Педагогические науки/3. Методические
основы воспитательного процесса
Ерекешова А.М.
№11 «Ақбота»
МДҰ, Қазақстан
Табиғаттағы құбылыстарды
бақылаудың ерекшелігі
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының «Таным» білім беру саласының мазмұны мектеп жасына дейінгі балалардың
танымдық пен ақпараттық құзіреттілігін
қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі білім беру
стандартының «Таным» білім беру саласының мақсаты:
«танымдық әрекеттердің дағдыларын игерген, әлемнің
тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік
маңызды мәселелерді шешуде
қолдануға қабілетті тұлға қалыптастыру. Табиғат
құбылыстары мен қоршаған ортаны тұтастай
қабылдауын және табиғатты шығармашылықпен
танытуды дамытуда, табиғаттың негізгі заңдылықтарын айқындай
білу іскерлігін дамыту керек. Балаларды табиғатқа
жақындастырмайынша және оны балалар бақшасының
оқу-тәрбие жұмысына кеңінен пайдаланбайынша, мектеп жасына дейінгілердің ақыл-ой,
эстетикалық, адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесі
жағынан жан-жақты жетілдіру міндеттерін шешуге болмайды.
Тәрбиешінің табиғи объектілер мен табиғат
құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы мектеп жасына дейінгі балаларды
табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады.
Баланы табиғатпен таныстыра
отырып, оның сан қырлы бояуларын балаларға көрсетіп,
түсіндіру әрбір тәрбиешінің негізгі міндеті. Мектепке
дейінгі тәрбие бағдарламасында балаларды табиғатпен
таныстырудың саяхат, серуен, мақсатты серуен, бақылау
сияқты бірнеше түрі берілген. Балалар табиғатты бақылай
отырып, оның суын, тасын, ағашын, құсын, жәндігін
көзбен көреді, қолымен ұстайды. Осы көргендерін
естерінде ұзак сақтау үшін табиғат бұрышында бақылау
күнделігін жүргізудің маңызы зор. Бақылау күнделігін әр топта, баланың
жас ерекшелігіне қарай әртүрлі жүргізуге болады. Бақылау
— мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен
тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі
процесс. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы,
тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы
білімдер пайда болады. Олардың ойлауы, тілі жетіледі,
табиғатқа деген материалистік көзқарасқа,
ынта-ықыласқа, сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге
тәрбиеленеді. Сонымен бірге олар күрделі
құрал-жабдықтарды қажет етпейді және кез-келген
адамға қолайлы.
Тәрбиешіге
қойылатын талаптар. Мектеп
жасына дейінгі балалар мекемелерінің педагогына балаларды
табиғатпен таныстыру үшін табиғат жөніндегі әр түрлі ғылымдар
саласынан білімнің мол қоры болуы, оның даму
заңдылықтарын дұрыс түсіндіре білу талап етіледі.
Әдебиеттер:
1.Қазіргі
таңдағы мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің
психологиялық-педагогикалық негіздері: Халықаралық
ғылыми-практикалық конферения материалдары –Алматы, 2003. –286-289
2. Жас ұрпаққа
экологиялық тәрбие берудің бағыттары //Ұлт
тағылымы. -2003. -№2. –19-21 б.
3.Шоқан
еңбектеріндегі табиғаттың эстетикалық бейнесі
//Ұлағат. -2003. -№5. –28-29 б.