Абдыбаева Г.М., Қапашова Қ.Е.

 М..Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ТҰЛҒАНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫЛЫҒЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ

 

Психологиялық ойлау, талдау, түсіну, түсіндіру, психикалық өмір динамикасын бағалау және болжау, яғни психикалық шындықты танудың түрлі формаларын қамтиды. Олай болса, «Психологиялық ойлау» терминінің өзі «әлеуметтік интеллект» терминімен қатарлас түсіндіріледі [5,47]. Әлеуметтік интеллект таным объектісі даралығымен ерекшеленетін жеке интеллект түрі, әлеуметтік жағдайларда құзыреттілікті анықтайтын білімдер мен дағдылар жиынтығы ретінде немесе жалпы интеллектінің белгілі бір тұлғалық белгілермен оптимальді деңгейде даму қатынасы ретінде қарастырылады. Эмоциялық интеллект қарым-қатынаста қабілеттер жиынтықтары ретінде, кейде когнитивті, тұлғалық және мотивациялық белгілер қатынасы ретінде анықталады

Ойлаудағы қабілеттілік – баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет – асыл мұра, бойға біткен зор қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады. Баланың орындайтын жұмыстары оның көңілінен шығатын болса, өсіп - өркендеуіне септігі тиеді, қабілеттілігі артады. Оның жан – тәнімен еңбек еткенінде ойлау қабілеті жетіліп, қалыптасады, табиғи икемділігі күшейеді.

Баланы қалаған, қаламаған қызметіне икемдеу қиын. Берілген тапсырманы орындаймын деп өзін - өзі қинайды. Бірақ нәтиже шығара алмайды. Ықылассыз болады, шаршай береді. Міне осындай күйге түскенде пайда болатын психологиялық енжарлық баланың моральдық – этикалық қағидадан ауытқып кетуіне де себепкер болады .

Интеллектуалды жүйенің құрылымдық өзгеруі өмірлік факторлардың ықпалымен болады, оның себебі тұтастай жүйе ретіндегі интеллектінің сапалы өзгерісі. Бұл факторлардың арасынан адамның онтогенетикалық дамуында оқыту мен еңбек іс-әрекеті шешуші рөлге жатады. Интеллект жүйесінің күрделілігі төмендегі байланыстарды көрсетеді: логикалық ойлау және мағыналы ес; логикалық ойлау мен бейнелі ес; вербалды және вербалды емес ойлау; практикалық ойлау, есте сақтау көлемі және зейін; ойлаудағы тұжырымдау деңгейі және ақпарат көлемі.

Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы оның іс-әрекеті мен еңбегінен, оқу әрекетіндегі ой болжамынан, сөйлеген сөзі меншікті дара өзгешелігін көрсету белсенділігімен сипатталады. Тұлға өмір сүру мен тіршілік етуге икемді және әрекетшіл. Сондықтан ол сыртқы бейнесі мен түр сипаты жағынан басқа адамдарға ұқсас болғанымен, оған туа берілетін өзіндік даралық ерекшеліктері, қабілеті мен белсенділігі жағынан ерекшеленеді. Оны  бейімділігінен көздеген  іс-әрекетті орындауға талпынуынан байқаймыз. Тұлғаның қызығушылығы мен белсенділік сапаларының өзара үйлесім тауып, бір бағытта шоғырлануы іс–әрекет, шығармашылық, дарындылық процесі. Сол себепті кез келген тұлғаның жеке басына тән дара өзгешіліктің бірі – осы шығармашылық белсенділік.

Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін не ? Отбасы да, мектеп те, жора – жолдастары да – бәрі де септігін тигізеді. Бірақ негізінде баланың өзі ізденуі тиіс. Осындай жағдайда мұғалімі де демеу беріп, жол сілтеу керек. Ол үшін баланың ағзасының « механикасын », бір нәрсеге бейімделуіне себебін тигізетін барлық компоненттерді, қала берді баланың өзінің қандай екенін түсіне білуіне ықпал жасауға болады. Жалпы даму дәрежесі жас ерекшелігіне сай, денсаулығы жақсы, оқуға даярлығы анық байқалған бала, мектеп қабырғасында жан – жақты жетіледі.

 Интеллект психологиясы – психологияда күрделі әрі қызығатын бөлім. Оның күрделілігі теориялық  және практикалық көп жақты аспектісін зерттейді. Ойлау заңдылығын тану психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына дейін көрінді. Ойлау әр уақытта түрлі мәнер зерттеуінде қарастырылады гноселогия және логика, педагогика, физиология.  Ойлау табиғаты (сана) оның қатынасы туралы алғаш зерттеген философия [8,69].

Қазіргі заман философиясы ойларды,  шындық іс-әрекетті бейнелеу процесі түрінде қалыптастырады. Түйсікден қабылдау ерекшелігі сезімдік бейнеден бөлініп, жалпылау, жалқылау сипаты заттар мен құбылыстың қасиетін шындық өмірмен байланысын көрсетеді. Философияда психологиялық зерттеу аспектісы ойлауға фундаментальды түсінік береді: ойлау және сана, ойлау және тану, ойлау және сөйлеу  ретіне. Арнайы ғылыми психологиялық зерттеуді ойлау өзекті мәселе болып табылады. Тек ойлауды зерттеу арқылы ғана ойды адам өзіне бағыттай отырып өзіндік заңдылықты түсінуге әкеледі. Сонымен қатар ойлау сыртқы әсерлерді толуға бағытталған ғылым. Бұл логикалық негізгі түсінік, жалқы түрден қалыптасатын кез келген ойлау процессі.

 А.Н.Леонтьев ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды [9,89]. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу принципін  қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау операцияларының негізгі бірлігін көрсетті [3,56].

Оқушылардың ақыл – ой дамуының негізін олардың меңгеретін ғылыми білімдерінің жүйесі қалайды. Оқушылардың санасында белгілі бір білім қоры болмайтын болса, онда олар олай болмайды. Мәселен, оқушылар үшбұрыштың биссектрисасы ұғымын тгеруі үшін, олар үшбұрыш және биссектриса ұғымдарын алдын ала білуі тиіс. Бірақ жеткілікті білім қоры болғанымен оқушы жасампаздықпен ойлай алмайтын жағдайларижиі кездеседі. Егер оқушы  мәселені өз бетінше шешуге үйренбесе, тек қана белгілі бір үлгілер бойынша жұмыс істеуге ғана дағдыланған болса, жаңа жағдайлардың тууына байланысты олар алған білімдерін қолдануда дәрменсіздік танытып жатады [10,63].

П.Я.Гальперин нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының қалыптасуына тоқталды [11,98]. Дж.Брунер еңбегінде ойлаудың даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлау ) жағдайын танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады [12,97]. 

Б.М.Теплов еңбегінде ойлаудың интеллектуальдық ерекшелігін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекетте көрінетіне тоқталды [13,156]. Л.С.Выготский «Ойлау және сөйлеу» еңбегінде сөйлеудегі ойлаудың генетикалық түбірін, ойлау және сөйлеу ерекшелігін, онтогенездегі сөз және ой қатысын, іштей сөйлеу сипатын ашты [2,56]. 

Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейннің еңбектерінде оқу-білім, іскерлік, дағдыны иемдену түрлере (ал даму – қабілеттерді, жаңа қасиеттерді икемдеу)  қарстырылды.

П.Я.Гальпериннің анықтауынша оқу субъекті әрекетінің негізінде білімді ұғыну. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов, оқу – оқу әрекетінің арнаулы түрі, ал А.Н.Леонтьев  теориясы бойынша, оқу (ойын және еңбекпен бірге) – жетекші әрекеттің типі.

Оқу полимотивті және полимағыналандырылған іс-әрекет деп қарастырылады Д.В.Вилькеев [14,59].  

Тұлғаның ақыл – ой белсенділігінін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды бұлағы болып табылады. Оқушылардың ақыл – ой әрекетін жетілдіруде логика - әдістемелік білімдердің орны ерекше. Сондықтан оқушыларды ғылыми таным әдістері, логикалық ойлау операциялары және тәсілдерімен таныстырудың жолдарын анықтауды қажет етеді [15,65]. Бұл мәселелердің маңыздылығы мен оны шешудің қажеттігіне П.Я.Гальперин [11,98], П.И.Пидкасистый т.б. ерекше мән берді. Алайда бұл мәселе дидактьикада ерекше талданып, тиісті шешеімін таба қойған жоқ. В.А.Крутецкий оқушылардың ойлау қабілетін дамыту  екі категорияға байланысты болатыны атап көрсетті: жинақталған білімдер қоры және білім алуға қажетті ойлау операцияларын меңгеру [16,98]. Ойлау операцияларына жататындар: анализ және синтез, индукция және дедукция тб.

Мектеп тәжірибесінде оқушылар теореманы кітаптағы немесе оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша еркін дәлелдеп береді де, егер сызбадағы әріптерді басқа әріптермен ауыстырып қоятын болса, не болмаса сызбаны басқаша орналастырған жағдайда теореманы дәлеледей алмай қалады. Бұл оқушылардың үлгілер арқылы жұмыс істеуге дағдыланып, ойлаудың жалпы логикалық құрылымын  түсінбеуінің нәтижесі болса керек. Сондай – ақ, мектептегі оқушылардың білімділігін оқу пәнінің ұғымдарын, анықтамаларын, теоремалардың тұжырымдамаларын, формулалар, ережелер т.б. мазмұны мен көлемінің игерілу дәрежесіне қарай бағалайды да, ал қандай ақыл – ой әрекеттері арқылы нәтижелерге жететіні есекрілмейді.

        М.М.Мұқанов бойынша, баланы оқуға итермелейтін күш, негізінде, мынадай екі түрлі түрткіден құралады [18,69]. Олар:

- Біріншіден, сыртқы түрткіден; бұл жағдайда бала өзгелерден  сескенетіндігінен оқитын болады, бала тікелей талпынбайды, жанама түрде, өзгелердің оған қолданған шарасынан өзін аман сақтап қалудың амалы деп түсіну керек.

- Екіншіден, оқуға іштей талпыну түрткісінен; мұндағы түрткі баланың өзіндік ықыласы мен сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан болады.

Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, сананың күрделене түсуіне ықпал жасайды.   Қазіргі  кездегі  психологиялық  білім  беру  жүйесіндегі  жаңалықтарды  ұрпаққа  қоғам талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  жаңа ақпараттардың ғылыми психологиялық  негіздерін меңгеру -  маңызды  мәселелердің  бірі.

 

Әдебиеттер:

 

1     Білім туралы Қазақстан Республикасының  заңы // Егемен Қазақстан, 15 – маусым, 2007.

2     Выготский Л.С. Педагогическая психология // М., Педагогика, 1991

3     Рубинштейн  С.Л. Проблемы общей психологии.- М.: Педагогика, 1976. - 120 с.

4      Алдамұратов  Ә. Ж.   Жалпы психология. – А: Білім,1996

5      Головин  С.Ю. Словарь  психолога-практика.- М, 2001 

6      Жарықбаев Қ.Б.    Жантану негіздері.-  А, 2002.

7      Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности.  - А.: КазГУ, 1992.

8      Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие. Серия «Педагогическое образование. – Ростов н/Д: «МарТ», 2002. – 224 с.

9      Леонтьев А.Н. Генезис человеческой речи и мышления // Психологический журнал - 1988. -  №4. - С. 139-151.

10     Құдайқұлов М.А. Способности умения и навыки. – А, 1986.

11     Гальперин П.Я., Запорожец В.А., Эльконин Д.Д. Проблемы формирования знаний и умений и новые методы обучения в школе // Вопросы психологии, 1993 № 5, С.68

12          Дж. Брунер Структура и динамика процессов решения задач // Хрестоматия по общей психологии. Психология мышления. М.: МГУ, 1981. 258-268 б.

13    Теплов Б.М. Избранные труды. В 2-х томах.- М., 1985

14          Д.В.Вилькеев, Якиманской И. С. Возрастные и индивидуальные особенности образного мышления учащихся. М «Педагогика» 1989

15  Филиминенко Ю., Тимофеев В. Руководство к методике исследования интеллекта у детей Д.Векслера. Адаптированный вариант СПб, 1993