттары мен жолдарын іздестіруді қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар әртүрлі салааралық қайшылықтардың жағымсыз әсерлерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Экономикалық қызметте мемлекеттің ықпал жасуының ұлғайғандығын ескере отырып, экономикадағы негізгі көрсеткіштерді дәл болжау қажет, атап айтқанда сала бойынша инвестиция ағынын арттыру және қайта бөлу, жұмыс бастылық пен жұмыссыздық деңгейі, мамандар біліктлігін артыру, жалпы өнім шығымы және т.б.

         Жан-жақты жетілген басқару аймақ экономикасының ішкі және сыртқы орта арсындағы динамикалық теңдік, оның сапалық сипатын сақтаумен және тиімді құрылымдық бет алысына негізделуі тиіс. Мұндай басқару объектіні өз ыңғайына қарай ауыстырады не болмаса үрдістерде қалыптасқан параметрлерді сандық және спалық мәніне қарай жібереді. Осы арқылы объектінің жұмыс жасау мақсаты қалыптасады және оның жетістіктері бақыланады, ал жүйенің тіршілік әрекеті белсенді ақпараттар алмасу есебінен жүзеге асырылады.

         Мұндай басқарудың артықшылығы жоспарлаудың жоғарғы деңгейі, жұмысты үйлестіру мен бақылау болса, негізгі кемшіліктері тұтастай жүйе элементтерінің бұзылуымен байланысты жоғарғы тәуекелділік болып табылады. Оның технологиясы дұрыс үйлестіру мен кәсіби жетістіктерді  тиімді пайдалану, әдістер мен тәсілдерді, құралдар, инфрақұрылым және қойылған міндеттерді шешуде сәйкес техникалық білімін көрсетеді.

         Бұл экономикалық жүйедегі басқару циклдық сипатқа ие, яғни объектінің жұмыс істеу сипаты мен мақсатына байланысты оның барлық элементтері уақыт аралығында қайталанатындығы жөнінде растайды.

         Бұрындары экономикада бәсекелестіктің артықшылықтары ондағы техникалық және технологиялық жетілумен анықталатын болса, ал қазіргі нарықтық экономикада кәсіпорындар мен салалар адамдрдың шығармашылық икемділігінен туатын ұйымдастырушылық және басқарушылық жаңалықтарды енгізу есебінен өздерінің бәсекеге қабілеттілігін артыруға ұмтылады.

         Бүгінде менеджмент жүйесінің жаңаша дамуы экономика алдына бірінші дәрежелі міндеттерді қойып отыр, ол- кәсіпкерлік қызметте  стратегиялық басқруды ендіру. Кәсіпкерлік қызметте әдістемелік, теориялық, инновациялық, ұйымдастырушылық, өндірістік, маркетингтік және қаржылық аспектілерді құрылымдық қайта құру қажет. Әсіресе экономиканың инновациялық даму стилі жаңа басқарушылық жүйеге тән. Сол себепті экономика субъектілері дамудың инновациялық жолына көшу барысында жүйені өзгерту қажет. Басқарудың ескі моделінен шегініп, құндық тәсілдерді қолдану қажет.

         Елдің әлеуметтік-экономикалық процесінде аймақтардың белсенділігін арттыру маңызды мәселелердің бірі.

         Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясында  әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларын атап өтті. Соның ішінде өңірлерді дамытуда  әлеуметтік мәселелердің дер кезінде шешімін табу мақсатында мемлекетік органдардың өңірлік даму саласындағы  жұмыстарын тиімді етіп үйлестіру зор маңыздылыққа ие екендігін айтып өтті.

Аймақ экономикасын модернизациялау үшін басқару жүйесіне өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы десек те болады. Бұл жүйе аймақтың жалпы экономикалық жағдайында болатын негізделген өзгерістерге сәйкес болуы тиіс, атап айтқанда: саланың дамуына оң ықпал ету; нарық жағдаы мен бәсекелестік ортаны жақсарту; кәсіпорынның қаржы-шаруашылықтық жағдаын сапалы бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттық база мен персоналдардың жетік білуін қамтамасыз ету; даму стратегиясын таңдау және аймақ әлеуетін тиімді пайдалану үдерісін белсендендіру. Бәсекелестік кең етек алған жағдайда экономиканың тұрақты дмуы өз кезегінде барлық айналыс құралдарының ырғақтылығы мен олардың қайтарымдылығын үздіксіз ресурстармен қамтамасыз етуге икемді кәсіпорындар мен салаларды тиімді басқарумен тығыз баланысты.

         Кез-келген жаңа басқарушылық технологияны пайдалану кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштеріне әсер етеді және оның көмегімен басқарушылық шешімдер бағаланады. Нақты мақсатты бағдар болмаған жағдайда басқару жүйесінің іс-қимылы төмендейді. Сондықтан басқару үдерісін модернизациялау- бұл барлық басқару элементтерін бірдей жүйеге біріктіру мен сапалық сипатын жақсартуды қамтамасыз ететін жаңа стратегиялық бағыттар. Басқарудың мұндай жүйесі қазіргі бәсекелестік жағдайда  әлде қайда перспективалық болып табылады және нақты кәсіпорындар мен салалардың стратегиялық дамуына негіз болады.

         Әлемдік қаржы дағдарысы экономиканың барлық салаларында басқару жүйесін жаңашалауды қажет етіп отыр. Бұл өз кезегінде аймақтың даму бағытын дұрыс таңдуға және шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Негізгі мақсат аймақтағы өндірістерді экстенсивті түрде емес, интенсивті-инновациялық түрде дамыту, өндіріс пен сұрныстың өсу қарқынын жеделдету. Бұл экономиканың тұрақты дамуы мен басқарудың тиімді әдістерін қолданған кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға негіз болатын фактор болып табылады.

         Аймақтың дамуын стратегиялық басқару үшін стратегиялық жоспарлау үдерісін жетілдіру қажет деп есептейміз. Осы мақсатта мына іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

-         амақтың дамуының стратегиялық басқару жүйесінің құрылымын анықтау;

-         әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының әр түрін жасау тетіктерімен келісу;

-         әлеуметтік-экономикалық даму мониторингісін өткізу және аймақ стратегиясына өзгерістер енгізу тетіктерін жасау;

-         сала бойынша кадрларды дайындауды жүзеге асыру.

 

Пайдалнылған әдебиетер тізімі

1.      Н.Ә.Нзарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясы

2.       А.В.Барышева. Инновационный менеджмент.-М.: «Дашков и К»,2007,-384 с

3.       Р.А. Фатхутдинов. Стратегический менеджмент.-М.: «Дело»,2001,-448 с