Рахымжанова Т.А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

БАНКТІҢ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

Бұл жағдайда менеджмент мақсаты: Банк жұмысын ұйымдастырудың түрлі әдістерінің жетістіктері мен кемшіліктерін қарастыру және басшылық таңдап алған банк қызметін ұйымдастырудың нақты нысанының  пайда көлеміне, тәуекел деңгейі мен операциялар тиімділігіне тигізер әсерін бағалау.

Белгілі функциялар мен операцияларды орындайтын банктің кәсіпорын ретіндегі мәні, басқару аппараты мен оның ұйымдық  құрылымдарының  қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Жылдар бойы банкілерде бір қатар ұйымдық нысандар  қалыптасып, оның әрқайсысы тұтынушылар қажет ететін  функциялар мен қызмет түріне ыңғайланған. Бүгінгі жағдайда қалыптасқан, банк типтерінің қатарына:

-әмбебаб;

-маманданған;

-инвестициялық;

-ипотекалық;

-жинақ;

-арнайы тағайындалған және тағы басқа банктерді жатқызуға болады.

Алайда, күнделікті жәй операцияларды  және басқа да өзіндік өзгешілігі бар қызметтерді көрсететін әр бір банкте, басқару блоктарының міндетті жинағы болуға тиіс. Бұлардың қатарында:  Банк Кеңесі. Басқарма. Басқарудың жалпы мәселелері. Коммерциялық қызмет. Қаржылар. Автоматтандыру. Әкімшілік.

Бірінші блокты банк құрылтайшылары қалыптастырады. Олардың саны әр түрлі болуы  мүмкін, бірақ әрқайсысының  жарғылық капиталдағы үлесі  35% аспауы керек. Банк құрылтайшылары қатарында мемлекеттік  құрылымдар және жеке заңды тұлғалар болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеде, банк меншігінің акционерлік нысаны  көп тараған, мұнда құрылтайшылар мен акционерлер ретінде әртүрлі меншік нысандарын   иеленетін жеке  және заңды тұлғалар  көрінеді.

Басқарудың  негізгі  органы банк акционерлерінің жиналысы, ол банк  қызметінде  келесі стратегиялық  міндеттерді  орындайды: банктің ашылуы туралы және қорларының  қалыптасуына қатысты шешімдерді  қабылдау, банк жарғысын  және шығындарды жабу мен тапқан пайданың қолдану жолдарын анықтау, банк жұмысы туралы  есепті бекіту.

Банк жұмысын басқару, сондай-ақ банк  Басқармасы және Тексеру комиссиясының жұмыстарын қадағалау мен бақылау үшін, акционерлер жиналысы, белгіленген мерзімде өкілеттілік жүргізетін банк Кеңесін  сайлайды. Сондай-ақ, банк акционерлерінің жалпы жиналысы Кеңес мүшелерінің санын анықтайды. Кеңес мүшелері көп дауыспен банк  Кеңесінің  төрағасы  мен  оның орынбасарларын  тағайындайды, бірақ Кеңес мүшелері бір мезгілде Тексеру комиссиясының немесе Басқарма  мүшелері  қатарында болмауы шарт.

Банк Кеңесі  басқару және банктің даму міндеттерін орындай отырып, жыл  ішінде кемінде бір ретт мәжіліске жиналады.

Банк Кеңесі: банк саясатының бағытын  және нақты экономикалық жағдайға, дивиденттер мен пайыздық  мөлшерлемелер көлеміне байланысты операциялар  шеңберінің  кеңеюін  анықтайды; банк Басқармасы мен Тексеру  комиссиясының жұмыстарына  бақылау  жүргізеді; банк  өкілдіктері  мен  филиалдарының  ашылу мәселелерін  шешеді; банк жүргізетін кредиттік және инвестициялық саясаттың орындалуына бақылау жүргізеді; банк төрағасын, оның орынбасарларын және басқада басқарушы тұлғаларды тағайындайды; жұмыс жүргізетін комитеттерді бекітіп, олардың мүшелерін сайлайды.

Кеңес мүшелері, банк қызметін реттейтін заң актілерінің бұзылғаны және банк жарғысымен қарастырылмаған операциялардың орындалғаны  үшін, сондай-ақ тиімсіз шешімдер қабылдану нәтижесінде шығындардың туындауына  жауапкершілікте болады.

Банк басқармасы (екінші блок) банк қызметінің стратегиялық бағыттарын бекітуге  және жалпы басқару жұмыстарына жауапты. Басқарма құрамына банктің ірі бөлімшелерінің жоғарғы басшылары және осы кредиттік мекемені толық немесе жартылай иеленетін тұлғалар кіреді.

Банк басқармасы төрағасының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі банк жарғысымен бекітіледі.

Банк басқармасының төрағасы: банк  атынан сөз жүргізуге өкілетті; банкті басқаратын жоғарғы органның шешімдерін қабылдап, сол шешімдердің орындалуын қадағалайды; банк ұжымын ұйымдастырып, басқарады; банкті басқаратын орган алдында банк жұмысының заңдылығына жауап береді.

Банк Кеңесі (басқармасы) жанынан екі комитет құрылады: Кредиттік және Тексеру.

Кредиттік комитеттің функцияларына жататындар: банктің кредиттік саясатын, тартылатын қаражаттар құрылымы мен  оларды тиімді орналастыру бағыттарын қарастыру; сенімгерлік (трасталық) операцияларды жүргізу мен қорларды инвестиялауға байланысты мәселелерді қарастыру; банктің жеке бөлімшелерінің қызметін бақылау.

Тексеру комитетінің құрамы акционерлердің жалпы жиналысында тағайындалады. Банк Кеңесінің мүшелері және банктің штаттық қызметіндегі басқа тұлғалар Тексеру комитетінің құрамына сайланбайды. Тексеру комитеті –  банктің бақылау жұмысының қалыптасуын, касса  мен мүлік жағдайын  және жыл ішінде жүргізілетін валюталық, есеп-айырысу, кредиттік операциялардың банк қызметін реттейтін заң актілеріне сай орындалуын қадағалап отырады.

Үшінші блоктың жұмысы – банк қызметін жоспарлау мен  болжауды ұйымдастыру, банк қызметінің (активтер сапасы, капитал жеткіліктігі, өтімділік және тағы басқадай) негізгі бағыттары бойынша  Ұлттық банктің талаптарын орындау, басқару әдістемесін тағайындау (методологиясын).  Бұл блоктың мәселелері экономикалық-жоспарлау басқармасы шеңберін- де шешіледі.

Төртінші блок – әртүрлі банк қызметтерін ұйымдастыруды қамтиды (несиелендіру, инвестициялау, валюталық, трасстық және басқа да активті операцияларға қатысты). Бұл блокқа кіретіндер: кредитті басқару бөлімі, опциондық басқару, бағалы қағаздар мен операцияларды басқару және т.б.

Кредиттік басқару – кредиттік қоржынның қалыптасуына, пайдаланарман-дарды  несиелендіруге, несиелердің қамтамасыз етілуін және филиалдардың кредиттік қызметін бақылауға, кредиттік операцияларды талдау мен оларды әдістемелік құжаттармен қамтуға қатысты барлық жұмыстарды іске асырады.

Қаржылық блокқа: бухгалтерия; табыстар мен шығыстардың есебін дайындайтын касса; ішкі банкілік есеп айырысу және корреспонденттік қатынастар бөлімшелері, сондай-ақ коммерциялық кәсіпорын ретінде банктің өз қызметінің есебі кіреді.

Алтыншы блок ақша ағымдары бойынша мәліметтердің электронды өңделуін қамтамасыз ететін, техникалық блок (несиелендіру, есеп айрысу және басқа да операциялар).

Кадрларды жинақтау, жұмыс орындарына қажетті кандидаттарды таңдау, қызметке қабылдау, қызметтен шығару, қызмет сатысының  өсуіне қатысты және басқа да жұмыстарды кадрлар бөлімі, яғни  жетінші (әкімшілік блогі) блок  қамтиды. Бұл блокқа, сондай-ақ канцелярия, секретариат және әкімшіліктің шаруашылық  бөлімін жатқызуға болады.

Банкті ұйымдастыру қағидаттары. Банкті ұйымдастырудың негізгі қағидаларына жататындар:

- банктерді  орындайтын қызметтеріне сәйкес құру;

- ұйымдастыру буындары және билік өкілеттілігі  бойынша сатылар (иерархия);

- банк қызметінің қойылған мақсаттарға сәйкес болу қағидасы;

- бірлескен және үйлестірілген іс-әрекеттерді, басқаруды рационализациялау;

- банк қызметінің қоршаған орта талаптарына толық сәйкес болу қағидасы;

- персонал қызметін регламенттеу;

- жедел және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз етілу.

Банкті ұйымдастыру қағидалары бұл банкке  тән функциялар мен операциялардың орындалуы үшін алғы шарттарды құратын, банк жұмысының бастапқы ұйымдастыру жағдайлары.

Негізгі функционалдық қағида дегеніміз, банктің ұйымдық құрылымының, банк қызметінің нақты бағытына және көрсететін қызметтерінің көлемі мен түрлеріне сәйкес, қалыптасуын білдіреді. Сондықтан, банк операциялары мен  фун-циялары және олардың масштаб-тары банк басқару жүйесінің құрылуын  негіздейді.

Банк бөлімшелері бойынша, билік өкілеттілігінің сатысы биліктің екі буынын қарастырады. Олардың бірінші буына, Кеңес пен Басқарманы, Тексеру комиссиясын, Кредит комитетін жатқызуға болады. Екінші буынға,  жалпы банк ісіне және пайдаланармандарға  қызмет ететін  бөлімдер  жатады. Банк қызметінің басқармасы, банк операцияларының  функционалды белгіленген бағыттары бойынша, жіктелуін есепке ала құрылады:

1.                     Банк қызметін болжау  (жоспарлауды) басқармасы, банк қызметінің негізгі қағидаларын (өтімділік, пайдалылық және сенімділік)  қамту мақсатында, банктің басқару функцияларын жүзеге асырады;

2.                     Кредиттік  басқарма, әртүрлі кредиттік операциялардың орындалу негізі  болып саналатын несие қорының қалыптасуын, берілетін несиелердің функ-цияларын, қолдану аясын және оларды қамсыздандыруды қамтамасыз етеді;

3.                     Коммерциялық банк қызметінде маңызды орын алатын валюта басқармасының негізгі функциялары: валюта жайғасымы мен валюталық шоттарға басшылық ету; валюталарды сату және сатып алу; салымдарға қаражаттарды қабылдау және несие беру; тәуекелділіктерді қамсыздандыру.

4.                     Депозиттік операцияларды басқару бөлімі, банктің меншікті капиталы мен  тартылған қаражаттарын талдауға және олардың есебін жүргізуге  арналған. Бөлім функциялары: банктің депозиттік қаражаттары-ның, мерзімдері және жеке депозиттері бойынша есебін жүргізу; банк ресур-стары және олардың банк балансының өтімділігіне тигізер әсерін бағалау мақ-сатында депозиттік қаражаттарды, олардың құрылымы мен даму динамикасын талдау; банк ресурстарын жоспарлауға қажетті, ақпаратты ұсыну.

5.                     Есеп айырысу-кассалық қызмет басқармасының функцияларына келесілер жатады: есеп айырысуға қажетті шоттарды ашу және оларға басшылық ету; кассалық операцияларды жүргізу.

6.                     Талдау және статистика басқармасы келесілерді қарастырады: статистика-лық ақпаратты жинақтау мен талдауды; банк қызметі туралы есептерді, жоспарлар болжамын дайындауды; банк балансының статистикалық өңделуін; пайдаланармандарға ақпаратты-анықтамалық қызмет көрсетуді.

7.                     Маркетинг басқармасы, оның функцияларына жататындар: рыноктық конъ-юнктураны зерттеу; банк қызметтерінің жаңа түрлерін әзірлеу және еңгізу;

8.                     Клиенттері мен әріптестеріне қатысты іскерлік байланыстарды орнату.

9.                     Банк филиалдарының басқармасы келесілерді қарастырады: филиалдардың қызметтеріне басшылық жасау; жүргізілетін банк саясатының дұрыс болуын қадағалау және банк жұмысы тиімділігінің жоғарылауын қамту.

10.                 Қойылған мақсаттарға сай келу қағидасы, банктің негізгі міндеті пайда табуға бағыттап жалпы банк қызметін ұйымдастыруды қарастырады. Сондықтан, банктің ұйымдық құрылымы, барлық қызмет бөлімшелерінің  жұмысын үйлестіріп, дұрыс жүргізілуін  қамтамасыз етеді. Банктің ұйымдастыру қағидаларының қатарына, басқаруды парасаттау да (рационализациялау) жатады. Ол нарықты зерттеу, өндіріс шығындарын қысқарту және көрсетілетін қызмет түрлерінің кеңейюі бағытында банктің мақсатты дамуын қарастырады.

Банк  құрылымының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Банктің ұйымдық нысаны оның функцияларымен негізделген, өйткені  банктер ұйымдық құрылымы тұрғысынан алда тұрған міндеттерді максималды тиімді  орындауға бағытталып құрылады. Әрине, ірі банктер әр түрлі көптеген  функцияларды іске асырып, банк қызметінің кең спектрін игеруді көздейді. Сондықтан, банк көлемі оның ұйымдық құрылымын анықтауда басты фактор болып табылады. Банктің ұйымдық құрылымын және оның қызметінің  тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер қатарына, жоғарыда аталған, банк көлемі және функцияларымен  тең жүретін басқада біраз факторларды жатқызуға болады: банк персоналының сапа және сан жағынан қажетті көлемін, қызмет бағытын, шығындарды үнемдеу есебін және персоналдың жұмысбастылығын. Банктердің қызметіне мемлекеттік реттеу жүргізу, олардың ұйымдық құрылым нысанының және  көптеген қажеттіліктерінің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.