6.Философия науки.

 

Сарсенбеков Н.Ж. Аға оқытушы. ҚарМТУ.

Жунисов Н. 2035- ЖМ мамандығының студенті. ҚММУ.

Қазақстан

 

И. Кант дүниетанымы және таным мәселесі

 

Мораль мәселесіне айтарлықтай өз әсерін тигізген классикалық неміс философиясының өкілі Иммануил Кант. Кант философияда таным теориясында шынында да өзі айтқандай «Коперниктік төңкеріс» жасады. Белгілі грузин, кеңес философы М.К. Мамардашвилидің жазғанындай, біз үшін Канттың ілімімен, еңбектерімен бірге оның өзі, өмірі -сабақ аларлық. Кант творчестволық табысқа толы ұзақ ғұмыр кешкен; ержеткен соң еш те бір ауырмаған. Бұл күйге ол өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен, өзін-өзі шынықтырып, жетілдіруімен, қатаң тәртіппен жеткен. Кант - жан-жақты ғұлама. Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді. Бұл, әрине, материалистік түсінік. Аспандағы планеталар бір кезде табиғи жолмен заңды түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ болуы мүмкін, Күн де мәңгі жанып тұрмайды, түбі сөнеді дейді. Оны қызықтырған тағы бір ғылым саласы философия болды. Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі жұлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң». Кант мораль  мәселелерін жаңаша зерттеп өзгеше шешті. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс — әрекетімен байланыстырып, танымның негізі тәжірибе болып табылатынын болжап білді. Игілігіне - мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді. Мораль процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектінің, шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана. Сондықтан, философиядағы дәстүрлі мәселе: «дүние таныла ма?» деген мәселе - абстрактылы қойылған мәселе. Ол жөніндегі әдеттегі түсінікте: «дүние танылады» деген тұжырым - абстракты. Дұрысында - «дүние таныла ма?» - деген сұраққа: — «Жок, танылмайды» - деп жауап беру орынды.  Әрине,  Кант дүниенің танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол ешқашан танылмайды. Канттың кезінде де, одан кейінде де Кантты «агностик» деп айыптау Канттың ұстанымын түсінбеуден туған. Кант таным процесіне нақты, тарихи тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан «дүние танылмайды» деген пікір агностицизмді білдіреді. Бірақ, Канттың пікірі таным процесінін күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін түсінуден туған. Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде таным объектісіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Ал объект -бұл «біздік зат», бізді қызықтырған, біз танығымыз келетін дүние.

Мораль процесімен барлық ғылымдар айналысады, бірақ жоғарыдағыдай мәселелерді шешу тек философияның ғана қолынан келеді. Өйткені, философияны мораль нәтижесі ғана қызықтырмайды, сол нәтижеге, яғни объект жөніндегі ақиқат білімге апаратын жол да қызықтырады.

Сонымен, философия, Канттың ойынша, нақты таным процесінен тыс, оған дейін мораль жайын, мүмкіндігін анықтап алуы керек. Ұстазының бұл идеясын кейін Гегель келеке кылады: «Кант бұл арада суға түспей тұрып, суда жүзуді үйренбек болған схоластқа ұқсап кеткен» -дейді. Сол сияқты мораль  мәні, мүмкіндігі таным процесінде ғана анықталады.

Адамға салсаң, ол бәрін де танып білгісі келеді, ал бұл мүмкін емес. Мұндай әрекеттен бірақ ештеңе шықпады. Мораль күрделі кұбылыс болып шықты. Кант ілімінде осы кезге дейін мәнін жоймаған құнды идеялар жетерлік. Мына бір идеяға назар аударып көрейік: адам кімге, неге болса да құрал болмауы керек; керісінше, өзіне де, басқаға да, қоғамға да мақсат болғандай дәрежеге жетуі керек  Нағыз гуманистік, адами идея! Өкінішке орай, бұл идея әлі де еш елде, еш жерде жүзеге аса қойған жоқ. Барлық жерде адам өзін де, басқаларды да құрал ретінде пайдаланып келеді және басқаға да, қоғамға да өзін құрал етіп пайдалануға мүмкіндік беріп келеді.

Адам қашан да дүниенің шегіне жете алмайды. Сонымен қатар дүниешегі бар, шекарасы бар заттардан тұрады. Басқаша айтқанда, дүниенің шексіздігі шекті заттардың болуымен байланысты. Бірінсіз бірі болмайды, қарама-қарсылықтар (шектілік және шексіздік) бірін-бірі керек етіп тұрады.

 Дүниедегі ең қымбат қазына Кант үшін - адам өмірі. Адам өмірін сақтау үшін халықтар арасында бейбітшілік орнау керек. Өздерінің әлеуметтік құрылымының, нәсілінің, дінінің. тілінің, мәдениетінің айырмашылығына қарамастан халықтар өзара келісіп, тату - тәтті өмір сүруі керек. Саясаттағы ең басты мәселе - жер бетіндегі өмірді сақтау. Осы мақсатта Кант дүниежүзі халықтары әр халықтың, ұлттың, әр адамның құқықтарын мойындайтын халықаралық келісімді қабылдауы керек деген идеяны ұсынды. Ешкімнің де ар-ұжданы, сенімі, еркіндігі, қалауы аяққа басылмауы керек.

Кант өзінің зерделі философиясы арқылы өткен заман ойшылдары тап болған қайшылықтарды шешуге тырысты. Ең алдымен ол XVIII - XIX ғасырлардағы философияда өріс алып, кейін келе өзара сыйыспай, бір-бірінен алшақ кеткен эмпиризм мен рационализмнің басын біріктірмекші болды. Ол таным теориясында адам танымының қабілеттілігін сезімділік пен пайым деп бөле отырып, олардың бірлігін көсетті. Канттың ойынша, сезімділік пен пайымның айырмашылығы, танымның бірі - мазмұны, екіншісі - формасы болғандығында. «Сезімділіксіз бірде бір зат бізге берілмес еді, ал пайымсыз олардың бірде бірін ойдан өткізу мүмкін емес. Ойда мазмұн болмаса, ол бос нәрсе, ал аңдаушылық ұғымдарсыз соқыр…». Бұл екі қабілеттіліксіз таным процесі болмайды. Міне, өзінің ішкі ілімі арқылы Кант ұзақ жылдар бойы айтыс-тартыстың қайнар көзі болған эмпиризм мен рационализмді бірлікте деп қарап, проблеманың шешімін тапты. Пайым мен зерденің өзара байланысын айқындау процесінде Канттың пайымға ерекше бет бұрғанына бірден-бір себеп — оның шығармашылығының алғашқы кезеңі жаратылыстану саласында өткендігінде болатын. Олеңалдымен математик, астроном, биолог, сондай-ақ тағы басқа да ғылымдар саласының маманы болды. Алайда, шығармашылық өмірінің екінші, сыни кезеңінде оның философияға бет бұруы зердеге ерекше мәнберуіне, сол арқылы адамзатты ғасырлар бойы толғандырып келген әлемдік проблемаларға бой ұруына жол ашты.

Алайда, оның зерде туралы ілімі таным теориясы, логика, диалектика мәселелерінің, сондай-ақ адамгершілік, мораль және сезімділік, әдемілік проблемаларында таңғажайып жаңалықтарды ашты. Дегенмен, оның зерделі философиясы шешілмейтін қайшылықтарға тап болып, адам баласының алдында тұрған көптеген сұрақтарға жауап бере алмады. Оның зерделі философиясы шешпеген аса бір үлкен мәселе «өзіндік зат» идеясы десе болады. Өйткені Кант «өзіндік зат» біздің санамыздан, бізден тыс өмір сүреді деп мойындай отырып, «бірақ оны тану мүмкін емес, өйткені оған біздің зердеміздің шамасы келмейді» деген қайшылыққа ұрынады. Оның зерделі философиясынан туған осындай қайшылықтарды шешу және «өзіндік зат» проблемасын белгілі бір объекті етіп қарау, философия тарихында жаңа бағытқа жол бастаған философтардың үлесіне тиді. Канттың «өзіндік зат бар, ол тек біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, ал оны таным қабылдай алмайды, біз тек қана құбылыстарды біле аламыз» деуі ойлау процесінде қиындықтар тудырып, пайым мен зерденің арасындағы қайшылықтарға әкеледі. Мұндай қайшылық зерденің өзін бір-біріне қарама-қарсы екі «Менге»  бөлді: оның бірі біздің сезімділік аңдаушылығымыздан туса, екіншісі — ойлаудан шығады. Бір-бірінен алшақ кеткен екі дүние: аңдаушылық пен ойлау тәжірибеде, нақты өмірде өзара бірлікте болады. Дәл осы жерге келгенде зерде үлкен қиыншылыққа душар болады. Канттың логикалық идеясы өз мазмұнынан айырылып қалды. Өйткені ойлау туралы түйінінің, қорытындының «өзіндік затқа», оны ойлауға ешбір қатысы болмады. И. Канттың адамгершілік, әдептілік, мораль төңірегіндегі идеялары, құдайға сену адамгершілікке бастайды деген зерделі ойы кейінгі ойшылдар мен ақын-жазушыларға ерекше әсер етті.