Филол.ғ.к.
Советова З.С.
Алматы
энергетика және байланыс университеті, Қазақстан
ҚАЗАҚ
ТІЛІН ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ
КЕЙБІР
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Елімізде болып
жатқан өзгерістер білім беру жүйесінің мазмұнын
байытуға, әлемдік білім кеңістігіне енуге мүмкіндік
туғызды. Мамандардың кәсіби білім деңгейін
көтеруде озық технологияларды қолданудың түрлі әдіс-тәсілдері,
мемлекеттік тілді меңгерту барысында жеке тұлғаны
жан-жақты жетілдірудің, оның танымдық әрекетін
дамытудың жолдары қарастырылуда. Атап айтқанда, мемлекеттік
тілді қашықтан оқыту жүйесі тәжірибеге енгізіліп,
жақсы нәтижелер беруде.
Қашықтан
оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі оқып
үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекет,
материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге
жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды
меңгеру барысындағы оқып үйренушілердің өз
бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық
технология.
Қашықтан оқыту
– электрондық және телекоммуникациялық
құрылғыларды пайдалану арқылы оқу-танымдық
іс-әрекеттің әдістемелік тұрғыдан ұйымдастырылған үрдісі.
Қашықтан оқыту
кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша
өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі
болатын, оқытудың арнайы құралдар жиынтығы
өзінде бола отырып, электронды пошта арқылы оқытушылармен
байланыс жасауына, сонымен қатар күндізгі бөлімде де
мүмкіндігі болатын оқып үйренушінің
мақсатқа бағытталған және бақыланатын
қарқынды өзіндік жұмысы құрайды. «На сегодняшний день очевидно, что любая
прогрессирующая система образования с появлением Интернет, освоением
современных информационных технологий, вступает в новую, недостаточно
исследованную фазу своего развития. Поэтому, усилия многих теоретиков и
практиков образования сегодня сфокусированы в области компьютерных технологий
и, соответственно, разработки методик, в частности организации дистанционного
обучения. Дистанционное обучение можно рассматривать как некий «механизм»
оптимизации профессионального образования, характеризующийся переходом от
репродуктивно-пассивной к продуктивно-активной парадигме освоения знаний, к
образованию, основанному на, интерактивной и конструктивной совместной деятельности обучаемого и
обучающего (субъектно-субъектные отношения)» [1, 25].
Қазақ тілін
қашықтан оқыту жүйесінің негізгі түрлеріне дәріс
сабақтары, консультациялар, телеконференциялар, имитациялық
модельдер түріндегі практикалық сабақтар, іскерлік ойындар,
тренингтер, рефераттарды қорғау, пікірталастар жатады. Оқытуды
ұйымдастырудың бұл түрлері мамандардың өз
бетінше білім алуын қамтамасыз ету үшін даралық оқытуды
басшылыққа алады.
Жаңа ақпараттарды
қабылдау және біліммен қарулану оқытушы мен тіл
үйренуші арасында пікірталас, дөңгелек үстел және
телеконференция түрінде өткізіледі. Сонымен қатар ағымдағы,
аралық және қорытынды бақылау жүргізу,
рефераттар, ақпараттық модельдер, бейнематериалдар тексеру
арқылы жүзеге асырылады. Қашықтан оқытудағы
ақпарат алу қызметі оқытудың техникалық
құралдарына байланысты іске асырылады. Мұндай оқыту
жүйесінде қазақ тіліндегі ақпараттарды жеткізу
электрондық материалдар түрінде (электронды оқулықтар,
тақырыптық деректер қоры және т.б.), аудио, бейнематериалдар
және баспа материалдары (оқу-әдістемелік әдебиеттер),
телехабарлар арқылы жеткізіледі. Болашақ маман иесі жоғары оқу орнынан
тыс жерде жүрсе де, қазақ тілін еркін меңгеріп,
өмірдің кез келген саласында өз ой-пікірлерін дұрыс,
түсінікті жеткізуге, сауатты жазуға үйренеді.
Педагогикалық
практикада оқыту түрлерінің ішіндегі ең кең
тарағандары: дәрістер, семинарлар, ағымдағы,
аралық және қорытынды бақылау жұмыстары,
емтихандар және т.б.
Қашықтан оқыту дәрістері
дәстүрлі дәрісханалықтан айырмашылығы,
оқытушымен бетпе-бет қатынасуды болғызбайды. Дегенмен,
бірнеше артықшылық жақтары да бар. Дәрістерді жазу
үшін аудио және бейне-кассеталар, CD-ROM дискілерді
және т.б. қолданады. Жаңа ақпараттық
технологияларды (гипермәтін, мультимедиа, ГИС-технологиясын және
т.б.) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды
түрде береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез
келген қашықтықта оқуға болады.
Қашықтан оқыту семинарлары
оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. Қашықтан оқыту семинарлары
бейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар
пікірталасқа оның дамуының кез келген жерінде кіруіне
мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы
айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа
қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін
пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша
бағалай алады. Студенттердің арасында өзара іс-әрекет
ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы
әріптес ретінде көрінеді.
Қашықтан оқыту кеңестері
пәнді өз бетімен оқып үйренуде білім
алушыларға жетекшілік жұмысын жасау және оларға
көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады. Қашықтан оқытудағы бақылау
– бұл білім алушының оқу материалын теориялық
және практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. Қашықтан оқыту
өзін дәлелдете білді және тестік бақылаудың
лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пән бойынша
кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, олардың
әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Студент
осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы қажет.
Қашықтан
оқыту интерактивтік ұстанымды жүзеге асыру негізінде
жүргізіледі. Қашықтан
оқыту барысында өздік жұмысты орындауда тьютер жағынан
тікелей басшылық болмайды. Тьютер тіл үйренушінің
оқу-танымдық қызметін бақылау, өздік жұмысын басқару, өзара байланысты
ұйымдастыру рөлін атқарады. Жұмыс
барысы тьютерден студенттердiң алған бiлiмдерiн iс жүзiнде қолдана бiлуіне басшылық етуді,
дұрыс бағыт беруді, қажетті ескертпелер мен түзетулер жасауды талап етеді. Тьютермен
тіл үйренушілердің өзара байланысы форум және
электронды пошта арқылы іске асады. Тьютер танымдық
үрдістің нұсқаушысы қызметін атқара отырып,
өткізілетін курс бағдарламасы мен оның материалдарын
электронды түрде даярлайды, консультациялар өткізеді, тапсырмалар
мен өздік жұмыстарды орындауда ұсыныстар жасайды,
сұрақтарға жауап береді. Студенттердің өз бетімен
орындайтын жұмыстарының маңыздылығы төмендегідей:
-
уақытты ұтымды, үнемді пайдалануға үйрету;
- ақпаратты талдай, жинақтай
отырып, ішінен қажеттісін алуға дағдыландыру;
-
ғылыми ізденіске жетелеу арқылы студенттердің
шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- студент бойында
еркіндік, адамгершілік, мақтаныш сезімін, дербестік қасиеттерді шыңдау.
Тапсырмаларды орындау
барысында студенттердің өз бетімен еркін әрекет жасау
дағдысы қалыптасады, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.
Студент берілген тапсырмаларды орындауда тренинг арқылы жаттығуына
болады.
Тапсырмалар жүйесі
тілдік материалды меңгеруде білімді бекіту, сөйлесім
әрекетіндегі жаңа тілдік тұлғаларды қолдану
дағдысын қалыптастыру негізінде құрылады. Білімді
бекіту кезеңінде жаттықтыру тапсырмалары қолданылады, мәселен,
сөздерге қосымшаларды жалғау, аяқталмаған
сөйлемдерді толықтыру, үлгі-модельдерді қолдана отырып,
сөйлем құрау және т.б. Студенттердің шығармашылық
дағдыларын қалыптастыруға байланысты тапсырмалар да түрліше
беріліп отырады: «Сұхбат құрастырыңыз», «Сұхбатты
аяқтаңыз», «Берілген жағдайда не істер едіңіз?», «Сұрақтарға жауап
беріңіз», «Жоспар бойынша әңгіме құрыңыз»,
«Мәтін негізінде сұхбат құрастырыңыз». Бұл кезеңдегі тапсырмалар арқылы тіл
үйренушілер ойларын жеткізу үшін тілдік құбылыстарды
қолдануға үйренеді. Тапсырма түрлері тiл
үйренушiнiң өздерiн бiлiм алу жолында iзденiске жетелейдi.
Қашықтан оқыту технологиясын қолдануда
студенттердің тәжірибелік-теориялық дайындығын,
оқуға деген ынтасын, дара қасиетін,
әлеуметтік-психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап
етіледі. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім
беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен
амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. Бұдан
шығатын түйін: жаңа технология – болашаққа
болжаған тіл үйренуші тұлғасын өзіндік
жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.
Студент
тұлғасының дамуына байланысты басшылыққа алынатын
ұстанымдарды атауға болады:
1. Оқыту
үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны
игеру уәжіне студенттің қызығуын арттыру;
2. Оқыту үрдісі тіл үйренушілердің белгілі бір
тақырыпты ұжымдық
талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша
әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі тиіс;
3. Берілетін тапсырмалар
студенттердің білім деңгейіне сәйкес болғанда олардың жеңіске жетуге ұмтылады;
4. Тіл үйренушілер білім тереңіне ой еңбегін қажет
ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі керек;
5. Әр студентке өз ойын білдіріп, пікір айтуға
мүмкіндік беріледі. (сыни тұрғыдан ойлау). Тіл үйренуші еңбегінің нәтижесін
дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін
қорытындылауға үйренеді.
Жоғары білім сапасын жетілдіру білімнің мазмұндық
негізі объектіні өзгерту арқылы іске асады. Бұл объект
оқу материалының құрамы мен көлемінде ғана
емес, оқыту нәтижелеріне байланысты жүзеге асырылады. Осы
тұрғыдан алғанда білім сапасы оның түрлі сипаты арқылы
қарастырылады.
Қашықтан оқытуда
оқулық, оқу-әдістемелік оқу
құралдардарының электронды нұсқасы, желілік
оқу-әдістемелік құралдар, мультимедиалық программалар,
компьютерлік оқыту жүйесі, аудио, бейне материалдар, деректер базасы, практикалық сабақтарда,
СОӨЖ, СӨЖ сияқты оқыту формаларында кеңінен пайдаланылады.
Қашықтан
оқыту үшін басшылыққа алынатын ұстанымдарды
төмендегідей саралауға болады:
-
оқу құралдары тіл үйренушілерге толық
ақпарат беретіндей болуы керек;
-
оқу материалының құрылымы модульдік технология
бойынша құрастырылуы шарт;
-
өз бетімен орындалатын жұмысты ұйымдастыруға
және материалды зерделеуге арналған әдістемелік
нұсқаулар болуы тиіс;
-
оқу құралында тапсырма, бақылау жұмыстары,
сөздіктер, өзін тексеруге арналған тест сұрақтары
жауаптарымен болуы қажет.
Қазақ тілі пәні
бойынша электронды оқу-әдістемелік кешен келесі міндетті
компоненттерді қамтиды:
1. Типтік
оқу бағдарламасы;
2. Пән
бойынша оқу бағдарламасы (пәннің мақсаты мен
міндеттері, басқа пәндермен өзара байланысы,
күнтізбелік-тақырыптық жоспар, курсты модульге бөлу,
консультацияларды өткізу графигі, пайдаланылатын әдебиеттер тізімі);
3. Практикалық
сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар;
4. СОӨЖ-ге
байланысты әдістемелік нұсқаулар;
5. СӨЖ-ге байланысты
әдістемелік нұсқалар;
6. Тренинг үшін
тест сұрақтары мен жауаптары;
7. Аралық бақылау жұмыстарының материалдары
(бақылау жұмыстары, тест
тапсырмалары, жеке тапсырмалар);
8. Қорытынды
бақылауды ұйымдастыруға арналған тапсырмалар
(емтиханға арналған тест сұрақтары, бақылау
жұмыстары);
9. Шағын
ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған тапсырмалар;
10. Терминдердің
түсіндірме сөздігі;
11. Қысқарған
және қысқартылған сөздердің тізімі;
12. Әдебиеттер
тізімі.
Ойымызды
қорытындылай келе, ХХІ ғасырдағы білім берудің негізгі
талабы үздіксіз жаңа біліммен қарулану болып табылады.
Бұндай жағдайда қашықтан оқыту мамандардың
білімін өте қысқа мерзімде өздерінің
таңдауы бойынша күндізгі немесе сырттай оқыту түріне
қарай жеделдетіп көтеруіне мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1. Биккулова Г.Р. Методика
дистанционного формирования коммуникатив-ной компетенции студентов естественных
факультетов университета: на материале английского языка: диссертация на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. -Санкт-Петербург, 2008.
2. Андреев А.А. Модель компьютерной сети для преподавания
при дистанционном обучении /Основы применения информационных
технологий в учебном процессе вузов. -М., 1996.
3. Андреев А.А. Введение в дистанционное обучение. -М.: ВУ, 1997.
4. Краснова Т.А., Беляев
М.И. Технологии создания электронных обучающих средства. -М.:МГИУ, 2002.
5.
Қашықтықтан
оқыту технологиялары бойынша мемлекеттік
жалпыға міндетті білім
беру стандарты. -Астана, 2009.