ӘОЖ:054.К-12
Карибаева Рыс Емухановна № 173 мектеп-лицей, Алматы қ.
«Бастауыш сыныпта өткізілетін тәрбие
сағаттарының бала дамуына әсері»
Баланы
бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға,
қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға дайындау аса
қажет. Өйткені шығармашылықтың негізгі бастауы -
тіршілік. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап,
бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктерінің барлығы
шығармашылықтың нәтижесі. Қоғамдағы
әрбір жаңа ұрпақ өзіне дейінгі
ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп
қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді
жаңа жағдайға бейімдеп, жетілдіре отырып, барлық
ғылымның саласында таңғажайып табыстарға қол
жеткізіп келеді. Шығармашылыңтың ендігі бір кілті -
адамдарға өмірдің мәнін түсінуге, оқып
білім алу бықытына ие болуға, оны сезінуге толықтай
мүмкіндік береді. Мұндай күрделі мәселені шешіп, оны
мектеп оқушысының бойына қалыптастыруда бастауыш
сыныптың, бастауыш мектептің орнын айрықша атауға
болады. Бәрімізге белгілі, елімізде білім беру кезеңі беске
бөлінеді:
1.Мектепке
дейінгі кезең;
2.Орта
білім;
3.Арнайы,
орта кәсіптік білім;
4.Жоғары
білім;
5.Жоғары
білімнен кейінгі білім беру бөлімі.
Бұл
кезеңдердің барлығы да адам баласының
ғұмырында елеулі рөл атқарады. Бірақ ең
алғаш мектеп кезеңі баланың бала, оқушы болып
қалыптасуына айрықша әсер етеді. Бұл кезеңде
баланың жеке тұлғасы қалыптасады. Оның
тұлғасының қалыптасуына сынып, мектеп,
қоршаған орта айтарлықтай әсер етеді. Баланың
шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары мен
оған әсер ететін құралдарын анықтау психология
мен педагогика ғылымдарында өте ерте кезеңнен бері зерттеліп
келеді. Шығармашылық педагогикасының негізгі
мақсаты - бүгінгі күннің талаптарын, озық
қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа
қалыптастыру мен дамытуда тың жолдар қарастыру болып
табылады.
Бастауыш
сынып оқушыларының тұлғалылығын
тәрбиелеуде, ең алдымен олардың қабілеттерін
дамытуға назар аудару қажет. Біріншіден, оқушылардың
қабілеттері бірдей, тең дәрежеде болмайды.
Оқушылардың қабілеттері олардың әр пәнді
қызығып оқуларына да байланысты болады.
Оқушылардың бірі есепке жүйрік болса, екіншісі сөздік
қорға бай, ал енді біреулері сурет салғанды қалап
тұрса, төртіншісі спортқа бейім болады. Олардың
қабілеттерінің негізін көрсетететін белгілері де әр
түрлә болады. Мысалы, математикалық қабілеті басым
балаларда ойлау жүйелері жылдам, дәлме-дәл болады, бейнелеу
өнеріне бейім оқушылар айналамыздағы қоршаған
нақты заттардың өзара бөліктерінің
арақатынасын жылдам, тез анықтай біледі. Ән-күйге
бейімі бар оқушы есту мен ырғақты түсіну, аса
сезімталдық қасиеттерімен айрықшаланып, дараланады. Кей
адамдарда жоғарыдағы аталған барлық қасиеттер
бірдей көрініс табады. Бұндай қасиет енді екінің біріне
беріле бермейді. Оны табиғаттың берген сыйы деп те атауымызға
болады. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке
қабілеті бар адамдарда ортамызда молынан кездеседі немесе инженер,
техник, механик мамандығын игере тұра, керемет ән салып,
өлең шығаратын ақынжанды адамдарды да атауымызға
болады. Мысалы, сын тұрғысынан оқыту, дамыта оқыту,
интербелсенді тақтамен оқыту түрлері көп. Осы
сабақтардың қатарында да шығармашылық
тапсырмалармен оқыту элементтері болуы шарт. Сонда сабақ
жүйелі, сапалы, мазмұнды өтетіндігі даусыз.
Мысалы: Сабақтың мақсаты:
А)
мұғалім үшін: оқушылардың жаңа
нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы
үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу.
Қазіргі
замандағы ұстаздар қауымының алдында
өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық
іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген
тұлға тәрбиелеу мәселесі тұр. Шығармашыл
адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық,
сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой
қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды
анықтау, шығармашылыққа деген
құштарлық болу керек. Оқушының
шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт
орындалу тиіс. Олар шығармашылық қабілетін дамытуды ерте
бастан қолға алу, жүйелі түрде шығармашылық
әрекет жағдайында болуы, ойлау мүмкіндігінің ең
жоғарғы деңгейіне жету, шығармашылық
іс-әрекетіне жағдай туғызу болып табылады. Оқушының
шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу
дегеніміз - оқушыны ойлай білуге үйрету. Мектеп
табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен
шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны
соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін,
қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін,
шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде
көтеруге болады.
Яғни, баланың
шығармашылық іс-әрекеті – оның зейінімен, есте
сақтау қабілетімен, интелектісі мен ойлауымен де тікелей
байланысты. Бірақ жаңа білімдерді жинақтау барысында бала
өзінің алғаш ұғымдарын жетілдіре түсумен
бірге, мағынасы күңгірт, белгісіз болған болжаулар мен
түсініксіз сұрақтар шеңберіне шырмалады. Бұл
қарқынды дамудағы танымдық үдеріске кедергі
жағдайлар ойлауымен ды тудырады. Түсініксіздерге кезіккен бала дамуы енді сәл
тоқырауға кез болады. Ойлау үдерісі жас шектеуіне кезігіп,
«балалықтан» шыға алмай әуре болады. Әлбетте, әр
түрлі айла жолдарымен бұл жағдайдан аттап өтуге
әбден болады.
Бастауыш мектеп-білім берудің
алғашқы сатысы. Оқушылардың сыныпта алған,
меңгерген білімін, жеке пәнге қызығушылығын
түрлі сыныптан тыс жұмыстар арқылы арттыру жолында бастауыш
сынып оқушылар арасында жыл сайын апталық, ертеңгіліктер
өткізіліп тұрады. Осы мақсатпен бастауыш сынып
мұғалімдерінің қатысуымен апталықты өткізу
жоспарын жасап, әр сыныпқа міндеттер бекітіліп,
апталықтың тақырыбы, мақсаты белгіленеді. Қазан
айында бастауыш сыныптардың онкүндігі өтті. Оның
барысында 1-ші сыныптар бойынша «Дені
саудың-жаны сау!» (тәрбие сағаты), «Тапқыр достар» (жарыс сабақ), «Ө дыбысы мен
әрпі» (әліппе пәнінен) ашық сабақтар болды. 2-ші
сыныптар бойынша «Жас ғалымдар»
(интеллектуалдық ойын), «Қызықты фигуралар»
(математика), «Ауа, ауаның қабаты» сабақтары
өткізілді. 3 ші сыныпта «Сөз
құрамы» орыс тілі пәнінен, ал, төртінші сыныпта
«Жанұя - менің тірегім» (тәрбие сағаты), «Көп таңбалы сандар
әлемінде» (математика), «Абылай
хан - тарихи тұлға» (сынып сағаты)
сабақтар өтті. Сонымен қатар, 1-4 сыныптарда «Күзгі
фантазия», «Бояулар әлемінде»
көрмелер сайысы, 2-4 сыныптарда «Менің
сүйікті жануарым» суреттер, 1-4 сыныптарда «Зерттегіш» атты жарыстар ұйымдастырылды.
Осы орайда өткізілген «Қош
бол, құтты Әліппе!» сабағының талдамасын
келтірейік.
Тақырыбы: «Қош бол,
құтты Әліппе!»
Мақсаты: Оқушылардың
білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік
дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: презентация «Қош
бол, құтты Әліппе!»
1
- жүргізуші: Ақылы дария, ойы аспан, Қариялар, Армысың!
2 – жүргізуші: Өнегелі сөздері, еркелеткен біздерді
Әжелерім, бармысың!
1 – жүргізуші: Асқар таудай өрісі кең әкелерім,
Армысың!
2 – жүргізуші: Ақ сүт берген аялаған аналарым,
бармысың!
1 – жүргізуші: Білім берген саясы мол ұстаздарым, Армысың!
«Әліппе» - әлемдегі бар ғылымның
тұнық бастауы!
- Дүниенің тылсым құпиясын білуге
деген бала құштарлығын оятуға ең
алдымен «Әліппені» қалай
меңгергені әсер етеді. Белгілі ақын Мұзафар
Әлімбаев «Әліппе» туралы былай жырлаған екен:
Жеміске құты тола ма?
Бір – бірлеп теріп алмасаң?
Әп – сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал: білім боларың
Шам – шырағың жолында.
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том – том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»!
Әліппе - білімнің, ғылымның
алғашқы жолы.
Енді шәкірттердің Әліппеден не біліп,
не үйренгенін тамашалаңыздар!
2 - жүргізуші: Бүгінгі
ұлы мерекеге
Қош келіпсіз
бәріңіз де
Әліппемен
қоштасамыз
Ана тілмен достасамыз
1 - жүргізуші: Қазақстан
елінің
Балдырғаны боламыз
Мақтанышы болатын
Болашағы
ұланбыз.
Хор: «Жарқын
жүзді ұстазым!»
2 - жүргізуші: Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Барлығы:
Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті,
Әліппе!
Мұғалім: - Балалар әліппеге арнап
айтатын тақпақтарың бар ма?
1 - оқушы:
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып
қарай бердім әріптерді
Мен үшін сырлы
жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған
кілтін алып берді
2 - оқушы:
А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым
көз алдымда күлімдеді
Күн сайын
әріптердің атын біліп,
Сөз
оқимын, айырып буынды енді.
Мұғалім: Хор «Сәлем саған, мектебім»
1 - оқушы:
Қош бол, құтты «Әліппем»
Көп
нәрсені үйреттің
Таныстырып
әріппен
Тақылдатып
сөйлеттің
2 - оқушы:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті
әліппем
Сенің
арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам санатына
кіргенім
Мұғалім: - Балалар, біздің алдымызға және бір
сүйіп оқитын пәніміз «Ана тілі» келе жатыр қарсы
алайық!
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме балалар? Енді мені оқып, менен білім
аласыздар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер,
қадірлеңдер!
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп
тұр бетте
Өзге тілдің
бәрін біл!
Өз тіліңді
құрметте!, - демекші біз енді өз білімімізді ана тілі
пәнімен
жалғастыратын боламыз. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері
жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене
беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп
Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір
азаматтың көкірегінде ана тіліне деген
сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі,
қазақ тілі – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы -
оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды,
әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Әр
нәрсенің түп-тамыры болатыны сияқты, ана
тіліміздің де түп-тамыры бар. Заңғар жазушы Шығыс
Айтматов өскелең ұрпақ тілімізбен бірге өсіп -
өнеді, тілімізбен бірге өркендейді деген.
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өнуі,
дүниеде өзіндік орын алуы оның ана тіліне тікелей әсер
етеді. Қазіргі таңда қай сала болмасын, реформаның
ең басты мақсаты - ой-өрісі жаңаша, мемлекеттік тілді
жақсы деңгейде меңгере алатын маман болу.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы
тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты
дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана
тіліміздің болашағы» деген болатын.
Тіл саясаты - мемлекеттік саясат, ол егеменді еліміздің берік
арқауы, демографиялық, әрі саяси ахуалдың
қалыптылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш. Нәтижесінде
қоғамымызда патриоттық намысты мықтап бойына
сіңірген өрендер
тәрбиеленеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.«Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз». Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы, 2011 жыл.
2.Қазақстан
Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3.Балақаев М.,
Әміров Р.
Қазақ тілі 3
сынып (оқулық) - Алматы, «Мектеп» 1990.
4.Бастауыш мектеп
бағдарламасы. - Алматы, 2008.
5.Жазыбаев М.,
Нағашыбаева Ә. Бастауыш
сыныптар үшін
гармматикалық ойындар. - Алматы, 1961.
6.Қазыбаев С.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту. - Алматы, 1985.
7.Молдабеков Қ.
Бастауыш мектепте тіл дамыту. - Алматы, 1953.
8.Ушинский К.Д.
Балаларды тәрбиелеу және
оқыту жөнінде
таңдамалы пікірлері. - Алматы, 1951.