Князева Қымбат Жалғасбайқызы
Демографиялық қауіпсіздік
ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас
бөлігінің бірі ретінде
ҚР
Президентінің "Қазақстан - 2030" Жолдауында бірінші
стратегиялық басымдылық ретінде белгіленген ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері күн
тәртібіне тағы да қойылды. Ел басшыларының
әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға ден қойып
отырғаны, экономикалық, саяси ұйымдастыру немесе ҚР
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және
сыртқы, ішкі қауіп-қатерлерді жою үшін қажетті
өзге сипаттағы шараларды әзірлеуі әрі іске асыруы
түсінікті.
Жеке адам мен
азаматтың қауіпсіздігі мемлекеттік биліктің тиімділігіне
баға берудің, құқықтық,
демократиялық мемлекет құрудың өлшемдерінің
бірі болып табылады. Жеке адамның құқықтары мен
бостандықтарын қорғаудың маңызды элементтері
ретінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдары шығады.
Қауіпсіздік
ретінде ішкі әрі сыртқы қауіп-қатерден жеке
адамның, қоғам мен мемлекеттің ұлттық
мүдделері қауіпсіздігінің жай-күйі
ұғынылады. "Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 26
маусымдағы ҚР Занының 1- бабына сәйкес
ұлттық мүдделер іске асырылуы мемлекеттің
азаматтардың құқықтарын,
қоғамның құныдылықтарын, мемлекеттік
институттарды қорғауды камтамасыз ету қабілетіне байланысты
қажеттіліктер жиынтығын білдіреді. Негізгі қауіпсіздік объектілеріне мыналар жатады:
-
жеке адам - оның
құқықтары мен бостандықтары; қоғам -
оның материалдық және рухани құндылықтары;
-
мемлекет - оның
конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі және аумақтық
тұтастығы.
Қауіпсіздік жай-күйі
қауіпсіздік объектілеріне төніп тұрған нақты
әрі ықтимал қауіп -қатердің дәрежесімен
сипатталады және бағаланады. Әрі тек әскери ғана
емес (дегенмен, мұны жоққа шығаруға болмайды),
сонымен бірге экономика, экология, ақпараттық жүйе,
мемлекеттік институттар мүддесіне қауіп-қатерлер де есте
болып отыр. Қауіп-қатер ойластырылмаған саяси және
экономикалық реформалардың, экология нормаларын ескермеу, мемлекеттің
мүддесіне байланысты қызметтік және өзге
ақпараттарды жария ету нәтижесінде туындауы мүмкін.
Сондықтан қорғанысты, экономиканы, өндірістік,
табиғи ресурстарды әлсірету ҚР Ұлттық
қауіпсіздігіне қауіп тљндіру мүмкін.
Қазақстан Республикасында
күзетілетін объектілердің қорғалуын қамтамасыз
ету үшін мемлекет қауіпсіздігі саласында қатынастарды
реттейтін құкықтық нормалар жүйесі
әзірленеді, мемлекеттік органдар қызметінің негізгі
бағыттары айқындалады, қаіпсіздікті қамтамасыз ету
органдары мен олардың қызметін бакылау әрі
қадағалау тетігі жасалады.
Қазақстан
Республикасының ұлттық мүдделерi (бұдан әрi
- ұлттық мүдделер) - iске асырылуына мемлекеттiң адам
мен азаматтың конституциялық құқықтарын,
Қазақстан қоғамы құндылықтарын,
түпқазық мемлекеттiк институттарды қорғауды
қамтамасыз ету қабiлетi байланысты болатын Қазақстан Республикасының
саяси, экономикалық әлеуметтiк және басқа да
қажеттерiнiң жиынтығы;
қоғамдық
қауіпсіздік - Қазақстан азаматтары өмірінің,
денсаулығының және игілігінің, сондай-ақ
Қазақстан қоғамы
құндылықтарының оларға залал келтіре алатын
ықтимал қауіптер мен қатерлерден
саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік,
әлеуметтік қорғалуы;
ұлттық
қауiпсiздiк объектiлерi - жеке
адам, оның құқықтары мен бостандықтары,
қоғам, оның материалдық және рухани
құндылықтары, мемлекет, оның конституциялық
құрылысы, тәуелсiздiгi және аумақтық
тұтастығы;
ұлттық қауiпсiздiк
субъектiлерi - өз өкiлеттiгiн билiктiң заң
шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарының
органдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет, азаматтар мен
ұйымдар.
Мемлекеттік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету - кез келген мемлекеттің алғашқы
кезектегі міндеттерінің бірі. Оның үстіне, бірнеше
мыңдаған жылдар бойы қоғамдағы қауіпсіздік
сол ұлттық, халықтың, жалпы мемлекеттің
өмір сүруінің қажетті алғы шарты болып табылды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы бүгінгі күнде
де көкейтесті міндеттер болып табылады. Бұл туралы Шешенстан,
Ауғанстан, Пәкістан, Израил және т.б мемлекеттердің
төңірегіндегі соңғы оқиғалар
айғақтайды. АҚШ мүддесіне қарсы
бағытталған Нью-Иорк пен Вашингтондағы террор- лык актілер
мемлекет кауіпсіздігіне әркашан және барлық жерде, тіпті
әлемдік дамудың қазіргі кезеңіндегі қуатты
державаның өзіне де қауіп-катердің төнетінін
айқын көрсетті.
ҚР Президентінің 1996 жылғы
22 қарашадағы Жарлығына ("Қауіпсіздік Кеңесі
туралы" ереже // ПҰАЖ. - 1996. - № 48. 464- құжат)
және ҚР Конституциясының 44-бабының 20-тармағына
сәйкес Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік
Кеңесі құрылды. Қауіпсіздік Кеңесі - Қазақстан
Республикасының қорғаныс қабілеті мен
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандығын,
елдің тәуелсіздігі мен аймақтық тұтастығын
қорғау аясында біртұтас саясат жүргізу саласында
мемлекеттік саясаттың негізгі
бағьптары бойынша Мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу
және жүзеге асыруына жәрдемдесу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті құратын
консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
"Қауіпсіздік
Кеңесі туралы" ережеге сәйкес оның негізгі міндеттері
мыналар:
1) мемлекеттік мүдделердің аясын,
оларды іске асыру мен қорғаудың негізгі бағыттарын
айқындау, ұлттық қауіпсіздікке ішкі және
сыртқы қатерлерді анықтау, олардың алдын алудың,
тыйып тастаудың және тойтарудың әдістерін, нысандары
мен құралдарын таңдап алу;
2) жеке адамның, қоғам мен
мемлекеттің қауіпсіздігін қам- тамасыз ететін мемлекеттік
органдар қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының
ұлттык қауіпсіздігінің тұжы- рымдамасын әзірлеу;
4) Ұлттык қауіпсіздікті
қамтамасыз ету саласында ішкі, сыртқы және әскери
саясат мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін және
осы шешімдерді жүзеге асыру шаралары жөнінде Қазақстан
Республикасының Президентіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;
5) ұлттық қауіпсіздік саласында
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын
жасасу, орындау және бұзу жөнінде ұсынымдар дайындау.
Негізгі міндеттерге
сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне бірқатар функциялар
жүктеледі, олардың ішінде: ұйымдаскан қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес,
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша
құқық қоргау, орталық және жергілікті
атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, олардың
қызметін жетілдіру жөнінде ҚР Президентіне ұсыныстар
енгізу.
Қауіпсіздік
Кеңесін ҚР Президенті жасақтайды және ҚР
Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының ұсынуы бойынша ҚР
Президенті тағайындайтын Қауіпсіздік Кеңесінің
мүшелерінен тұрады. Қаіпсіздік Кеңесі Хатшысының
өкілетіктерінің бірі ҚР Президентін мемлекеттің
қорғаныс қабілеті, сыртқы және ішкі
қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар ету болып табылады.
Қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жүйесін сонымен қатар заң шығару,
аткарушы органдар және сот билігі, мемлекеттік,
қоғамдық және заңға сәйкес
кауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын өзге де
ұйымдар мен бірлестіктер, азаматтар, сондай-ақ қауіпсіздік
саласындағы қатынастарды регламентейтін заңдар
құрайды. Қазақстан Республикасының заңныда
белгіленбеген кауіпсіздік органдарын құруға жол берілмейді.
Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiк саласындағы
заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына
негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен
тұрады.
Қазақстан Республикасының ұлттық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету принциптерi
Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етудiң принциптерi:
1)
ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi
қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңдылықты сақтау;
2)
ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
күштерiнiң бiр-бiрiне жедел хабардар етiп отыруы және
келiсiлген iс-қимыл жасауы;
3)
ұлттық қауiпсiздiктiң барлық
түрлерiнiң бiрлiгi, өзара байланысы және
теңестiрiлгендiгi;
4)
саяси, экономикалық және ақпараттық шаралардың
басымдығы;
5)
жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара
жауапкершiлiгi;
6)
ұлттық қауiпсiздiктi қорғау жөнiндегi
iс-әрекеттiң күллi жиынтығын iске асыруды бақылау
болып табылады.
Қазақстан Республикасының
ұлттық мүдделерi
Қазақстан Республикасының
ұлттық мүдделерi:
1)
адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету;
2)
елде қоғамдық татулық пен саяси
тұрақтылықты сақтау;
3)
Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi
үшiн экономикалық даму;
4)қазақстандық
патриотизмдi тәрбиелеу және Қазақстан халқының
бiрлiгiн нығайту;
5) Қазақстан
қоғамының материалдық және рухани
құндылықтарын сақтау мен еселей түсу;
6)
Қазақстан Республикасы конституциялық
құрылысының, оның iшiнде мемлекеттiк
тәуелсiздiгiнiң, бiрегей құрылысы мен президенттiк
басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттiк
шекарасына қол сұғылмаушылық пен ел
аумағының бөлiнбестiгiнiң бұлжымас берiктiгi;
7)
мемлекеттiк институттардың тұрақты жұмыс iстеуi, оларды
нығайту және қызметiнiң пәрмендiлiгiн арттыру;
8)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң,
басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының
жарақталуы мен жауынгерлiк әзiрлiгiн қамтамасыз ету;
9)
заңдарды бұлжытпай орындау және құқық
тәртiбiн сақтау;
10)
әрiптестiк негiзiнде халықаралық ынтымақтастықты
дамыту болып табылады.
Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн
қауiп-қатерлер мыналар:
1)
заңдылық пен құқық тәртiбiнiң
әлсiреуi, оның iшiнде ұйымдасқан нысандарын қоса
алғанда қылмыстылықтың өсуi, мемлекеттiк
органдардың қылмыстық құрылымдармен астасуы,
лауазымды адамдардың капиталдың заңсыз айналымына
сүйеушi болуы, сыбайлас жемқорлық, адамның және
азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының қорғалу дәрежесi
төмендеуiне ықпал ететiн қару мен есiрткi заттардың
заңсыз айналысы;
2)
конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге
бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде
Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына,
тұтастығына, қол сұғылмаушылығына,
аумағының бөлiнбестiгiне қиянат келтiретiн iс-әрекет;
3)
елдiң қорғаныс қабiлетiнiң әлсiреуi,
мемлекеттiк шекараның қол сұғылмаушылығына
төнген қауiп-қатер, Қазақстан Республикасына
қатысты күш қолдану, оған қарсы агрессия;
4)
шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының,
сондай-ақ жеке адамдардың Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне
нұқсан келтiруге бағытталған барлаушылық, террорлық,
диверсиялық және өзге де iс-әрекеттерi;
5)
мемлекеттiк органдардың қызметiне iрiткi салу, олардың
iркiлiссiз жұмыс iстеуiн бұзу, елдiң басқарылу
дәрежесiн төмендету;
6)
кез келген нысандағы саяси экстремизм, оның iшiнде
әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық
және рулық араздықты немесе алаусыздықты
қоздыру;
7)
ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан, жаппай
тәртiпсiздiктерден, рұқсат етiлмеген жиналыстардан,
митингiлерден, шерулер мен демонстрациялардан, заңсыз тосқауылдар
мен ереуiлдерден көрiнетiн әлеуметтiк-саяси жағдайдың
шиеленiсуi;
8)
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген
әскерилендiрiлген құрамалар құру;
9)
экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы, табиғи
апаттар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де
төтенше жағдайлар, жұқпалы аурулар мен iндеттер;
10)
стратегиялық ресурстардың ел мүдделерiне кереғар
пайдаланылуын, инвестициялық белсендiлiктiң артуына, соның
iшiнде Қазақстан Республикасына шетелдiк инвестициялардың
құйылуына кедергi жасауды қоса алғанда,
мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне нұқсан
келтiру, капиталды елден сыртқа бақылаусыз әкетуi;
11)
демографиялық жағдайдың нашарлауы, соның iшiнде бала
туудың күрт төмендеуi, өлiм-жітiмнiң
көбеюi, бақылаусыз көшi-қон процестерiнiң
туындауы;
12)
елдiң бiлiм және интеллектуалдық әлеуетi
сапасының нашарлауы;
13)
елдiң ұлттық мүдделерiн қорғау
жөнiндегi нормативтiк құқықтық
актiлердiң жетiлдiрiлмегендiгi немесе болмауы .