Болатаева Т., Мусимен А.
№145 орта мектеп, Тараз
қаласы, Қазақстан
АНА ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ БЕРІЛУ ЖҮЙЕСІ
ХІХ
ғасырдың екінші жартысында
Абай өмір сүрген кезең
біріншіден,
қазақ даласына орыс
мәдениеті арқылы Европамен
танысу мүмкіндігін берсе,
екіншіден қазақ халқының санасында
өзі туралы жағымсыз
ұғымның
қалыптасуына
ықпал ету мезгілі
болғаны анық.
Халықтың саяси
санасының төменгі,
саяси-әлеуметтік надандық, онсыз
да нашар ішкі
жағдайда одан ары ұшындырған қитұрқы саясат – міне, осылардың
барлығы
ақынның
ой-санасының
шыңдалуына алып келсе,
өз бетімен білім
алуы оның ой өрісін кеңейтіп, дүниеге ауқымды көзқарас
қалыптастырды.
Сөйтіп ол
қоғамның негізгі қозғаушы күші – адам екендігін,
оның дамуы, оның
санасының жетілуі, өз
алдына қойған
мақсат- мұраттарына
байланысты
болатындығын
ұғынды. Ол өзінің адамдарға
ақыл – кеңесін
ақындық дарынын пайдаланып
жеткізуге ұмтылды. Өз
шығармаларын ең алдымен
«көңілінің
көзі бар», «естілерге»
арнаса, қалғандарын олардың соңынан еруге үндеді және оның жолдарын
да нұсқады.
Абай
шығармалары
жарық көрген күннен бастап, өткен жолы
да бірыңғай сыдыр
болған жоқ. Бұл
ретте 20-жылдары олардың кейбіреулеріне
ұлтшыл, идеалистік кертартпа
деген мінездермен берілді.
Бұл өз ретінде
абайтануға оның тәрбиелік ой- пікірлерін
толық ашуға, мектеп
және басқа да
оқу- тәрбие
мекемелерінде оларды толыққанды қолдануға кедергі
болды. Ал одан
кейінгі жылдарда,
орыстандыру саясатының астыртын
жүргізіліп,
барлық ой- сана коммунистік
идеологияның
қысымында болуы салдарынан
ұлттық
мүдде мен дінге
адамның тегі, тәрбиесіне қатысты
ақынның кейбір пікірлерін
толық ашу мүмкіншілігі болмады. Оның үстіне жалпы
ұлттық
негізінде жалпы тәлім – тәрбие беру
мәселелері
тұншықтырылып келгендіктен
ұлттық мектеп, ондағы оқу- тәрбие
ісі кең қанат
жайып, дами алмады.
Оның өзі Абай
шығармаларын оқу –
тәрбие процесінде қолдану ісіне де кері
ықпалын тигізді. Қазіргі күнде Абайтану
оңаша бір ғылым
саласы болып, жан- жақты терең зерттелуде.
Осыған орай ақын
мұрасындағы
тәлім- тәрбиелік
ой-пікірлерді
оқушылардың
күнделікті өміріне қағида, ереже етіп ендіру оқу-тәрбие мекемелерінде практикада
жүзеге асырудың жаңа
мүмкіншіліктері
туындап отыр. Бірақ
бұл Абай шығармаларындағы педагогикалық, психологиялық пікірлерді
оқу- тәрбие ісіне
пайдаланудың жолдарын ғылыми негізде
қарастыру
мәселесін шешуге келіп
тіреледі.
Абай
мұрасындағы тәлім- тәрбиелік ойларға ең алдымен назар
аударғандар
қазақтың
көрнекті зиялылыры болғандығын білеміз.
А.Байтұрсынов
«Қазақтың бас ақыны» деген мақаласында: «Абайды қазақ баласы тегіс танып,
тегіс білу керек»,- деген еді.
Абайтану ғылымының қалыптасуына ерен еңбек сіңірген жазушы, ғалым
М.О.Әуезов оның өзекті мәселелеріне тоқтала келіп, ақынның
тәлім- тәрбиелік
пікірлері «ендігі сөз
ұғатын жастарды жаңа
жолмен өзі қиял
қылған
адамшылыққа
қарай жетектеп баулығысы келеді,...
Өлең
сөздерімен бір ақыл
айтса, ауызша өсиет, ұзақ
мәжілістерімен
тағы да баулып, ылғи
ғана таза
адамшылық жолына үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, арлылық, ойшылдық сияқты
адамды адам қылатын жан
тәрбиесінің
барлық негізі
қаланады» - деп белгіленген.
«Тіл-құрал»
- деп А.Байтұсынов
айтпақшы, адамдар арасындағы мәміленің ең
қолайлы, көркем және
тиімді түрі сөз
екені көпке аян. Сөздің адамға ықпал
ететін әр түрлі
қасиеттерін
аңғарып,
кереметін толық игерген Абай: оны «жалын мен оттан жаралған» немесе «қуаты күшті
нұрлы сөз» десе
тағы бір өлеңінде «қуаты оттай бұрқырап»
- деп теңейді.
Шешендік-
көрген, білгенін ақыл
тереңдігі, ой қуатымен зерделеп, сөз тауып,
тап басып, тайсалмай
айта білу. Әрине, ол елдің бәріне бірдей
пән бола бермейтін
дарындылардың ғана
елден ерек бір
сипаты десек те
болады. Шешен болып
тумаса да сөз
өнеріне белгілі бір
деңгейде кім де
болса игере алатындығына сенеміз. Сөз өнері
туралы А.Байтұрсынов «айтушы
ойын өзі үшін
айтпайды, өзге үшін
айтады. Сондықтан сөйлейтін тілін жақсы қолдана білу тиіс»- деген еді.
Сөз өнерін ерекше
бағалаған
халқымыз «өнер алды
қызыл тіл» десе, Абай:
Өткенді жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей
сала алмас.
- деп барлық өнерден
жоғары қояды. Абай
өзі ата- бабаларынан бері
қарай ел басқарған, сөз өнерін терең
игерен тұқымнан екені
белгілі. Өскен ортасы
оның осы қасиетінің дамуының алғы шарты болған. Ақынның
бәрі шешен емес,
шешеннің бәрі ақын
емес. Демек Абайға екі өнер дарыған: бірі – ақындық,
екіншісі- шешендік.
Бұл да бір
туа біткен дарын.
Біздің пікіріміз бойынша шешендікке бейім болудың бір
ерекшелігі естігенін ұмытпайтын құйма
құлақ
болса, одан соңғы басты ерекшелігі – орынды
жерде, әлгі
көргені мен естігенін
қабыстырып сөз тауып
айта қою. Әрине
сөз байлығының орны
ерекше.
Халқына өлмес
мұра,
ұлылық ой қалдырып, ұлтымыздың
рухани көсеміне
айналған Абай тұлғасы – бүкіл адамзатқа, әсіресе
жастарға үлгі-
өнеге боларлық тұлға.
Абай – халқын бауырластық пен
ауызбірлікке, жемісте де қажырлы
еңбекке, оқу –
білімге, ғылым мен
мәдениетке
әлемдегі ізгілікті
үлгілерден үйренуге
үндеген
қазақ
халқының басына біткен
бағы. Абай даналығын шәкірттерге таныту, оларды
Абай шығармалары арқылы адамгершілік пен ізгілікке
тәрбиелеу қазіргі
кездегі мектеп алдында
тұрған басты мақсат болып табылады.
Ендігі мәселе – бастауыш сыныпта
алынған
өлеңдер
қалай оқытылуы, түсіндірілуі тиіс?
Ең алдымен,
төменгі сыныптарда оқушыларды мәнерлеп,
әуезді – сазды ерекшеліктерін
сақтай отырып оқуға үйретіп, сонан соң
оқығанын
түсіне білуге жетелеген
жөн. Бұл мәтіндегі сөздерді
түсіндіруден барып қалыптасады. Сондықтан
көрсетілген өлеңдерді
оқытудың
әдістемесі сыныбына қарай
алуан түрлі болып
іске асырылады. (Мысалы, іштен
оқу жоғары сыныптарда
басым, т.б.).
Көбінесе Абай
өлеңдерін
мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім
өзі көрсетеді. Осыдан
кейін өлеңдегі сөздер мен тіркестерге ерекше
тоқталып, олардың
мән мағынасын ашуы, сөздердің, тіркестердің мағыналас
қатарын, синонимдерін тапқызу қажет.
Бұл ретте өмірден қарапайым
мысалдар келтіріп, салыстырып
әңгімелеудің
мәні ерекше. Мысалы,
«әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі
«әсемпаз», «өнерпаз»
сөздерінің мәнін ұғындаруда «әсемпаз адам қандай ?», «өнерпаз адам ше ?», Неге
Абай «арқалан» деп тұр?
«Сен де бір
кірпіш» дегенінесі?
«Кетігі» деген сөзді
қалай түсінесің?
Оны тағы қандай сөздермен ауыстыруға болады? т.б.
сұрауларға
оқушылардың
өздерінен жауап алу – оларды ойлантуға, онан әрі
өз пікірі мен
ойын ауызша жеткізуге
жетелейді, яғни ойы мен
тілін дамытады. Ал
оқып отырған шығарманың тақырыбы мен идеясын түсіндіруге ақынның
көзқарасын
оның ой – пікірімен
қоса түсіндіру, өмірмен
байланыстыру, баланың жан дүниесіне әсер ету сияқты мәселелерді
бала түсінігіне сай
жеткізу мұғалімнің әдіскерлігіне, шеберлігіне, тіл байлығына байланысты.
Осылардың бәрінің түйіні, сайып келгенде, Абай
өлеңдеріндегі
сұлу суреттеулерге, теңеулерге, т.б оқушы көңілін аударту.
Балаларға
шығарманың
көркемдігін,
бейнелілігін танытып тұрған көркем
сөздерге
тоқталу.
Айталық, суреттеп тұр
ма, сипаттап тұр
ма? т.б. анықтап алған
соң,
оқушыларға сол сөздерді тапқызу. Мысалы, «Күз» өлеңіндегі «сұр
бұлт», «дымқыл
тұман» тіркестерінің мәнін
ашу арқылы табиғат құбылыстарын,
ауа – райындағы
өзгерістерді
көз алдарына елестеткізу, ол өзгерісті қазақ тұрмысын
байланыстыра баяндату, мұндағы суреттеу
тәсіліне
тоқталу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін оятуға
әбден болады.
Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда тәрбиелік мақсатта пайдалануда
педагог – ғалымдар мен психологтардың жас
ерекшеліктері туралы ілімін және
Абайдың өзінің
жас балаларға арналған тәрбиелік
пікірлеріне сүйену – іс-
шаралардың нәтижелі болуының кепілі. Бұл
орайда Абай шығармалары тәрбиелік
мақсатқа
қол жеткізудің құралы ретінде қарастырылуы, тәрбиелік іс – шараның
мазмұны емес, керісінше,
тәрбиелік мазмұнды жүзеге асыратын
құрал болуы керек.
Мәселен, 1-сынып
оқушыларының
бойына сіңіретін негізгі әдет, дағдыларының бірі оларды
тәртіпке
бойсынуға тәрбиелеу болса,
ақын
шығармалары осы мәселені шешетін
құрал ретінде қолданылуы керек. Сол сияқты 2-сыныптаы
тәрбиелік іс –
шаралардың арқауы оқушыларға жалпы
еңбек туралы мәлімет бере
отырып оқу еңбегіне көзқарас,
оқу еңбегі дағдыларын қалыптастыру
болса, мұны жүзеге асыруда ақын шығармаларынан көптеп көмекші материалдар табуға болады. 3- сыныпта
оқушының өзіне сенімін
тәрбиелеу, 4- сыныпта
оқу, ғылым жайлы
кеңірек түсінік беру
және оның жолдарын
көрсету, тағы сол
сияқты басқа сыныптарда да, міне, осы бағытта жұмыс
жүргізу Абай
шығармаларын тәрбиелеу
іс – шараларында тиімді
қолдануда шарт түзеді. Енді бастауыш
мектептің әр сыныбына
қатысты
тәрбиелік іс-
шаралардың үлгілеріне
тоқталамыз.
Бастауыш мектептің 1-сынып оқушылары Абайдың өз сөзімен айтсақ, «білсем екен, көрсем
екен, үйренсем екен»
деген жан құмарының басымдығымен қатар
қайратының әлсіздігі,
әсерленгіштік пен жақсы
оқуға
ұмтылумен қатар бір
нәрсеге
ұзақ
көңіл қоюының қиындығы, зейінділігі жақсы
болғанымен, табандылығы
нашар. Сол себепті психикасы
тұрақсыз, ал
бұл бастаған ісін
соңына жеткізу, әр
нәрсені өз уақытында атқару,
асықпай
тиянақты істеу, өзін тежеу, артын ойлау, кешіктірмеу,
сабаққа кешікпеу, үй
тапсырмасын уақытылы
орындау, оқытушының айтқандарын көңіл
қойып тыңдау
сияқты іс -
әрекеттеріне кедергі келтіреді.
Мұның
барлығы, бір сөзбен айтқанда, - тәртіп делінеді. Осылардың бәрін орындау
тәртіптілікке қатысты. Сондықтан 1-сыныптан
бастап-ақ оқушыларды
тәртіпке
бағынуға
тәрбиелеу кейінгі сыныптарда,
тіпті бүкіл өмірінде аса маңызды. Сондықтан осы сынып оқушыларын тәртіпке
бойынсынуға
тәрбиелеуде Абай шығармаларын тиімді
пайдалануға болады. Мәселен, ақынның 32-
қара сөзіндегі пікірді
арқау етіп, оқушыларға оқудағы мақсат білу, білмекке ұмтылу, ал білу деген
көргенін, естігенін көңілге түйіп, тағы да білмегенін
білу үшін пайдалану.
Мұны 19-қара
сөзіндегі «естілердің
айтқан сөздерін ескеріп
жүрген кісі өзі
де есті болады ...
Сол естілердің естіп білген
жақсы нәрселерін
ескермес, жаман дегеннен
сақтаса, сонда іске
жарайды... Мұндай
сөздің
есіткенде
жайқақтап
салғырттанып не салбырап,
салғырттанып естісе, не
есіткен жерін қайта қайырып сұрап
ұғайын деп тұшынбаса ... ондай
адамға сөз айтып сөз айтып не керек»,- деген үзінділер мен
өлеңдеріндегі осы секілді
пікірлерді
пайдалануға болады. Бұлар, әрине бала ұғымына ауыр да болар,
дегенмен, ұстаздар көмегімен игертуге болады. Бұлар
арқылы
оқушыларға мұғалімнің айтқандарын көңіл
қойып тыңдау, оларды
түсінуге
ұмтылу, оларды орындау,
әр нәрсені өз
кезінде атқару –
тәртіпке бойсынудың
шартты екендігін ұғындырумен қатар, тәртіп – ілудің,
үйренудің негізгі
қағидасы екендігін саналарына сіңіруге болады. Мұнда тәртіпке бойсыну ең алдымен
оқушының
өз басына қаншалықты пайдалы
екендігі Абай шығармалары арқылы
ұғындыру
мүмкіндігі мол.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Абай энциклопедиясы.- Алматы: Атамұра, 1995.- 367 б.
2.
Абай шығармалары. І,ІІ том.
Алматы, 1995 ж.
3.
Абай. Қара сөздері. – Алматы: Жазушы, 1986. 113б.
4.
«Абай тәлімгерлік тағылымы» (конференция материалдары). Алматы, 1996 ж.
5.
«Абайдың өмірі мен
творчествосы» Алматы, 1956 ж.