Абдыбаева
Г.М.
М..Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Есмурзаева
Г.А.
М.Мақатаев №14 орта
мектебі, Тараз қаласы, Қазақстан
ЖАҒЫМДЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫ МЕН АДАМГЕРШІЛІК СЕЗІМДЕРДІҢ
АРАҚАТЫНАСЫ
Адам бойына жақсы адамгершілік қасжеттердің сіңісуі
тәрбиеге, өскен ортасына байланысты деп түсінген халық: "Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы", "Жолын тапса адам
болар, оқуын тапса білім қанар" деп даму –тәрбие, оқу-білім мәселесіне
үлкен көңіл бөлген.
Адамға деген құрмет сезімін
тәрбиелей отырып, баланың өзіне деген құрмет туралы да ұмытпағаны жөн. Балалардың бойында берік адамгершілік негіздерін дамытып, оларды жаман ықпалдардан
сақтай білсе- ата-аналардың нағыз бақыты осы. Баламен шын сөйлескенде, арада
достық барда ғана өтімді болады. Достық баланың жеке басына деген құрмет, шыншылдық мұның бәрі ең жас кезден бастап ойдағыдай тәрбиелеу үшін қажет.
Ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала
тәрбиелеуде, қоғам мен мемлекет алдында жауапты екенін, болашақ азаматтарын
тәрбиелеп отырғандарын естен шығармауы тиіс.
Смирновтың айтуынша ата-аналар балаларды тек
әңгімелесу процесінде ғана үйде болмаған
кездерінде де өздерінің үлгі-өнегелі істерімен де
тәрбиелейді. Мектепте "адамгершілік тәрбиесі" жалпы азаматтық,
ізгілікті мұраттарда адал және арман мүдделерге сергек,
кез-келген көріністерде ымырасыз болуды көздейді.
Сондай-ақ жеке тұлғаның
адамгершілік саналарын дамыту жолдарын объективті жәке субьективті
факторлардың біріккен әрекетіндегі күрделі
диалектикалық үрдіс деп қарастырған ғалымдар:
А.А.Гусейнов, Ж.Аймауытов, А.Н.Леоньтев, Л.И.Рувинский, А.А.Смирнов,
К.А.Шварцман, Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович,
Г.М.Миньский, Н.Д.Зотов, Т.М.Соколов т.б. болды.
Жеткіншектерде мінез-құлық
мәдениетін қалыптастыру мәселесіне аса көңіл
қойьш, онда мұғалім мен ата-атаның бірлескен
еңбегі мінез-құлық дағдыларының дамуына
әсер еткендігі жайында баса айтқан ғалымдар: Л.Керімов, Б.Айтмамбетова, А.В.Петровский,
С.Ұзақбаева, Қ.Жарықбаев, Н.Д.Хмель т.б. болды.
Адамгершілік сезімдерін дамытудың ең
көп тараған формасы – этикалық әңгіме,
пікірталас, дискуссия, кездесудер, оқырман конференциялары т.б.
этикалық әңгімелерді адамгершіліктің кез-келген
қағидасы бойынша жүргізуге болады. Оқушыларды
жақсы мінез-құлыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу ісі, сыпайы ісі,
жақсы әдеттері, қолдай отырып, оған
қарама-қарсы жаман әдет, жат мінездерді әшкерелеу
арқылы жүзеге асырылуы қажет. Адамдар арасындагы
этикалық қарым-қатынас, жақсы
мінез-құлық, үздіксіз тәрбиенің,
өзгелердің үлгі өнегесі арқылы біртіндеп
қалыптасатын қасиет.
Сезімдерді дамытудың
құрамдас
бөліктерінің бірі –
мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болғандықтан, жеткіншектерден адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыруда, осы мәселеге көңіл
бөлінеді.
Қазіргі кезде жағымды
мінез-құлық дағдыларын дамытудың әлеуметтік
негіздері өткен ғасырдағы негіздерден принципті түрде
өзгеше және олар адамның тілектестік,
қайырымдылық, сезімталдық, әділеттік, жолдастық
және ұжымшылдық сияқты адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруға сүйенеді.
Біздің адамгершілік тұтасымен және
оның құрамдас бөлігі ретінде көрінетін
мінез-құлық дағдылары түрлі формада жататын
қызу күрестің алаңы болып табылады. Бізге жат
адамгершілік қасиет жиі-жиі жалған сезімталдықты, көз
бояушы елгезектікті жамылады. Сонымен қатар, екінші жағынан, өзімізбен
бірге жүрген, ұжымшыл әрі қоғамдық істерге
белсене араласатын жолдасымыздың күнделікті
қарым-қатынаста өрескел, әдепсіз, ықылассыз
болатын жағдайларын елемей де өте алмаймыз. Мұнда
адамның қоғамдық мәні мен оның көріну
формаларының сай келмейтіні анық көрінеді. Мұндай адам
не көпшілік қабылдаған мәдени
мінез-құлық дағдыларын
менсінбейді, ие оның мұндай мінез-құлық
дағдылары әлі де толық
қалыптаспаған. Мұның қай-қайсысымен
де белсенді түрде күресу керек.
Әдетте адамның ішкі және сыртқы
мөдениетінде айырмашылық болады, бірақ олар өзара
тығыз байланысты. Адамның ішкі мәдениеті-оның
дүниетанымы мен адамгершілік сенімінің және жалпы дамуы мен
білімінің, ынтасы мен қажеттілігінің деңгейі.
Адамның басқа адамдарға қарым-қатынасының
сипаты оның ішкі мәдениетіне байланысты мәдени
мінез-құлық формалармның түрлерінен
көрінеді. Адамның ішкі мәдениеті оның сыртқы
мінез-құлқын да анықтайды, бірақ сонымен
қатар соңғы фактор да субьектің ішкі дүниесіне
әсер етеді. Ұқыпсыздық, өрескелдік,
әдепсіздік бірте-бірте адамның соларға лайық тиісті
әдеттері мен қасиеттерін қалыптастырады.
Жағымды мінез-құлық дағдыларын
дамытумен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен
дөйектілігін ескере отырып, жүйелі жоспарлы түрде
шұғылдану қажет. Мектеп оқушыларын адамгершілік
мінез-құлыққа үйретуді оқта-текте
қолға алу тұрақты нәтижелер бермейді.
Баланы адам етіп
қалыптастырудың
тұтас процесс екені белгілі. Баланың тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруда
мұғалімнің үлгісі, оның талаптары мен нақтылы
даму жағдайын педагогика-психологиялық тұрғыда
бағалауы - бәрі де балаға, оның ішкі жан
дүниесіне әсер етеді. Тәрбие қызметін бір жылға
жоспарлағаның өзінде де оның барлық көлемі
мен негізі бағыттарын айқын көрудің керегі анық. Жағымды
мінез-құлық дағдыларын дамыту "Мектеп
оқушыларын дамытудың үлгі мазмұнында"
жан-жақты ашық көрсетілген жалпы жұмыстың тек бір
бөлігі ғана.
Мінез-құлық мәдениетінің
дамыту жұмысын бастай отырып, мұғалім, сынып жетекшісі мектеп
оқушьшары қандай ережелерді біледі және орындай алады, ал
қай тұстарда кемшіліктері бар екенін алдын-ала
анықтауға тиіс, мүмкін бұрын алғашқы сатыда
үйренген ережелерді қайталауға, қайта үйренуге
тура келер.
Мінез-құлық
мәдениетінде дағдылар мен әдеттердің орны үлкен.
Бұл үнемі сананың бақылауын
қажет қылмайтын автоматтанған іс-әрекеттер
солардың арқасында адам көптеген қылықтарды тез
де жеңіл орындайды. Көптеген мектеп оқушыларының
мәдени мінез-құлық дағдылары мен
әдеттерінің оған сәйкес ережелерді білуінен көп
қалыс екенін, оларға жүргізілген бақылаулар
көрсетіп отыр. Сондықтан оқушылармен жұмыста соларды
қалыптастыруға ерекше назар аудару керек. Оған оқушылар
жүйелі үйретумен қол жеткізеді. Бұл үшін мектеп
өмірі оқушылардың дұрыс адамгершілік
қатынастардың тәжірибесін үнемі жинап, дұрыс
қылықтарын жетілдіруге жүйелі түрде
жаттығуға мүмкіндігі мол болатындай етіп
ұйымдастырылған
болуға тиіс.
Істелген
қылықтың мазмұны
әрдайым оның сыртқы көріну формасына сәйкес келуі
тиіс. Оқушылармен жұмыс процесінде жоспарлы түрде жағымды
мінез-құлықтың кейбір дағдылары үйретіліп,
отыратын арнаулы жаттығулар жүргізуге болады, ал орта және
жоғары сыныптарда мұндай жаттығулар біршама сирек
қолданылады. Оқушылардың жағымды
мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін
қалыптастыру және мінез-құлықтың
адамгершілік сапалары мен талаптары туралы білімдерді игеру біртұтас
процесс. Бұл жұмысқа жекелеген энтузиаст-мұғалімдерді
ғана емес, бүкіл педагогикалық ұжымды жұмылдыру
қажет. Жекелеген энтузиаст-мұғалімдердің бірлі-жарым
әрекеттері көзге түсерлік нәтиже бермейді. Бұл
түсінікті де, өйткені олардың оқушылары мұндай
ережелерді орындамайтын басқа балалармен қарым-қатынас
жасайды, ал олардың арасында сыпайылық, турашылдықтың
қажеті де жоқ деген пікірлер жиі кездеседі.
Табысты дамудың, оның ішінде жағымды
мінез-құлық дағдысының қажетті шарты
барлық мұғалімдердің оқушыларға
қоятын талаптарының бірлігінде, сыртқы түріне, тіліне,
үзіліс кезіндегі мектеп асханасындағы, көшедегі т.б.
қоғамдық орындарындарындағы
мінез-құлыққа қойылатын талаптар бірдей болуы
керек, талаптар бірлігі отбасына да таралуы тиіс. Балалардың мектегі
мінез-құлқына қандай талаптар қойылатынын ата-аналардың
білгені және осы бағытта үйде отбасында жұмыс
жүргізгені жөн. Ата-аналардың мәдени деңгейі
жеткіліксіздеу отбасынан шыққан, бірақ мектепте жақсы
тәрбиеленген балалардың өзі де жағымды
мінез-құлықты үйге жеткізушілер қатарына
қосыла алады.
Кейбір оқушылар, ал кейде жоғары сынып
оқушылары да үлгілі сыртқы манерасызақ мәдениетті
болуға болады деп ойлайды. Олар әдептілікке байланысты түрлі
"шарттарды" қолдануды міндетті емес деп есептейді де
көптеген жағымды мінез-құлық ережелерін
сақтауга немқұрайды қарайды. Мұндай
"нигилистер" қоғамдық теріс пікір тудырады,
олардың әсерінен және
басқаларға күлкі болуға қорқып кейбір
оқушылар тіпті ең қарапайым
сыпайылық ережелерін де орындамайтын болады. Сондықтан бұл
зиянды әсерді жою балалар
ұжымында дұрыс қоғамдық пікір тудыру-педагогтар мен психологтардың қоғамдық
ұйымдарының маңызды міндеті.
Жеткіншектік жаста дүниені тану және
өзін-өзі тану
мәселелерін қарастыра келе, Н.Мудрик былай деп тұжырымдайды:
«…егер адам жас кезінде талдау және
өзін-өзі талдау сияқты дағдыларды игермесе, онда
оның кейін игеріле қоюы қиынырақ. Содан барып ол
дүниені және өзін-өзі тануға тым нашар
бағдарланады. Онда дүниенің бейнесі де, өзінің
тұлғалы және өзінің дүниемен өзара
қарым-қатынасы жөніндегі түсінігі де қалыптасады»
/8.65/.
Қоғамның әрбір
мүшесінің өзін-өзі шынайы бағалауы
қоғамдық мәні бар міндет болып табылады. Өйткені,
өзін-өзі дұрыс бағаламау салдарынан тек жеке адам
ғана емес, оның айналасындағы басқа адамдар да зардап
шегеді. Бұл жөнінде «өзінің
мүмкіндіктерін жеткілікті дұрыс бағаламаған адам
қиын мақсаттарға жетумен, кедергіні белсенді жеңумен
байланысты қуаныштан айырылады, бере алатын мүмкіндігін
қоғамға бере алмайды»- дейді Н.Мудрик. /8.79/
Өзін-өзі тануды
тұлғаның әлеуметтік дамуының басты
көрсеткіштерінің бірі деп санаймыз. Өйткені жас
ұлғайған сайын әлеуметік тұлғаның
өзін-өзі бағалауы өзін-өзі танудың
басқа да құраушылары сияқты жылдам орныға
бастайды. Нәтижесіне өзін-өзі танудың бүкіл
құрылымы орнығады. Бұл өзін-өзі
бағалаудың және оның жекелеген құраушыларының
одан әрі дамуы бірқалыпты және үйлесімді болды дегенді
білдірмейді. В.Крубаций былай деп жазады: «Жеткіншектің өзін-өзі тануының елеулі
ерекшелігі мынада- ол сөз жоқ өзінің күшті
және әлсіз жақтарын, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін
жақсырақ және тереңірек бағалауға
қабілетті. Мәселе мынада, жасөспірім жаста
өзін-өзі танудың дамуына басқа адамдардың
пікірлері ықпал етеді. Жеткіншек (әсіресе кіші жастағы)
өзіне басқалардың көзімен қарайды. Оның
өзі жөніндегі пікірлері, көбінесе, ата-аналарының,
мұғалімщдердің, жолдастарының сондай пікірлерін
қайталайды. Мұнда оның өзін-өзі бағалауы да
біршама шынайы. Өйткені ол айналасындағылардың шынайы
бағасын қайталап тұр. Ал жасөспірімдікі
басқашалау. Жасына қарай онда өзінің әрекетін
және іс-әрекетін, өз тұлғасын өз бетімен
талдау және бағалау үрдісі беки түседі. Сондықтан
жеткіншек (тыңдаушы) өзінің жеке ерекшеліктерін және
әрекетін төменгі сынып оқушысына қарағанда
жақсырақ талдай алатын болғандықтан өзін
жекелеген жағдайларда бағалауының шынайылығы аздау
болады».
Өзін-өзі білуі мен өзіне-өзінің
қатынасының деңгейлерінің арасындағы бұл
қарама-қайшылық көптеген жеткіншектерде кейінгі ересек жаста да жалғасады
деуге негіз бар.
Жеткіншектік жаста өзін-өзі
бағалаудың екінші бір өзіндік белгісіне өзінің болашағына
қатысты бағалауын жатқызады. Бұл
қағидаға
жасөспірім жастағы өзін-өзі білудің даму
үрдісі оның болашаққа бағытталуымен көрініс
табады. Сөйтіп, белгілі ғалым жасөспірім жастың
тағы бір маңызды ерекшелігін атап көрсетті. «Жеткіншек тұлғаны
тұтас, оның қасиеттерінің бүкіл жиынтығын да бағалай алады. Ал
төменгі сынып оқушысы болса өз тұлғасын жеке
әрекеттері, қылықтары немесе әрі кеткенде бұл
бағаны тұлғаға тұтас ауыстыра отырып жеке
белгілері мен қасиеттері бойынша бағалайды».
Жеткіншектік жастың өзін-өзі
бағалауының бұл ерекшелігі бұл жастағы «Мен»
бейнесінің даму ерекшеліктерімен байланысты.
Жеткіншектік жастың өзін-өзі
бағалауының кейбір
ерекшеліктері психологтардің эксперименттік зерттеулерінде де жеткілікті.
Мәселен, Н.Кузьмина студенттердің сәттілік пен
сәтсіздік жағдайларында өзін-өзі бағалау
динамикасын зерттей келіп, өзін-өзі бағалаудың
төрт түрін ажыратып береді. Олар мына төмендегідей.
1.
Өзін-өзі бірқалыпты төмен бағалау.
2.
Өзін-өзі бірқалыпты жоғары бағалау.
3.
Орнықсыз қасиеттерін өзі төмен бағалауы
және салыстырмауы.
4.
Орнықсыз сапаларын жағары бағалауы және
салыстырмауы.
Жеткіншектік жаспен қыздардың
өзін-өзі бағалауындағы айырмашылықты, әр
түрлі жастағы топтардың өзін-өзі
бағалауының орнықтылығы мен сәйкестілігін
анықау мақсатында С.Сингак бірқатар құнды
эксперименттер жүргізді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Алексеева В.Г.
Ценностные ориентации как фактор жизнедеятельности и развития личности //
Психологический журнал. 1984 №5
2.
Арндреева Г.М. Уровень
социальной стабильности и особенности социализации в старшем школьном вазрасте
// Вестник МГУ. Серия 14. психология. 1997 №4 С.31.
3.
Андреева Г.М. Социальная
психология. – Москва: Аспект-пресс, 1997
4.
Андреенкова Н.В.
Проблемы социализации личности // Социальные исследования. Вып.З. М. 1970
5.
Битянова М.Р. Организация
психологической работы в школе. – Москва: Генезис, 2000
6.
Длужинин В.Н.
Современный психологический словарь. – М.: Просвещение, 1989
7.
Емельянов Ю.Н. Активное
социально-психологическое обучение. –Изд-вл Ленинградского университета, 1985.
8.
Кирриллова Н.А. Ценностные
ориентации в структуре интегральной индивидуальности старших школьников
//Вопросы психологии. 2000 №4 с.29.
9.
Кон И.С. Психология
старшеклассника. –М.: Просвещение, 1982
10.
Кон И.С. Психология
ранней юности. –М.: Просвещение, 1989
11.
Кондратьев М.Ю. Типологические
особенности психосоциального развития подростков //Вопросы психологии. 1997.
№3. С.69.
12.
Митина Л.М. Личностное
профессиональное развитие человека в новых социально-экономических условиях
//Вопросы психологии. 1997. №4.
13.
Мэй Р. Искусство
психологического консультирования. – М.: 1997.
14.
Немов Р.С., Психология.
В 3 кн. Кн. 2. Психология образования. – Москва: Просвещение: Владос, 1995.
15.
Пахомов В.Н.Проект
«гражданин» - способ социализации подростков // Народное образование. 2000. №7.
с.163.