История/2.Общая история

Таутанова Б.Ғ., «Тарих» мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Ералина А.Е., аға оқытушы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Тәуелсіздік жылдарындағы Қостанай өңірінің оқу-ағарту ісі.

    1992 жылы Қазақстанның «Білім беру туралы» Заңды қабылданып, мектеп жасындағы барлық балалардың міндетті және тегін орта білім алуы заңды түрде бекітілді. 1993ж. Ақтөбе қаласында өткен республикалық мұғалімдер съезі қазақстандық мұғалімдерді мектептен өктем уағызшылдық тұлғаны бағдар еткен педагогоикалық процесс қалыптастыруға шақырды. Мұндай шаралар мектепке дейінгі тәрбие, орта кәсіптік – техникалық, жоғары білім беру секілді халыққа білім берудің басқа салаларында да жүргізілді. Алайда ол салалардағы шараларды жүзеге асыру кезінде де жалпы орта білім беру мәселелері қарастырылған.

   «Білім беру туралы» Заң бұрынғы заң актілеріне тән білім берудегі мемлекеттік монополия, бұл саладағы басқаруды шектен тыс орталықтан дыру, шектен тыс уағызшылдық пен идеологияландыру, оқу орындарының қызметіне шек қою, қаржыландыру мәселесінде тек мемлекеттік бюджетке ғана арқа сүйеу секілді сипаттардан арылды.«Білім беру туралы» Заңдағы ілгершіл идеялар 1995 ж. «Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күші бар Президент Жарлықтарында, білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында одан әрі дамытылды. Республикалық сәуір кеңесінде (1995), Қазақстан Республикасы білім қызметкерлерінің І- съезінде (1998), Үкіметтің бірқатар қаулыларында нақты шаралар белгіленді.

   « Білім беру туралы» Заң бойынша, жалпы орта білім- білім беру жүйесіндегі негізгі буын саналып, жалпы білім беретін мектеп бастауыш, негізгі және жоғары саты деп аталатын үш сатыдан тұратын болды. 1995 ж. Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бірдей міндетті әрі тегін орта білім беру бағыты жарияланды. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» жаңа Заңында да (1999 ж. Маусымда қабылданған) бұрынғыдай жалпы білім беретін мектептің бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар) деп аталатын үш сатысы бекітілді. Орта (толық) білім алудың әр түрлі жолдары айқындалды. Орта білім жалпы білім беретін (күндізгі, кешкі) және кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждер арқылы берілетін болды. Соңғы екеуінде оқушы кәсіби мамандық алумен қатар мектептің жоғары сатысының бағдарламасы бойынша оқуды аяқтайды.

 

    1991-1992 жылдары Қостанай облысында 896 жалпы білім беретін мектеп болды. Күндізгі жалпы білім беретін мектептерде оқушылар саны осы жылдары 221,8 мың адам болды. 1993-1994 жылдары мектеп саны 905-тен 918-ге өсіп, 1996-2001 жылдары мектеп саны қайтадан азайған бұл жылдары саны 789-767 болған.

   2011 жылдың қыркүйектің басында  жағдай бойынша облыста 587 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеп тұр, 2009 жылғы көрсеткіштен 18 бірлікке кем, олардың 86-сы (14,7%) қалалық жерде орналасқан, 501 (85,3%) – ауылдық жерлерде. Жұмыс істеп тұрған күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 582-сі (99,1%) мемлекеттік болып табылады, 2009 жылмен салыстырғанда олардың саны 19 (0,2%) бірлікке қысқарды. Халық санының азаюына байланысты жəне кейбір елді мекендерде оқушылардың болмауын байланысты бастауыш мектептер жабылды, негізгі жəне орта мектептер қайта ұйымдастырылды.

   Облыста жеке меншік мектептер саны 5 бірлікті құрайды. 2009 жылмен салыстырғанда олардың саны 1 бірлікке артты, ал контингенті 73 оқушыға артып, 275 оқушыны құрады.2011 жылы күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 101377 адамды құрады (жеке мектептерді қоса санағанда), 2009 жылғы контингентпен салыстырғанда бұл 5449 адамға кем. Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар контингенті99,8%-құрады, олардың 44,9% – қалалық оқушылар жəне 55,1% ауылдық.

  2011 жылы дəл осы уақытта бірінші сыныпқа 4279 бала түсті, бұл 2009 жылғы контингенттен 459 адамға кем, ал 2010 жылғы көрсеткіштен 1340 адамға.

   11097 оқушының ішінде 2010-2011 оқу жылы 9-сыныпты аяқтап, негізгі мектепті аяқтағандығы туралы куəлік алғандардың 47,9-ы  күндізгі жалпы білім беретін ұйымдарда жалғастырды (2009 ж. – 51,3%), оқушылардың 47,9% (2009 ж. – 46,9%) облыстың техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында оқуын жалғастырды (бұдан əрі – Т жəне КББ), осының өзі 9-сынып түлектерінің Т жəне КББ ұйымдарын таңдау үлесі артып келе жатқанын, демек, мектептерде насихат жұмыстарының жақсы жүріп жатқанын, жəне оқушыларды жоғары оқу білім берудің жоғары деңгейіне сапалы іріктеу жасалатынын білдіреді. Ал 11 жалпы орта білім берудің жоғары деңгейін аяқтаған түлектер көбіне ЖОО-на түсуге бағытталғаны мəлім.

Облыстың жалпы орта білім беру құрылымында күндізгі жалпы білім беретін ұйымдар бастауыш, негізгі жəне орта білім беретін мектептер түрінде ұсынылған..