Экономические науки/Финансовые отношения

Жакупова Т., Шарафиденова Г.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай  мемлекеттік университеті

 «Қаржы» мамандығының 2 курс студенттері

Кужукеева К.М.

«Қаржы және банк ісі» кафедрасының аға оқытушысы

 

Қазақстандағы микрокредиттеудің қазіргі жағдайы

 

         Қазіргі таңда, Қазақстанда микрокредиттеу жүйесіне маңызды назар аударылады, ҚР Президентінің жолдауларында микрокредиттік ұйымдардың рөлі, сонымен қатар микрокредиттік жүйенің рөлі бірнеше рет белгіленді.

         Қазақстанның микрокредиттеу жүйесі өткен ғасырдың 90-шы жылдардың басында  қалыптаса бастады. Осы уақытқа дейін микрокредиттеудің сан алуан бағдарламалары іске асырылды. Көп жағдайда микрокредиттеу халықаралық ұйымдар мен ҚР-ң Үкіметімен басталып, жүзеге асырылды. 1994 жылы  Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің негізінде Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдаудың мемлекеттік қаржы қоры (қазіргі АҚ «ауыл шаруашылығын қолдаудың қаржы қоры») құрылды, ауыл шаруашылығын микрокредиттеудің мемлекеттік бағдарламасының негізгі операторы болды және қазіргі күнге дейін сәтті қызмет етуде.

         2012 жылдың қарашасында мемлекет басшысымен «микроқаржыландыру ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жазылды, оның негізгі бағыты микрокредиттеу механизмін дамыту мен микрокредиттердің қайтарылу дәңгейін бақылау. Көрсетілген заң бойынша, микроқаржыландыру ұйымдарының (МҚҰ) қызметтеріне маңызды өзгертулер енгізіледі. МҚҰ қызметіне бақылау мен қадағалау ҚР-ң Ұлттық Банкіне жүктелген.

         ҚР-ң статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша, 2014-ші жылдың 1 қаңтарынан 1780 микрокредиттік ұйымдар тіркелген, солардың ішінде 1173 ғана жұмыс істейді. Барлық белсенді жұмыс істейтін микрокредиттік ұйымдардың саны 721 [1]. 1 суретте тіркелген МКҰ-ң саны көрсетілген, соның ішінде жұмыс істейтіндері.

1 сурет. 2005-2014 жылдар аралығындағы Қазақстандағы МКҰ-ң саны

 

         Елдің аграрлы секторында микрокредиттік жүйенің дамуы үлкен орынға ие. Микрокредиттеу бағдарламасының негізгі операторы болып АҚ «ауыл шаруашылығын қолдаудың қаржы қоры» табылады. Оның негізгі мақсаты, ауыл шаруашығына және микрокредиттік ұйымдарға несие беру, сонымен қатар өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру қызметін мемлекеттік Агенттік орындайды.

         Соңғы жылдары Инвестициялық қордан ауыл шаруашылығына жалпы сомасы 14,8 млрд теңге мөлшерінде 62930 микрокредит берілді. Ол келесі қызмет түрлеріне берілді: мал шаруашылығы дамуына – 13391,5 млн теңге көлемінде 57157 микрокредит, өсімдік шаруашылығына – 717,6 млн теңге көлемінде 3763 микрокредит, басқа да бизнес түрлеріне – 693,8 млн теңге көлемінде 2010 микрокредит берілді.

         2011 жылы АҚ «ауыл шаруашылығын қолдаудың қаржы қоры» «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты шағын және орта шаруашылықтың жағдайын, жергілікті малдарды  дамыту. Бағдарлама бойынша 2000 млн теңге көлемінде 334 жобаны қаржыландырды (2011 жылдың 1 қаңтардың мәліметі).

         2012 жылы республикалық бюджет қаражатынан «Сыбаға» бағдарламасын несиелендіруге 3000 млн теңге бөлінді. Осылайша, жалпы бағдарламаға 4351,8 млн.теңгеге 725 жоба қаржыландырылды, соның есебі бойынша 26290 ірі қара бас және 683 бұқа қарызгерлермен алынды.  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының облыстары сатып алынған ірі қара бастардың саны көрсеткіш бойынша және оның өсу қарқыны көрсетілген.  [2]

Микрокредит сектор дамуының кейбір мәселелерін атап кетуге болады. Сектордың бәсекелестік мәселесі. Қазіргі нарықта микрокредиттік стандар және сапалы қызмет көрсету бойынша  ірі ұйымдар қызмет етеді.   

Шағын және орта МҚҰ үшін көкейкесті мәселелері қосымша несиелік ресурстарды тарту, өз қызметкерлерінің квалификацияларын жоғарылату, микрокредиттеуді ұлғайту.

Қазақстанда микрокредиттік сектор меемлекетпен реттелгендіктен, МҚҰң сапалы өсуін қадағалау керек. Мемлекеттік реттеу өзіне келесіні қосу керек: мемлекеттік органның тарапынан МҚҰ қызметін бақылау және есеп беру. Мемлекеттік бақылау сектордағы бәсекелестікті жоғарлатуға және микрокредиттік сектордың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жалпы, Қазақстандағы микрокредиттік жүйе қарқынды өсу жағдайында. Сондай ақ, Қазақстанда мемлекеттің шағын және орта бизнесінің дамуына оның үлкен перспективалары бар.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.                 Қазақстандағы МКҰ-ң даму динамикасы: [Электрондық ресурс] URL:http // www.amfok.kz

2.                 АҚ «ауыл шаруашылығын қолдаудың қаржы қоры» мәліметі: [Электрондық ресурс]: URL:http: www.fad.kz / node /301

3.                 Байганов А. Т. Микрокредитование в Казахстане:История становления и современное состояние//АльПари 2012 ж. №4, Алматы қ.