Момынова С.Н., Шайдуллин Ж.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ОТБАСЫ
ТӘРБИЕСІНІҢ БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛЫ
Психологиялық
- педагогикалық зерттеулерде бала мінез –
құлығының ауытқу мәселесі түбегейлі
зерттелініп сипат алғанымен, қалыпты дамыған бала мінез –
құлқының жағымсыз түрлерінің туындау
себептері ғылымда өз денгейінде зерттелуде. Мұндай
балалардың мінез-құлқына мыналар тән:
өкпелегіштік, бұзықтық, бірбеткейлік, дөрекілік.
Олар басқа балалармен үнемі ұрсысып, керісіп, ескертулерге
тез ренжіп қалады. Автор мұндай мінез-құлық
оның ұжымындағы дұрыс құрылмаған
өзара қарым-қатынастардың салдарынан және
отбасындағы жағдайға байланысты пайда болады деген
қорытындыға келеді.
А.Д.Савченко
өзінің бала
қылығы және олардың себептері туралы деген мақаласында жағымсыз
іс-қылықтар өзінен-өзі туындамайды, олар арам
ниеттің нәтижесі, ал оның тамыры дұрыс
құрылмаған тәрбиеде, себептері үлкендердің
жаман өнегесінен, дұрыс үлгі бола алмауында деп атап
өтеді.
Жағымсыз
реакциялар, соған сәйкес мінез-құлықтың еркелік,
қыңырлық, қиқарлық, эмоционалды
тұрақсыздық түріндегі қылықтары басым
балаларды түбегейлі оқып-тануға Е.Д.Белова да бар жігерін
салды. Ол бара-бар емес аффекте көрінетін
бала мінез-құлқы үшін оларға
қасарушылық, тұйық мінезділік тән деп
көрсетеді. Бұл балалар басқалармен дау-жанжалға жиі
түседі, үлкендердің ескертпе-түзетулеріне қарсы
шығады. Оның зерттеу жұмысының мақсаты
балалардың аффектілі мінез-құлқына
толыққанды талдау жасай отырып жағымсыз
мінез-құлықтарды жою жолдарын көрсету болды.
Мұндай қателіктерге мыналарды жатқызады:
-талап
қоюдың жүйелігі мен дәйектілігінің қалыс
қалуы;
-шамадан тыс
еркелету;
-ата-ана тарапынан
бақылаудың болмауы;
Л.Ф.Островская
өз зерттеулерінде еркелікке бейім балалардың жас ерекшелік
және психофизикалық ерекшеліктеріне, оларды дұрыс
тәрбиелеуге қатысты туындайды деп тұжырымдайды.
А.П.Лариннің пікірінше қасарушылық кейде
тәрбиенің жағымсыз жағдайларына байланысты ерте
туындайды.
В.Д.Шадриков
негативті мінез-құлық ерекшеліктері дұрыс
құрылмаған тәрбиенің нәтижелі болуы
мүмкін дейді. Автордың пікірінше бала бетінен қақпайтын
ортада өссе, өз дегенін істесе, әрекеттері мен
талап-тілектеріне шек келтірмесе, онда оларда өз мінез-
құлықтарын еркінше басқару және ережелер мен
мөлшерлерге бағыну қабілеттіліктері қалыптаспайтын болады.
Олай болса
эмоционалды қызбалық және ұшқалақтық
немесе баладағы танымдық және қозғалыс
іс-әрекетінің кідірісі, оның темпераменті мен жеке
ерекшеліктерінің көрінуімен байланысты болуы мүмкін.
Асықпаушылық пен баяу қозғалу флегматиктерге тән
болса, артық қозғалу
ментұрақсыздық-сангвиниктер мен меланхоликтердің
айрықша белгісі. А.А.Рояк балалардың
қарым-қатынасқа түсулерінің
қиындықтарын барлай отырып, олардың
мінез-құлқындағы мынадай бітістерді, яғни,
өрескелдігі, сенбеушілігі, агрессивтілігі болатындығын
анықтады. А.И.Захаров тәрбиедегі ауытқушылық отбасында
көрініс береді және оның себептері отбасы
құрылымында болады, сондай-ақ ата-ананың балаға
қарым-қатынасынан туындайтынын айта келіп осы бағыттағы
тәрбиенің мынадай негізгі параметрін бөліп көрсетеді.
-түсінбеушілік;
-қабыл алмау;
-тоталитарлық
сәйкессіздігі;
-балалармен
қарым-қатынасындағы икемсіздігі;
-балаға
қараудағы бір қалыпсыздығы;
-ата-аналардың
өзара қатынасындағы келіспеушіліктері;
Отбасы
жағдайындағы осындай мәселелерді ескерген автор бала
мінез-құлқының бұзылуына, олардың «тууына» себепші болатындығын
көрсетіп, егер ата-аналар өздерінің жеке проблемаларын дер
кезінде шешіп отырса , бала психологиясының бұзылуына жол
бермейтінін баса айтады.
Сонымен Р.В.Овчарова
және басқа да ғалымдардың зерттеулерімен келісе отырып,
бала мінез-құлқы қиындығының себептерін
жалпы мынадай топтарға жатқызуға болады.
1.
Әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалу, бұл
арада бала өзінің
тәрбиесіздігінің нәтижесінде
өзін дұрыс көрсете алмайды, онда қажетті білім,
іскерлік, дағды және жағымсыз мінез-құлық
стереотипі қалыс қалады.
2. Терең
психикалық дискомфорт бұл отбасы өзара
қатынасының сәтсіздігінен, яғни отбасындағы
психологиялық жағдайдың терістігі, топтағы
құрбы-құрдастарымен өзара қатынасының
жараспауы, балаға ата-ана, тәрбиеші, оқытушы тарапынан
әділетсіз қатынас жасалуы салдарынан көрінеді.
3. Жас
дағдарысы, мінез акцентуациясы және басқа да себептерге
байланысты психикалық және дене күшінің саулығы
мен дамуының ауытқу күйі.
4. Өз ойын
білдіруде парасатты белсенділік танытудан, пайдалы әрекет түрімен
шұғылданудан қалыс қалу.
5.
Қараусыздық, қоршаған ортаның теріс ықпалын
және оның негізінде әлеуметтік-психологиялық
дезадаптацияның дамуы.
Қиын оқушылардың өскен ортасын яғни отбасының
жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне
кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз
жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі
көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет
қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі
салдарынан да болады.
Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз,
ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай
алмайды, кейде тұйық, шектен тыс ұялшақ болады.
Ата-анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл,
нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін.
Яғни, отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды роль
атқарады.
Оқушылардың мінез-құлқындағы
қиындықтардың пайда болу себептерін көптеген
психологтар өз зерттеулері бойынша отбасында дұрыс тәрбие
бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше
түрге бөліп қарастырады:
-Отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы;
-Баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы
қарауы;
- Қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі ана баланың тек қана
материалдық жағдайын қамтамасыз етеді. Бала өзінің
үлкендерге керексіз екенін сезінеді.
- Шектен тыс қамқорлық
бақылау есінде бала өз бетінше жұмыс істеуін, жауапкершілігін сезінеді.
Бала
тәрбиесіне ерекше мән бере отырып, ата-аналардың
педагогикалық және психологиялық сауаттылығына
айқын мән беру керек. Қазіргі
таңда білім беру саласында мектеп пен отбасының тәрбиесіне
ерекше мән берген. Отбасы бала тәрбиесіндегі негізгі
құрал екнін тани отырып, қазіргі отбасы мүшелерін
педагогикалық және психологиялық тұрғыда
сауаттандыру болып отыр. Сондықтан да баланың қалыпты
өсіп-жетілуі үшін отбасы тәрбиесінің де үлкен
орны бар. Мәселен бала мектептен келісімен тамақтанып, одан
соң 5-10 минут тынығып, үй шаруасына көмек жасаса,
кейін белгілі бір уақыт қана ойнап, сабағына
әзірленгенін ата-ана қадағалап отырса қандай орынды
болмақ. Бұл жерде
ата-ананың рөлі үлкен. Ата-ана баласын өмірге
құштар еткісі келсе, оның неге икемі бар, соған
мән беріп тәрбие бергені жөн. Егер балаға сондай
тәрбие ексеңіз, ол оның әдетіне айналып, ата-ана
нұсқауынсыз-ақ міндетім деп, оларды іске асыруға
дағдыланады. Балаға отбасы мүшелерінің сөзі,
мінез-құлқы ғана емес, ондағы
қоршаған заттар да әсер етеді. Ата-ананың тәлімі,
өнегесімен ештеңе теңесе алмайды. Отбасында тәрбие
үрдісін шебер басқару үшін, ең алдымен, ата-ана
өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі
қажет.
Қазіргі
кезеңде қазақ халқының өмірінде
бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке,
қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны
күннен күнге артуда. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық
жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі -
отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің
жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті,
дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихта көз
жүгіретін болсақ, кең байтақ өлкемізде
буынынан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік,
көргеділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып
жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы,
ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Екінші себеп -
отбасындағы ұрыс-керіс, ата-аналардың мінез-құлқы.
«Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын
өзіңіздің мінез-құлқыңызды
тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз
нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне
талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі,
өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы-
тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі»
деген болатын А.С.Макаренко. Ал, ұлы ата-бабамыз «Ата-ананың
тәрбиесі бала мінезінің іргетасы», «Ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі» деп түсіндіреді.
Сондықтан балаға
өмірінің алғашқы жылдарында адамгершілік сезімдерін
егудің орны бөлек.
Үшінші себеп- ұл
балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір
отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын,
қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете
біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз
ата-анасының еңбекқорлығы ,
ұстамдығы,кішіпейілділігі, ақыл-ойы, сана-сезімі,
адамгершілігі әсер етпек.
«Балаға
мінез уш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата-анасынан, екіншісі –
ұстазынан, үшіншісі – құрбыларынан» – деп ұлы
Абай айтқан. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде ата-ананың
сұраныс деңгейі биік. Сол себептен де ата-аналарға бала
тәрбиесіндегі үлкен міндет атқарылып отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Фурманов И А
“Детская агрессивность” Минск 1996
2. Шужебаева А.И. Психолого-педагогические
исследования трудностей в общении детей в условиях семейного воспитания /
Автореферат. Алматы., 2001