ӘОК37.017.91:004.738.5-057.875
ҚАЗІРГІ СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫНА
ҒАЛАМТОР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ЫҚПАЛЫ
ТАЙБОЛАТОВ Қ.М.
Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті
А.Ж. ЕДІГЕНОВА
Ғылыми жетекші: Семей
қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университетінің педагогика кафедрасының доценті м.а., п.ғ.к.
Бүгінгі
қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген,
бойында ұлттық сана
мен парасат қалыптасқан тұлға
тәрбиелеп өсіру біздің алдымызда тұрған
басты міндеттеріміздің бірі. Ал, тұлға ретінде студентер
қауымын алуымызға болады.
Ең бірінші, студент ұғымының пайда болуын,
анықтамасын қарастырғанды
жөн көріп отырмыз.
Студенттік кез –
бұл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру
институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл
әлеуметтік-кәсіби категория ХІ-ХІІ ғасырларда әлемде
алғаш университеттердің пайда болуымен байланысты «студент»
ұғымы қолданысқа енген. Аталмыш ұғым
латынан қазақ тіліне аударғанда «ынтамен еңбек ететін»,
«ықыласпен білім алатын», «ыждаһаттылықпен тырысып
оқитын» деген мағынаны білдіреді.
Студенттік
шақтағы даму ересек адамның даму сатыларына сәйкес
болады. Қазіргі психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерде студенттік шақ «жетілу мен кемелденудің
арасындағы өтпелі кезең» ретінде анықталып, «екінші
жасөспірім шақ» немесе «ерте ересектік шақ» деп аталады.
И.А. Зимняя
студенттерді «жоғары білім беру институтының ұйымдастырып,
біріктірген ерекше әлеуметтік топ, адамдардың өзгеше бір
жинағы» ретінде қарастырып, студенттік шақтың сипаттамасын
берді. Автор басқа адамдар тобына қарағанда білім
деңгейінің, танымдық мотивациясының, әлеуметтік
белсенділіктің жоғары болуын және зияткерлік пен
әлеуметтік кемелдің жеткілікті түрде үйлесімді
өрілуін студенттік шақтың негізгі ерекшеліктері ретінде
бөліп көрсетеді.
Студенттердің
даму ерекшеліктерін зерттеу алғаш рет 1960 жылдары ленинградтық
(қазіргі Санкт-Петербург қаласындағы, Ресей)
психологиялық мектепте (Б.Г. Ананьев, Л.Н. Грановская, Е.И. Степанова,
В.Т. Лисовский, және т.б.) бастау алды. Б.Г. Ананьевтің
жетекшілігімен ересектердің психофизиологиялық мүмкіндіктерін
зерттеу барысында жас ерекшелікке, іс-әрекетке және
әлеуметтік психологиялық жағдайға байланысты студенттік
кезең анықталған еді.
Б.Г.
Ананьевтің еңбектерінде студенттік шақ 18-25 жас
аралығында сипатталады. Бұл кезең психологиялық
дамудың, қалыптасудың күрделілігімен ерекшеленеді.
Солай болғанмен, 18-25 дейінгі жас аралығы тұлға
дамуының, танымдық жетілудің жалпы заңдылықтарына
және негізгі психологиялық механизмдеріне сәйкес
адамның кемелден, толысу кезеңінің оптимумы деп саналады.
Б.Г. Ананьев мектебіндегі зерттеулер студенттік жас әсіресе,
интеллектінің күрделі жүйелену кезеңі
болатындығын куәлейді. Бұл кезеңдегі интеллектілік даму
әр адамның өзіне тән сипатымен анықталады
және өзгешеленеді. Адамның осы жасқа тән
интеллектісінің мнемологиялық «ядросы», «шарықтау» немесе
«оптимум» функцияларының әрдайым алмасуымен сипатталады [1,41].
Студентке жас
ерекшеліктің барлық жалпы сипаттары тән болады: жоғары
жүйке қызметінің нақты бір типі, шартсыз рефлекстер,
генетикалық қасиеттер, физикалық күш қуат, т.с.с.
бойынша биологиялық жағынан сипатталады; когнитивті процестердің, психикалық
күйлердің және тұлғалық
қасиеттердің бірлігі арқылы психологиялық жағынан
анықталады; қоғамдық
қатынастар, әлеуметтену жағдайы, нақты бір
әлеуметтік топтың мүшесі ретінде әлеуметтік болмысы
құрылады [2,295-303].
Қазіргі студенттің әлеуметтік
жағдайының дамуы туралы айтсақ, бұл
оның өзіңдік санасының,
мұраттарының,
дүниетанымының қалыптасуы. Өзіңдік сана –
күрделі психологиялық құрылым. В.С.Мерлин бұны
былай түсіндіреді: өзінің
теңдестігін ұғынуы; белсенді,
іс-әркетшіл негіз ретінде өз «менін»ұғынуы; өзінің психикалық қасиеттерімен
сапаларын ұғынуы; өзін-өзі
әлеуметтік-адамгершілік
бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір бірімен
функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты.
Студенттік шақтың бейнесі бола отырып, студент ең алдымен, оқу
іс-әрекетінің субъектісі ретінде болады және мотивтермен
анықталады. Мотивтердің екі типі көбінесе оқу
іс-әрекетін сипаттайды – жетістік мотиві және танымдық мотив.
Соның ішінде, студенттердің тұлға болып
қалыптасуында маңызды рөл атқаратын, ол - ғылыми дүниетанымы.
Ғылыми дүниетаным ұғымына тоқталмас бұрын,
әр түрлі ғылым салаларындағы дүниетаным ұғымына тоқталып кеткенді
жөн көрдік.
Саяси түсіндірмелі сөздіктерде, дүниетаным – жеке адамның
әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас
қоғам қызметінің бағытын және
шындыққа деген қатынасын айқындайтын
принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар
мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси,
адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп
әсер етеді. Ғылыми білімдер дүниетаным жүйесіне ене
отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған
әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын
бағдарлау мақсатында қызмет етеді. Сонымен қатар,
ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан
құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы
арқылы тануына жағдай жасайды.
Дүниетаным –
адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға,
моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын
білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам
мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып,
қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі
өлшем. Ол – адамның дүниені ақиқатпен
теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану
мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс.
Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі
сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс
тапқан [3;4].
Сонымен, дүниетаным
– жеке адамдардың табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және
күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар
және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке
адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным
прцесінде әр түрлі факторлар әсер етеді: әлеуметтік
орта, оқыту, тәрбиелеу, ақпарат құралдары,
саясат, т.б. олардың әрқайсысы іс-әрекетке әр
түрлі ықпал етеді.
Дүниеге деген
нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың,
табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына,
өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына,
адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын
қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты
ғылыми негізделген сенімдердің тұтастығы
дүниетанымды сипаттайды.
Тұтас
психикалық білім ретінде дүниетаным - күрделі де, көп аспектілі құрылым.
Оның ұйытқысы – теоретикалық ойлау, жоғары
интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің
дамыған қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар
мен сенімдер. Көзқарастар – адамның идеясы, білімдер,
теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдауы. Олар
табиғатпен қоғам құбылыстарын түсіндіріп,
адамның мінез-құлық , іс-әрекет пен
қатынастардың бағыт-бағдары қызметін
атқарады.
Әрбір адамның
дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та
күрделі интеллектуалды қызмет-әрекет нәтижесінде
қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани
мәдениетінің негізін құрап, оның «Мен» деген
сезімінің мәнісін ашып, оның өмірілік
ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім –
көзқарастардың сапа жағынан мейілінше жоғары
күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың
субъективті көрінісі, адамдардың коллективті индивидуалдық
тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Демек, студенттердің
дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай
ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге болмысты танудың жалпы
әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде
қалыптасады.
Сонымен,
ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың
ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат,
қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтарына
түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы студент
санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр
түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен
құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін
құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі
ұғымдары ретінде қалыптасады[5,123-126].
Дүниетаным
білім берудің қажетті іргетасы болғандықтан,
ғылыми дүниетанымды қалыптастыру ең маңызды
орынға ие болады. Студенттердің ғылыми дүниетанымын
қалыптастырудың ең маңызды алғы шарттарының,
талаптарының негізі – нақты деректерге негізделген білімдермен
қаруландыру. Яғни, ғылыми дүниетаным ғылымы
білімге негізделуі қажет. Нақты айтқанда, ғылыми білім
жеке тұлғаны қалыптастырудың, дүниені терең
танудың тірегі деп есептеледі. Берілетін білім неғұрлым
терең, нақты әрі ғылыми деректерге негізделетін болса,
онда соғұрлым студенттің бүкіл обьективті дүние
құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсінуіне
мүмкіндік туады [6,30-31].
Жоғарыда берілген
әр түрлі ғылым саласындағы берілген анықтамаларды
жүйелеуге тырыстық. Сонымен, студенттің ғылыми
дүниетанымы дегеніміз – өзіндік дүниеге деген
көзқарасы, танымы, ойы, сезімі, мұраты, білімі, іскерлігі. Сондай-ақ
осы студенттердің ғылыми дүниетанымының қалыптасуына
көптеген факторлар әсер етеді. Солардың бірі, бүгінгі
таңда өте өзектісі – ғаламтор желілері. Тұлғаның
іс-әрекетінің мәселелері, көзқарастары
үйлесім тауып, жүйелі құрылса дүниетаным
жүйелі және мақсатты болмақ. Мұндай
дүниетанымға ие болған адам нақты өмірлік позиция
ұстанады, көздеген мақсатына жетеді.
Жаңа
мыңжылдықтағы ақпараттық технологиялардың
қарыштап дамуы нәтижесінде, ғаламтор әлемдік
сипатқа ие болып, таралымы мен тағылымы зор
құбылысқа айналды, заманымыздың бүкіл болмысын айқындайтын
ортақ құндылық болып қалыптасты. Әлем
бойынша ғаламтор тұтынушылардың саны жыл санап, ай санап
емес, күн санап, сәт санап өсіп келеді. Бұл туралы
мәліметтерді күнделікті ақпарат құралдары таратып
отыр.
Сонымен, біз қазіргі
студент жастардың ғылыми дүниетанымының
қалыптасуына ғаламтор желілерінің әсері
қаншалықты тиімді екенін анықтау мақсатында сауалнама
жүргізіп көрдік. Сауалнама сұрақтары
төмендегідей:
«Дүниетаным» және «ғылыми дүниетаным»
ұғымдарын қалай түсінесіз?; Студент жастардың
ғылыми дүниетанымын сипаттаңыз?; Ғылыми дүниетаным
қалыптасуында ғаламтор желілерінің әсері бар деп
ойлайсыз ба, бар болса, мысал
келтіріңіз; Ғылыми дүниетаным қалыптасуында
ғаламтордан басқа қандай факторларды атай аласыз?;
Ғаламтордан нақты қандай ақпараттарды оқисыз,
атаңыз?; Желілердегі ақпараттар мен деректердегі
ақпараттардың қайсысын көбірек қолданған
тиімді? – деген тәрізді сауалнама сұрақтары жүргізілді.
Осы сауалнамаларға
студенттердің берген жауаптарын талдап көрейік: «Дүниетаным»
және «ғылыми дүниетаным» ұғымдарын қалай
түсінесіз? – деген сауалға студенттердің 63 %
дүниеге деген көзқарас, ал қалған 37 %
білімі, ақыл-ойы, пікірі десе; студент жастардың ғылыми
дүниетанымын сипаттаңыз? – деген сауалға студенттердің
30 % ғылыми
көзқарасы, 29 % сөйлеу мәдениеті, ізденісі; ал 41 % заман талабына сай
болу, студенттерді қоршаған барлық ақпараттар жатады деп жауап берген. Ғаламтордан нақты қандай
ақпараттарды оқисыз, атаңыз?
- деген сауалға студенттердің
59 % ғаламтордан жұлдыздар, әншілер, әртістер,
тележүргізушілер туралы және шетел киноларын т.б.
көретіндерін айтады, әлеуметтік желілер арқылы
қарым-қатынас жасаймыз; ал қалған 41 % сабаққа қажетті материалдар,
өздік жұмыс орындау үшін тапсырмалар, электрондық
кітаптар тағы сол сияқты қарайтындарын айтты; ғылыми
дүниетаным қалыптасуында ғаламтордан басқа қандай
факторларды атай аласыз? – деген сауалға кітаптар, оқулықтар,
газет-журналдар және теледидар арқылы қалыптастыруға
болады дегендей жауап алдық. Желілердегі ақпараттар мен
деректердегі ақпараттардың қайсысын көбірек
қолданған тиімді? – деген сұраққа
студенттердің 73 % желідегі ақпараттарды
қолданған тиімді, себебі, мәліметтерді тез табуға
болады және уақыт үнемдеуге өте қолайлы, ал 27 % кітаптарды, деректердегі
ақпараттарды пайдаланған тиімді, себебі оның мәні,
мағынасы жағынан сапалы деп жауап берді.
Студенттердің берген
жауаптарынан көріп отырғанымыздай, қазіргі студент
жастардың ғылыми дүниетанымдарының қалыптасуында
ғаламтор желілерінің жағымды және жағымсыз
жақтарын көруімізге болады. Жағымсыз
жақтарына: ғаламторды пайдалану арқылы студент жастар
арасында кітап, оқулықпен жұмыс деңгейі саябырлап
барады; ғаламтордан алынған мәліметтердің 81 % жуығының қайдан келгенін
біле бермейді; ғаламтор желісі арқылы әлеуметтік желілерде
жұмыс жасағандықтан, қоғамдық ортада
қарым-қатынас жасауда қиналады. Сондай-ақ, түрлі
сайттарға кіріп адам психологиясына жағымсыз әсер ететін фильмдер, бейне-баяндар, жағымсыз
ақпараттар қабылдайды. Ғаламтордан дайын мәліметтерді
пайдалану арқылы өз ойын, қиялын жетілдіре алмайды. Жағымды
жақтарына: болып жатқан жаңалықтармен лезде
ақпараттанады; қажетті мәліметтерді
жылдам табуға болады; алыс
жерлерден ақпарат алмасуға болады; әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатынас
деңгейін арттыруға болады; әртүрлі
бағдарламаларды көруге болады. Қорытындылай келе, студент жастардың
ғылыми дүниетанымдарының дұрыс қалыптасуына
келесідей ұсыныстарды ұсынғанды жөн көрдік: студент жастардың ғылыми
дүниетанымдарын қалыптастыруда арнайы бағдарламаларды жиі
өткізген жөн, мысалы: дебат, ашық пікірталас, интеллектуалды
шоулар, ғылыми конференциялар және т.б.; студенттердің ғаламтормен жұмыс істеуін
қадағалау, қажетті қазақша сайттар санын
көбейсе және т.б. Осыған байланысты ақпаратты ала
білу, оны өңдеу және күнделекті істе пайдалану студенттердің ғылыми
дүниетанымдарының қалыптастырудың қажетті
шарты болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Маратқызы. Д. Студенттердің психологиялық-типтік
ерекшеліктері. // Ұлағат. 2011. №2. 144 б.
2. Ерментаева А.Р. Жоғары мектеп психологиясы: Оқулық –
Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. – 492
б
3. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – Алматы:
Раритет, 2004. – 320 б.
4. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. – 616 б.
5. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003. 368
б.
6.
Әуелбеков Е., Жолдасова А. Дүниетаным
және интеграциялық байланыстар. // Қазақстан мектебі.
2011. №4. 64 б.