БАСТАУЫШ
СЫНЫПТА АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ РЕТІ
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Жайдақбаева Л.Қ., Абуова Б.Ж., Абдрахманова
Г.М.
Қоғамның бүгінгі басты
бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру.
Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат
өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын
кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру,
әсіресе оның алғашқы баспалдағын мектепте енгізу
– қоғамда ақпараттандырудың негізгі шарты.
Себебі, мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам
жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ
ұрпақтың дайындығы жүзеге асады. Академик
А.П.Семеновтың пікірінше “Заманауи мектептің басты мақсаты -
адамдарды ақпараттық әлемде өмір сүруге
үйрету”. Бұл әрбір
мұғалімнің жадында болуы тиіс. Болашақта бастауыш сынып
оқушысы сапалы білім алуы тиіс десек, онда оқу процесінде
оқытудың заманауи техникалық құралдарын тиісінше
қолдану қажет екендігі белгілі. Дегенмен мектептің білім сапасы білікті мұғалімге де
тәуелді. Бұл тәуелділік бастауыш сынып
мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік талап етіледі. Бастауыш
сынып мұғалімдерінің мақсаты – балаларға
оқу мен жазуды үйрету ғана емес қазіргі өзгермелі
ақпаратқа толы заманда баланың рухани дамуы мен жақсы
қасиеттерін болашақта оқу іс-әрекетіне үйрету
болып табылады.
Қазіргі уақытта
балалар кішкентай кезінен әр түрлі цифрлық
құралдардың арасында өсіп келе жатыр. Бірінші
класқа келгенде-ақ компьютермен жұмыс істей алатындарын
мақтанышпен айтады. Әрине баланың жұмыс істеп
отырғаны – ойындар. Балаларға бірінші сыныптан оқу, жазу,
санаумен қатар цифрлық
техниканы оқыту дұрыс деп ойлаймыз. Себебі ол күнделікті
өмірінде кездесіп жатқан дүние. Ақпараттың
үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық
технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының,
электрондық ойыншықтардың және
автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне
әсер етеді. Бала мектептегі оқытуға қажетті заттар мен
теледидардағы заттарды (мультфилм, кино) салыстырады. Тілін
түсінбесе де суреттен көп нәрсені ұға біледі.
Сондай-ақ, мектептің интерактивті тақтамен қамтамасыз
етілуі, оны орынды пайдалана білу, сабақ мақсатына сәйкес
сабақты түрлендіріп, мазмұнын ашып, қоршаған
ортаны танып-білуіне әсер етеді. Бұл әрине мектептің
бормен сызып жазатын грифельді тақтасын сырып тастау деген сөз
емес.
Бастауыш сыныпта ақпараттық технологияны
қолдану мұғалімге оқу процесін жаңаша
ұйымдастыруға көмектеседі, жаңалап түрлендіріп
сабақты қызығырақ етіп өтуге ықпал етеді.
Мысалы: сабақты жаңалап түрлендіріп өтуге, оқу процесіне АКТ – ны енгізуге,
сабақ мазмұнын жаңартуға, оқушылардың
оқу іс-әрекетімен ата-аналарды
хабардар етіп отыру.
Сабақты
жаңалап түрлендіріп өту;
-
білім беру нәтижесін күшейтеді;
-
материалды меңгеру сапасын жоғарлатады.
Оқу
процесіне АКТ – ны енгізу келесі принциптерді қамтиды:
-
арнайы сабаққа презентация слайдтар
құру;
-
интернет ресурстарымен жұмыс;
-
дайын оқыту бағдарламаларын қолдану;
-
өзіңнің арнайы авторлық
бағдарламаңды жасау және қолдану.
Сабақ мазмұнын
жаңарту:
-
Сабақты
жаңа мазмұнымен толықтыру.
-
Оқушылардың әлемді тануға
қызығушылығын дамыту.
-
Ақпараттық мәдениет элементтерін
қалыптастыру.
-
Күнделікті жұмысының бір бөлігін
компьютерде орындауға дағдылану.
-
Компьютерлік технологияны өз бетінше
меңгеруін қолдау.
-
Болашаққа сеніммен қарау.
Оқушылардың
оқу іс-әрекетімен ата-аналарды
хабардар етіп отыру.
Оқу процесінде АКТ – ны қолдану рейтингісі
бойынша бірінші бестікке кірген елдер: Швеция, Дания, Исландия,
Оңтүстік Корея, Норвегия. АҚШ 11, Жапония 15, Ресей 64,
Украина 89, Қазақстан 98 орынды алады. Бұл көрсеткіштен
жоғарылау үшін пәнге байланысты оқытушы
бағдарламалар көптеп жасалынуы тиіс деп ойлаймыз.
Әдебиеттер
1.
Анатольева Э.В «Применение информационных и
коммуникативных технологий на уроках в начальной школе» edu.cap.ru
2.
Бирюкова Ю. В. « Использование ИКТ на уроках в
начальной школе по ФГОС» http://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/okruzhayushchii-mir
3.
« Использование информационных
технологий на уроках в начальной школе» http://firsschool.ucoz.ru/load/1-1-0-2