Экономические науки /13.Региональная экономика

Бұхарбаева Ақмарал Жетібайқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

Мауленова Алтынай

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университетінің 1 курс студенті

Коммерциялық банктердің қызметінің тиімділігін жетілдіру жолдары

   

Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.

Соңғы он жылдықта Қазақстаннның банк жүйесi үлкен өзгерістерді бастан кешірді. Нарықта спекулятивтi операциялардан қомақты пайда табушылардың кезi өттi, банктер бизнестi дамытудың жаңа жолдарын iздеуде. Банк күшiн толғандырған стратегияда: әмбебап, кiшiгiрiм, сенiмдi және ең негiзгiсi рентабельдi болу. Ол үшiн қызметтердi әртараптандыру, өзiнiң клиенттерін iздеу керек және оның қажеттiлiктерiне зерттеп толық қанағаттанарлықтай болу қажет. Табыстың құпиясы дәл осы қарапайым қызметтердi дәстүрлi емес жолмен ұсынуда жатыр, яғни сөйлесу мәдениетінде, клиент қамын ойлауда, оған қажеттi және уақытылы ұсыныстар көрсетіп кеңес бере білуде.

Қазiргi уақытта елдiң барлық банктерiнде халықаралық банк тәжiрибесiнде қабылдаған стандарттарға өту жүргiзiлуде.  Батыстың мамандарының  ойынша, Қазақстандық банктердiң электронды қызметтердi дамытуы бойынша жұмысы  техникалық жаңаруға бiздiң елдiң белсендi қатысуға талпынысын және осы сферада халықаралық қызмет байланыстарын дамытуға құлшынысын  куәландырады.

Отандық банктердiң банктiк қызметтердi кеңейту сферасындағы одан әрi күштi жұмысы, жаңа өнiмдердi өңдеу және енгiзу. Бұл құбылыс Қазақстандық банктерге әлемдiк нарыққа шығуға мүмкiндiк бередi. Соған орай, банктер банктiк қызметтiң шетелдiк тәжiрибесiне көп көңiл бөлуi қажет.

Экономиканың дамуындағы қазiргi кезеңінде банктiң ресурстарын қалыптастыру проблемасы банктер үшiн бiрiншi кезектегi мәселе болып табылады. Банктердiң қызметi ауқымды ресурстар жиынтығының көлемiне байланысты болып келедi. Мұндай жағдай банктердiң арасындағы ресурстарды тартуға деген бәсекесiн күшейте түседi.

Жоғарыда тiлге тиек етiлген жағдайлар банктiң тиiмдi  депозиттiк саясатын жасаудағы жалпы көзқарастарды бiрiктiруге мүмкiндiк бередi. Алайда iс жүзiнде депозиттiк саясатты қалыптастырып, жүзеге асыру үшiн көптеген факторларды ескере отырып терең талдау жұмыстарын жүргiзiп отыру маңызды шарт болып табылады.

Сонымен, банктер бүгінде сырттан қаржыларды тартып, оларды өзiнiң ресурстары ретiнде қолдануға бағытталған депозиттiк саясат жүргiзiп отыруы тиiс. Олар банктiк шоттарда клиенттердi өз қаржыларын сақтауға ынталандыра бiлiп, салымшылардың мүдделерiне қызығушылығын арттыруы тиiс. Салымшыларды ынталандырушы ең маңызды фактор, әрине, депозиттер бойынша төленетiн, инфляцияның деңгейiнен жоғары болып келетiн сыйақы мөлшерi болып табылады. Сонымен бiрге банктердiң депозиттiк саясатын жүзеге асырудағы шешушi жағдай бұл сырттан тартылып, банктiң өзiнде шоғырландырылған ресурстарын тиiмдi пайдалану болып табылады. Банк пен оның клиенттерiнiң арасындағы өзара тиiмдi қарым-қатынас депозиттiк саясатты жүзеге асырудың iргетасы болып саналады. Салымшылардың санын арттыру үшiн, банк олардың мүдделерi мен талаптарын ескергенi жөн.

Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық кредиттеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты нарық ставкаларын қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ставкаларының дәлізі шеңберінде ұстап тұруға бағытталған. Жүргізілген шаралар нарық ставкаларының құбылмалылығын төмендетуді және ақша нарығының тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ  өтімділікті тиімді басқаруға ықпал етеді. Дәліздің ең жоғарғы шекарасы болып табылатын ресми қайта қаржыландыру ставкасы ақша нарығындағы жағдайды және инфляция  деңгейін ескере отырып айқындалатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған банктердің  депозиттері бойынша ставка ақша нарығындағы  қысқа мерзімді ставкалар дәлізінің төменгі шекарасы  ретінде  айқындалады. Бұл ретте ол болуы мүмкін ең төмен деңгейде, яғни  банктерді  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерде  бос ресурстарды жинақтауға  қайта ынталандыруға болатындай  етіп белгіленеді.

Артық өтімділікті алып тастау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қысқа мерзімді ноталар эмиссиясын жалғастырады. Оларды шығару сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын  қолдауға, 1 жылға дейінгі мерзімдегі қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға  бағытталады.

Фундаментальді факторлар тарапынан күтілетін шамалы  инфляциялық қысым кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы тұрақтылығын  қамтамасыз ету жөнінде шаралар  қабылдайды. Банктердің  өтімділігі  деңгейінің және  оған байланысты тәуекелдердің, оның ішінде валюталық тәуекелдерің мониторингі жалғасады. Бұл операциялардың  мерзімі қысқа болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қорландыру базасын қалыптастыру кезінде  банктерді  ішкі көздерге бұдан әрі қайта бағыттауға ықпал етеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылы  «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру  қоры» АҚ-ын 11 млрд. теңгеге капиталдандыруды  ұлғайтады.

Сондай-ақ банктердің ресурстық базасын тұрақтандыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған  банктік емес қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын отандық банктердің депозиттеріне аудару туралы  мәселе  қаралады.

Ақша-кредит саясатының осы шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне инфляция бойынша белгіленген  бағдарларға жетуге мүмкіндік береді. Бұл экономиканың  тұрақты  және сапалы өсу  жағына шығуына  ықпал етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.      Банки на развиваюшихся рынках. Укрепление руководства и повышение чувствительности к переменам. 2 том/ Д.Мак Нотон и др. – М.: Финансы и статистика, 1996

2.      А..Г. Мельников “О необходимости целостной системы гарантирования вкладов ”/ Деньги и кредит, 2007