Сакенова Л.Т., Жолдыбаев Н.М.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ

 

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе

 

Қазіргі таңда кез келген мекеменінің ақпараттық жүйесін коммуникация көмегімен автоматты түрде жүргізу кең етек жайып, әр саланы қамти отыра, жанжақты қарқынды дамуда, өйткені олар дүние жүзіндегі технологиялық және әлеуметтік өзгерістер мен қатарласа дамиды. Мекемелердің мәліметтер қорын біріңғай электронды бір жүйеде сақтау үшін автоматтандырылған ақпараттар жоғары жылдамдықпен өсуде, сондықтан бағдарламалық қамтамасыз етудің жетекшілеріүлкен ауқымды деректерді сақтау үшін жаңа әдістерді өндіруге мәжбүр болады.

Мекеменің автоматтандырылған ақпараттық технологиясын қалыптастыру, ұйымдастыру, өңдеу, тарату және сәйкес құрылымдық бөлімшелермен немесе жетекшілермен пайдалану мақсатында ақпаратты түрлендіру процедураларының жүйесін ұсынады [1].

Кез келген автоматтандырылған ақпараттық технология нақты бір пайдаланушының сұранысына байланысты шешім қабылдау үшін аналитикалық ақпаратты дайындау, басқару қызметкерлері орындайтын күрделі операцияларды автоматтандыруды қамтамасыз ету арқылы ақпаратты қалыптастыруға, жинауға, жіберуге, сақтауға және өңдеуге бағытталған [2].

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған бағдарламалық және техникалық құралдар кешені болып табылады.

Ақпараттық жүйенің құрылымын ішкі жүйелер деп аталатын жекеленген бөліктер құрайды. Қолдану саласына тәуелсіз ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын ішкі жүйенің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Ақпарат ағымдарының схемасын жасау ақпараттың қозғалыс маршруттарын сипаттайды. Осындай схемаларды талдау нәтижесінде басқару жүйесін толығымен жетілдірудің іс шараларын жасап шығаруға болады. Ақпараттың көлемін анықтау және оны бөлшектеп талдау мүмкіндіктерін беретін ақпараттық ағымдардың схемалары қайталанатын және қолданылмайтын ақпаратты жоюды ақпаратты тиімді түрде сипаттау және жіктеуді қамсыздандырады. Сонымен қатар ақпараттың басқару деңгейлеріне сәйкес өзара байланыс қозғалысын қарастырған жөн. Ақпараттық логикалық модель деректер қорын жасаудың негізі болып табылады (1-сурет).

 

1-    сурет. Бағдарламаның логикалық құрлымы.

 

Пайдаланылған әдебиетттер:

1              Желокник Н.Т., «Информационные системы в управлении». 2001. – 23 с.;

2              Мусин А.Б., Ахтанова С.Р. «Ақпаратты автоматтандыру». 2000. 22 – 24 б.;