История/2.Общая
история
Ералина А.Е.,аға оқытушы
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Ыбырай Алтынсарин және Торғай
өлкесіндегі оқу-ағарту ісінің дамуы (ХІХ
ғасырдың екінші жартысы).
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан
мектептерде білім беру жүйесі жалпы Ресейлік ағарту ісіне мейлінше
жақын еді және әртүрлі нұсқаулар
арқылы үкімет империяның орталық аудандарындағы
білім беру үрдісін ұлттық аймақтарға
орыстық мүддеге сай ету мақсат тұтты.Торғай
облысындағы қазақ және басқа тілдерде білім
беретін оқу орындары Орынбор оқу округіне бағындырылды.
1879 жылы Ы.Алтынсарин Торғай облысындағы мектептердің
инспекторлығына тағайындалады. Далалық облыстарды
басқару жөніндегі «Уақытша ереже» бойынша Елек (Илецк)
Қостанай (Николаевск),
Ырғыз, Торғай уездерін сонымен қатар, Орынбор
өңірінің бірқатар жерін алып жатқан әртүрлі
буындағы оқу орындарының жұмысын ұйымдастыру
оңайға түспеді. Оның үстіне инспектордың
облыстық губернаторға тікелей тәуелділігі, инспекторлық
қызметіне шек қойғандығы біраз қиындықтар
келтірді. Оның халық сауатын ашудағы ағартушылық
қызметі губернатор назарында болып, көп істеріне шек қойылды.
Осыған қарамастан өзіне тиеселі қызметті
қалыптасқан саяси, қоғамдық жағдайға
сәйкес пайдалана білген Ы.Алтынсарин басты арманы қазақ
жастарын білімге тарту болды. Н.И.Ильминскийдің айтуынша Алтынсарин
үшін білімнің мақсаты қазақ қоғамына
орыс тілі мен орыс сауатын енгізу болды. Ы.Алтынсарин
«қазақтарға дұрысырақ басқа жол
бастауға болатындығын, олардың ортасында
ұйымдастырылған орыс-қырғыз училищелері тек жұмыс
істесе екен деп армандаған. Солай қызмет істеді» деп жазды. [1].
Патша өкіметінің халыққа білім беру
саласындағы отаршылдық саясаты жағдайында ағартушылық
қызметін жандандырған Ыбырай қазақ ауылдарын аралап,
өз көзімен көрген ол халық түзетуге күш
салды. Әйтесе де, сауаттылықты алға бастыруда қаражат
жетіспеді. Бұл кемшілігін тек қана Алтынсариннің күш
салуымен аз да болса 80 жылдар басында шешіле бастады. Оның
сұранысы бойынша: 1883 жылдың күзінде болыстық
мектептерді ұйымдастыруға халықтан жиналатын қаржы
әр киіз үйден 1 рубльге өсірілді. Бұл сомма
тұрмысы төмен Ырғыз уезінде ғана 50 тиын болды.
Педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты мәселе
де шешіле бастады. 1886 жылы мамырда 9 боз бала Орск мұғалімдер
мектебін бітірді. Оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін 1885
жылдың өзінде ақ болыстық мектептер салуға
тырысты. Орынбор оқу округінің басшысы В.Михайлов пен миссионер
В.Катаринскийдің мойындауларынша : «мындай мәселелердің
шешілуі қырғыздар арасында орыс білімін көбірек тарату
қажеттілігі түрткі болды» делінген [2].
Қазақ ауылдарының шаруашылық әлеуметтік
өмірінде капиталистік құбылыстардың біртіндеп орын ала
бастауы, өндіргіш күштерді, табиғат байлықтарын
игеретін мамандар әзірлеуді талап етті.Сондықтан ағартушы
жергілікті жастар арасынан қолөнер, ауылшаруашылық және
басқа да мамандықтар бойынша білгір адамдар даярлауды
қолға алды. Ы.Алтынсарин өсиетінде өзіне қарасты
жерді Торғай қаласындағы ауыл шаруашылығы
саласындағы қолөнер училищесіне берудегі мақсатыда осы
еді.
Алтынсарин
болыстық мектептер мен училищелерді салу жобасын жасағанда
қазақтардың шаруашылық тұрмыстық
жағдайларын есептеп отырды. Мектептер жанынан интернат
ашуға көп күш салған оның бұл қызметі
В.Михайловтың облыс әскери-губернаторына жолдаған 1886
жылғы 13 мамырдағы хатында: «Мектеп жанындағы интернатты жыл
сайын қамтамасыз ету сметасын жасаған Алтынсариннің ойынша
Қырғыз халқының тұрмыстық жағдайына
байланысты ондағы, көрсетілген еспетеулер өте қажет
әйтпесе, мектептер оқушыларсыз болады», деп баяндайды [3].
Алтынсарин
ол мектептерге келетін
педагогикалық кадрларды тиімді
пайдалану үшін, мектептерді бірнеше болыс балалаларын оқитындай
етіп бірнеше болыстың шектескен жерінде орналастыру қажет деп
басшыларына хабарлаған. Оның бұл ойын
құптаған Николаевск уезінің басшысы облыс губернаторына
1886 жылдың 26 ақпанында: «қырғыз мектептері инспекторы
Алтынсарин мырзаның уезде болыстық мектептер салу
жөнінде ойын да және
оған жерді таңдауын да қолдайтынымды жеткізуді
құрмет санаймын»,-деп жазды [4].
Алтынсариннің
ұсынысын ескеріп, Орынбор оқу округінің Қамқоршы
кеңесі 1886 жылы Николаевск уезінде болыстық мектептерді салуды
қолайлы деп тапты.
А)
Ең алдымен Құм
және Жетіқара болыстарының арасындағы
қазақтар арасында танымал Мендіқұловтардың
қыстауына жақын Кеңшалғын деген жерде,
Ә)
Бігіттөбе (Биік төбе), Шұбар және Дамбар облыстары
арасында дәлірек айтқанда-Никольский станицасының
маңында орналасқан құрметті қырғыздар:
Құланбаев жанында
Б)
Мендіқара және 1ші Аманқарағай болыстары шектесіп
жатқан 2-ші Аманқарағай болысында ашу жоспарланды.
Ал
Торғай уезінде:
-
Батпаққара деген халық тығыз
орналасқан жерде ашу қолайлы деп табылып оған,
Жыланшық, 2ші Наурызым Сарықопа, ерте көктемнен күзге
дейін көшіп жүретін - Қызылжыңғыл болысы
тұрғындары балалары тартылады,-делінді.
-
Екінші мектеп 1 ші Наурызым болысындағы халық
тығыз орналасқан ауданды ашу жобаланды.
Ы.Алтынсарин Ырғыз уезінде тек – Қарабұтақ
фортында ашуды жеткілікті деп тапты, оның жанында екі болыс
қыстаса, ал көктемде, жаз және күзде бірнеше болыстар
көшіп жүрді. Бұл жағдайда ол «Ырғыз уезінің
қазақтары таза қырғыздың дала өмірімен
тұрып жатқанын және орыс мектептеріне жандарының
оңша ашылмайтынын ескерді [5].
Торғай
облысы жерлерінің ерекшеліктерін және
қазақтарының тұрмыстық жағдайларын ескеріп
Ы.Алтынсарин жасаған болыстық мектептерді салудың негізгі
принциптері мына міндеттерді көздеді:
А) уездік
қалаларға болыстармен бірдей мөлшерде ақша
төлейтін барлық қырғыз болыстары білім алу
құқығын қолдана алсын.
В) сауатты және
орыс тілін білетін қырғыздар мүмкіндігінше қазақ
қоғамын барлық қаумы тартылсын.
Сондықтан ол
уездік билік мектептерді орналастыратын пунттерді таңдағанда келесі
факторларды естен шығармауы керек деп есептеді. Олар :-
аймаққа халықтың қоныстану деңгейі
-
оқушылардың қыстауларының
алыстығы.
-
Лауазымды тұлғалардың орналасқан
жері
-
Ауқатты және беделді қырғыздар
ауылына жақындығы
Оқу орындарының ашылуы туралы Алтынсарин рапорттары Облыс
әскери губернатор атына бірінен соң бірі келіп жатты. 1887
жылдың қарашасының басындағы жолдау рапортында:
«Ырғыз уезінің Қарабұтақ фортында осы
қарашаның 1-ші жұлдызында салтанатты христандық
және мұсылмандық наным-сенімдерге сыйынудан кейін, уездік
басшының форт басшысының Қарабұтақ және
маңайдағы қырғыздардың қатысуымен
болыстық мектеп ашылғандығын Сіздің
Мәртебеңізге жеткізу құрметіне Иемін-деп жазды [6]. Бұдан
соң Николаев уезіндегі Обаған болысында, Торғай уезінің
Қараторғай болысында және басқаларда болыстық
мектептер ашылды. Егер 1885 жылы
облыста 6 оқу орны (3 екі сыныптық орыс-қырғыз 1
бірсыныптық, 1 қолөнер, (тіркеу мектебі) болса, ал 1887 жылы
4 екісыныптық және 8 бірсыныптық мектеп болды. [7]. Облыс мектептерін
қамтамасыз ету үшін 1885 жылы мемлекеттік қазынадан 8710
рубль бөлінсе, бұл мақсатқа халықтан
жиналған қаржы 7087 рубль 40 тиын барлығы -15797 рубль 40
тиын болды. 1887 жылы мектептерді қамтамасыз ету 24 687 рубль 40
тиын болып оның ішіндегі мемлекеттік қазына үлесі тек -8710
рубль ғана болды. Бұл жаңа мектептерді ашу және оларды
қаржыландыру жергілікті халыққа көбірек
артылатындығын білдірді. Бұл істің жалғасы бұдан
кейінгі жылдары да сақталды. Осылай Торғай облысындағы 14
орыс-қырғыз мектепте қамтамасыз ету үшін 1887
жылдың сметасы бойынша әр түрлі мемлекеттік қазынадан
-8936 рубль, қазақтардың қоғамдық
қорларынан -21753 рубль 51 тиын, қала қаржысынан – 2604 рубль
[8].
Бұл фактіні
мәлімдей отырып, облыстың әскери губернаторы Петербург
алдындағы есебінде: «Жоғарыда көрсетілген сандарды
салыстырғанда ең көп соманы білімге қырғыз
халқы бөлетіні және жалпы айтқанда, бұл іске
өте жанашырлық қатынаста екені көрінеді, бұл әсіресе,
қырғыздардың өз қыздарын оқыту үшін
қыздар мектебін ашу туралы тілегімен расталады»-деп атап көрсетті.
Ы.Алтынсариннің
осы еңбектерін бағалаған Орынбор оқу округінің
қамқоршысы Михайлов Торғай облысының әскери
губернаторына: «Табиғи қырғыз ретінде және өз қызметін
алты жыл бойы атқару барысында жергілікті тұрмыстық
жағдаймен танысуға әбден мүмкіндігі болған
инспектор Алтынсариннің ойлары мен көзқарастарын
тиянақты және толық құрметке лайық деп
есептеймін» - деп жазды. Осындай есепті Николаевск уезінің басшысы да
1892 жылғы өз есебінде : «Жалпы қырғыздардың
білім беру ісіне өте жандары ашиды және бұл пайдалы іске
қаражатты алмайды, демек жылдан жылға қырғыз
оқушы ұл балалары мен қыз балаларының саны көбейе
беретініне үміттенуші болады» -деп жазды [9].
Патша үкіметі қазақтардың шын
мәнінде оқыған және білімді халық болып кетуінен
ылғи қауіптеніп, алуан түрлі шаралар қолданды. Орынбор
әскери губернаторы Сухтелен мырзаның мен Филантроптардың қырғыздарды жөнге
салу, оларды ағарту және оларды еуропалық халықтар
тұрған деңгейге көтеру сияқты гиперболалық
тілектерін қолдамаймын деуі , патшаның отаршыл саясатының
мақсаттары мен міндеттерінің дуалистикалық сипаты,
бұдан білім беру саласындағы патша саясатының объективті
заңдылықтары дәл көрсетіледі.
Әдебиеті:
1.
ҚР ОММ. 25 қ., 1 т., 3762 іс, 2 п.
2.
Н.И.Ильминский. Воспоминания об Алтынсарине. – Казань, 1891.
272-бетте
3.
ҚР ОММ. 25 қ., 1 т., 3762 іс, 3 п.
4.
ҚР ОММ
25қ., 1т., 3762 іс, 75-79
парақтар.
5.
Сонда, 18 парақ.
6.
Сонда, 15 парақ.
7.
ҚР ОММ
25қ., 1 т., 3809-іс, 27 п.
8.
Обзоры Тургайской области 1886 г. – Оренбург, 1887, 20 бетте.
9.
ҚР ОММ 25қ., 1т., 943-іс., 191п., 335 п.