ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Муйденова Әлия Қалжанқызы, Қындыбаева Римма Раушанбекқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті

 

Адамзат - білімдер ғасыры, ақпараттар ғасыры, дамудың шапшаң түрі жаңа технологиялық ғасыры атанған XXI ғасырға кірді. Бұл әрине Қазақстанның экономикалық және рухани жаңғыруының қорларын құрайтын білім және ғылым өрістерінің стратегиялық даму жолын анықтайды.

Қазіргі қоғам - ақпараттық технологиялар заманы. Яғни, біздің өмір сүріп отырған ортамыз жалпыға бірдей ақпараттандырылу арқылы жаңа қоғамдық маңызы бар салаларын қалыптастырып отыр. Осыған сай білім жүйесі де бұл жаңашылдықтан тыс қалмай, бұл өзгерістердің барлығын өз мақсатына сай пайдаланып келеді.

Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың мүмкіншілігі өте зор. Олар ақпаратты сақтау, өңдеу және тасымалдаудың шексіз мүмкіндігін береді. Жаһандану заманында білім беру процесі ізденуді, жаңалықты, жаңаруды талап етеді, яғни инновацияны. «Инновация» деген сөз латынның «novus» жаңалық және «in» деген сөзінен шыққан. Ал қазақ тілінде ол «жаңару», «өзгеру», «жаңалық» деген мағынаны білдіреді. Ал, оқу-тәрбие процесін жүргізудің тәсілдері мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығын оқыту процесінің технологиясы деп атауға болады. «Технология» деген сөз-грек тілінен алғанда «техне»-өнер, кәсіп, ғылым, «логос» ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдер мен мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығы.

Біз осы инновациялық технологиялардың кейбіреулеріне қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

Негізінен модулдік оқытудың басты мақсаты-оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру.

Модулдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олардың барлығын үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:

- модул-біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі,

- модул-пәнаралық әдістемелік-ұйымдастыру құрлымы болып, әр түрлі оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде пәнаралық қатынасты қамтамасыз етеді,

- модул-бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі ұйымдастыру әдістемелік құрлымының бірлігі.

Оқыту мазмұнын таңдап алғаннан кейін сол мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әсіресе, бұл оқу мазмұнын дербес модулдерге жіктеудегі модулдік оқытуға байланысты.

Сонымен, модулдік оқытуды кибернетикалық басқару тұрғысынан талдасақ, модулдік оқыту педагогикалық басқарудың қалыптасқан жүйесін сапалық жағынан өзгертеді. Ендеше модулдік оқыту жағдайында оқу үрдісін басқару мәлімет беру үрдісіне бағытталған цикілділігімен, білім алушының өздігімен жұмыс істеуі және белсенділігін арттыратын өзін-өзі басқару мен басқарудың тиімді арақатынасын орнатумен ерекшеленеді [1].

Қашықтан оқыту - қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағыттарының бірі-білім беру ісін ақпараттандыру. Бұл жаңа ақпараттық құралдар мен әдістерін дамыта оқытудың идеяларын жүеге асыруға, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір-бірімен тығыз байланысты өрістетуге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану деген ұғымды білідіреді.

Бұл күнде қашықтан оқыту білім берудің дамытудың нақты элементі болып табылады. Өйткені, қашықтан оқыту жүйесінің икемділігі сол, оқушылар негізінен дәріс, семинар түріндегі сабақтарға бармай, өздеріне ыңғайлы мезгілде, қолайлы жерде, қолайлы жылдамдықта жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады .

Интерактивті оқыту - қазіргі кезде қарым-қатынас үрдісіне негізделген оқыту-интерактивті оқытуға үлкен көңіл бөлуде. Оқыту үрдісі тиімді болу үшін қарым-қатынастың үш жағы қатысуы қажет: ақпарттық (ақпараттық берілуі және сақталуы) интерактивті (біріккен іс-әректте өзара әсердің ұйымдастырылуы) және қазігі кезде интерактивті оқыту, ол 2 бағытта жүзеге асырылып жүр: «Қарым-қатынас мәдениті», «Риторика», «Біз адамдар арасында өмір сүреміз», т.б. арнайы оқу курстарын ендіру; Оқу жағдаяттарын барынша пайдалану, студенттер үшін «қарым-қатынас алаңын» құру.

Интерактивті оқыту кезінде студенттер тек қана бақылаушы болып қатыспай, қиын мәселелерді де өз бетінше шеше алатын болады. Сонымен, Білім беру жүйесі дегеніміз қазіргі тарихи кезеңде әлеуметтік-эконмикалық, ұлттық ерекшеліктеріне және еліміздің негізгі саяси-экономикалық міндеттеріне жауап беретін принциптер негізіде құрылған оқу-тәрбие мекемелері мен оны басқару органдарының жүйесін айтады.

Қазіргі таңда білім беру орындарында оқу процесіне оқытудың жаңа технологияларын ендіру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Осы мақсатта әсіресе білім беру орындарының ішінде мектеп үлкен маңызды орынды алады. Яғни, мектептің білім беру процесін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдалану өте тиімді. Осы технологияларды әртүрлі сабақ барысында пайдалануға әбден болады. Мысалы, құқық пәнін оқыту кезінде. Құқық пәнін оқыту кезінде ақпараттық технологияларды қолданудың мақсаты - компьютердің көмегі арқылы құқықтың қайнар көздері, мақсаты мен міндетін айқындау.

Қазір кез-келген оқу орындарында, мектептерде, тіпті балабақшадан бастап сабақты көзбен көре отырып оқыту технологиялары - компьютерді, мультимедиялық проекторларды немесе бейнемагнитафондарды қолдану арқылы өткізіледі. Бұл әдіс сабақтың қызықты да әсерлі өтуіне көмегі зор.

1995 жылы Ресейде мультимедиа- проекторы пайда болды. Бұл құрал ең алдымен білім беру орындарына ауадай қажет еді. Бүгінгі таңда жастарға білім беру барысында осы аталған технология өзін-өзі ақтап, оқытушылар интерактивті тақтаның мүмкіншілігі зор екендігін айта келіп, оны сабақ өту барысында қолдану тиімділігін атап өтті.

Оқытудың тиімді әрі ұтымды жолдары оқытудың әртүрлі әдістері арқылы анықталады. Мысалы, интерактивті оқыту әдісі. Интерактивті оқыту әдісінің түрлеріне: мультимедия, интернет, тренинг сабақтар, видео сабақтар т.б. әдістерді жатқызамыз.

Интерактивті әдістерді қолданудың себептері мыналар болып танылады:

-              оқушылар ақпараттарды жылдам алады;

-              бұл әдіс оқушыларды қызықтырады;

-              бұл әдіс жаңа тақырыптың тез ашылуына және тез ұғылуына әсер етеді;

-              сабақ барысында әртүрлі пікір таластар, ойындар, мультимедия және слайдтар көрсетіледі.

Құқық пәнін оқу кезінде интеративті тақтаның тиімділігі өте жоғары. Өйткені, тек қана көзбен көріп қабылдауға таптырмайтын жалғыз құрал- интерактивтік тақта болып табылады. Ол анықтамаларды сызып көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл оқытушы мен оқушы үшін өте ыңғайлы. Себебі, олар көз алдында болып жатқан  бейнекөрініске тікелей қатысу арқылы білім берудің жаңа негізін қалыптастырады. Кез келген оқытушы интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді меңгеруі тиіс [2].

Бүгінде инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының құқықтық білімге деген ынта-жігерін арттырып, оның ізденушілік қасиетін қалыптастырып қана қоймай, білімнің сапасын көтеруге, жаңаша көзқараспен тәрбиелеуді негіздейді.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ең басты артықшылығы:

-   білім беру процесінде уақыт ұтымдылығы, яғни оқытушы аз уақыт ішінде көптеген мәліметтерді тез және жылдам беріп үлгереді, бірнеше оқушымен топтасып жұмыс жасайды;

-   жаңа тақырыптың игерілуіне мүмкіндік береді;

-   оқыту жүйесінің кеңейтілуі оқу материалдарының сапасын арттырады.

Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі әртүрлі әдістемелік құралдар мен әдіс-тәсілдер мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс істеуіне, жұмыстың нәтижелі шығуына алып келеді.

Білім беру жүйесінде электронды оқулықтардың да ролі өте зор. Себебі, жоғарғы оқу орындары, колледж немесе мектеп оқытушылары болсын осы электронды басылымдарды өз сабақтарында пайдаланып келеді. Бұл электронды оқулықтың тиімділігі жаңадан алынған мәліметтерді кез келген уақыт аралығында енгізіп, жаңартып отыруға болады.

Құқық пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану қажеттілігінің сипаттарын былай анықтауға болады:

-   компьютерлік технологияларды пайдалануды қамтамасыз ету;

-   құқықтық сауатсыздықты мейлінше азайту;

-   кәсіптік білім қалыптастыру.

Қорыта айтқанда, инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын жүзеге асыру мектеп, орта немесе жоғарғы оқу орындарындағы білім беру процесі кезінде құқықтық білімдерін қалыптастыруға және жүзеге асыруға мүмкіншілік береді және қомақты үлес қосады.

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1. Тұяқов Есенкелді. Модулдік технологиямен. // Қазақстан мектебі, 2005, №3.

2. Байгаскина Ж. Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу. // Қазақстан мектебі, 2009, №7 38 бет.