Минасипова А.Р.,
Лесқұлова А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қоғамдағы нарықтық даму
денгейінде ерлі-зайыптылардың ортақ өмір сұру
процесінің құрылымдық - динамикалық
ерекшеліктері, механизмдері және процесс факторларын анықтау
негізгі мәселелердің бірі болып
табылады.
Ерлі - зайыптылардың қарым - қатынасын тұрақтандыру
проблемасы, жеке тұлғаны қалыптастыруда
маңызды мәселелерді шешеді.
Ерлі-зайыптылардың «қоғам» деген
жүйенің ішіндегі ерекше психологиялық жүйе бола
тұра, қоғамның әлеуметтік және
экономикалық жағынан дамуындағы негізгі қайнар
көзі болып қала береді. Ол ең маңызды да басты
қоғамдық құндылық, байлық - адамды
қалыптастырады. Б.Ф.Ломов пікірінше: «Әрекет пен
қарым-қатынас бұл әлеуметтік тұрмыстың екі
жағы және оны қарастырғанда «қарым-қатынас»
категориясынсыз өту мұмкін емес. Бұл әсіресе
ерлі-зайыптылардың арасындағы ортақ өмір әрекет
процесінде көрінеді,- деген. Қарым-қатынастың негізгі
функцияларын Б.Ф.Ломов былай бөледі: ортақ әрекетті
ұйымдастыру, адамдардың бір-бірін тануы,
тұлғааралық қатынастың қалыптасуы мен
дамуы. Бұл берілген функциялар «ортақ ақпарат
қорының» қалыптасу процесінде жұзеге асады.
Жұйелілік сипатта ерлі-зайыптыларды қарастыру, ондағы болып
жатқан процестерді талдауға мұмкіндік береді. Оның
кішкене топ әлеуметтік «Ерлі-зайыптылар» деген феноменнің
ерекшеліктері көрінеді. Ерлі-зайыптылардың жұмыста
құрылымдык модель /С.Минухин, Б.Монтальво, Б.Герин, Б.Розман,
Г.Апонте, М.Вальтерс, С.Гринштейн/ жан-жақты зерттелді.
Қазіргі кезде ерлі-зайыптылардың
қарым-қатынас сапасы, талаптың жоғарылау
тенденцияларымен сипатталады. Қоғамды урбанизациялаумен байланысты
алдыңғы қатарлы некенің ерекшелігін қарастыру
қызметі туындайды. Неке жоғары талаптарды
қанағаттандыратынына қарамай, жолдас табуда ескерілетін
психологиялық қасиет шеңбері кеңейе бастайды. Ерлі-зайыптылардың
қарым-қатынасқа тұсу моделі бес деңгейде
қарастырлады:
1.
Жалғыздық
кезеңі.
2.
Жолдас
іздеу кезеңі
3.
Ерлі-зайыптыға дейінгі қарым-қатынастың
тұрақтануы.
4.
Ерлі-зайыптылардың
қарым-қатынасқа түсу туралы
шешім қабылдау.
5.
Ерлі-зайыптылардың
қарым-қатынасқа тұруы.
Ерлі-зайыптылардың
қарым-қатынасқа түсу моделі детерминизациялау
контектісінде отбсылық қарым-қатынасқа тұрушылардың
ерекшеліктерімен қарастырылады. С.И.Голадтың пікірінше
«Ерлі-зайыптылардың некеге тұрудың негізгі мақсаты,
ол бейімділік синдромы интимділік
және автономия» деп
санаған.
Бейімділік жеке тұлғаның белсенді
бағытталған әрекетінің бағалық жұйесі
ретінде қарастырылады. Ол тепе теңдікті ұстауға
мұмкіндік беріп қана қоймайды, эволюциялық дамуға
мұмкіндік жасайды. Бейімділіктің жетістігі жеке тұлғаның
мінездемесіне байланысты, жеке бас қасиеттерінің мынандай
тұрлері жатады: қауіптілік, күмәндану және
бейімділік мүмкіндіктерінің төмендеуі жатады.
Зерттеушілердің көпшілігі кездейсоқ
бейтаныс адамдардың бір-біріне деген сенімін анықтау
оңайға соғатынын аныктады. Біздің басқа
адамға деген бастапқы жағымды істерімізді анықтайтын
жағдайлар: тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс орны,
сырт бейнесі, бізге ұқсастығы, оның бізге деген игі
ниеттілігі, бізге ұзақ уақыттық
қарым-қатынас жасауымызға септігін тигізеді. Жаңа ғана
танысқан екі жасты бір-бірімен әсер алу үшін
алғашқы жолыққан кезде жақын қатынаста бола
аламыз ба, жалғасын таба ма деген қиын кезеңдер мазалайды,
яғни алғашқы әсер алудың үлкен
маңыздылығы. Махаббаттық қарым-қатынас
алғашқы сезімнің күшейтілуі. Осының бәрін түсіне
келе әлеуметтік психологтар алғашқы кездесудегі әсерді
карастырудан, ұзақ та және жақын
қарым-қатынасты зерттеуге кірісті.
Кейбір зерттеулерде ерлер арасындағы достық,
әйелдер арасындағы достық, ата-анамен бала арасындағы
қарым-қатынас, ерлі-зайыптылар және көңілдестер
арасындағы махаббаттың жаратылысы, жақындық
қарым-қатынастар салыстырылған. Зерттеу барысында
барлық сүйіспеншілік қатынастардан байқалмағаны:
өзара түсінушілік, бірін-бірі қолдау, бірін-бірі
сүйетіндіктерінен рахат алу және осы сезімді қастерлей білу.
Бұндай элементтер екі достың, ерлі-зайыптылардың арасында
болады, бірақ ол басқаша ажарланады. Алғашқы
кезеңде махаббатқа деген құмарлық сүйікті
адамдардың жанында ұнемі бірге болу және жарқын
сезіммен ерекшеленеді.
Күшті махаббат жолында, толқытушы,
қарқынды болады. Хатфилдтің анықтауынша «сүйетін
адамнының қосылуы мақсат ету тұрақтанбаған жағдай». Егер сезім екі жақты бірдей
келісулі болса, онда біз сүйіспеншілікке толы қуанышты сезінеміз,
егер де олай болмаса үміт үзуге әкеліп соқтырады.
Махаббатқа деген
құштарлықтың табиғатын түсіндіре келе
Хатарфильд қандай да болмасын сезімді қоздыру әртүрлі
себептерге байланысты әртұрлі болады, ол әрі сезім адам
жанына да, тәніне де әсер егеді. Елестетіңіші, сіздің жүрек
қағысыңыз қатты, қолыңыз дірілдейді. Сіз
қуанышты ма, қорқынышты ма нені сезінесіз? Эмоциялардың
физиологиялық пайда болуы ұқсас. Сіз қуанышты
қоздыратын романтикалық жағдайдасыз. Махаббатқа
құштарлық - физиологиялық қоздырғыш, ол
сіздің жақсы көретін адамыңыз. Қоздыру
құштарлығы болса, онда ол махаббаттың одан әлі күшеюіне
әсер етеді.
Адамдардың көпшілігі біздің ойымыз бен
сезімімізді сезіп отырады. Мысалы, біз махаббат - бұл танысудың
аяғы үйленуге әкеліп соғатын негізгі шарт деп білеміз.
Жақында Солтүстік Америкада, әсіресе әйелдер арасында
өзінің серігін таңдауына адамның әлеуметтік
шығу тегі, мамандығы, материалды жағдайы сияқты
факторлар әсер етіпті, бүндай жағдай Индия, Пәкістан,
Тайланд сияқты елерде де кездеседі. Ал АҚШ-та 80-жылдардың
ортасында жастар арасындағы он адамнан сұрақ - жауап алса,
оның тоғызы махаббат - бұл некеге тұрудың
негізгі, шарты деп жауап қайтарған.
Мәдениеттілер бір-бірінен махаббатты яғни
романтикалық махаббатты қандай орынға
қоятындығына байланысты ажыратылады. Жүз он алты мәдениетті
алып зерттегенде, 89%-тей өкілдер романтикалық махаббатты
келіспеушілік немес ғашықтардың біріне қауышуы деп
біледі екен. Бірақ неке барлық мәдениеттерде
романтикалық махаббат негізінде құрылмайды. Дамыған
батыс елдерде махаббат некеге тұрудың шарты болып табылады,
алайда кейбір мәдениеттерге махаббат
ерлі-зайыптылардың
қарым-қатынастардың салдары ретінде пайда болады.
Адамдар
өздерінің
жыныстық
қатынастарын
әртүрлі етіп құрады. Кейбіреулер ұзақ емес,
әртүрлі байланысты іздейді, ал басқалары
жалғасымды және берік
байланыстардағы
сенімді
қарым-қатынастарды ұнатады. Марк Снайдер және оның әріптестері өз зерттеулерінде романтикалық
қарым-қатынасқа деген екі жақ
көзқарастарының өзгешелігін ажыратты. Кейбір,
әсіресе өзін-өзі бақылау сезімдері жоғары адамдар
өзін-өзі алып жүре алады, кез-келген жағдайда өз
дегеніне жететін болады. ал өзін-өзі бақылау
сезімі төмен адамдар
көбінесе ішкі сезімдері
мен импульстарының дегенімен іс-әрекет жасайды. Сіздің
ойыңызша осы екі топтың қайсысы сырттай
көңілдестікке
жарайды. Қайсысында жиі-жиі сүйіктісін
ауыстыруға, жаңа серік пайда болған кезде қатынасын тез
арада ұзуге бейімділік байқалады.
Снайдер және Симпсон әрбір жағдайда
бұндай әрекетке өзін-өзі бақылау сезімі
жоғары адамдар бейім болады
деген қорытындыға келеді. Бұндай адамдар бір көргенде
өзі жайлы жақсы пікір қалдырып,
терең сезімдерге онша бейім болмайды. Ал ішкі
құбылыстарға онша мән бермейтін, өзін-өзі
бақылау сезімі төмен бағалаған адамдар серігінің
жан дұниесі мен ішкі қасиеттеріне байсалдылықпен қарап,
сүйіктісіне берілгендік танытады. Таныстары туралы мәліметтерді
қабылдап, олар сырт пішінен гөрі неке қасиеттеріне аса
мән береді: Оларға адамды таңдау кезегі берілгенде, олар
бағыттары ұқсас адамдарды таңдайды.
Құштарлык махаббаты
сезінуде әйелдер мен ерекектердің айырмашылығы бар ма? Бас кезінде
ғашық болып, кейін сезімдері кетіп қалған әйелдер
мен еркектерді зерттеу таңқаларлық нәтиже береді.
Әйел адамдардың ғашық болуға бейімділігі күштірек
деген ойды көп адамдар ұстанады. Ер адамдар әйел
адамдарға қарағанда ғашықтықтан шығуы
қиынырақ және ұйленуге келе жатқан кезде
қарым-қатынастарды бұзуға онша бейім емес. Кейде
ғашық әйелдердің серігіне қарағанда сезімдері
күштірек болады. Ерлерге қарағанда серігіне
қамқорлық жасауға, сенім негізінде
қарым-қатынастарға бейім болады, ал ерлерді махаббат
ойынының элементтері қатырақ кызықтырады.
Некеге тұрар алдында еркектер психологиясына
көңіл бөлсек: Ұлгерімді еркектер жеке мәселесін
шешуде осы мәселе айналасындағы әрекетте ізденеді.
Оларға дамыған интеллект, тапқырлық, тез үйренгіштік,
бейімделгіштік көмектеседі. Олар әлеуметтік
қақтығысқа белсенді, көпшілше экспрессивті,
білгір, оқиғаға саналы қарайды. Табысты еркектер дерінің позицияларын жеке бас
мәселелерін шешкенде нақты ұстана алады. Оларға
еңбекқорлық, талпыныс, үздіксіз әрекеттер
тән. Олар кейде шектен шыққан қаталдық та
танытады. Еркектер тобы ажырасу мен бойдақтық деңгейі бар.
Бойдақ еркектер екі типке бөлінеді: бірінде төменгі
әрекет және тиімді позиция сипат алады. Көп жағдайда
бұл олардың шешелерімен рудың бірден-бір себебі. Оларға
концерватизм, ортаға нашар бейімдеушілік кедергі келтіреді. Екіншіден
«Үлгерімсіз» типтің жеке бас ерекшеліктеріне
тоқталайық: тіл табысқыш «әйел
затымен», экпрессивті, еш
қайғысыз.
Көбіне түйық мінезде, өзіне
сенімсіз жүреді, қақтығыста өзгені
кінәлауға бейім. Бұндай еркектер өздеріне берілген,
қиялшыл, іс-әрекеттері жеке өз қалауларына
бағытталады. Олар неке жұптарын іздеуде тоқталмайды.
Барлық ұлгерімсіздер жоғары тәуелділікте.
Қазіргі жастар арасындағы махаббат және
неке тақырыбын зерттеу кездейсоқ алынбаған. Қашанда
әрбір буын махаббатқа уақыт келбеті адамдардың
психологиясы өмір сүру жағдайлары өз өзін
қандырады. Мамандықтардың пікірі бойынша қазіргі
кезеңде некенің тиянақсыздығы жастар арасындағы
отбасы институтына деген құрметтің дәріптелмеуі.
Сонымен бірге жастар арасында жалпы бақытсыздық неке туралы
мағлұматтардың жеткіліксіздігінен жастар отбасын
құрғанда тек қана сезім күшіне арқа сүйейді.
Бұл мәселелер өткеннен он жыл көлемінде
әлеуметтік зерттеулерде көрсетілген.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Коростылева Л.А. Психологические особенности лиц
испытывающих затруднение при выступление брачные отношение. К., 1991.
Автреферат.
2.
Соколова Г.В.
Брачно-семейные отношение как
объект изучение советской социологии 20-х годов. М., 1990.
3.
Алешина Ю.Е.
Удовлетворенность браком и межличние
восприятие в супружеских мерах с различным стажем совместной жизни.
Автореферат.
4.
Райнай Г.
Образ психотерапевта в
обыденном сознание и
само восприятие. Автореферат. М., 1996.