Абдыбаева Г.М., Қосақбай
А.С.
М..Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН
ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Логикалық ғылымда,
логикалық ерекшелігі мен өңдеуіндегі жетістік пен
тәуелсіздікке қарамастан өзіндік ойлауды заңы қалыптасады. Көп уақыт бойы
ойлауды процесінің мазмұны, динамикасы, нақты ерекшелігі
зерттелмеген. Ассоциативті
психологияда нақты психологиялық зерттеуден формальды логика әсерін
алғашқы кезеңнен қарастырады. Ассоцация ойлауды теориясына психологиялық өзіндік
жаңалық енгізген жоқ, ол белгілі логикалық ойлауды
заңдылықтарының әсерін өңдей келе
ассоциациялық теория ұсынады.
Бұл көзқарас ойлаудыдың механикалық
концепциясына да өзгеріс енгізбеді, тек интелектуалды процес жүйесін
қарапайым операциялар арқылы
байланысуда. Сондықтан
да ойлаудыдың психологиялық зерттенудің қалыптасуына
ассоционизм сипата негіз болғаны да сол. Ол сын бірнеше бағытта
қарастырылады. Ойлаудыдағы экспериментальды зерттеу вюрцбург
мектебінде алғаш жүргізіледі, зерттеу заты ойланудың бір
түрі – ауызша – логикалық ойлауды, ал оның әдісі ерекше
әдіс интроспекция болды [3].
Ойлауды актісінің
мақсаты және белсенді сипатын, оның бүтіндігін
ассациалы жеке әсерлерге жатпайтынын қабылдаудан арнайы ерекшелігі
бар екені қарастырылды. Ойлаудыды экспериментальды зерттеу кейінен гештальт психология
жалғастырады, олар өз шығармашылық ойлаудыларына
қарай жаңа әдістемелік тәсілдер қарастырады [4].
Г.В.Габайдың
көрсетуінше, оқу әрекеті екі құрамдас
жүйеден немесе іс-әрекеттен құралатын әрекет.
Біріншісі – жүйеше немесе іс-әрекет түріндегі оның
негізгі фунционалды компоненті, оқу. Оқу әрекетінің
дайындаушылық функционалды компонеттері оқу
іс-әрекетінің басқа жүйешесіне топталды. Ойлауды
психологиясының дамуы мен қалыптасуына көп үлес
қосқан вюрцбург мектебі болды. Негізін салумен О.Кюльпе
ойлаудыға теориялық және экспериментальды зерттеу
жүргізу арқылы кезеңдері мен принциптерін, арнайы талдады.
Кейінен Вюрцбург мектебінің идеясын жалғастырушы О.Зельц болды.
Оның «кешенді теориясы» ойлауды актісінің продуктивті,
репродуктивті психологиялық бірлік механизімін түсіндірді. Ал
гештальтпсихология өкілдері К.Дункер ойлаудыдың творчествалық
міндеті мен дамуын Ж.Пиаже мектебінде зерттеді. Дункер творчестволық
ойлауды мәселесін зерттеуге, нақты анализ жасап негізгі
механизмдеріне тоқталады. Ж.Пиаже еңбегінде генетикалық
деңгейде зерттеу таным процесін, оның орталығы
интеллектің операциялық теориясы болды.
Ал А.Н.Леонтьев ойлаудыды
зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы
психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып
қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлауды процесі бойынша
зерттеу принципін қалыптастыра
отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлауды
операцияларының негізгі бірлігін көрсетті. П.Я.Гальперин нақты
экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының
қалыптасуына тоқталды. Дж.Брунер еңбегінде ойлаудыдың
даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды,
көрнекі бейнелі ойлауды ) жағдайын танымдық іс-әрекетте
қалыптастырып талдау жасады. Қазіргі психологиядағы ойлауды
сапасы оның түрлері туралы кең көлемде зерттей – отырып
психологиялық әдебиеттер, терминдік ерекшеліктерін
ұсынғандар: Р.Арнхейм, А.Р.Лурия, Е.Блейлер, Г.Майер. Л.Леви-Брюля,
К.Гольдштейн т.б. болды.
Адамның ойлану әpeкeтi тікелей – сезімдік таным процесстерімен де
тығыз байланысты. Адамның
ойы әрбiр нәрсенiң сипаты мен қасиеттерiн сезу
арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтiп заттар мен құбылыстарды
әртарапты танып бiлуге мумкiндiк туады [5].
Адам
тiлдiк материалдар негiзiнде ойланады. өз ой-пiкiрлерiнiң жуйесiн,
нәрселер жайындағы нақты тyciнiктepiн жасайды. әрбiр
ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы
қарастырылады. Адам ойының жуйелi болып, оның
нәрселердiң мәнін тусiнiп бiлуi сөйлеу арқылы
жузеге асып, өзгелерге жеткiзiледi. Адамның ойы тiлмен, анық
сөйлеумен тығыз байланысты және ойлауды осы тiлдiк материал
арқылы өзiнiң шындығы мен ақиқаттығын
бейнелей алады.
Ойлаудыдың қоғамдық мәні Ойлаудыдың
тiлмен тыгыз байланысты болуы және оның қоғамдық
мәні адам ойлаудыы дамуының қогамдық тарихи сипатта
болатындығын көрсетедi. Адамның дуниетанымы, бiлiмi
және өмip тәжiрибесiнен жинақттаған
мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа
мұpa болып ауысып отырады. Бұл - тарихи фактор. Адам
ақыл-ойының дамып жетiлуi мен бiлiмнiң өcyi әрбiр
ұрпақ жасаған бiлiм қорын меңгерiп, оларды
әлеуметтiк өмip қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыруға пайдаланады.
Сөйтiп, тарихи даму адам баласының қоғам өмiрiндегi
қарым-қатынасын нығайтады.
Ойлауды процесі үшін
зейін – мәселені дұрыс түсінуге және шешуге ықпал
ететін фактор. Осы ойлауды және ес процесіне зейіннің тікелей
ықпалы бар.
Адамдардың
арақатынасы жүйесінде бірін-бірі жақсы түсінісуіне,
бір-біріне бейімделуіне зейін көмектеседі. Психиканың ерекше
қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде
қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт – объектіні
таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта
құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі
психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін. Сонымен,
зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін
бөліп алып, оның айқын бейнеленуіне көмектесетін
психологиялық феномен болып табылады [5,6].
Таным процестерінің бағыттылығы мен
таңдамалылығы да зейінмен байланысты болады. Ойды анық
және дәл қабылдауды, естің беріктігі мен
таңдамалылығын және сөз арқылы ой
әрекетінің бағыттылығы мен нәтижелілігін
анықтайды. Демек, барлық таным әрекеттері
функцияларының сапалы әрі нәтижелі болуы зейінге
байланысты.Оқушылардың логикалық ойлауды қабілетін
дамытып, оны тұрақтандырудың мәні зор. Ақыл – ой
еңбек қабілеттерінің өсуі барысында олар білім, білік,
дағды түрлерін тез игереді. Жасына қарай берілген тапсырманы
дұрыс сапалы орындау – баланың даму деңгейін көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушылардың белгілі бір
көлемдегі білімі, білік дағдыларын меңгертумен бірге адам,
қоғам, табиғат, қоршаған дүние туралы
танымдарын қалыптастыру, жеке бастың қасиеттерін жан –
жақты дамыту, жоғары адамгершілік принцптерге тәрбиелеу –
бүгіннің ең басты мәселесі болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғамда болып жатқан өзгерістерді
ізгілендіру процесі – баланың еркін дамуының белсенді,
шығармашыл болуын талап етеді. Оқушының ойлауды
жүйесіне тереңірек үңіліп, автор идеясына ілесе отырып
талдау жасаттырғаннан кейін оқушыларды қызықтырады,
ішкі ойына қозғау салады, өмірдің беймәлім
жақтарын көз алдына елестете алады. Соның нәтижесінде
оқушылар өз ойларын жинақтауды үйренеді.
Қазіргі білім беру жүйесі оқыту
процессінің екі аспектісін қалыптастырады [7].
Оқытудың мазмұнды аспектісі
оқушылардың терең жан – жақты ғылым мен практика
талаптарына сай келетін біліммен қаруландыру мақсатын
көздейді. Оқытудың формальды аспектісі – оқушылар
бойында білімді игеру дағдыларын қалыптастыру, соның
негізінде өздігінен жаңа білімді алуға ашу және
оқу материалын түсіну жолдарын жаңарту мәселелерін
қарастырады.
Практикада бұл екі аспектінің тең емес
екендігі айқын көрінеді. Ұстаз қауымы
оқушыларға мейлінше терең білім беруге тырысады. Алайда
«көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер
», демекші қазір мектептерде пәндердің мазмұны заман
талабына сай күрделеніп келе жатыр. Оқушы қысқа
мерзімде жалпыланған білім көлемін меңгеру қажет.
Сондықтан оқушылардың логикалық ойлаудыын дамыту,
олардың бойында логикалық ойлауды операцияларын қалыптастыру
және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі қазіргі таңда
ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі демекпіз
[8].
Оқушылардың логикалық ойлаудыын дамыту
мәселесін шешу ұстазға ауыр жүк арттыратыны
сөзсіз. Шынымен – ақ, оқушылардың ойлаудыындағы
қателікті байқап, сол қателіктің мән –
мағынасын түсіндіріп, ойлауды жүйесіндегі тізбектілікті,
ойлауды операцияларын дұрыс қалыптастыра білу үшін ұстазға
логика саласынан қажетті теориялық білім керек.
Сол себептен оқыту практикасында бұл бір
бөлек дидактикалық мәселені құрайды.
Әлемдік педагогикалық практикада бұл мәселені
шешудің кейбір тенденциялары пайда болуда. Олардың бірі –
оқыту процессінде формальды аспектіге назар аудару.
Дж.Гилфордтың пікірі
бойынша, ойлауды өзінің төрт ерекшелігімен сипатталады:
- өзіндік
өзгешелігімен, жаңашылдығымен, айтылатын
ойлардың ерекшелігімен, ойлауды жаңашылдығына деген
айқын байқалатын ұмтылысымен;
- семантикалық
иілімділігімен, яғни нысананы жаңа көзқарас
тұрғысынан көру, оның жаңа қолданысын таба
білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе жүзінде
кеңейту қабілетімен;
- бейнелік дағдылану иілімділігімен, яғни нысананы
қабылдауды оның жаңа, көрінбейтін жақтарын
көретіндей етіп, өзгерту қабілетімен;
- семантикалық
спонтандық иілімділігімен, яғни түрлі ойларды
белгісіз жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға
арналған бағдары болмаған жағдайда өндіру
қабілетімен.
Шығармашылық
ойлауды өзінің даму жолы барысында бірқатар кедергілерге:
конформизмге (басқаларға ұқсас болуға
ұмтылыс) бейімділік; күлкілі, ақылсыз, әдеттегіден тыс
болудан қорқу сезімімен, сондай-ақ басқалар тарапынан
кек қайтару қорқынышымен туылған ішкі цензураға;
ескі білім мен ойларға қатысты ебедейсіздікке, олардың
маңыздылығын қайта бағалауға; жауабын бірден
табуға деген ұмтылысқа тап болуы мүмкін [8].
Шығармашылық
ойлаудыды зерттеу психологияда төрт бағытта жүргізіледі:
·
шығармашылық
ойлауды процесін зерттеу;
·
шығармашылық
өнімдерін зерттеу;
·
креативтілікті
қабілет ретінде зерттеу;
·
шығармашылық
тұлға лардың ерекшеліктерін зерттеу
Ойлауды қиял мен
ойлаудыдың бірігуінде пайда болады.
Ойлауды процесі екі негізгі
тәсілмен жүзеге асырылады:
1) ұғымдарды
қалыптастыру және меңгеру;
2) мәселелерді шешу.
Ұғымдарды
қалыптастыру – бұл жай «ұқсас» нәрсені
«ұқсас емес» нәрседен айыра білу. Ұғымдарды
меңгеру – нәтижесінде субъекттің ұғымдардың
әрқайсысына тән белгілерін танып үйрену процесі [8].
Мәселелерді шешу
айтарлықтай дәрежеде ұзақмерзімді есте сақталатын
меңгерілген ұғымдарға сүйенеді.
Мәселені шешу барысында
әдетте 4 негізгі сатыны бөліп көрсетеді:
І – «түсініксіз
нәрсені ұғыну», яғни сұрақ, мәселе,
міндеттерді көріп, қалыптастыру. Сұрақтардың
қойылуы «бастапқы түсініктің ғана болу» жағдайы,
– ой жұмысының индикаторы жоқ.
ІІ – шешім
нұсқаларының тым көп болуы. Субъект тәжірибесі
нұсқалардың ықтималдығын бағалауды
белгілейді;
ІІІ – болжамдардың
ұсынылуы мен тым көп болуы. Болжамдардың тексерілуі мен
біреуінің таңдалуы (әуел бастан бірнеше болған
жағдайда). Болжамдардың тексерілуі кейде жеке сатыға
бөлініп шығарылады;
ІV – мәселенің
шешілуі, яғни сұраққа жауап берілуі, берілген
сұрақ бойынша тұжырым жасау.
Ойлауды процесінің
аталған сатылары шығармашылық ойлауды процесінің
сатыларымен өте ұқсас:
1) дайындалу;
2) пісіп жетілу;
3) шабыттану;
4) шынайылығын тексеру.
Ойлауды операциялары. Ойлауды процесі келесі операциялардың көмегімен жүзеге
асырылады:
* салыстыру –ұқсастық
пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;
* талдау – бейнелеу
объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас
элементтерге бөлу;
* синтез – элементтерді
тұтас құрылымға біріктіру;
* абстракция және жалпылау – жалпы
белгілерді бөліп көрсету;
* нақтылау мен дифференциялау
– ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің
мәнділігіне қайта оралу [9].
С.Л.Рубинштейннің пікірі
бойынша, аталған барлық операциялар ойлаудыдың негізгі
операциясы – жанамалаудың, яғни неғұрлым елеулі
байланыстар мен қатынастарды ашудың түрлі жақтары болып
табылады.
Ойлаудыдың басты белгісі
оның тап сол объективті болмысты жанамалап, яғни
құралдардың көмегімен бейнелеуінен тұрады.
қамтылады. Ойлауды құралдары ретінде алдыңғы
ойлауды процесінде пайда болып, сөз арқылы бекітілген
қайсыбір жалпыланған түсінік түріндегі
ұғымдарды атауға болады. Ұғым мазмұны
сөзбен бекітіледі, ал сөзді көріп немесе естігеннен кейін,
біз бұл сөздің астарында болмыста не жатқандығын
елестете аламыз. Демек, ұғым-сөздердің арқасында
біз ойлай аламыз. Әйтсе де, кейде тілдің жақсы дамында
ойлауды қабілетінің болуы жөнінде илюзия қалыптасып
жатады. Бірақ бұл әркезде олай бола бермейді.
Ұғымның
ойлауды құралы ретінде екі жағы болады. Сыртқы
жағы сөздіктерде бекітіліп, көпшілікпен
қабылданған мағынамен
беріледі. Ішкі жағы жағдайлық болып табылатын, әрі
адамның қажеттіліктеріне байланысты болатын мәнімен беріледі [10].
Ойлаудыдың
көмегімен тікелей түсініксіз болып табылатын болмысты
қамтуға болады.
Әдебиеттер
1.Педагогика және
психология сөздігі. Алматы.
Меткеп. 2002 жыл, 220-бет.
2 .Әбиев Ж. ,
Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика.
Алматы. «Дарын» 2004 жыл, 113-жыл.
3. Педагогика. Алматы.
«Нұрлы әлем». 2003 жыл, 204-бет.
4. Меңжанова А.
Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Алматы, 2003 жыл, 35, 36, 37-беттер.
5. Сапарғалиев
Ғайрат. Қазақстан мемлекеті мен
құқықтық негіздері. Алматы. «Атамұра». 1994
жыл, 26-бет.
6. Сайдахметова Л.
Мектеп оқушыларын ұлттық патриотизмге тәрбиелеу
бағыттары. Ұлт тағылымы. 2001 жыл, №4-5. 126-бет.
7. Шәрелхан
Әленұлы. Халықтық тәрбие тағылымдары.
Алматы. 1998 жыл, 80, 81-беттер.
8. Жантаева М.К.
Мектептер мен жоғары оқу орындарнындағы тәрбиелік
іс-шараларды өткізу үлгісі. Тараз. 2003 жыл, 34-бет.