Минасипова А.Р., Доспанова А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

  Қазіргі кезеңде әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер  тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру мен тәрбиелеу, сонымен қатар, психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы психологияда ғана емес жалпы психология, әлеуметтік психология және тағы басқа ғылымдардың білім саласында өзекті мәселе болып отыр. Осындай жағдайдағы жетім балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.

­­  Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың өзіндік белгілі себептері бар. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде  ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы болып отыр.

Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті  толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта  қалушылықты, масыл-дықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың  төменгі деңгейін  туындатады.

Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы оның “өмір жолы” контекстіне байланысты (С.Л. Рубинштейн), мұнда “жеке тұлғаның белгілі қоғамда дамуы мен қалыптасуы, адамның заманына сай және  нақты құрдастар болуында бірлескен іс-әрекетте  дамуы” тарихы анықталады. Б.Г. Ананьева бойынша өмір жолы нақты сатылардан  тұрады, қарым-қатынас жүйесінде «Өмір жолының кезеңдері онтогенездің жас ерекшелік сатыларында қаланады [1, 35-40 б].

Жеке тұлғаның   «индивидтің әлеуметтенуі» процесі мен,  толық отбасындағы әлеуметтік жағдай, қоршаған орта, елдегі, аймақтағы экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайлар, өз ұлтының ұлттық дәстүрлері, этносоциомәдениеті жатады. Бұлар - тұлғаның дамуындағы макроситуация. Л.С. Выготскийдің анықтауы бойынша, өмір жолының әрбір сатысында адам мен оны қоршаған өмірде белгілі бір әлеуметтік жағдаяттар қалыптасады [2]. Ол дамудың әлеуметтік жағдаяты (ахуалы) «бала жаңа тұлғанық қасиеттерді қалыптастыру кезінде нақты өзіне жол таңдап, дамудың негізгі көзі» болады деп көрсеткен.

Дамудың әлеуметтік ахуалы   бірлескен іс-әрекет түрлері мен типтерін біріктіреді. Бұл жағдайды адам өзгерте алады.  А.Н. Леонтьев  пікірінше, оның қоршаған ортадағы өз орнын өзгертуге мүмкіндігі бар [3].

А.В. Петровский бойынша, дамудың әлеуметтік жағдайы немесе кеңірек -  жалпы орта тұрақты немесе өзгермелі болады [4].   Адамның осы қауым өміріне әлеуметтік ағза ретінде енуі үш сатыны біріктіреді: осы қауымда қалыптасқан іс-әрекет,  өлшемдерге бейімделу; «жеке тұлғаның қажеттілігін» толық қанағаттандыруы; осы қауымда жеке тұлғаның  бірлескен іс-әрекеттегі орны. Егер индивидтену «жеке тұлғаның өзін тану әдіс-тәсілдерін ізденумен сипатталып, бейімделудің бағыты мен нәтижесінің қарама қарсылығын жойса («қауымдағылар тәріздес»), онда  бірлескен іс-әрекет «алдыңғы сатыдағы субъектінің қауымда өзінің ерекшеліктері мен қабілеттері арқылы айырмашылығын көрсеттеін себеп-салдар және қоғам қажеттіліктерін қабылдап, мақұлдап және өзінің ерекшеліктерін айқындап, өзара іс-әрекетте жетістікке жету үшін жақсы көрінетін құндылықтарға сай келеді және т.б.». Бірлескен іс-әрекет «оның өмірінде жасалатын нақты дамудың әлеуметтік жағдайлары» (А.Г. Асмалов), жеке тұлғаның кез-келген әлеуметтік жағдайларда дамуының негізгі шарттарының бірі болады.

Бейімделу, даралық,  бірлескен іс-әрекет (А.В. Петровский бойынша) адам мен қауымнаң өзара қарым-қатынас механизмі, оның жеке дара дамуы мен әлеуметтенуі  және осы қарым-қатынас кезінде пайда болған қарама-қайшылық процесін шешеді. Адамның жеке тұлға ретінде дамуына оның өзін-өзі тануы, “Мен” бейнесінің ( “Мен” – тұжырымдама, “Мен” – жүйесі) қалыптасып, қажеттік-түрткілер аймағының өзгеруі, жекедаралық  рефлексия дамумен, өзін-өзі бағалау механизмі әсер етеді.                               

Қарым-қатынастың бірлескен іс-әрекетті жүйелендірудегі қоғамға пайдасы жан-жақты дамыған жаңа тұлғаны қалыптастырады, мұнда оның өз бойында басқа адамдарға, қоғамға жағымды іс-әрекет ету қажеттіліктері жетіледі. Адамның физиологиялық өсу процесінде болатын "мен" деген тұжырымы қоғам үшін негізгі, әлеуметтік іс-әрекетті жасөспірім бойына қалыптастырады, үлкендер әлеміне кіру және өзін қоғамда көрсете алу, өз "менін" көрсету, т.б. Әлеуметтік жағынан дамыған қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі - өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін және қоғамда өзін-өзі ұстауын тәрбиелеу. Қоғамға жағымды іс-әрекет пен жоғары дәрежедегі қатынасқа түсудің өзара байланысы жасөспірімде қоғамда өзі үшін еңбек ету немесе жағымды іс-әрекет жасау қажеттілігін шынайы түрде қалыптастырады. Бұл жай ғана жасөспірімді тәрбиелеу емес, сонымен қатар, жаңа қажеттіліктер жүйесін қалыптастыру шарттарын, жолдарын, өзін-өзі көрсету формаларын жасап шығару. Қарым-қатынас - бұл бірлескен іс-әрекет қажеттілігінен туындаған адамдар арасында байланысты дамытудың көп жоспарлы процесі.

Сонымен қатар бірлескен іс-әрекеттегі жест арқылы адамның көңіл күйін білеміз. Әр эмоция адамның барлық мүшесіне әсер етеді. Мысалы қуаныш көңіл-күйдің көтерілуі қозғалыстың тез болуы, сабырсыз, ырғақты болып келеді. Қарым-қатынастағы дағдарыс кезінде керсінше қозғалыс баяу- сенімсіздікті, бүк түскен қозғалыссыз кезін айтамыз. Бұлшық етте үрей- тез жиырылып және тез таралатын, бұл кезде қысқа уақыт ішінде қимылдар қолды айқастыру, жұдырықты түйіп ашу, аяқпен тықыршынауы ,бетті сипау, шашты, қасты ұстау арқылы бетті жабу. Ашудың келуі-демді ұстаумен, ауызды жабумен көрінеді. Бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынаста ұрсысудың алдын-ала бастамасы болады. Сонымен қатар басты артқа алуы, шегіншектеу белгілі бір заттан, жұмыстан бөлектену және осылай қарсылығын білдіреді. Бұл жестті екі адамның сөйлесуінде жиі көруге болады. Егер соның біреуі артқа шегісе, ол жайсыз бірдеңе естуі мүмкін. Адамның өзін-өзі ұстауы жиі болмайды. Шынайы сезімнің қарсыласуында өжеттілікті ортақ жайсыздығынан-ақ көруге болады. Егер бет әлпеті спецификалық эмоциядан хабар беретін болса, жест пен тұрыс сезімді көрсетеді. Эмоцияның интенцивтілігін қолдың қойсынан-ақ білуге болады. Қолдың жоғары көтерілуі психологтар дәлелдегендей ол эмоцияның жоғары болуы.  Мысалы, жұдырықтың белде, кеуде тұсы, бас жақта көрінсе, қауіптің түрлі екенін көрсетеді. Қолмен бетті ұстауы- бірдеңеге қауіптеніп тұрғанын, ал қолмен басты ұстау- уайым мен қайғыны білдіреді. Егер адам бірдеңеден шошынса, қолмен қорғанғысы келеді, үрей қатты болса бетпен басты жабуға тырысады. Қатты қуаныш кезінде қолды бастан асырып сермейді.

Бұған дәлел ретінде біз   этнопсихология пәні туралы талас-тартысты айтсақ болады. Бұл көптеген этнографтар, психологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылардың үлес қосуы арқылы, белгілі бір (этностың) ұлыстың шеңберінде өмір сүретін адамдардың психологияларын салыстыру, оларды психологиялық қыры жағынан, яғни "ұлттық мінез" түсінігін анықтау, белгілеу мәселелері төңірегінде қарастырған жөн.  Әрбір ұлттық психология саласын: сезім, бір нәрсені уайымдау, дәстүр, әдет-ғұрып, талғам және тағы басқасы анықтайды. Сонымен қатар осы аталғандардан халықтың тұрмыс салтын, ұлттық тарихын, халықаралық байланыстарын және қатынастарын байқауға, айқындауға болады деген тұжырымдама жасауға болады.

Психологиялық әдіс адам санасын зерттеу арқылы адам тұлғасын әдістемелік принципке сүйене отырып қалыптастырады. Әр адамның бойында "өзім", "мен" деген сезімі болады. Оны қаншама туыстары, жақын достары қоршап тұрғанмен, ол бәрібір де жалғыз. Оның бойында ылғи да талас, тартыс жүргізіп отыратын өзінің жақтаушылары мен қарсыластары табылады. Адамның "мен" сезімі оның осы өмірдегі алатын орнын анықтауға, сондай-ақ, оның осы өмірдегі рөлін белгілеуге бағытталған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.  Ананьев Б.Г. Проблема формирования характера// Ананьев Б.Г.  Избранные психол. труды. М.: Педагогика, 1980.

2.  Выготский Л.С. Собр соч.: В6т. М., 1983. т.3.

3. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.: Политиздат, 1975.

4. Перовский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы –      А., Мектеп, 1987

5. Ахтаева Н.С., Әбдіғаппарова А.І.   Әлеуметтік психология. - А.: Қазақ       университеті, 2007.