Право/4.Трудовое право, и право социального обеспечения

 

Хауия С., Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

 

Тәуелсіздік алғаннан бері, яғни 21 жыл тарихында, Қазақстан Республикасында ең маңызды мақсат экономиканы көтеру ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру болды. Реформа барысында әлеуметтік саланың анағұрлым әлсіз екені байқалды.Осы кезде әлемдегі барлық елдер үшін өзекті мәселе – кәрілікті материалдық жағынана қамсыздандыру болып отыр. Біздің елде де бұл өзекті мәселеге айналды. Қазақстан Президенті Н.А.Назарбаевтың айтуы бойынша «2030 жылы 60 жастағы және одан асқан адамдар дамыған ел халықтарының үштен бірін құрайды» . Яғни, зейнетақы алу жасына жеткен азаматтардың тұрмыс – халі қалай болмақ, қандай жүйемен реформалау тиімді болады? 20 жыл ширегі ішінде оның өзгерісі қандайбағыт алды,қазіргі жағдайы қандай, келешекте қандай болмақ? Осы сұрақтарды құқықтық шешу,мемлекеттің экономикасымен қабыстыру оңайға тиіп отырмағаны әрбір азаматқа белгілі. [1].  

Еліміз тәуелсіздік атты кеңістікке жеткелі бері, соның алғашқы сәтінен бастап Ел­ба­сы­мыздың «алдыменэкономика, содан кейінсая­сат» деген қағиданы басшылыққа алып, жұмыс істегені белгілі. Осының нәтижесінде Қазақстан эко­номикасы тез көтерілді десек абден болады.Бұл әлеуметтік сала­ның жақсаруына да айтарлықтай ықпал етті. Мәсе­лен,экономикамыз жақсара бастаған соңғы 11 жылдың ішінде зейнетақының төменгі көлемі 3500 теңгеден 24047 теңгеге дейін өсіп, 7 есе, орташа зейнетақы көлемі4462 теңгеден 36 205 теңгеге дейін жетіп, 8 есе, ал жоғары деңгейдегі зейнетақы көлемі 8156 теңгеден 52226 теңгеге дейін өсіп, 6,4 есе артқанынан-ақ байқауымызға болады.Осы аралықта халықтың жан басына шаққандағы табысы да бірнеше есе өскендігі,халықтың әлсіз топтарын қолдайтын түрлі әлеуметтік төлемдердің іске қосылғандығы белгілі. Осылардың нәтижесінде Қазақстан қазіргі күні тек Орталық Азияда ғана емес, ТМД көлемінде халықтың әлеуметтік жағдайы тұрғысынан көш басындағы мемлекеттердің қатарында келеді.

Алайда, бас кезінде қиындықтар болмады деуге де болмайды, себебі-еліміз тәуелсіздікке ие болған кезде жарна ауда­ратын кәсіпорындар санының күрт төмендеп кетуіне және еңбекақы төлеудің азаюына байла­ныс­ты зейнетақы жүйесі дағдарысқа кенелді.Оның үстіне 1990-1995 жылдар аралығында еліміздегі зейнеткерлер саны да 2412мың адамнан 2980 мың адам­ға дейін өсіп, зейнетақы қорына түсетін жүктеме­ні елеулі түрде арттырып жіберген болатын. Осыған орай 1997жылы еліміздің зейнетақы жүйесіне реформа жүргізілді. Ол Қазақстанда ха­лық­ты әлеуметтік қорғау жүйесін көп деңгейлі ету­ге бағытталды. 1990 жылы 1 қаңтардан бастап, елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасын­да зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес зейнетақымен қамтудың аралас жүйесі іске қосылды. Осы жүйе бойынша зейнетақы төлеудің мемлекеттік бөлу және жинақтау жүйелері пайда болды. Олар халықты зейнетақымен қамтудағы жауапкершілікті мемлекетке, жұмыс берушіге және жұмысшының өзіне бөліп жүктеді. Зейнетақы реформасын жүргізуде көптеген нәтижелермен бірге, әдістемелік қателіктер жіберілді, соның салдарынан нарықтық жағдайға қазіргі зейнеткерлердің зейнетақылық қамтамасыз етілуі толығымен бейімделмеді және мемлекеттік бюджеттен автономдық ала алмады.

Бірінші және басты қателік – 1998жылы бірынғай әлеуметтік салықты енгізу болып табылады, себебі ол да қосылған құн салығы мен табысқа салық қатарына түсіп кетті. Бүгінгі күні осы институттың радикалды трансформациясы қажеттілігінде проблема туындап тұр. 1998-2006жылдарда зейнетақылық қамтасыз етуде басты кемшілік ол максималды зейнетақы проблемасы болып табылады. Ол зейнетақы көлемі бойынша жоғары емес және азаматтардың еңбегін толық есепке алмайды. Қазіргі таңда мемлекетте үлкен құрылтайшылар иленген жинақтық зейнетақы қорлары қызмет көрсетуде. Мұндай қорлардың нәтижелілігі құрылтайшылардың жағдайларына тәуелді. Сондықтан,қосымша зейнетақылық қаматамасыз етілуге үлкен кәсіпорындар, қаржы-өнеркәсіп топтар мен банктердің жұмыскерлерінің ғана мүмкіндігі бар. Зейнетақы реформасының маңыздылығы, зейнетақының тұтынушы қабілеттілігі төмендеді.Мемлекеттік емес зейнетақылық қамтамасыз етуде қатысу, сақтандырушы жарналарды төлеу төмендеді, себебі көптеген салымшыларға болашақ зейнетақы көлемі мен оның беру тәртібі толығымен анық емес болып келеді. Осындай үдерістер негізінде қазіргі зейнетақы жүйесі қалыптасып отыр.Қазіргі таңда зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол жалпы ЖІӨ-нің 9% құрайды. [2], [6.1].

Зейнетақыжасы ұлғайған халықтың үлкен бөлігінің табысының негізгі көздерінің бірі болып табылады. Халықтың ақшалай табыстарының дәрежесі халықтың өмір сүру деңгейінің маңызды әлеуметтік индикаторы саналады.Ақшалай кірістердің негізгі көзі ретінде еңбек табысы көбірек орын алады, ол жалпы табыстар көлемінің66%-ын құрайды; жәрдемақының салыстырмалы салмағы 4,5%-ды құраса, мекендік әлеуметтік және тұрғындық көмектер -1,2%, стипендиялар – 0,1%-ды құраған.Осы тұрғысынан алғанда, көрсетілген мәлімет халықтың ақшалай табыстарының жалпы құрылымындағы 16,7%-ын зейнетақы құрайтынын айғақтайды. [3]

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында 10-ға тарта лицензияланған жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді. 2005 жылдың 15-ші қаңтарынан бастап, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 33-ші бабында көрсетілгендей жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративті болып бөлінді. Зейнетақы бекітілген заңдылық ретімен әлеуметтік қорғаудың және басқа да қайнар көздерінің белгілі категория тұлғаларына берілетін үздіксіз ақшалай төлем ретінде танимыз. Қазақстанда бекітілген зейнеткерлік жас Еуропа және Америка елдерінен әлде қайда төмен.Мысалы: Германия, АҚШ, Англияи, Австрия, Польшадағы жұмыскерлердің зейнеткерлік жасы 65 жасты, Норвегия мен Данияда 67 жасты құрайды. Зейнеткерлік жасты анықтайтын факторлардың бірі орташа өмір сүру ұзақтығы болып табылады.

Біздің елде ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 60-64 жас, ал әйелдердің 70-73 жасты құрайды. Қазақстан Республикасындағы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші шетел мемлекеттеріне қарағанда айтарлықтай төмен. Зейнеткерлер саны және олардың қамтамасыздандыруға мемлекет шығындарының көлемі барған сайын өсуде. 2008жылы елімізде халықтың 17%зейнетақы алатын еді, ал 2009 жылдың1-қаңтарында Республика бойынша зейнеткерлер саны 2771 мың адамды, яғни жалпы халық санының 17,3% және зейнетақының орташа мөлшері 32830 теңгені құрайды.Зейнетақымен қамсыздандыруға шығын2006жылы – 9,5 млн. теңге, 2007 жылы-78 млн. теңге, 2008 жылы – 1,3 млрд.теңге, 2009 жылы - 20 млрд. теңге болды. Көптеген дерек көздерінде дағдарыс зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін шетте қалдырмады деп айтылып жатады.

Жалпылай алғанда, ол бірнеше бағытта қамтылды- зейнетақы қорының шектілігі және оған мемлекеттік бюджеттен құралдардың түсуі және зейнетақылық сақтандыру салымдарының нашар жиналуы салдарынан зейнеткерлерге зейнетақыны төлемеуіне әкеліп соқтырды. Осы аса маңызды механизмдер мәселесі, тіпті халықтың жағдайы үшін де өте маңызды құрылым проблемасы тек бір ғана „дағдарыстың әсері ғой“ деген сылтаумен көрініс тауып отыра берді. Жақсы, дағдарыстың әсері ғой“ деген сылтаудың көрінісі2008 жылдың 1-ші тоқсанында көптеген облыстармен зейнетақы қорына сақтандыру салымдарынан түсім жоспары орындалмауына, зейнетақы қорына сақтандыру салымшыларының қарызы 2008жылдың 1-ші сәуірінде -57,5 млрд. теңге, зейнетақы төлеудегі қарыз-33,2 млрд. теңге болды. Осы тұста-кез-келген жүйе, мейлі ол экономика, мейлі ол халықаралық ынтымақтастық болсын оның кішігірім кемшіліктері болады. Жалпы зейнетақы қорының да қазіргі таңда кемшілітері мүлде жоқ деп айтуға да болмайды.

Олардың қатарына мыналарды жатқызсақ болады: зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу, демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді), зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі, ендігі кезектежинақтаушы зейнетақы жүйесінің де кемшілітерін атап өтсек: нвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы, ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ, мзж сомасының жалақы мөлшеріне тәуелдігі. Жалпы Республикамыздағы зейнетақы жүйесінің дамуы, оны жан-жақты, түпкілікті жетілдіру туралы сөз болғанда- ең алдымен осы кемшіліктер жиыны алға қойылу керек деп ойлаймын. Ал 2013 жылдың бас шенінде барлық зейнетақы жүйесін бір жүйеге келтіру, яғни біртектендіру жұмыстары бастау алды. Оның іске асуына 6 ай уақыт берілді, қазіргі таңда өте күрделі аударымдар іске асуда. Бәлкім, оның бірігуі зейнетақы қорының үлкен алға басуына әкелер, алайда онға жуық зейнетақы қорланында жұмыс жасап отырғандардың жағдай не болмақ?! Осындай жағдайлар уақыт алға баспай тұрып өз жауабын тапса, нұр үстіне нұр болар еді. Жуырда әйелдер үшін зейнеткерлік жастың 63 жасқа дейін көтерілу мүмкін болатындығы да айтылып жатыр. Бес баланы дүниеге әкелген аналар 50 жасында зейнеткерлікке шығады деп тағы да айтылып өтті. Десек те осы міселелерді толық қанды шешіп алмай,зейнетақы жүйесінің жетілдіру қиынға соғары да анық. [4]; [6.3].

Әрбір зейнетақыны тағайындау жүйесінде белгілі бір шарттар көзделеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы бұрынғы істеген жалақы көлемінен (олардың арасындағы қатынас табысты ауыстыру деп атайды) зейнетақы көлемін белгілеу болып табылады.Негізінен, зейнетақының көлемі мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктеріне қарай, зейнетақы көлемі күнкөріс минимумын және олардың белсенді еңбек қызметі уақытына сәйкес қалыпты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (әрі қарай ЕХӘҚМ) ұсынысына сәйкес зейнетақы деңгейі 2 жолмен: жалақысына қатысты зейнетақы көлемін анықтау және біріңғай мөлшерлеме бойынша анықталады. Қазақстандағы ынтымақтастық жүйе бірінші жолмен құрылған, бір уақытта табыс деңгейінің мөлшеріне шектеу қоймайды.Елде зейнетақы тағайындаудың келесі шарттары заңды анықталған:зейнетақы жасы (58/63 жас, жеңілдіктерді пайдаланушылардан басқа);қажетті стаж (20/20 жыл); зейнетақы тағайындау үшін табыс көлемі, орташа айлық табысына қарай жұмыстағы үзілісіне қарамастан қатарынан әрбір 3 жыл жұмысына 1995 жылдың 1 – ші қаңтарынан (15 АЕК аспайтын);зейнетақы көлемі орташа айлық табысы есебінен 60 % болуы қажет. Ол үшін зейнетақының көлемі әрбір істелінген жылға қажетті стаждан жоғары 1 % - ға жоғарылайды,бірақ зейнетақыны есептеуге арналған табыстан 75% аспауы қажет. Жоғарыда аталған шарттар негізі тым қатты деп айтатындар бар ма? Жақсы, осы шарттар бар және осылай қалады делік. Шарттар сақталды, алайда осы зейнетақы аударымдары дұрыс, оңтайлы пайда ікелетін зейнетақы қорына жинақталып жатыр ма? Оның кепілі, қарапайым халыққа, не болмақ? Деген сияқты сұрақтар ширегіне кім жауап катпақ. Уақыт алға басқан сайын-зейнеткерлік жас та өсіп келеді. Дұрыс-ақ, алайда, «жастардың жұмыспен қамтылуы», «жас мамандарды даярлау» секілді енді-енді жанданып келе жатқан өзекті мәселелер өз шешімін оңтайлы ете ала ма? Ол тез іске аса ала ма?...Басқа жағынан алып қарайық, жасы 27 келген азамат жоғары оқу орнын бітірген делік, жұмысқа орналасуға келеді, оның мамандығы бойынша жасы 67-гі азамат жұмыс жасап отыр. Жұмыс табу оңтайлы шешім таппағаннан соң, ол жалдамалы жұмысқа орналасуға тура келеді, бәлкім бұл мысал алыстап кеткен де болар, бырақ мұндай мысалдар негізінің тікелей қатыстылығын ешкім қайтара алмайды. Сонымен қатар, тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен жеткілікті қамтылмауы; ерікті зейнетақы жинақтарының үлес салмағы төмендігі; зейнетақы жинақтарын инвестициялаудың тиімсіздігі; қарттық келіп жеткенде зейнетақы төлемдерінің лайықты өмір сүру үшін жеткіліксіздігі деген сияқты мәселелер жиыны да бізге таңсық емес. [5], [6.2].

«Өткен күн, кеше – тарих, келер күн, ертең – сыр, ал бүгінгі күн – үлкен сый» деген данагөй Қорқыт бабамыздың нақыл сөзі бар. Ертеңгі күнге батыл қадам жасау үшін бүгінгі күннің маңызын бағалау қажет. Сондықтан да әрбір адамөз болашағын мәнді түрде көргісі келе­тіндігін мойындау қажет. Бұл – қалыпты жағдай.Өйткені, адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады» дей отырып, Сондықтан жұмыс жасап жүріп, келешігіңе зейнетақы қоры арқылы қор сақтау үлкен прогресс деп түсінуміз керек.

Қазіргі кездегі зейнетақылық жинақтау жүйесінің дамуы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Зейнетақы активтерін инвестициялау үшін керек қаржылық құрал проблемасы қиындығы жағынан алда тұр. Осы уақытта елдің экономикасы «ұзақ» ресурстарды қажет етеді. Осыған байланысты ағымды жылда қаржылық құралдар тапшылығын шешуге арналған бір бірімен байланысты екі бағдарлама- бірі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қор нарығының орта қарқынды даму бағдарламаларының мәнінде жатыр. ҚР-ның зейнетақы жүйесін жетілдіру-қазіргінің, бүгінгі таңның басты талабы болып отыр.Ол үшін мынадай алғышарттарды қатайта түссе оң болар еді:нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылу есебі мен қызметтерінің теориялық негізін қарастыру; дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесін анықтау; республикадағы зейнетақы қорлары есебінің қызмет тиімділігін арттырудың маңыздылығын анықтау; шетел тәжірибелерін талдай отырып, Қазақстандық зейнетақымен қамсыздандыру моделінің құрылу ерекшеліктері; жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінің экономикалық коэфициенттер көмегімен қаржылық талдау әдістерін талдау. Осы маңызды мақсаттарды басты орынға қойғанда - қазіргі кездің басты талабы өзінің нақты оң шешімін табатынына сенеміз.

Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсызданды­руға құқықтары Конституцияда бекітілген.

Қазақстан қоғамдық қатынастар өзгерістерге ұшырап жатқан қиын жағдайларда әлеуметтік қамсыз­дандыру моделін таңдауды жүзеге асырды. Әлеуметтік кепілдік берудің патерналистік схемасын адам дамуының қажеттіліктеріне, саяси реформалар мен экономиканы ұйымдастырудың жаңа нарықтық қағидаттарына қарай қайта өзгерту қажеттігі туындады. Таңдау әлеуметтік қамсыздандыруды ұйым­дас­тыру және халықаралық институттардың ұсы­ным­дарын есепке ала отырып жасалды [2].

Чили тәжірибесіне негізделген қазақстандық модель сипаты бойынша түрлі заманауи модельдердің белгілерін қамтиды. Мемлекеттің белсенді қатысуы мен жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлу скандинавиялық (Швеция, Дания, Норвегия) модельге үйлеседі. Сақтандырудың болуы және тікелей мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қыз­меткерлердің арасында әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігінің теңдей бөлінуі консервативтік-корпоративтік (Германия, Франция, Италия) және либералды (АҚШ, Канада, Ұлыбритания) модельдерге сәйкес келеді. Әлеуметтік саясаттың эконо­микалық өсуге тәуелді болуы Шығыс Азия моделінің (80 жж.-ға дейінгі Жапония, Оңтүстік Корея) үлгісінде жүзеге асырылады [2].

Қазақстандағы қазіргі зейнетақы жүйесі Үкімет елімізде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасын мақұлдаған және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданған кезден, яғни 1997 жылдан бастау алады.

Зейнетақы реформасы капитал рыногын жеке­шелендіру және дамытудан тұратын үш бірдей экономикалық даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде жоспарланған болатын. Экономика­лық дамуды ескеретін қаржылық тұрақты, дербестендірілген зейнетақы жарналар арқылы еңбек үлесімен өлшенетін әділ жүйе құру қайта құрудың басты мақсаты болып табылды.

Реформаның ұзақ мерзімді мақсаты төлемдері белгілі ынтымақты зейнетақы жүйесінен аударымдары нақты жинақтаушы жүйеге өтуден тұрады. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін дамыту жөніндегі зерттеу жұмыстарының шеңберінде жүргізілген Дүниежүзілік банктің актуарлық есептеулері бойынша аталған транзит 2043 жылға қарай аяқталады деп болжануда. Сол уақытта зейнеткерлер зейнетақыны толықтай капитал рыногында инвестицияланатын міндетті дербес жинақтау шоттарындағы жинақтардың есебінен алуға тиіс.

Еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалаудың 14 жылы ішінде толыққанды көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға арналған тұжырымды және норма­тивтік құқықтық база қалыптастырылды, жинақ­таушы зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы жасалып, дамытылуда, зейнетақы жүйесін басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды. Бұл қолданыс­тағы жүйеге қажетті талдау жүргізуге және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда зейнетақы қызметі рыногында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. Са­лым­шылардың дербес зейнетақы шоттарының саны 8,2 млн. бірлікті құрайды. Бұл ретте қорларға міндетті зейнетақы жарнасын белсенді төлеуші­лердің саны 5,6 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылған адамдардың 67 %-ын құрайды (1999 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп). Салымшы­лардың зейнетақы жинақтары 2011 жылдың басынан бері 393,2 млрд. теңгеге немесе 17,4 %-ға көбейіп, 2 триллион 651 млрд. теңгені құрады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 млрд. теңгеден астам сомаға инвестицияланды, бұл барлық зейнетақы жинақтары сомасының 96 %-ы. Реформаның алғаш­қы жылдары қорлардың инвестициялық порт­фелінде мемлекеттік құнды қағаздар басым болған болса, қазіргі кезде мемлекеттік құнды қағаздарда инвестициялардың үлесі төмендеген, бұл орайда корпоративтік құнды қағаздарға және екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салынған зейнетақы жинақтарының көлемі өсуде.

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығына қарамастан, зейнет жасына жеткеннен кейін сақтандырылған адамға аннуитеттер төлеуді көздейтін зейнетақымен сақтандыру жүйесі де белсенді енгізілуде. 2007-2011 жылдар аралығында зейнетақы аннуитеті шартын жасаған салымшылардың саны 300 есеге (29 шарттан 6,5 мың шартқа дейін), зейнетақы аннуитеттер бойынша сыйақылар жинағы 500 есеге (32 млн. теңгеден 15,8 млрд. теңгеге дейін) өсті.

2008 жылы басталған әлемдік қаржы-экономи­калық дағдарыс дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына едәуір әсерін тигізді. Дағдарыс ықпалын ескерген Қазақстан қаржы жүйесін сауықтыру жөніндегі кешенді шаралармен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз санатының өмір сүру деңгейін төмендетіп алмау үшін алдын алу шараларын қарастырды. Осындай дағдарысқа қарсы шаралардың бірі зейнетақы төлеміне құқық туындаған сәтте, яғни зейнетке шығар кездегі инфляция деңгейіне қарай міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдіктермен қамтамасыз ету болды.

Сондай-ақ, мемлекет зейнетақы алу құқықтары реформаға дейін туындаған 1 млн. 735 мың зейнеткер үшін ынтымақты зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауда. Зейнетақы жүйесін реформалаудың алғашқы жылдарында табысты орташа зейнетақымен ауыстыру ставкасы кеңес кезіндегіден (1991 жылы – 42,8%, 2001 жылы – 34,2 %) төмен болған болса, 2005 жылы базалық зейнетақы төлемінің енгізілуін, сондай-ақ соңғы үш жылғы жыл сайынғы 25-30%-дық өсірулерді ескере­тін болсақ, ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлердің ауыстыру ставкасы 2011 жылы 46,1 %-ды құрады, бұл Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымына сай келеді.
Мұндай шаралар зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерін 24047 теңгеге, орташа мөлшерін 35829 теңгеге, ең жоғары мөлшерін 52226 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді [3].

Дамудың оң үрдістеріне қарамастан, зейнет­ақымен қамсыздандыру жүйесінде шешімі табыл­маған оның қаржылық тұрақтылығы, сенімділігі, шынайылығына (зейнетақы төлемдерінің сәйкестігі) және әлеуметтік тиімділігіне қатысты бірқатар жүйелі проблемалар бар. Қазіргі таңда Эконо­микалық даму және сауда министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп қолданыстағы зейнетақы жүйе­сінің жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіруге жағдай жасау үшін әдістемелерді айқындау жұмыстары басталды. Сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жүйесінің бар­лық деңгейлерінде актуарлық есептер жүргізу және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетіл­ді­ру және одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзір­леу үшін Дүниежүзілік банк сарапшылары тартылған.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуҚазақ­стан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ПрезидентҰлт көшбас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев «қазақстандық жолдың жаңа кезеңіол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер» екенін атап өтіп, Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген. Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ете­тін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнет­ақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр. Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зей­нетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60%-на жеткізіледі, ал ынты­мақты зейнетақы төлемдері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай міндетті түрде өсіріліп тұрады.

Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы қорла­рының қызметімен қамтуды кеңейту, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін және олардағы зейнетақы төлемдері тетігін жетіл­діру, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйе­сін жетілдірудің басты бағыты болып табылады.

Қазақстан Үкіметі 2011 жылдың наурызында бекіткен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарла­масы­ның аясында тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту жоспарланып отыр. Аталмыш бағдарлама өз бетінше жұмыспен қамтыл­ғандар, жұмыссыздар мен табысы аз қазақстан­дықтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесуге ғана емес, өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға да бағытталған. Жұмыспен қамту бағдарламасының нәтижесінде жинақтаушы зейнет­ақы жүйесімен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысатындардың саны 2016 жылға қарай шамамен 1,0 млн. адамды құрайтын болады. Бұл ретте бағдарламамен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысушы адамның 60 %-ы жалдамалы қызметкер мәртебесіне ие болады. Өз бетінше жұмыспен айна­лысатындардың жалақысын төлеуге жұмсалатын субсидия сомасынан 10 % мөлшерінде міндетті зейнетақы жарна аударылатын болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың екінші бөлігі (40 %) өз пайдасына 22,2 млрд. теңге сомасында міндетті зейнетақы жарнасын аударады [5].

Сонымен бір уақытта өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу есебі мен мониторингін жетілдіру шаралары қабылданады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвести­циялық проблемаларын шешу құнды қағаздар рыногының жай-күйімен тікелей байланысты, себебі салынған зейнетақы активтерінен инвес­тиция­лық табыс алу портфельдік инвестициялар шеңберінде ғана мүмкін және орынды болады. Биылғы жылдан бастап, жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржылық құралдар құрылымы бойынша және инвестициялық қатерлер деңгейі бойынша ерекшеленетін бірнеше инвестициялық портфель­дерді (консервативтік, біркелкі) қалыптастыратын болады. Бұл орайда жинақтаушы зейнетақы қоры­ның әрбір салымшысына (алушысына) зейнетақы жинақтарын көбейту мақсатында инвестициялық портфельді өз бетінше таңдау құқығы беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері тетіктерін жетілдіру және келешекте зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту аяқтал­ғаннан кейін аннуитеттерді одан әрі кеңінен қолдану, бірлескен аннуитеттердің түрлерін енгізу жоспарлануда, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібіне де бірқатар өзгерістер енгізілетін болады.

Қорыта келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабель­дігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да береді [4].

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы

2 Г. Н. Әбдіқалықова Әрбір зейнеткер мемлекет назарынан тыс қалмайды. «Айқын» 30.08.13.

3 Әбдіхалықова, Г. Зейнетақы жүйесін жетілдіру маңызды міндет // Егемен Қазақстан. — 2013. - 3 ақпан

4 Әбдіхалықова Г. Қарттарға қамқорлық-ортақ парызымыз//Егемен Қазақстан.-2012.- №29 (687).-С. 2.