Современные информационные технологии/ 2.Вычислительная техника и программирование

Нурсултанов Н.C

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық  университеті 2-курс магистранты, Алматы қ.

 2014 жылдың 10 ең үлкен тегін бұлттық мәліметтер қоймасы  

1 орын - Mail.ru бұлты. Ең жоғары көлем.

           Бұл жылы Mail.ru Group Интернетті пайдаланушыларға іс жүзінде біртума мүмкіндік: тегін бұлттық мәліметтер қоймасында 100 гигабайт алу мүмкіндігін берді! Mail.ru Бұлтында қазіргі заманғы бұлттық қойманың барлық мүмкіндіктері: жедел әрекет ететін клиенттер, Web-ке ену мүмкіндігі және өзгелері бар.     

2 орын - Mega бұлттық қоймасы. 50 Гбайт.

        MEGA Encrypted Global Access компаниясы өзінің бұлттық қоймасын бета-тесттеуді әжептәуір баяғыдан бері жүргізіп келе жатыр және оны барлық ниет еткен адамдарға салыстырмалы түрде жуырда ашты.

Mega бұлттық мәліметтер қоймасының екі негізгі артықшылығы бар:

 1. Тіркелген пайдаланушыға бұлттық кеңістіктің бірден 50 Гбайты беріледі.

 2. Бұл бұлттық қойманың бағдарлама-клиенті мәліметтердің тікелей Сіздің қондырғыңызда сенімді шифрлануын жүргізеді және «бұлтқа» шифрланып та қойылған мәліметтерді береді. Осылайша, Mega Сіздің бұлтқа қандай файлдар салғаныңыз жайлы бейхабар болады.

3 орын - MediaFire бұлттық мәліметтер қоймасы.

          Шын мәнісінде MediaFire -  бұл көбірек қазіргі заманғы DropBox. Қалыпты бұлттық мәліметтер қоймасының барлық қажетті атрибуттары бар.

         Негізгі айырмашылығы:  бірден 10 Гбайт береді және айтарлықтай жеңіл жолмен тағы да 8 Гбайт алуыңызға болады. Классикалық алгоритм пайдаланылады: Windows орнатқаны және жылдам әрекет ететін клиенттер үшін, әлеуметтік желілердегі сілтемелер және т.с. үшін қосымша орын беріледі.

         Тағы 32 Гб дейінгі орынды рефералдық бағдарлама бойынша алуға болады. Оларға Сіздің рефералдық сілтемеңіз бойынша келген әрбір клиент үшін 1 Гбайттан беріледі.

4 орын -  SkyDrive бұлттық мәліметтер қоймасы. Арнайы Windows 8-ге арналған.

Бұл Microsoft корпорациясынан бұлттық мәліметтер қоймасы.  Сондықтан оның негізгі артықшылығы – бұл корпорация өндірген операциялық жүйелермен және олардың кейбір бағдарламаларымен тығыз интеграциясы.

Әсіресе, бұл айтылғанның Windows 8 және 8.1, Office 2013, сондай-ақ Office 365 және  Outlook.com. тәрізді жаңа өнімдерге қатысы бар.

Windows 8 және 8.1 лицензияларының иегерлері SkyDrive-та бірден 25 Гб алады. Қалғандарға анағұрлым азырақ - 7 Гбайт беріледі.

5 орын - бұлттық мәліметтер қоймасы Copy.

Copy Бұлттық мәліметтер қоймасы - бұл іс жүзінде барлық қажетті функционалы бар классикалық "бұлт". Барлық қажетті платформалар қолдау тауып отырады, сондай-ақ Сіздің файлдарыңызды AES 256 сенімді алгоритмі бойынша «қас-қағым сәтте» шифрлау мүмкіндігі бар. Бұлттық дискілік кеңістіктің бірден 15 Гбайты беріледі, мұның өзі-ақ әжептәуір жаман емес. Сондай-ақ Copy бұлттық қоймасында өте қызықты рефералдық бағдарлама бар.

Істің мәнісі, рефералдық сілтемені шерткен кезде 500 Мбайт немесе 1 Гбайт қосымша дискілік кеңістік емес, бірден 5 Гбайт берілетіндігінде болып отыр! Бұл Сіздің «бұлтыңызға» өте бір керемет қосымша емес пе.

Әрі бұл да барлығының соңы емес! Дәл осындай 5 Гбайт осы рефералдық сілтемені басқанға да беріледі. Алдымен осындай сілтемені басу, содан кейін олардың сайтында тіркелу, бағдарлама-клиенттердің бірін жүктеп алу және орнату қажет. Осымен іс бітті, Сізде енді 15 Гбайттың орнына бастапқы 20 Гбайт бар дей беріңіз.

 

6 орын - 4Sync бұлттық мәліметтер қоймасы .

4Sync бұлттық мәліметтер қоймасы  - бұл тағы бір классикалық, көпшілік пайдаланушыларға онша таныс емес "бұлт".

Алып отырған орны пайдаланушыға мейлінше ыңғайлы, қарапайым бұлттық мәліметтер қоймасы ретінде анықталады. Шындығына келгенде, бәрі дәл осылай. Интерфейстер интуиция деңгейінде түсінікті. Барлық қажетті функционал бар, өз файлдарыңызды бөлісуге және файлдарды синхрондандыру үшін Windows-ты және жедел әрекетті клиенттерді пайдалануға болады. Әрі тек міндетті iOS және Adnroid қана емес, Symbian және Blackberry де қолдау алып отырады.

4Sync  - бұл әбден қалыпты және тұрақты жұмыс істейтін бұлттық мәліметтер қоймасы. Бірден 15 Гбайт беріледі, қалған кеңейтілуі – ақшаға жасалады.

7 орын - Google Диск.

Google Диск атауынан келіп шығатынындай  - бұл Google компаниясынан бұлттық мәліметтер қоймасы. Бұл түсінікті іс, оның негізгі артықшылығы - Google компаниясының Gmail және Docs тәрізді онлайн-өнімдерімен тығыз интеграциясы. Офлайн режим, файлдарға енуді шектеу, Android және iOS үшін жедел әрекетті клиенттер, сондай-ақ басқа да қызықты функциялары бар. Google компаниясынан "бұлттың" көлемі - 15 Гбайт.

8 орын - Яндекс Диск.

Біздің отандық Яндекс компаниясының өзінің бұлттық мәліметтер қоймасы – Яндекс Диск бар. Былайша айтқанда, Google Дискінің отандық, бірақ Яндекстің өзге өнімдерімен біріккен аналогы.

Алдымен бар болғаны 3 Гбайт береді, бірақ қарапайым әрекеттермен осы бұлттың көлемін 10 Гбайтқа дейін кеңейтуге болады. Одан әрі ақша төлеп кеңею мүмкін болады.

Сондай-ақ, рефералдық бағдарлама бар. Жаңа клиенттерді тарта отырып, олардың әрқайсысы үшін 0,5 Гбайт алатын боласыз және (назар аударыңыз!) осы Сіз тартқан клиент 1 Гбайт қосымша орын алады! Copy-дегідей тиімді емес, бірақ сонда да, жаман емес.

9 орын - Dropbox бұлттық қоймасы.

Dropbox бұлттық мәліметтер қоймасы бағытының негізін қалаушы болып табылады.  DropBox бастапқыда бар болғаны 2 Гбайт береді, тағы 1 қосымша Гбайтты айтарлықтай жеңіл алуға болады. Қалғаны әлде ақшаға, әлде рефералдық бағдарлама бойынша. Егер жаңа пайдаланушы рефералдық сілтеме бойынша келген болса, тіркелсе және олардың бағдарлама-клиентін орнатқан болса, онда ол және Сіз 0,5 Гбайттан қосымша орын аласыздар. Осылайша 16 Гбайтқа дейін кеңеюге болады.

10 орын - барлық қалғандары.

Басқа да бұлттық мәліметтер қоймалары бар, бірақ олардың барлығы өздерінің пайдаланушыларына айтарлықтай аз орын береді және «бұлттарды» пайдаланудың кейбір варианттары үшін әншейін жарамайды.

Мысалға, Wuala (5 Гбайт) немесе SugarSync (5 Гбайт + рефералдық бағдарлама).

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер :

http://windows.microsoft.com/ru-ru/windows/home

http://ru.wikipedia.org/wiki