Экономические науки/13.Региональная экономика
Жандильдин
Т.Е., т.ғ.к., «Кеден ісі» кафедрасының доценті
Дауырханов А., ТД-32 тобының студенті
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті, Қазақстан
Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) режимін
құқықтық реттеу
ХХ
ғасырдың екінші жартысында еркін немесе арнайы экономикалық
аймақтар (АЭА) әлемдік шаруашылықтағы елеулі
құбылысқа, халықаралық экономикалық
қатынастардың ажыратылмас бөлігіне айналды. Әлемдік
шаруашылық қатынастары жүйесінде АЭА халықаралық
сауда айналымының өсуіне, инвестициялардың көптеп
тартылуына, технологиялық, ақпараттық алмасудың
артуына, экономикалық процестердің тереңдеуіне байланысты негізінен қарқынды
дамудың факторы болды.
Еркін
экономикалық аймақтар – әлемдік шаруашылықтың
маңызды институты, халықаралық экономикалық интеграцияның
ерекше формасы болып табылады. Әдетінше бұл өзінің арнайы жеңілдетілген сыртқы сауда,
кедендік, инвестициялық, валюталық-қаржылық (өндірістік-коммерциялық,
кәсіпкерлік) және салықтық режимдері бар, шетелдік
қатысушыларды шаруашылыққа ынталандыратын, сыртқы инвестицияларды
және алдыңғы қатарлы шетел технологияларын тартатын
ұлттық аумақтың бөлігі болып табылады.
АЭА-ны
құрғанда шаруашылықтың өсуінің
нүктелік стратегиясы жүзеге асырылады, аймақтар мен экономикалық
белсенділікті мақсатты ынталандыру саласы анықталады халықаралық
ынтымақтастық негізінде қолайлы факторларды қолдана
отырып, ресурстар жинақталады. Бұлар өзара байланысты:
экономикалық, әлеуметтік, өндірістік және ғылыми-техникалық
мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттардың
әрқайсысын қарастырайық.
АЭА-ны
құрудың экономикалық мақсаты сыртқы сауда және сыртқы экономикалық
қызметті арттыруды және кеңейтуді; шетелдік және отандық
капиталды тартуды; ұлттық өндірістің бәсекеге қабілеттігін,
оның экономикалық тиімділігін арттыруды; экспортты өсіруді және
импортты ұтымды етуді; бюджетке валюталық түсімдердің
өсуін және АЭА-ны әрман
қарай дамыту мақсатын көздейді.
Әлеуметтік
мақсаттар шеңберінде мынандай мәселелер шешіледі: жаңа
жұмыс орындарын құру, халықтардың жұмыспен
қамтылуының өсуін; әлемдік тәжірибені
қолдануды ескере отырып, қызметкерлердің мамандық
деңгейін көтеру; қазіргі менеджерлік кадрларды дайындау; халықтың
тұрмыс деңгейін арттыру; әлеуметтік тұрмыстық
инфрақұрылымды дамытуды тездету.
Өндірістік
және ғылыми-техникалық мақсаттар мыналарды
қамтиды: шетелдік және отандық техника мен технологиялық
жаңалықтардың қолданылуды; ғылыми-техникалық
тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың (НИОКР)
нәтижелерін енгізуді тездетуді; ғылыми-техникалық кадрларды
шоғырландыруды, оның ішінде шетелдік кадрларды, сондай-ақ
материалдық-қаржылық ресурстарды басымды бағыттарда
қолдану; бар қуаттарды толығынан пайдалану, соның
ішінде, конверсиялық қуаттарды; өндірістік-көліктік
инфрақұрылымды дамыту.
АЭА-ның
барлық түрлерін құру және олардың жұмыс
істеуі ұлттық және аймақтық деңгейде
экономиканың жалпы өрлеуіне мүмкіндік туғызады.
Өзінің
даму барысында АЭА орта ғасырлық қала-порттардан инновациялық парктерге және
зерттеу орталықтарына дейінгі
ұзақ жол арқылы өтті. Олардың рөлі, орны
және формасы маңызды түрде өзгерді, олар әлемнің
көптеген елдерінде әлемдік экономиканың ажыратылмас
институтына айнала отырып, жұмыс істеуде. АЭА-ның бірнеше негізгі
типтері туралы айтуға болады:
·
шешілетін мәселелердің деңгейі мен шеңбері
бойынша;
·
аумақтардың көлемі бойыныша;
·
шаруашылық бағыттары мен салалары бойынша;
·
қатысушы жақтар мен орналасу ерекшеліктері
бойынша.
Сатып алу-сату, тасымалдау,
сыртқы сауда жүктері үшін қолайлы жағдайлар
жасауды қарастыратын бірінші
және логикалық жағынан өте қарапайым АЭА - ол сауда-қойма
аймақтары болды. Бұл аймақтарда тауарлар кедендік баждарды
және салықтық алымдарды төлемей қоймаларға
орналастырылуы, сатып алынуы және сатылуы, жарым-жартылай өңделуі
мүмкін.
Осы топқа жататын
өткен ғасырдың 30-шы жылдары АҚШ-та таралған сыртқы
сауда аймақтары өте кең шеңберлі функцияларымен сипатталады.
Мұнда коммерциялық және қойма операцияларымен
қатар тауарларды жақсарту және модернизациялау жүргізіледі,
баждар мен қосымша құн салықтары (ҚҚС)
төленбей, сақтандыру және банктік қызмет көрсетіледі,
сауда және көрмелер ұйымдастырылады.
Ірі халықаралық
порттарда және аэропорттардағы бажсыз бөлшек сауда (dutu
free) аймақтары аталған аймақтардың бір түрі
болып табылады.
Одан кейінгісі еркін порттар
– ол сауда-қоймалар аймағы
(СҚА), мұнда аталған операциялардан басқа кемелерді
тиеу-түсіру операциялары жүзеге асырылады, тауарларды аумақта
және биржа қоймаларында орналастыру, сондай-ақ кемелерге
қызмет көрсету және жөндеу жүргізіледі. Сондықтан еркін аймақтардың бұл түрінің
әдетінше ірі транзиттік жүк тасқындары болатын пункттерде: теміржол
тораптарында, теңіз, өзен және әуе порттарында орналастырылуы кездейсоқ емес.
Атап өту керек, әлемдік
шаруашылықтың мүмкіндіктері көрсетілген
аймақтарда жеткілікті
пайдаланылмады. Сондықтан, және ең алдымен дамыған және жаңа
индустриалдық елдерде, еркін сауда-қоймалық аймақтар (ЕСҚА)
бірте-бірте еркін өнеркәсіптік (ЕӨА) және экспорттық-өндірістік
аймақтарға (ЭӨА) айнала бастады. АҚШ-та, оның
ішінде, сыртқы сауда аймақтарында тек қана өндірістік
қызмет үшін арнайы аймақтар құрыла басталды (мысалы,
жинау операциялары, шикізатты алғашқы өңдеу үшін).
Сонымен, бірте-бірте жаңа мақсаттармен және механизмдермен
сипатталатын АЭА-ның сапалық жағынан басқа түрі
пайда болды.
Соңғы кезде ғылыми-технологиялық, зерттеу
бағытындағы АЭА өте көп тарала бастады. Техникалық
жаңалықтарды жасауды және енгізуді тездетуге және
арзандатуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, білікті
мамандарды дайындауға арналған
ғылыми-технологиялық аймақтар (ҒТА). Оларға
жататындар технополистер ( Жапонияда), технопарктер (АҚШ-та), техникалық-енгізу аймақтары, ғылыми
парктер, технологиялық және іскерлік орталықтары. Көптеген
жағдайларда оларда зерттеу және өндірістік-технологиялық
қызмет ірі университеттер немесе ғылыми орталықтар айналасына
шоғырланған ғылыми жаңалықтарды көп
қолданатын кәсіпорындар түрінде үйлестіріледі. Қызмет
бағытының басымдылығы бойынша ғылыми-технологиялық
аймақтардың үш типі
ерекшеленеді:
- біріншіден, зерттеу паркі.
Мұндай АЭА-да жаңа ғылыми-техникалық жұмыс бірсыпыра
өнеркәсіптік фирмалардың, ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық мекемелердің бірігуі негізінде
техникалық прототип стадиясына дейін жүзеге асырылады.
- екіншіден, өзіне
меншікті ғылыми парк. Бұл жеткілікті аумақтық
құрылым, мұнда көлемі әртүрлі ғылыми жаңалықтарды
көп қолданатын кәсіпорындар орналасқан. Олар жергілікті
зерттеу орталықтарының (институттың, университеттің)
зерттеулері нәтижесінде өндірісті жүзеге асырады. Бұл
АҚШ-тағы танымал «Силиконовая долина», Стенфорд университеті. Мұнда
компьютерлік өндіріс, компьютерлік және есептеу техникасының
әлемдік шығарылуының 1/5 қамтамасыз ететін ТНК
«Майкрософт» және Интел Транснационалдық компаниялары шоғырланған;
- үшіншіден, инновациялық
орталық – бұл аумағы бойынша кішірек ғылыми-технологиялық аймақ,
мұнда жаңа технологияларды жасаумен және енгізумен тікелей
айналысатын кіші немесе орташа фирма орналасқан.
Көптеген мамандар АЭА-тан тыс деп қарастыратын
офшорлық аймақтарды атап өту керек. Мұнда шетел
компанияларына салықтық жеңілдіктер беріледі. Мұндай
аймақтардың саны 60
жуық, ішіндегі өте белгілілері Кипр, Панама, Сингапур, Фиджи,
Багамы, Бермуды и Мальта аралдары.
Қазақстанда АЭА-ны
құру заңдық
күші бар «Арнайы экономикалық аймақтар» туралы ҚР
Президентінің Жарлығының қабылдануымен басталды.
Атап
өту керек, ҚР-дағы бірінші АЭА оларға жүктелген
міндеттерді ақтамады, сондықтан көп ұзамай жабылып
қалды.
Қазіргі кезде ҚР-ның аумағында
айтарлықтай екі АЭА жұмыс істейді:
«Астана – жаңа қала» және «Теңіз порты Ақтау».
«Астана – жаңа қала» АЭА Есіл
өзенінің солжақ жағасын инвестициялар тарту
арқылы жедел дамыту мақсатында және құрылыста алдыңғы қатарлы
технологияларды қолдану, сондай-ақ қазіргі заманғы
инфрақұрылымды жасау үшін құрылды.
«Теңіз порты Ақтау» АЭА аймақты жедел
дамыту, жоғары нәтижелі, оның ішінде жоғары технологиялық
және экспорттауға бағытталған өндірісті құру, жаңа
өнімдер түрлерін игеру, инвестициялар тарту және т.б. үшін құрылды.
Аталған АЭА басқа ҚР-да бірсыпыра технопарктар құрылды және жұмыс
істейді. Олардың арасында мынандай ұлттық технопартерді
атауға болады: Ақпараттық технологиялар паркі, Алатау пос., Ұлттық
индустриалдық нефтехимиялық
технопарк, Атырау қ.; Ядролық технологиялар «Токамак» технопаркі, Курчатов қ.; Космостық
мониторинг технопаркі, Алматы, Астана және Приозерск қалалары. Бұл
технопарктер қазақстандық экономиканың болашақ бәсекелестікке
қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызу
үшін және Қазақстанда жаңа салаларды
дамытуға бағытталған.
06.07.2007 ж. «ҚР-дағы арнайы экономикалық
аймақтар туралы» Заң қабылданды. Бұл заң
ҚР-ның аумағында АЭА құру, жұмыс істеуі және
басқару тәртібі мен шарттарын анықтады. Сонымен қатар Ресей
Федерациясының, Қазақстан Республикасының және
Беларусь Республикасының Кеден одағының құрылуына
байланысты бұл заңға біраз өзгерістер енгізілді.
Аталған
АЭА туралы ҚР-ның заңы бойынша АЭА аумағында
АЭА-ға қатысушылар үшін ҚР-ның салықтық,
кедендік, жер заңнамасы, сондай-ақ
ҚР-ның халықты жұмыспен қамтамасыз етілу туралы заңнамасы әрекет жасайды.
АЭА
аумағында еркін кеден аймағы рәсімі әрекет жасайды. АЭА
аумағы Кеден одағы аумағының бөлігі болып
табылады. АЭА аумағында кедендік бақылауды кеден органдары Кеден
одағының және ҚР-ның кедендік заңнамасына
сәйкес жүзеге асырады.
ҚР-ның
АЭА туралы заңына сәйкес кәсіпкерлер инвестициялардың
тиімді қолданылуын қамтамасыз ету үшін қажетті шикізатты, капиталды, құрал-жабдықтарды
және басқа ресурстарды АЭА аумағына әкелгенде кедендік баждар мен салықтардан
босатылады
АЭА-ның кәсіпкерлері табысқа және пайдаға
салынатын
салықтан бірінші пайда ала бастаған кезден
бастап бес жылға босатылады.
АЭА-ға қатысушылар осы аймақта қызметті
жүзеге асырудан түскен пайданы бюджетке салықтар мен
басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін ҚР-ның
салықтық заңнамасына сәйкес өз қалауынша
пайдалануға құқығы бар.
Қорытынды:
1. АЭА халықаралық тауар
айналысын өрістету, инвестициялар тарту, технологиялар, ақпараттар
алмасу, интеграциялық экономикалық процестерді тереңдету арқылы экономикалық
қарқынның өсуінің негізгі факторы болып табылады.
2. АЭА туралы ҚР-ның заңы бойынша АЭА
аумағында АЭА-ға қатысушылар үшін ҚР-ның
салықтық, кедендік, жер заңнамасы, сондай-ақ ҚР-ның халықты
жұмыспен қамтамасыз етілу
туралы заңнамасы әрекет жасайды.
3. Елімізді
дамытудың индустриалдық-инновациялық бағдарламасын
тездетуді жүзеге асыру мақсатында зерттеу және өндірістік-технологиялық қызметті
ірі университеттер мен ғылыми орталықтардың
айналасында құрылатын технопарктер мен технополистердің
жұмыстарымен үйлестіру қажет.
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. «ҚР-дағы кеден ісі
туралы» ҚР-ның Кодексі, 2010.
2. «ҚР-дағы арнайы экономикалық
аймақтар туралы» ҚР-ның
21.07.2011 ж.Заңы
3. Жандильдин Т.Е.
Правовое и таможенно-тарифное
регулирование
внешнеэкономической
деятельности. Учебное пособие. М.: Караганды,
Изд-во
КЭУК, 2010.